Гравиметриялық анализ әдістері №1 Зертханалық жұмыс Барий хлоридi кристаллогидратындағы кристалданған


Биологиялық практикада кездесетін кейбір титрлеу жұмыстары



бет8/29
Дата22.04.2023
өлшемі463,96 Kb.
#85690
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   29
Байланысты:
Сандық анализ зерхана

Биологиялық практикада кездесетін кейбір титрлеу жұмыстары


Кері титрлеу арқылы анықтау.
Көпшілік жағдайда аммоний тұздарының құрамындағы аммиактың мөлше-рін кері титрлеу әдісімен талдайды. Кері титрлеу дегеніміз - талданатын ері-тіндіге артық мөлшерде құйылғаннан стандартты ерітіндінің әрекеттеспей қалған мөлшерін титрлеу.
Бұл әдіс, мысалы, аммоний тұздарын талдауда қолданылады. Бұның прин-ципі, алынған аммоний тұзының әдісіне белгілі көлемде натрий гидрокси-дінің стандартты ерітіндісін артық мөлшерде құйып қыздырады:

Аммоний тұзы түгел ыдыраған соң және аммиак түгел буландырылғаннан кейін қышқылмен кері титрлеу арқылы қалған натрий гидроксидін анықтай-ды. Бастапқыда алынғанмен соңында қалған сілтінің айырмашылығынан аммоний тұзын ыдыратуға қанша сілті жұмсалғанын және тұздың өзінен қан-ша алынғаны есептелінеді.
Анықтау барысы.
Белгілі бір мөлшерде аммоний тұзынан сынауық-қа (пробиркаға) алып, оны анализдік таразыда өлшеп, 250мл өлшеуіш құты-ға (колбаға) салады. Бос сынауықты қайта өлшеп өлшенді салмағын анық-тайды. Тұзды дистилденген суда ерітіп, құтының белгісіне дейін сумен ара-ластыра отырып толтырады.
Содан соң алынған ерітіндіден 25мл тамшуырмен алып химиялық стақанға құйып, оған 50мл коцентрациясы дәл анықталған (0,2н) натрий гидроксидінің ерітіндісін қосады. Стақандағы ерітіндіні аммиак иісі кеткенге дейін сулы жылытқышта қыздыру керек. Оның толық жойылғанын буға ылғалданған лакмус қағазын стақанның бетіне ұстаумен тексереді. Аммиактың толық ұшып кеткеніне көзіңіз жеткізгеннен соң, ерітіндіні суытып, аздап дистил-денген су және 1-2 тамшы метилоранж құйып тұз қышқылының жұмысшы ерітіндісімен титрлейді. Бірнеше рет қайталап бір-біріне жақын нәтижелер-ден орташа шаманы алып тастайды да есептеуге көшеді.
Талданатын заттың құрамындағы аммиактың проценттік мөлшерін мына теңдеу бойынша есептейді.
(%) =
мұндағы:
және - сілті мен қышқылдың нормальдылығы:
және - анықтауға жұмсалған сілті мен қышқылдың көлемі, (мл); g-өлшендінің массасы (г), Э- аммиактың грамм-эквиваленті.
Бұған ұқсас есептеулер ауыл шаруашылығында, медицинада жиі қолда-нылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет