Фраза (грекше phrasіs — сөйлемше) — тіл білімі мен музыкада қолданылатынтермин.
1) Аяқталған ойды білдіретін сөйлеудің негізгі бірлігі. Фраза тұтастығы белгілі бір синтаксистік құрылымның интонациялық құралдары арқылы жасалады. Кей жағдайда фразалық құрылым сөйлемнің бір бөлігі бола алады. Мәселен, сөйлемді бірнеше дербес фразаларға бөліп, интонация арқылы мағыналық реңк үстеуге болады. Сондай-ақ тыныс белгісімен ажыратып көрсетеді. Мысалы, Соғыс жүріп жатты. Барлық жерде. Соғыс.;
2) терминологиялық қолданыстарда сөйлем деген ұғымды да білдіреді;
3) екі жағынан да пауза арқылы интонацияға негізделген мағыналық бірлік. Қазақ тіл білімінде фразеологизм деген сөздің орнына кейде фразалық тіркестер деп те қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |