Гуманитарлық бағыттағы мекемелерде жұмыс жоспары
қалай жасалады?
Гуманитарлық бағытта мекемелерде оқу жоспарының вариативтік бөлiгiнiң құрамына кiретiн және нақты ұйымның ерекшелігін көрсететiн оқу пәндерi бойынша оқу жұмыс жоспарын және бағдарламаларын әзiрлеудi мектеп дербес жүзеге асыруға құқылы.
1. Мемлекеттік емес мектепте жылдық күнтізбелiк оқу кестесi оның жарғысымен айқындалады.
2. Мектептегі сабақтар кестесін оның басшысы не оны алмастыратын тұлға бекітеді.
3. Сабақ кестесінде оқу сабақтарының күнделікті саны, ұзақтығы және реті көрсетіледі.
4. Мектептегі сабақ кестесі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тамақтануы мен белсенді демалуы үшін ұзақтығы жеткілікті үзілістерді көздейді.
5. Жалпы білім беру ұйымдарының барлық түрінде оқушылар үшін сабақтар арасындағы үзілістің ұзақтығы кемінде бес минут, үлкен үзіліс (екінші немесе үшінші сабақтан кейін) отыз минутты құрайды.
6. Бір үлкен үзілістің орнына екінші және төртінші сабақтан кейін әрқайсысы он бес минуттан екі үзіліс жасауға жол беріледі.
7. Жалпы білім беру ұйымдарында сабақтың ұзақтығы қырық минуттан аспайды. Бірінші сыныптарда оқу жүктемесін бірте-бірте арттыра отырып, оқу сабақтарының "сатылы" режимін қолданылады. Қыркүйекте үш сабақ отыз бес минуттан, қазаннан бастап қырық минуттан жоспарланады. Сабақтарда дене шынықтыру минуттарын және көзге арналған жаттығулар өткізіледі. Бірінші сынып оқушылары үшін жыл бойы қосымша бір апталық каникул көзделеді. Бастауыш мектепте қосарланған сабақтарды өткізуге жол берілмейді.
8. Мектептерде қажет болған жағдайда мектепке дейiнгі шағын орталықтар және бір жылдық мектепалды сыныптар, гимназия, лицей және бейінді сыныптар ашылады.
9. Мектепке дейінгі шағын орталықтарда және мектеп алды сыныптарда білім беру процесі мектепке дейінгі жастағы балалар үшін ерекше қызмет түрлерін: ойындар, құрастырулар, сурет салу, музыка, театрландыру және басқа да қызметтерді ескере отырып жүзеге асырылады, сондай-ақ балаға жеке тұрғыда қарауды, олардың жас және психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып түрлі топтарда жұмыс жасауды іске асыруды қарастырады.
10. Бастауыш мектеп негізгі және орта мектептің құрамында немесе қажетті материалдық-техникалық, ғылыми-әдістемелік және кадрлық ресурстары бар болған жағдайда жеке мектеп ретінде жұмыс істейді және Қазақстан Республикасының білім саласындағы заңнамаларында белгіленген тәртіпте тіркеледі.
11. Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары (1-деңгей) баланың жеке басын қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін, оқу ісіндегі оң талпынысы мен алғырлығын: негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кейіннен меңгеру үшін оқудың, жазудың, есептеудің, тілдік қатынастың, шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетудің, мінез-құлық мәдениетінің берік дағдыларын дамытуға бағытталған.
12. Бастауыш мектепте директор лауазымы 8 немесе одан көп сынып-комплекті және кемінде 240 оқушы болған жағдайда белгіленеді.
13. Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары (2-деңгей) білім алушылардың ғылым жүйесінің базалық негіздерін меңгеруге, олардың бойында тұлғааралық және этносаралық қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға, жеке адамның өзін-өзі билеуіне және кәсіптік бағдарлануына бағытталады.
Жалпы білім беретін оқу бағдарламасы білім алушылардың бейін алды даярлығын қамтиды.
14. Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары (3-деңгей) жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша бейіндік оқытуды енгізе отырып саралау, интеграциялау және білім беру мазмұнын кәсіптік бағдарлау негізінде әзірленеді.
Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар, сонымен қатар үйде оқитын балаларға қажеттіліктерге сәйкес "Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 болып тіркелген) бекітілген үлгілік оқу жоспарлары негізінде жеке оқу жоспарлары мен "Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8424 болып тіркелген) бекітілген үлгілік оқу бағдарламаларының негізінде жеке оқу бағдарламалары әзірленеді.
Дана халқымыз«адам екі нәрсені таңдаудан қателеспеу керек бірі-мамандық таңдаудан,екіншісі жар таңдаудан»деген екен. Расымен де, өте орынды айтылған деп ойлаймын.Себебі , әрбір адамның таңдаған жары-оны ғұмырының соңына дейін бірге болатын өмірлік серігі болса,ал таңдаған мамандығы-оның өмір бойы атқаратын қызметі. Бір сөзден айтқанда,мамандық таңдау-әрбір адамның қабілеті мен мақсаты мұратына байланысты туындайтын үлкен жауапты істердің бірі. Олай болса,мен болашақта қандай маман иесі боламын? Майталман маман болу үшін не істеуім керек?
Міне, есейген сайын осы сауалдарды өз-өзіме жиі қоятын болдым.Көп ойлана келе,жүрегімнің қалауы-филология мамандығы екенімді түсіндім. Иә,болашақта туған тілі мен төл әдебиеттің мәртебесің асқақтататын филолог болуды армандаймын.Сонымен қатар,журналистика саласына да,қызығушылығым жоқ емес.Бұл таңдауымның өзіндік себептеріне келсем,біріншіден,бала күннен тыңдап өскен халқымыздың бай ауыз әдебиеті мен қазақ ақын-жазушыларының шығармалары әдебиетке,тілге дейін құштарлығымды оятса,екіншіден көгілдір экранның әр жағындағы небір талантты журналист болсам деген арманыма қанат бітіре түседі.
Әрине,сонымен бірге, «ұстазы жақсының ұстамы жақсы »деп тегін айтпаса керек.Бұл мамандыққа қызығушылығымның артуына себеп болған алғашқы ұстазымның болашағыма дұрыс бағдар беріп,таңдау жасауда, қосқан үлесі зор. Менің алғашқы ұстазым,мені білім нәрімен сусындатқан,алғаш әліппенің бетін ашып,әріп танытқан, өмірдің қыр-сырын білуге,сан қилы құбылыстарды терең түсінуге мұрындық болып,адамгершілікке баулыған,менің ең алғашқы ұстазым-Ботагөз Байқамқызының орны ерекше. «Маған жақсы мұғалім бәріне де қымбат,өйткені мұғалім- мектептің жүрегі»дейді Ыбырай Алтынсарин. Иә расында да,ұстаз деген сөздің астарында мән мағына бәрі бар. Ботагөз Байқадамқызы-ол кісінің ғибрат әлемі,кескін келбеті,бәрі-бәрі мен үшін үлгі өнеге «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан » дегендей менің үлгілі болып,ақылды болып, тәрбиелі де, білімді болып келе жатқаным барлығы да өз арқанызда деп білемін.
Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан», — деп халқымыздың ұлы ақыны Абай Құнанбаев атамыз айтып кеткендей, кез келген адам «Өмір» деген атты дүниеде өз орнын табуға тырысады, яғни өседі, көреді, тәрбиленеді. «Еңбекпен тапқан нан тәтті» демекші, таңдаған мамандықтарының қызығын көруге тырысады.
Қазіргі таңда заман талабына сай тұлға болып қалыптасып, мақсат – арманыңа жету үлкен өнерді, өмір сүру өнерін меңгеруді қажет етеді. Әрбір адам өзін-өзі дамыта алу үшін білім алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану керек.
Мамандық – бұл әрбір адамның ертеңгі болашағы. Жоғары білім берудің негізгі міндеті маманды тек қана біліммен қарулардырып қоймай, сонымен қатар олардың жеке басының жан-жақты қалыптасуына, дамуына, шығармашылық қабілетінің жетілуіне, кәсіби мәдениеттің қалыптасуына өз дәрежесінде көңіл бөлу, мүмкіндік жасау болып табылады.
Филолог болу үшін де,журналист болу үшін де алдымен алғырлық,жанашылдық,өз ісіне адалдық,сөзге шеберлік тәрізді қасиеттер керек. Олар өз шығармашылығы арқылы адамға да,қоғамғада қызмет ете білуі тиіс.Өзіңнің шын талантынмен халықты баурап алатын қасиетін шындалғанда ғана майталман маман бола аласың деп ойлаймын. Сол себепті де, таңдаған мамандығымның оңайлықпен келмейтінің түсінемін. Әйткенмен, шын ниетпен ұмтылып,ерінбей еңбек етсем,алыңбайтын асу жоқ. Ендеше мен де болашағым үшін,армандаған маман иесі болу үшін алға бастадым.
Болашақта мен-елімнің елеулі,халқымның қалаулы азаматшасы болғанда сол жетістікке жеткізген өзіңіз деп зор мақтанышпен сеніммен айта аламын!
Достарыңызбен бөлісу: |