Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектеп Кеңесінің төрағасы


Тақырып 8. Саяси мәдениет пен мінез-құлық. Саяси сана мен саяси идеология



бет5/14
Дата24.11.2023
өлшемі183,5 Kb.
#125462
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Саясаттану силлабус 2023

Тақырып 8. Саяси мәдениет пен мінез-құлық. Саяси сана мен саяси идеология.
Саяси мәдениеттің түсінігі, мәні, құрылымдық компонеттері мен қызметтері. Саяси мәдениет құрылымындағы саяси дәстүр, саяси миф, саяси стереотип, саяси символика. Саяси мәдениеттің деңгейлері: дүниетанымдық, азаматтық, саяси. Қоғамның саяси мәдениеті мен саяси субмәдениеттердің арақатынасы. Саяси сана: түсінігі, функциялары, формалары мен деңгейлері. Қоғам мен саясаттағы идеологияның пайда болуы, алатын орны мен рөлі.


Тақырып 9. Саяси даму және модернизация. Саяси шиеленістер мен дағдарыстар.
Саяси даму және оның критерийлері. Саяси модернизация түсінігі. Саяси модернизацияның мақсаты, оның негізгі сипаттары. Саяси модернизацияның кезеңдері мен факторлары. Модернизациялық үдерістегі дәстүрдің рөлі. Саяси шиеленістер, олардың мәні, конструктивті және деструктивті қызметтері. Саяси шиеленістер мен дағдарыстардың типологиясы. Саяси шиеленістерді шешу түрлері мен жолдары.


Тақырып 10. Әлемдік саясат және қазіргі халықаралық қатынастар
Әлемдік саясат және әлемдік саяси үдеріс. Халықаралық қатынастар түсінігі және негізгі субъектілері. Халықаралық қатынастар теориясындағы теориялық әдістер мен негізгі дәстүрлі мектептер. Қазіргі халықаралық тәртіптің тарихи типтері мен ерекшеліктері. Халықаралық қатынастар жүйелерінің типологиясы мен олардың қызмет етуінің құрылымдық заңдылықтары. Қазіргі халықаралық қатынастардың дамуының негізгі үрдістері. Әлемдік саяси үдерістердің жаһандануы мен қазіргі жаһандық қауіп қатерлер.


8 Практикалық (семинарлық) сабақтар / Содержание практических (семинарских) занятий


Тақырып 1. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде.
Тапсырмалар:
1. Қазіргі білімдер жүйесіндегі саяси ғылымның алатын орны.
2. Саясаттанудың қалыптасуы мен дамуы, оның негізгі категориялары, саясаттанудың пәні мен объектісі.
3. Маманды кәсіби дайындау жүйесіндегі саясаттану.
Тапсырмаларды орындауға әдістемелік нұсқаулар (қысқаша):
Ғылыми зертеу кітаптары мен жұмыс. Семинар сабағын білім алушы ауызша және жазбаша көрсетілген тақырыптың әр сұрақтарына дайындалып келуі керек. Тақырып бойынша семинар сабағына жақсылап дайындалып, ауызша талдау қажет. Тақырыпты ауызша еркін талдаған білім алушы жоғары бағаланады. Әр аптаның тақырыптарын уақытымен орындап отыру қажет
Әдебиеттер: 4,6,7




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет