«Жер және ғарыш» атты бөлімге талдау жасаңыз (1-4 сыныптар) Ай-Жердің Табиғи серігі
Ғаламшарлар калай орналасқан
Алуан турлі ғаламшар
Уақытты қалай өлшимиз
20
Айым 13-16
13
Сұрақтар/тапсырма
Балл
Жинаған балл
1
Берілген сурет бойынша 6 сұрақ құрастырыңыз
Суретте қандай табиғат құбылыстары бейнеленген?
Балалар не істеп жүр? Неліктен?
Жазғы жаңбырды, кемпірқосақты бақылап көргеніңіз бар ма? Жұпта әңгімелеңіз.
30
2
Бастауыш мектептегі «Жаратылыстану» пәнінің оқу бағдарламасы «Биология», «География», «Химия», «Физика» пәндерін негізгі мектепте оқытудың негізін қалауға, алған білімдерін күнделікті өмірде (үйде, мектепте, табиғат әлемінде) кездесетін табиғат құбылыстары мен процестерін түсіндіріңіз
«Жаратылыстану» пәні бойынша негізгі мектептегі «Биология», «География», «Химия», «Физика» пәндерін зерделеу негізін қалауға, алған білімдерін күнделікті өмірде (үйде, мектепте, табиғат әлемінде) кездесетін табиғат құбылыстары мен үдерістерін түсіндіру, сипаттау, болжау үшін қолдану білігін дамытуға бағытталған.
Пән бағдарламасы келесі мақсаттарға қол жеткізуді көздейді:
- әлемнің қазіргі заманғы жаратылыстану ғылымы тұрғысынан қалыптасқан бейнесі мен жаратылыстану ғылымдарының әдістері туралы білім негіздерін қалыптастыру; жаратылыстанудың техника мен технология дамуына елеулі ықпал еткен маңызды идеяларымен, жетістіктерімен таныстыру;
- қоршаған әлемнің құбылыстарын түсіндіру, БАҚ, интернет ресурстары, арнайы және ғылыми-көпшілік әдебиеттерден алынған жаратылыстану ғылымы тұрғысынан және өмірлік маңызды мазмұны бар ақпаратты қабылдау біліктіліктеріне ие болу;
- зияткерлік, шығармашылық қабілеттерді, сын тұрғысынан ойлау қабілетін қарапайым зерттеулер, құбылыстарды талдау, жаратылыстану ғылымдық ақпаратты қабылдау және түсіндіру барысында дамыту;
- табиғат заңдарын тану және жаратылыстану ғылымдарының жетістіктерін өркениеттің дамуы мен өмір сапасын жақсарту үшін пайдалану мүмкіндігіне сенімділікті тәрбиелеу;
- күнделікті өмірде тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заманауи технологияларды сауатты пайдалану, денсаулық пен қоршаған ортаны қорғау үшін жаратылыстану ғылымдары бойынша білімдерін қолдану.
30
3
Жаратылыстану пәні бойынша оқу бағдарламасының мақсатын айқындаңыз
«Жаратылыстану» пәнінің мақсаты-бастауыш сынып оқушыларын әрі қарай жаратылыстану ғылымы пәндерін (биология, химия, физика) меңгеруге дайындау, күнделікті өмірде (үйде, мектепте, табиғатта) көрген, бақылаған құбылыстары мен үдерістерді түсіндіру, сипаттау үшін алған білімдерін пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру.
20
4
Қоршаған әлем құбылыстары, процестері мен нысандарын зерттеудің қажеттілігін түсіндіріңіз
Қоршаған орта пәнін оқыту әдістемесінің объектісі жаратылыстану негіздері туралы теориялық білімді, яғни қоршаған орта, ондағы заттар мен денелер, құбылыстар мен үдерістер, қоғамдық қатынастарынан бастауыш сынып оқушыларына жас ерекшеліктеріне сай білім берудің әдіс-тәсілдерін, формаларын және баланың жалпы құзыреттіліктерін қалыптастырып, жетілдірудің жолдарын меңгертетін курс болып табылады. Кіші жастағы оқушылар дүниені біртұтас күйінде қабылдайды, оның көріністерін биологиялық, физикалық, химиялық құбылыстарға бөлмейді. Жаратылыстану білімін интеграциялап оқытудың алғашқы кезеңінде табиғат құбылыстары туралы дұрыс, біртұтас түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді, табиғат туралы ғылымдарды одан әрі саралай оқып үйренуге белгілі бір негіз қалайды. Оны оқып-үйрену барысында дүниенің материалдығы мен танымдылығын, құбылыстардың өзара байланысын, заңдылықтар мен эволюция идеяларын түсінуге қадам жасалады.
Қоршаған орта пәнін оқыту баланың ақыл-ойын дамытуға бағытталған үлкен міндеттерді шешеді. Нақты обьектілер мен құбылыстарды оқып-үйрену кезінде оның бақылау қабілеті дамиды. Байқағыштық – заттар мен құбылыстарды саналы түрде қабылдай білу, олардың өзіне тән және ортақ белгілерін табу, белгілі заңдылықтарды байқау, оларды талдап қорытынды жасай білу қабілеті. Байқағыштық жүйелі жаттығулардың барысында біртіндеп дамиды. Мұның бәрі баланың ойлау қабілетін дамытуда, қоршаған ортаны танып білуінде маңызы зор. Жаратылыс ғылымдары логикалық индукция және дедукция әдістеріне үйретеді, құбылыстардың мәніне терең бойлау дағдысын қалыптастырады.
20
14
Сұрақтар/тапсырма
Балл
Жинаған балл
1
Берілген бағалау критерийлеріне сәйкес дескриптор құрастырыңыз
Бағалау критерийі
Дескриптор
Білім алушы
1. Адам өмірінің жас кезеңдерін атайды және сипаттайды.
2. Адам өмірінің жас кезеңдерінің ретін анықтайды.
3. Адам өмірінің жас кезеңдерінің ерекшелігін әңгімелейді.
адам өмірінің жас кезеңдерін (сәби, азамат, қарт) атайды;
адам өмірі кезеңдерінің ретін белгілейді;
өзінің сәбилік кезіндегі әрекеттері туралы әңгімелейді.
30
2
«Жаратылыстану» пәнінің маңыздылығын айқындаңыз
Жаратылыстану» пәнінің маңыздылығы жаратылыстану ғылымы бойынша білім беру бастауыш мектеп жасындағы білім алушылардың табиғи білімқұмарлығының дамуына, әлем туралы ой-өрісінің кеңеюіне, ғылымды түсінудің және қоршаған ортаны тұтастай қабылдауының дамуына, қоршаған ортаны қорғау және бағалай білу біліктерінің дамуына ықпал етуімен анықталады.
Бастауыш мектепте «Жаратылыстану» пәнін оқу және меңгеру қоршаған әлемнің күрделілігі мен көпқырлылығын, сондай-ақ табиғи құбылыстар мен процестердің өзара байланысын; жанды және жансыз табиғатта болып жатқан кейбір табиғи құбылыстар мен процестердің себептерін; жаратылыстану-ғылымдық білімнің адамның көптеген іс-әрекет түрлері үшін маңыздылығын; алуан түрлі практикалық және зерттеу әрекеттері арқылы алынған білімнің күнделікті өмірмен байланысын түсінуге бағытталған.
30
3
«Жаратылыстану» пәнінің 1-сыныпқа арналған базалық мазмұнына талдау жасаңыз
Жаратылыстану" пәнінің 1-сыныпқа арналған базалық мазмұны келесі
бөлімдерден құралады:
1) "Мен зерттеушімін": қоршаған орта құбылыстарын бақылау; бақылау
кезеңдері; эксперимент;
2) "Жанды табиғат": жанды ағзалар; өсімдіктер және олардың
алуантүрлілігі, ағаштар, бұталар, шөптесін өсімдіктер; өсімдіктің негізгі
бөліктері: тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс, тұқым; жабайы және мәдени
өсімдіктер; мәдени өсімдіктерді күту (суару, қоректендіру, топыраққа күтім
жасау); өсімдіктің тіршілігіне қажетті жағдайлар (су, жарық, жылу, қоректік
заттар); жануарлар, жабайы және үй жануарлары, үй жануарларын күту, үй
жануарларының келтіретін пайдасы, жануарлардың жыл мезгілдерінің
ауысуына бейімделуі: жылы жаққа ұшу, қысқа азық жинау, ұйқыға кету; адам,
адамның дене мүшелері, адамның өмірінің кезеңдері, тамақтану, демалу;
3) "Жер және ғарыш": жердің пішіні, глобус – жер моделі, ғарыш, ғарыш
денелері, астрономия туралы алғашқы түсініктер; зымырандар, телескоптар,
уақыт, уақыт өлшеу құралдары, сағат, күнтізбелер;
4) "Табиғат физикасы": түрлі денелердің қозғалысы, табиғаттағы қозғалыс,
адамдардың қозғалысы, қозғалыс траекториясы, қозғалыс траекториясын сурет
түрінде белгілеу, жарық пен қараңғы, жарықтың табиғи және жасанды көздері,
жарықтандыру, дыбыс және оның таралу ерекшеліктері, дыбыстың табиғи және
жасанды көздері, жылу шығаратын құрылғылар, күнделікті өмірдегі электр,
магниттің қасиеттері, магниттік қасиеті бар заттар.
20
4
Табиғатты тану әдістеріне қатысты ақпарат көзінің түрлерін анықтаңыз
абиғатты ғылыми тұрғыдан тану әдістері.
Ежелгі кезеңдердің өзінде - ақ адамдар табиғаттың белгілі бір маусымдарға байланысты өзгеретіндігін байқаған. Табиғатты оқып үйренудің бірнеше әдістері бар.
Біріншісі - бақылау.
Бақылаудың нәтижесінде ауыл шаруашылық жұмыстарының мезгілін анықтаған, оларды арнайы аспап құралдары арқылы іске асырып отырған.
Екінші әдісі тәжірибе жасау әдісі. Бұл әдісті зертханада жасайды. Адам тәжірибе жасай отырып, табиғаттың құбылыстарын қолдан жасай да алады. Мысалға: қыздыру, суыту, т. б.
Келесі әдіске өлшеу жатады. Өлшеу арқылы адамдар көптеген денелердің көлемін, ауданын, арақашықтығын анықтайды. Жердің ауданы, күннен және айдан ара қашықтығы, таудың биіктігі, теңіздердің, мұхиттардың тереңдігі туралы т. б. білген.
Осылай адамдар табиғатты бақылау тәжірибе жасау, өлшеу арқылы үйренген. Осы әдістердің барлығы адамдардың табиғатты танып білуіне әсерін тигізді. Табиғат туралы білім арнайы зерттеу әдістерін қолдану арқылы жинақталады. Табиғатты зерттеу әдістерінің ішінен кең тараған үш ғылыми әдісті атап өтуге болады. Олар: бақылау, эксперимент және теориялық зерттеу әдістері.
Оқу мақсаты:
1.1.2.2. Көрсетілген экспериментті түсіндіру.
Ойлау дағдыларының деңгейі:
Қолдану
Бағалау критерийі:
Білім алушы
Эксперимент жүргізудің мақсатын анықтайды.
Эксперимент жүргізу үшін құралдарды қолданады.
Жүргізілген эксперименттің нәтижесін қорытындылайды
20
15
Сұрақтар/тапсырма
Балл
Жинаған балл
1
Берілген тақырыптардың біреуі бойынша ағзаны ауру мен инфекциядан қорғау тәсілдерін сипаттайтын постер жасаңыз
− Жұқпалы аурулардан қорғану жолдары
− Микробтардың салдары
− Иммунитетті қалай күшейтуге болады?
− Екпе жасатудың пайдасы бар ма?
− Саламатты өмір салтын сақтау
− Дұрыс тамақтану ережесі
30
2
Жаратылыстану пәні бойынша үш тілді оқу саясаты туралы өз ойыңызды жазыңыз
«Жаратылыстану» пәні мектептің білім беру тілінде оқытылады. Мектептердің үш тілді оқыту бағыты тілдерді оқыту әдіс-тәсілдерін, тілдік пәндердің және өзге пән мұғалімдерінің рөлдерін анықтайды.
Үш тілді оқыту бағытының жүзеге асырылуы «Жаратылыстану» пәні бағдарламасының келесі тармақтарында көрсетілген:
«Жаратылыстану» пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер» тармағында (5-тармақ), пәнді меңгеруге қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдері ұсынылған.
«Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту» тармағында (8- тармақ), мұғалімдердің пән арқылы ауызша және жазбаша коммуникация дағдыларын (тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым) қалай дамытатыны көрсетілген.
«Оқушылардың оқу жетістігін бағалау туралы» тармағында (9- тармақ), бағалау тілі, моделі және түрлері белгіленген.
30
3
Жаратылыстану пәнінің 2-сыныпқа арналған базалық мазмұнының «Мен зерттеушімін» бөліміндегі қарастырылатын тақырыптардың тізімін құрастырыңыз
1.1 Ғылым мен зерттеушілердің рөлі
1.2 Табиғатты тану әдістері
20
4
Жаратылыстану пәні бойынша оқу бөлімдеріндегі бөлімшелерге талдау жасаңыз
Оқулық «Мен-зерттеушімін», «Өсімдіктер», «Жануарлар», «Адам», «Күш пен қозғалыс», «Жер және ғарыш», «Табиғат физикасы», «Жарық» және «Дыбыс» сияқты оқу бөлімдерін қамтиды. Әр жаңа тақырыпты толық меңгеру үшін оқулықтың бас кейіпкерлеріНегеш пен Эврика көмектеседі. Негеш пен Эврика оқушыларды ғылым әлеміне бағыттап, болжам жасауға, тәжірибе немесе зерттеу жүргізуге, табиғи құбылыстарды ашуға ынталандырады. Сондай-ақ әр тарау бойынша тапсырмалар жабық тест арқылы нақтыланып, тексеріледі. «Мен- зерттеушімін» тақырыбын өткен кезде оқушылар әртүрлі бөлме өсімдіктерін зерттеу жұмыстарын жүргізді. Ал өсімдік бөліктерімен танысқанда тұқым қалай өнетініне шағын тәжірибе жасау арқылы көз жеткізді. Ол үшін пластикалық стакан, мақта, бірнеше тұқым керек. Стаканның түбіне мақта салып, ол ылғалданатындай аздап су құйылды. Сосын мақтаның үстіне тұқымдарды қойып, бетін ауа өтетіндей тесіктері бар қақпақпен жауып, жылы жерге қойдық. Бірнеше күн бойы ол тұқымның өнуін бақылап, қорытынды жасады. Өсімдіктерге күтім жасауды сыныптағы бөлме өсімдіктеріне жасау арқылы дағдыға айналдырды. «Ғарыш» тақырыбында ғарыш кемесінің орнына шарларды ұшыру арқылы тәжірибе жасады. «Күш пен қозғалыс» бөлімінде қозғалыс траекториясы деген не? Деген сұрақққа жауап беру үшін тағы да тәжірибе жасау арқылы қол жеткіздік. Тәжірибе жасау үшін құм салынған табақша, ойыншық машиналар және металл шарлар қажет. Табақты сәл қисайта орналастырып, «төбешіктен» машинаны итеріп жібереді. Машинаның ізінен қалған сызықты салады. Одан кейін металл шарды «төбешіктен» төмен қарай жібереміз. Оның да ізінен қалған сызықты саламыз. Тәжірибені бірнеше рет қайталап жасағаннан кейін сызықтарды салыстырды. Траектория дененің қозғалыста болған кезінде жүріп өткен жолы. Машинаның түзу траекториямен, ал шар әртүрлі траекториямен қозғалатынын айтып қорытынды жасады. Сабақтарда әртүрлі рольдік-сюжетті ойындарды ойнау арқылы да тәжірибе жасауға болады.
20
16
Сұрақтар/тапсырма
Балл
Жинаған балл
1
«Жаратылыстану» пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдерге талдау жасаңыз
«Жаратылыстану» пәнін оқытудағы педагогикалық тәсілдер:
сенімді қатынас пен әріптестік үшін жағдай жасау;
ғылыми проблемалардың шешімін табу үшін басқалармен бірге және өздігінен іздеу әдістерін қолдану және жоспарлау;
оқушылардың жеке мүмкіндіктерін есепке алып, дифференциалық тапсырмалар құру;
ғылыми сұрақтарды зерттеу үшін жеке және топтық жұмыс ұйымдастыру;
топ жетістікке жетуі үшін әр оқушы түрлі рөлде жұмыс атқаруына мүмкіндік беретін топтық жұмысқа жағдай туғызу;
өз ойын жеткізе білу және дәйек келтіру, мәселелерді анықтау үшін өз пікірлерін жеткізу, болжам құру және зерттеулерді әрі қарай жоспарлау қабілетін дамыту үшін ынталандыратын проблемалық жағдаяттар құру;
белгілі бір тақырыпта мәселені шешу үшін миға шабуыл жасау. Әр оқушы өз идеясын ұсынады, дұрыс шешім қабылдау үшін сынып болып талдау;
оқушылардың сабақта зерттеу жұмыстарын жүргізуі, тәжірибелер жасауы, түрлі дереккөздерді пайдалану мен іс-әрекет түрлерін қолдануын талап ететін проблемалық жағдаяттар құру;
оқушылардың зерттеу тақырыбын өз бетінше таңдауы, жоспарлауы, зерттеу нәтижелерін ұсынуы арқылы қызығушылығын ояту;
сыныпта түрлі бағалауды қолдану және ұпай қою критерилерін қарастыру.
30
2
Жер беті сулары. Атауы. Кластер құрастырыңыз.
Олардың бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?. Салыстыра отырып, сипаттаңыз
30
3
«Жаратылыстану» пәні бойынша оқыту үдерісіне қажетті ресурстарды айқындаңыз
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ «ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» ПӘНІН ОҚЫТУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР МЕН МАТЕРИАЛДАР:
Мұқият іріктелген тапсырмалар
мен іс-әрекет түрлері арқылы
оқушыны ынталандыру және
дамыта оқыту
Проблемаларды анықтау
және шешу тәсілдерінің
Үлгісін оқушыларға түсінікті
жолмен құру және көрсету
Жеке, жұптық,
топтық жұмыстар
Оқушының жеке
пікірін тыңдау
Зерттеу жұмыстарын
жүргізу
Проблемалық
жағдаяттар
құру
Миға шабуыл
Ынтымақтасқан
шығармашылық ізденіс
әдісі
Сын тұрғысынан ойлау
20
4
Өсімдіктердің негізгі түрлерін топтастырыңыз
XX ғасырдың ортасына дейін өсімдіктерді төмен сатыдағы (бактериялар, балдырлар, кілегейлілер, саңырауқұлақтар, қыналар) және жоғары сатыдағы өсімдіктер (ринийлер, мүктәрізділер, псилофиттер, плаунтәрізділер, қырықбуындар, қырыққұлақтәрізділер, ашықтұқымдылар және гүлді өсімдіктер не жабықтұқымдылар) деп бөлді. 20 ғасырдың аяғында бактериялар мен саңырауқұлақтар өз алдына жеке патшалық болып бөлінді. Соңғы жүйеленім бойынша өсімдіктер 3 патшалық тармағына жіктеледі:
қызыл балдырлар
нағыз балдырлар
ұрықты не жоғары сатыдағы өсімдіктер.
Өсімдіктерді топтарға біріктіргенде олардың біріне-бірінің ұқсастықтары немесе айырмашылықтарын көрсететін белгілер пайдаланылады. Солар арқылы өсімдіктердің біріне-бірінің туыстық жақындықтарының деңгейі анықталады.
Құрылымы, тіршілік етуі жағынан бірдей және өз ата-енелеріне ұқсас, жеміс беретін, ұрпақ түзе алатын дарақтар бір түрге жатқызылады.
Құрылысы жағынан ұқсас түрлер туысқа біріктіріледі. Жақын туыстар бір тұқымдасқа олардың әрқайсысын қандай да бір класқа жатқызады.