«Гравитациялық өріс» бөлімі бойынша жиынтық бағалау Оқу мақсаттары 9.2.2.7 - Жер бетіне жақын арақашықтарда гравитациялық
өрістің
тұрақтысы тұрақты шама екендігін және ол еркін түсу
үдеуі деп
аталатындығын түсіну
9.2.2.5 - бүкіләлемдік тартылыс заңын білу және пайдалану
9.2.2.6 - бүкіләлемдік тартылыс заңынан гравитациялық
өрістің
кернеулігінің g=GM/r 2 формуласын шығару
9.2.2.8 - бүкіләлемдік тартылыс және Ньютонның екінші
заңынан
дөңгелек орбиталарды және ғарыштық жылдамдықтарды
есептей алу
Ойлау дағдыларының деңгейлері Білу және түсіну
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Бағалау критерийі Оқушы • Бүкіләлемдік тартылыс заңын қолданады
• Ғарыштық жылдамдықты есептейді
Тапсырмалар 1. Әрқайсысының массасы 1т, тартылу күші 6,6·10-9 Н болатын екі дененің арақашықтығы қандай? (G=6.67·10-11 Н·м2/кг2)
1) Бүкіләлемдік тартылыс заңын есептеу формуласын жазыңыз. [1] 2) Формуланы түрлендіріп, екі дене арақашықтығының формуласын табыңыз. [1] 3) Арақашықтықты есептеңіз. [1] 2. Жердің жасанды серігі Жердің ортасынан санағанда қандай қашықтықта 24 сағатқа тең
периодпен айналады? Айналып тұрған Жерге қатысты Жер серігінің орны өзгермейді.
G=6,67·10-11 Н·м2/кг2.
Мж=6·1024 кг. [3] 3. Кестеде ғаламшарлардың радиустары мен массалары берілген.
Ғаламшардың атауы
R, м
M, кг
G, Нм2 /кг2
ʋ, м/с
Меркурий
2,4∙106
3,3∙1023
6,67∙10-11
Шолпан
6,05∙106
4,87∙1024
6,67∙10-11
Жер
6,4∙106
6∙1024
6,67∙10-11
7,9∙103
Марс
3,4∙106
6,4∙1023
6,67∙10-11
Юпитер
6,99∙107
1,9∙1027
6,67∙10-11
(і) Бүкіләлемдік тартылыс және Ньютонның екінші заңынан бірінші ғарыштық жылдамдықтың
формуласын қорытып шығарыңыз.
(іі) Ғаламшардың бірінші ғарыштық жылдамдықтарын есептеп кестені толтырыңыз.
[4]
5. Жер бетінен қандай да бір биіктікте ғарыш кеме 40 м/с2 үдеумен тік жоғары қозғалды.
Ғарышкердің массасы 80 кг, ғарышкердің салмағын және оған әрекет ететін ауырлық
күшін табыңыз.
[2]