Гшһңр Ц£ңсиі о л ж й з й л й р ы н 0й іы иийлі



жүктеу 1.3 Mb.
Pdf просмотр
бет1/14
Дата25.12.2016
өлшемі1.3 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


  X. Жтифыс
Шщтіавба
гшһңр^Ц£ңсиі
^ О Л Ж Й З ^ Й Л Й Р Ы Н 0Й ІЫ
иийлі  лмуениеті
1  том
Павлодар

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі 
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Мәшһүртану ғылыми-практикалық орталығы
X. Жанарыс,  Қ.Қ. Талқанбаева
МӘШҺҮР-ЖҮСІП 
ҚОЛЖАЗБАЛАРЫНДАҒЫ 
ИСЛАМ МӘДЕНИЕТІ 
Оқу әдістемелік құралы
1  Том
Павлодар
2007

ӘӨЖ 297(075.8)
ББК 86.38я73
Ж 2 ё
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекетгік 
университетінің Ғылыми кеңесі басуға ұсынған
Пікір жазғандар:
С.  Негимов  -   Л.Н.  Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық
университетінің 
профессоры, 
филология 
ғылымдарының
докторы,  профессор.
А.Қ.  Тұрышев  -   С.  Торайғыров  атындағы  Павлодар
мемлекеттік 
университетінің 
профессоры, 
филология 
ғылымдарының  докгоры,  Мәшһүртану  ғылыми-практикапық 
орталығының директоры.
Ж26 
Жанарыс 
X. 
Тапқанбаева 
Қ.Қ. 
Мәшһүр-Жүсіп
қолжазбапарындағы  ислам  мәдениеті:  Оқу  әдістемелік 
құрапы.  Павлодар:  Кереку, 2007. -  222 б.
І5ВМ 9965-842-25-6
Бұл еңбекге Мәшһүр-Жүапгің өз қолымен жазған еңбегінің ғылыми 
сипаты  мен  түсініктемелері  баяндалады.Онда  көбінесе  дін  исламды 
қарапайым қазақ өмірімен суреттеп түсіндіреді. Мьюалы: Аллаһға иман, 
періштелерге, пайғамбарларға, кгтаптарға сену дегенді түсіндіреді. Ислам 
дінінің  артықшылығы  мен  ерекшелігі,  оның  қалыптасуы  мен  дамуы, 
қоғамдағы  орны.  Құранның  келуінің  маңызы.  Ислам  дінінің  қағцда- 
шарттары,  мұсылмандық  міңдеттер,  тәрбиелік  маңызы  бар  адеп 
ережелерін  түсіңдіріп,  оның  адамзатқа  қажеттілігі  мен  пайдалары
баяңдалады.
ІЗВИ 9965-842-25-6
Ж 0403000000
00 (05)-07
С.Торайғыров 
аіымдағы  ГІМУ-дің
ікапемик 
С.Бейсембаев!
ББК 86.38я73
•  
*
атиндағы  ғылыми
КІТДП
анбаева Қ.Қ., 2007 
ғыров а)~ындағы Павлодар 
университеті, 2007

Алғы сөз
Құрметті  оқырман!  Зиялы  қауым!  Сіздердің  қолдарыңызға 
әулие  бабамыз,  оқымысты  ғалым  Мәшһүр  -   Жүсіп  Көпеевтің 
«Мәшһүр -  Жүсіп қолжазбаларындағы ислам мәдениеті» -  атты 
еңбегі  тиіп  отыр.  Бүл  -   еңбекгі  араб  харпінен  аударып, 
түсініктерін  жазып,  баспаға  дайындаған  Мәшһүртану  ғылыми  -  
практикалық 
орталығының 
кіші 
ғылыми 
қызметкерлері 
Жанарыс  Қызыр  мен  Талқанбаева  Қарлығаш  Қажымәлікқызы. 
Мәшһүр  -   Жүсіптің,  жиен  інісі  Жолмүрат  Жүсіптің,  Иманғали 
Мәнен,  Омар  Иманбеков,  Алдабергенов  Төлепберген,  Жүқаш 
Кәрібаев  т.б. 
«әулеттік  мүрағаттан»  алып, 
қолжазбаларды 
орталыққа  тасқа  басып  алуға  беріп  отырған  немересі  ф.ғ.д., 
профессор.,  «Қазақ  филология»  кафедрасының  меңгерушісі, 
академик  Жүсіп  Қуандық  Пазылұлына  мыңда  бір  рахметімізді 
айтқымыз келеді.
Жалпы  Мәшһүр  -   Жүсіп  шығармалар  жинағы  дайын 
күйінде  баспадан  басылып  шығып  жатқан  жоқ.  Ол  тек  қана 
айтуға  оңай.  Біткен  іске  сыншы  көп.  Піскен  астың'күйігі  жаман. 
Сол шығып жатқан ақын  кітаптарының ыстығымен суығына біте 
араласып  жүрген  біздер  жақсы  түсінеміз.  Әр  кітап  дүниеге 
келгенде балаша қуанамыз.
Қолжазбалардың 
сипаты, 
сапасы 
туралы 
ф.ғ.д., 
профессор  Нартай  Жүсіп  өзінің  еңбегінде  жазған  болатын.  Біз 
сондықтан  бұл  —  мәселеге  тоқталмаймыз. 
Кім  көрінгеннің 
қолына 
қолжазбаларды 
ұстата 
бермейтін 
Қуандық 
Пазылұлының шәкірті болғандықтан ба еркін  кіріп,  мұрағатынан 
барып,  талай  рет  алып  келгеніміз  есімізге  осындайда  түседі 
екен.  Қолжазбаны тасқа  басатын  қыздар  қыстырып  алып  шетін 
жыртқаны,  арабша  жазылған  беттерінің  орыны  ауысып  кеткені 
қанша  әуре  -   сарсаңға  салды  десеңіз-ші  өткен  істе  белгі  жоқ 
деген  осы-да  өйткені  мұрағаттан  алғанда  бізге  дейін  де 
біреулер өзінің рет санын қойып отырған.
Өзі  де  тарихтың  тезіне  түсіп  сарғайып  кеткен,  тозған, 
үлбіреп  тұрған,  үп  етіп  жел  соқса  жыртылып  кеткісі  бар, 
өмірбойы  тірнектеп  жинаған  қимас  қолжазба  мұраны  біздің 
қолымызға ерінбей жалықпай  әр бетін  санап  беріп,  санап  алып

тапсырғанда  Қуандық  ағаның хал — жағдайын  түсінгөн  жөн.  Ол 
түгілі  кітапқұмарлар  бір  кітабын  сұрасаң, 
бергісі  келмейтін 
қанға  сіңген  әдеттері  бар.  Оның  қасында  тірнектеп  жинаған 
қолжазбаны,  атадан  қалған  асыл  мұраны,  жалғыз  данасын 
тарих үшін,  ұрпақтар үшін ғана деп  кеңілге демеу жасап,  беріп 
жіберу үлкен жүректілікгі, асқан сенімді қажет етеді.
Орталықтың  құрылғанына  бар  жоғы  екі  жыл  болды.  Содан 
бері  қыруар  жұмыс  істелді.  Ал  жасапмаған  іс-шара  қаншама. 
Осы  істің басы  қасында жүрген  орталықты ұйымдастырған э.ғ.д., 
профессор,  академик.,  рекгор  Ерлан  Арын  Мұхтарұылына 
ризамыз.  Ол кісі болмаса, ортапық ашу ешкімнің ойына келмеген 
де  еді. 
ІІІыны  керек  орталыққа 
қаржылай  кемек  керсетіп 
отырған  да  сол  үлкен  жүректі  адам.  Шығарылған  қаржы  желге 
кеткен  жоқ.  Мың-миллионымен  елшемі  жоқ  қайтып  оралып 
жатыр.  Рухани байлыққа баға бар ма?
Әрине,  2004  жылы  құрылған  орталық  бұрынғы  орталық 
емес. 
Мәшһүртанушылардың 
қатары 
күнсайын 
өсуде. 
Студенттер,  бакалаврлар, 
магистрлар  диплом  жұмыстарын 
жазып жатса, облыстық мекгеп оқушылары Ғылым жоба жазуға 
ынталы  болып жатыр.  2006 жылы  7  мектеп  оқушысы  Мәшһүр -  
Жүсіп  шығармапарынан  Ғылыми  Жоба  қорғады.  Ортапық 
жетекшісі  Жүсіпова  Лаураның 
жетекшілігімен  жазылған 
Ғылыми  жоба  республикалық  жүлделі  орынға  ие  болды. 
Оншақты 
мәшһүртанушы: 
ізденушілер, 
аспиранттар 
тақырыптарын  бекітіп,  диссертация  жазуға  белдерін  бекем 
буды.  Жан  -   жақты  зерттеу  жұмысы  қажеттілік  тудырды.  Ол 
заңды  құбылыс.  Ортапықтың  белмесін  20  шақты  адам  еркін 
сиятындай 
кеңейту 
мәселесі 
туды, 
бұрынғы 
ескі 
компьютерлерді  ауыстыру 
керек  болды. 
Өйткені, 
бүгінгі 
отралықтың  жай-күйі  заман  талабын  кетермейтіні  байқалды. 
Мұның  бәрін  тәппіштеп  айтып  жатқанымыз  о  баста  осынша  ма 
ауқымды  жұмыстар  алдымызда  күтіп  тұрады  деп  ойламаған 
едік.  Істей білген,  ойлай білген  адамға жұмыс табылады.  Заман 
ағымына  байланысты  сол  мәселерді  шешетін  күн  туды. 
Айталық,  Мәшһүр  -   Жүсіптің  ел  ішіндегі  әндерін,  күйлерін 
жинап  нотаға  түсіру,  шығармалары  бойынша  (мысал  өлеңдері) 
иллюстрациялық  суреттер  сапу,  ақын  елеңдерін  ағылшын, 
неміс 
т.б 
шет 
тілдерінде 
шығару, 
студенттердің,

аспиранттардың  ғылыми  зерттеу  жұмыстарына  бағыт,  кеңес
беру т.б.
Мен  өзімнің  Мәшһүр  —  Жүсіп  бабамыз  туралы  бір  —  екі 
ауыз сөзімді қоғамдық ойдың аспанынан  қүйырықты жүлдыздай 
жарқ еткен,  қуатты дарын  иесі  Смағүл  Садуақосовтың Омбы 
қаласында  1919  жылы  шығып 
«Туродовая 
Сибирь» 
жүрналында 
басылған 
«Қазақ 
әдебиеті» 
мақаласынан
бастағым келіп түр.
Онда  былай  делінген:  «Ж.  Көпеев  ең  алғаш  ақындарын
өзін,  өз  руын  ғана  мақтайтын  белгілі  әдет  дағдысынан  бас
тартып,  халықтың  қайғы  — мүңын  айтып,  қасіретін  жырлайтын
өлеңдер жазды.  Оның өлеңдері түңғыш  рет жазба түрде жарық
көріп,  қазақ  әдебиетінің тарихында  халықшылдық  пен  атайтын
жаңа бір ағымның арнасын ашып берді».
Шыны  керек ақын бабамыздың атын ел ішінен естіп, бірді -
екілі 
өлеңдерін, 
әңгімелерін 
білгенімізбен, 
жете 
таный
бастағанымыз 
Қазақстан 
Республикасының 
егемендігін
алуымен  тығыз  байланысты 
десем  қателеспеспін 
деп
ойлаймын.  Осы  орайда,  қүланның  қасынуына,  мылтықтың
басылуы  дегендей  Президент  Н.  Назарбаевтың  арқасында
қолдауға 
ие 
болып, 
дүниеге 
келген 
«Мәдени 
мүра»
бағдарламасын  ерекше  атап  өтуге  болады.  Бүл  — бағдарлама
еліміздің 
рухани  мәдениетінің  гүлденуіне,  баюуына 
зор
ықпалын тигізді.
Сөйтіп,  ғасырлар  аңсаған  С.  Садуақасов 
жол  салған
«Мәшһүртану»  белестері  күн  сайын  жаңа  қырынан  танылуда. 
Ақын-философ, тарихшы, этнограф бабамызды «Мәдени мүра» 
аясында  зерттеуге  қолымыз  жетті.  Қазірдің  өзінде  ақынның  28 
томдық  шығармалар  жинағының  9  томы  қолдарыңызға  тиіп 
отырғаны, 
бабамызды 
ұлықтап 
кесене 
тұрғызып 
жатқанымыздың  барлығы  да  Елбасының  алысты  болжап 
білетіндігінің, көрегендігінің жарқын көрінісі болып табылады.
Мәшһүр  -   Жүсіптің  қолжазбаларын  жинау,  зерттеу  ісі 
жүйелі  бағыт  алып  дер  кезінде  құрылған  С.Торайғыров 
атындағы 
Павлодар 
мемлекеттік 
университеті 
ұжымы, 
Мәшһүртану  ғылыми  —  практикалық  орталығының  ғылыми 
қызметкерлерінің  күшімен  жүзеге  асырылып  жатқаны  бізді 
қуантады.  Ғалымдар даярлап  шығарған  15  шақты  монография, 
оқу  құрапдары,  әдістемелік  құралдар  мәшһүртанудағы  нақты
5
I

нәтижелі  оң  істер деп  бағаланады.  Облыс  мекгептерінде  атап 
айтқанда  Дарынды  балаларға  арнапған  Абай  атындағы  №10 
лицей-мектебінде  ақын  шығармашылығына  арнапған  қазақ  -  
орыс  тілдерінде  өткен  поэзия  кеші  үлгі  боларлық.  Мүндай 
өміршең  игі  шарапар  жалғасын  табады  деген  үміттемін. 
Облыстық білім депертаменті  мекгеп  арапық  1  -  ші  «Мәшһүр -  
Жүсіп  оқуларын»  өткізудің  жобасын  қолға  апғаны,  бүдан  әрі 
«Республикалық  Абай  оқулары»  сияқты  дәрежеге  көтеріледі 
деген сенімдемін.
2008 
жылы  Мәшһүр  -   Жүсіп  бабамыздың  туғанына  150 
жыл  толады.  Алдымызда  бүдан  да  күрделі,  бүдан  да  жауапты 
келелі  жүмыстар  күтіп  түрғанын  әсте  естен  шығармаған  жөн 
болар  еді. 
Мәшһүр  -   Жүсіп 
Көпеевтің  шығармашылық 
лабораториясын  халықаралық  деңгейде 
шығарып,  шет 
елдерге  де  таныстыру  кезек  күтгірмейтін  міндеттердің  бірі. 
Ақын  шығармалары  таңдамалы  лирикаларының  орыс  тіліне 
аударылып  басылып  шығуы,  осы  -   тағылымның  бастауы 
іспетті.  Алдағы 
уақытта  ағылшын,  неміс  тілдерінде 
ақын 
шығармалары жарық көреді деген ойымыз бар.  Мәшһүр -Ж үсіп 
шығармаларын  орыс  тілінде 
зерттеу,  жариялау  жүмыстары 
жалғасын табуда.
Мәшһүр  -   Жүсіп  Көпеев  шығармалары  орыс  тілінде  де 
жарық  көргені  баршамызға  мәлім.  Мысапы.  «Дапа  уапаяты» 
газетінде,  Омбы  қалсында  (1888-1902) жылдары  шығып  тұрған 
«Особое  прибавленйе  к  Акмолинским  областным  ведмостям» 
дала  газетінде  1890  жылғы  7  санында 
Мәшһүр-Жүспітің 
«Местные  известия»  мақаласы  қазақ  —  орыс  тілдерінде 
басылған.  Мақаланы  оқып  отырып  еріксіз  қайран  қаласыз. 
Ақын,  Баянауыл  аймағында сағат жөндейтін  шеберхана,  ағаш 
шеберханасын,  фотофафия  студиясын,  етікші  шеберханасын 
ашып,  ауыл  шаруашылығына  қажетті  кәсіппен  шүғылдануға 
шақырады.  Ара  өсірумен  шүғылданатын  А.Ф.Сорокинді  үлгі 
қылады.  Мәшһүр  —  Жүсіп  Көпеев:  «Практически  усвоенные 
ремесла,  например,  чеботарное  (сапожное)  столярное,  только 
обеспечивают  жизнь,  а  соединение  практических  навыков  с 
теоретическими  сведениями  дает  неравнено  больший  шанс  к 
жизни.  Знание  ремесл,  хазяйства,  особенности  научным  путем 
ли  вообще  образование  необходимо  нашему  народу»  - деген. 
Бүл  -   мақалаға  талай  жыл  өтседе  өзінің  қүндылығын  жойған
6

жоқ.  Бүгінгі  Егеменді  еліміздің  жүргізіп  отырған  саясатымен 
сәйкес келеді.
Академик  М.Қаратаев:  «Бірінші  бағыгтағы  халықтық  ақын -  
жазушылар  Пушкинді  Абай  дағдысымен  ұнатып,  шамасынша 
оқып,  қазақ  тіліне  аударып  келді.  Кейінгі  кезде  белгісіз  ақындар 
аударып  ел  арасында  тараған  «Евгений  Онегиннің»  үзінділері 
табылды.  Мәшһүр  Жүсіптің  қолжазбаларының  ішінде  белгісіз 
ақын аударған  Пушкиннің кейбір өлеңдері шықты»  - дейді  «Туған 
әдебиет ойлары»  деген  еңбегікде.  Осы  пікірдің жаны  барлығына 
Біз 
ешбір 
шүбә 
келтірмейміз. 
Ақын 
қолжазбапарынан 
А.С.Пушкин,  В.Г.Белинский,  Михайл  Баскин,  А.В.  Затаевич,  И.А. 
Крылов  т.б.  туралы  айтқандары,  сілтемелері,  дәйек  сөздері 
ұшырасуы кездейсоқтық  болмаса керек.
Мәшһүр  -   Жүсіптің  соңғы  9  томындағы  «Денсаулық  -  
ғылымның  бір  тарауы»,  «Ауадағы  микроп»,  «Топырақтағы 
микроптан  сақтау»,  «Ана  тілі  туралы»,  «Газет  журналдарға 
сын»,  «Ғылым және дін» т.б.  сан  алуан тақырыптарға арналған 
еңбектері жоғарыдағы сөзіміздің нақты дәлелі бола алады.
Мәшһүр  -   Жүсіп  Конфуциден,  Сократтан,  Платоннан, 
Абайдың  афоризмінен,  Шығыстың жеті  ақынынан  тәлім  алады. 
Дарвиннің  ілімін  сынап,  Жалинус  пікірінің  дұрыстығына  ден 
қояды. 
Қожа  Ахмет Яссауийдің  айтқан  ілімін  құп  алып,  қазақ 
дініне  лайықталып  сіңген,  қабылданған  үлгісін  насихаттайды. 
Мәшһүр Жүсіп мысалдары  мен  И.  Крылов мысалдарынан өзара 
үндестік  табылып 
жатуы 
екі 
елдің 
бір-бірімен 
мәдени 
достығының  әріден  келе  жатқандығының  дәлелі  екендігін
айтпаса да болады.
Мәшһүр -  Жүсіп шығармаларында шығыс тақырыбы ерекше
орын 
алады. 
Жалпы 
шығыс 
ұғымы 
орыс 
(еуропа) 
оқымыстыларын  ежелден  қызықтырып  келе жатқаны  ешкімге де 
құпия  емес.  Ақын  шығармаларының  орыс  (еуропа)  әдебиетімен 
үндестігі осының жарқын айғағы екендігі әмбеге аян.
Айталық,  Вильгельм  Блейк,  Джордж  Гордан  Байрон,  Гете, 
Пушкин,  Лермонтов,  Бунин  жерлесіміз  ақын  Павел  Васильев 
шығармапарының 
мәні 
мен 
мазмұны 
тіпті, 
айтар 
ойы 
қолданылған  детальдарының  өзі  әдебиетке  қашықтық  бөгет 
бола алмайтындығын дәлелдеді.
Құрметті  ағайын!  Мәшһүр  —  Жүсіп  Көпеев  73  жасында 
дүниеден  өткені  белгілі.  Бабамыз  туралы  аңыз  да,  ақиқат  та
7

жеткілікті.  Оның  бәрін  бүгін  айтып  тауысу  мүмкін  де  емес.  «Өлі 
жібімей,  тірі  байымайды»  дейді  қазақ  даналығы.  Біз  өзіміз 
шешетін  мәселелерді  кейінгі  ұрпаққа  қалтырмай-ақ  қолдан 
келгенін  жасап  жатырмыз.  Әлі  де  алдымызда  мақсаттар  көп. 
Соның бірі -  Мәшһүр -  Жүсіптің ата -  бабасының басына құлпы 
тастар  орнату.  Үрім -  бұтағы  туған,  өскен  орындарға  ескерткіш 
тақта  орнату.  Павлодар  қаласының  бір  көшесіне  келешекге 
ақын  есімін  беру.  Болашақта  туристік  маршурут  аймағына 
айналдыру  сияқты  ұшан  — теңіз  жұмыстар  күтіп  тұр.  Осының 
бәрі  кезең  -   кезеңімен  жүзеге  асатын  маңызды  іс-шарапар 
қатарында саналады.
Алла  разы  болсын!  Өліге  иман,  тіріге  береке  берсін! 
Мәшһүр -  Жүсіп бабамыздың аруағы қолдап жүргей! Әумин!
Әлеуметтік ғылымдар академиясыны академигі
Тұрышев Айтмұхамет Қасымбайұлы
Кіріспе
Бұл  еңбекте  Мәшһүр  Жүсіптің  өз  қолымен  жазған 
еңбектері  мен  түсініктемелері  баяндалады.  Онда  көбінесе  дін 
Исламды  қарапайым  қазақ  өмірімен  суреттеп  түсіндіреді. 
Мысалы: 
Аппаға 
иман, 
періштелерге, 
пайғамбарларға, 
кітаптарға сену дегенді түсіндіреді.  Ислам  дінінің артықшылығы 
мен  ерекшелігі,  оның  қалыптасуы  мен  дамуы,  қоғамдағы  орны. 
Құранның  келуінің  маңызы.  Ислам  дінінің  қағида-шарттары, 
мұсылмандық 
міндеттер, 
тәрбиелік 
маңызы 
бар 
әдеп 
ережелерін 
түсіндіріп, 
оның 
адамзатқа 
қажеттілігі 
мен 
пайдапары 
баяндалады. 
Сонымен 
қатар 
адамзатты 
ойландыратын діни түйін сөздерді көп айтқан.  Мысалы:
Ғибрат ал атқан таңмен батқан күннен, 
Шықпассың адам болсаң айтқан жөннен.
Басыңа қайғы келсе қапа болма,
Тарылып,  назапанып шықпа діннен.
Мәшһү  Жүсіп  өз  еңбектерінің  кебін  араб  әліббиімен  қазақ 
тілінде  жазған.  Солардың  ішінде  араб,  парсы,  шағатай,  осман 
(Осман  империясы  кезіндегі  кіші  Азия  түріктерінің)  тілінде  көп 
еңбек  жазып,  асыл  мұра  қалдырған.  Қазақ  тілінде  жазған 
қолжазбаларының  ішінде  арабша термин  сөздер  көп  кездеседі.
8

Мұның  себебі  Мәшһүр  Жүсіп  ислам  қағидаларын  толық  білген 
әулие  адам.  Ілімнің  шыққан  тегі  дін  екенін  және  іліммен  дінді 
бөлмеу керек екенін көп айтады.  Мәселен:
Әр түрлі  қылып,  пікір ойла сана,
Ғылым, білім іздесең болдың дана.
Білімді өліп көрде мың жыл жатса,
Шықпайды сонда-дағы кісі санасынан.
Нәпсінің кім құтылар хайласынан,
Залалы асып кетер пайдасынан.
Білімді зерек адам болам десең,
Қара өзіңді басқаның айнасынан.
Ойлаған халықтың қамын білімді сол,
Қамы үшін ел-жұртының отқа кірген.
Жолында ғылым-ілім өтсін өмір,
Алданбай бос жұмыспен қысы-жазы.
Мәшһүр  Жүсіп  еңбектерінде  дін  Исламның  ақиқаттығы, 
құндылығы, 
қадір-қасиеті, 
адамзат  өміріндегі 
пайдапары 
уағыздапған.  Ол  кісіні  ақын  жазушы,  тарихшы  деп  шектеуге 
болмайды.  Ол ұлы дін ғалымы  болған.  «Құран тәжуиті»,  «Құран 
тафсирлері»,  «Иман  қағидалары»,  «Калам  ілімі»,  «Сира  ән- 
Набауиа»,  «Шариғат  үкімдері»,  «Хадис  шарифтер»,  «Үлкен 
ғұламалардың 
Мәснауилері, 
Мәктубаттары», 
«Шығыс 
шаирлар»,  «Нәбилер  тарихы»,  «Діндер  тарихы»,  «Сахабалар, 
әулиелер тарихы» тәрізді  т.б.  ілім саласын жақсы білген.
Еңбегінің  күллісі  -   біздің  дініміз,  тіліміз,  тарихымыз,  әдет- 
ғүрпымыз,  салт-дәстүріміз.  Қазіргідей  аласапырын  заманда 
қалай  өмір  сүру  керек  екені  айтылады.  Сол  себептен  көпшілік 
қауымды Мәшһүр Жүсіп еңбектерін оқып танысуға шақырамыз.
Мәшһүр-Жүсіп  Көпейұлы  қолжазбаларының әліпбиі
Мәшһүр-Жүсіп  Көпейұлы  өмір  сүрген  дәуір,  он  тоғызыншы 
ғасырдың  екінші  жартысы  мен  жиырмасыншы  ғасырдың 
алдыңғы  қырық  — отыз  жылы  қандай  қайшылықты,  қалтарысы
9

болса,  оның  шығармашылық  жолы  да  сондай  көп  иірімді, 
күрделі болды.  Ол  көбінесе дін  ілімдері,  әдебиет пен  мәдениет, 
тарих  пен  этнография  сияқты  білім  сапаларында  артына  бай 
мұра  қалдырды.  Оны  жинап,  жариялау,  зерттеп,  ғылыми 
айналымға ендіру,  сөйтіп халық игілігіне айнапдыру жұмыстары 
Еліміз  егемен  болған  соң  ғана  шындап  қолға  апына  бастады. 
Әсіресе,  кейінгі  жылдарда,  Елбасы  Н.  Ә.  Назарбаевтың 
«Мәдени  мұра»  арнаулы  орта  мерзімді  бағдарламасының 
аясында жүзеге асырыла бастады.
Біздің  ғылыми  зерттеу  еңбегіміз  Елбасының  алға  қойған
мақсатын  түбегейлі  шеше  алмаса  да  ұлттық  сапт-дәстүрге 
байланысты  кейбір  мұраттарды  лингвистика  жолымен  іс жүзіне 
асырып,  шешуге  болатындығын  көрсетіп  берді.  Бұл  -  жұмыста 
жүйелі  түрде  Мәшһүр  Жүсіп  Көпейұлы  шығармапарының 
этномәдени  лексикасы  түркі  тілдерімен  және  де  көне  жазба 
ескерткіштерімен  жан  -  жақты  салыстырмалы  түрде  тұңғыш 
зерттеліп отыр.
Қазақстан  Республикасы  Егемендік  алған  соң  ұзақ  жылғы 
тұралап,  қордаланып  қалған  экономикалық,  әлеуметтік,  рухани 
жағдайды  қапыпқа  келтіру  күш  болды.  Соңғы  13  жылда 
Қазақстан  Республикасының  экономикасы  бір  шама  көтерілді. 
Ендігі  кезек  рухани  мәдениетімізді  жақсартып,  бұрындар 
елеусіз  қалған  ақын  -   жазушыларымызды,  зияпыларымыздың 
өмірін,  шығармашылығын  зерттеп,  жас  ұрпаққа  жеткізу  кезек 
күттірмейтін мәселеге айналды.
Бұл  бағытта  тарихшы,  филолог,  философ,  ағартушы 
Мәшһүр  Жүсіп  Көпейұлының  өмірін,  шығармашылығын  қалың 
жұртымызға  кеңінен  насихаттау  мақсатында  Мәшһүртану 
ғылыми  -   практикалық  орталығын  05.05.04  жылы  ашуға  №  1- 
05/334 
бұйрыққа 
С. 
Торайғыров 
атындағы 
Павлодар 
мемлекеттік университетінің ректоры Е. Арын қол қойды.
Мәшһүр Жүсіп  өз еңбектерінің  көбін  араб әліпбиімен  қазақ 
тілінде  жазған.  Солардың  ішінде  араб,  парсы,  шағатай,  осман 
(Осман  империясы  кезіндегі  кіші  Азия  түрікгерінің)  тілінде  көп 
еңбек  жазып,  асыл  мұра  қалдырған.  Қазақ  тілінде  жазған 
қолжазбаларының  ішінде  арабша термин  сөздер  көп  кездеседі. 
Мұның  себебі,  Мәшһүр  Жүсіп  -   ислам  қағидаларын  толық 
білген  әулие 
адам. 
Мәселен 
«Құран  тәжуиті», 
«Құран 
тафсирлері»,  «Иман  қағидалары»,  «Калам  ілімі»,  «Сиар  ән-
ю

Набауиа»,  «Шариғат  үкімдері»,  «Хадис  шарифтер»,  «Үлкен 
ғүламалардың 
Мәснауилері, 
Мәктубаттары», 
«Шығыс 
шаирлар»,  «Нәбилер  тарихы»,  «Діндер  тарихы»,  «Сахабалар, 
әулиелер тарихы» тәрізді т.б. ілім саласын жақсы білген.
Мәшһүр-Жүсіп  еңбектерінде  дін  Исламның  ақиқаттығы, 
қүндылығы, 
қадір-қасиеті, 
адамзат  өміріндегі 
пайдалары 
уағыздалған.  Ол  кісіні  ақын,  жазушы,  тарихшы  деп  шектеуге 
болмайды.  Себебі,  еңбегінің  күллісі  -   біздің  дініміз,  тіліміз, 
тарихымыз, 
әдет-ғүрпымыз, 
салт-дәстүріміз. 
Қазіргідей 
аласапырын  заманда  қалай  өмір  сүру  керек  екені  айтылады. 
Сол себептен  көпшілік қауымды Мәшһүр-Жүсіп еңбектерін оқып 
танысуға  шақырамыз.  Осы  мақсатта  қолжазбаның  әліпбиін, 
оқып, үйренетін кілтін үсынып отырмыз.
Әріптердің реті бойынша жазылу үлгісі
Кирил
ица ! 
і
бойын
-ша
қазақ
әліппе
сі
Араб 
әрпі 
1  -түрі
Араб
әрпі
2-түрі
Араб
әрпі
3-түрі
Араб әрпі
4
түрі
Араб 
әрпі 
5- түрі
1
2
3
4
5
6
А
а
»
»

00
Ә
ә
00
]
і


Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет