ГУМАНИТАРНЫЕ И СОЦИАЛЬНЫЕ НАУКИ
ГУМАНИТАРЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАРЫ
RHETORIC - NATIONAL HERITAGE
Kajypbaeva A.
–
associate professor of theory of language and literature, candidate of philology
sciences, Kostanay State University named after A.Baitursynov
This article about Kazakh people. Kazakh art values since ancient times. Ancient Greek, Roman
oratory in the "rhetoric" as a subject as trained.
V.Lomonosov’s "eloquence Quick Start Guide" see the lights in Moscow in 1748.This work was the
basis for the development of public art in Russia.
Maiky bi and Ayaz bi are the main persons of Kazakh art./ 12-13 age / 14-15 centuries contribution to
the art of public speaking -
Jïrenşe Asanqayğı.15
-
18 centuries Şalgïiz Bukharzhyrau, Shortanbay, Dulat,
Murat, Kazbek, Äytekeler developed the public speaking.Th
is was in the fight against the peoples of the will
of the Kazakh Jungar.Kazakh speaking the words of one of the public, knew the importance of the education
of the children of Ibrahim Altınsarïn.These words Ibrahim Altynsarin used in the work place.
Folklore heritage of scientists and linguists oratory A.Baitursynov said valuable comments. A.Baytur-
sınov is the speaker, the leader of the word, talented.And into three groups: the policy, the court applauded
the speech, the word of scientific topics religious preaching the word of the internally divided into five, each
of the new definition.
Ancient orators know the beginning of the Greek and Roman times. In particular, thanks to the in-
fluence of Greek art of public speaking is an art in Rome bastadı.Our d
eveloped in the 3rd century BC
Roman and Greek Hellenistic era ataldı.Yağnï Hellenistic era can say there was interaction of literary and
cultural values.
In this article, learn to systematize the listener the sense that it is the role of the oratory taken into
account.
Keywords: Arts, speaker, heritage, language, values, education.
Зайырлы қоғамда дұрыс сӛйлеу әрекеті –
адамның қоғамдағы табысының критерийі. Ше
-
шендік зайырлық қоғамның әлеуметтік және
экономикалық ӛсуінің кілті. Қоғамдық сауығуда
адамның білімі, денсаулығы, кӛңіл
-
күйі еңбектегі
табысы үлкен рӛл атқаратын болса, осындай
қоғамдық ахуалды қалыптастыратын да мәде
-
ниетке негізделген тілдік қарым
-
қатынас. Тілдік
қарым
-
қатынаста кісінің білімі, ӛзін
-
ӛзі ұстау
мәдениеті, тыңдау және сӛйлеу мәдениеті ше
-
шуіші рӛл атқаратын болса, осындай мәдениетті
қалыптастыратын да шешендік ӛнер.
Шешендік тек тарихи құбылыс қана емес,
қоғамдық құбылыс.Түрлі тарихи кезеңдерде ше
-
шендік қоғамға қызмет етті. Шешендік ӛнердің
тарихына кӛз жіберсек, шешендік әсіресе, тәуел
-
сіздік жолындағы күресте белсенді қызмет атқар
-
ды. Сондықтан да, әйгілі шешендердің тайпа
кӛсемдері,ханға кеңесші билер,қол бастаған ба
-
тырлар болуы тегін емес еді. Біз білетін ше
-
шен
-
дердің әрі би, әрі қолбасшы, әрі батыр, әрі жы
-
рау
-
философ болуы да осы ұлы мұраттан туын
-
дағаны белгілі. Кейін қоғамдық
-
әлеуметтік жағ
-
дайдың ӛзгеруіне байланысты, идеология да ӛз
-
герді: бұрынғыдай халық жиналыстарында сая
-
си
-
әлеуметтік тақырыптарда пікірталасы немесе
үгіт
-
насихат сӛздері кеңінен жүзеге аспады,
қоғам мүшелерінің саяси белсенділігі тӛмендеді.
Енді шешендер мен шешендік сӛздердің,
шаршы топтың сипаты ӛзгерді:шешендер білім
-
ғылым, оқу
-
ағарту, тәлім
-
тәрбие, мәдениет
-
ӛнер
тақырыптарын қозғаған кӛркем сӛз иелері
-
ақын
-
дар мен жазушылар, ғалымдар, журналистер
болса, тыңдаушы топ білім
-
ғылым, оқу
-
ағарту,
мәдениет саласындағы кӛпшілік.
Кейінгі қоғамда шешендік ӛнердің кӛрі
-
нетін орындары
-
жоғарыдағы тақырыптарға ар
-
налған жиналыс, конференция, симпозиум, семи
-
нар, диспут, дебаттар еді. Шешендік сӛздің сипа
-
тына қарай, яғни,нені айту, қайда айту, қалай ай
-
ту талаптарына орай, шешендік ӛнер тл мәде
-
ниетін кӛтеретін шарттардың бастысына айнал
-
ды. Шешендік сӛз енді ӛлең түрімен емес, таза
қара сӛзбен айтылатын болды.
Шешендік ӛнердің ерекшеліктеріне тоқ
-
талсақ, логикалық ойдың жүйелігімен, мағыналы
-
мәнділігімен ерекшеленеді. Шешендердің сӛзін
тыңдағанда әсем сазды ән тыңдағандай ерекше
әсер, сезімге бӛленеміз.Ол адамның жастайынан
дұрыс ойлай білуіне, ойлаған ойды жүйелеп, әде
-
би тілде тыңдаушының кӛкейіне жеткізе білуіне
байланысты. Дұрыс ойлап, сол ойды тыңдаушы
-
ға дұрыс жеткізе білу үшін оқыған шығарма
-
ларды, естіген ертек
-
әңгімелерді жүйелеп айтып
бере білуге тӛселу керек. Ол білім алушылардың
жастайынан ертек,әңгіме кітаптарды кӛп оқуына,
ойынан ертек құрастыра білуіне,оқығандарын
үлкендерге жүйелеп айтып, бере біліп, тӛселуіне
байланысты. Сӛйлемнің құлаққа жағымды бо
-
луы, дыбыстардың және сӛздердің ұйқасым
-
дылығына байланысты. Сӛйлемді дұрыс айта
білудің де тыңдаушыға әсері мол.
Еліміз тәуелсіздік алып,дербес мемлекет
болғаннан бастап, шешендік ӛнердің қажеттілігі
күн санап артып келеді. Елдің тәуелсіздігі ӛзімен
бірге ойлау тәуелсіздігін, санадағы, танымдағы
тәуелсіздікті, тіл тәуелсіздігін қоса алып келді.
Тәуелсіздік ӛмірдің барлық саласында сӛйлеу
еркіндігін қамтамасыз етті. Әртүрлі саяси кӛзқа
-
растағы топтар қалыптасты. Дін тақырыбында
шешіліп сӛйлеуге мүмкіндік туды.
26
ГУМАНИТАРНЫЕ И СОЦИАЛЬНЫЕ НАУКИ
ГУМАНИТАРЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАРЫ
Еліміздің конституциясында қазақ тілі
мемлекеттік тіл болып қабылдануына байланыс
-
ты сот істері қазақ тілінде жүргізіліп жүр. Респуб
-
ликалық телеарналар мен радиохабарлардың
біразы қазақ тілінде жүргізіле бастады. Қазақ
баспасӛз басылымдарының тілі ӛткірлене түсті.
Осының бәрі қазақ тілінде шешен сӛйлеу тала
-
бын күшейте түсері сӛзсіз.
Кӛне Римнің әйгілі шешені және теоретигі
М.Т.Цицерон «адам ақын болып туады, шешен
болып шығады» дейді. Яғни, ақындыққа туа біт
-
кен талант керек десе,шешендік кӛп оқып, кӛп із
-
деніп, кӛп сӛйлеп жаттығып, күш
-
қуат жұмсау қа
-
жет дегенді айтады.
Шешендік ӛнер әлеуметтік орны бар қо
-
мақты үлкен жанр.
Қазақтың атақты билері Майқы Шыңғыс
ханның, Едіге Тоқтамыс ханның, Асанқайғы
Алтын Орда ханы Ұлық Мұхамедтің, Жиембет
Есім ханның, Әнет баба әз Тәукенің, Бұқар
Абылай ханның ақылшы
-
кеңесші билері болған.
Феодалдық заң бойынша ел билеу, билік айту
хандардың құзырында болғандықтан,ел ішіндегі
дау
-
шараларды хандар ӛзінің ақылшы
-
кеңесші
билеріне шешкізіп отырған. [1, 93]
Қазақ ауыз әдебиетінің ерекше бір жанры
–
шешендік ӛнер. Халқымыздың даналығының
үлгісі шешендік сӛздер –
ғасырлар бойы халық
сынынан ерекшеленіп ӛткен құнды мұра, асыл
қазына.Шешендік ӛнеріне ерте замандардан
-
ақ,
үлкен мән берілген. Ежелгі грек, рим елдерінде
шешендік ӛнерді "риторика" деген атпен жеке пән
ретінде оқыған. "Риторика" ғылымы ӛнердің
падишасы ретінде ерекше бағаланған. М.В.Ломо
-
носовтың 1748 жылы басылып шыққан "Ше
-
шендікке қысқаша басшылық" атты еңбегі бұл
ӛнердің Ресейде дамып, қалыптасуына түрткі
болды. Қазақтың шешендік сӛз тарихы Майқы би
мен Аяз билерден басталып (XII
-
XIII ғғ.), Жирен
-
ше
шешен, Асанқайғы (XIV
-
XV ғғ.) есімдерімен қатысты
қалыптасып, ӛркендей түсті. Шалгиіз, Бұхар (XV
-
XVIII ғғ.), Шортанбай, Дулат, Мұрат, Тӛле, Қаз
дауысты
Қазыбек,
Әйтекелерге
жал
-
ғасты.
Шешендік ӛнерінің кеңінен дамып биік
-
теген кезеңі
–
XV-
XVIII ғғ. Бұл кез қазақ халқының жоңғар,
қалмақ, қытай басқыншыларына қарсы тұрып, ӛз
тәуелсіздігін қорғау жолындағы күрес жылдары еді.
Шешендік сӛздердің алғашқы үлгі
-
лерін халық ауыз
әдебиеті
туындыларынан,
ер
-
тегі,
аңыз
әңгімелерден,
ӛлең
-
жыр,
дастандар
-
дан
ұшыратамыз
[
1,77
]
Сондай
-
ақ, қазақтың шешендік, тапқыр
-
лық, нақыл сӛздерін жинап жариялағандардың
бірі –
Ыбырай Алтынсарин. Ол халық даналы
-
ғының жас ӛспірімдерді тапқырлыққа, ӛткірлікке,
адамгершілікке баулитын тәрбие құралы екенін
жете танып, ӛз еңбектерінде пайдалана білді.
Ауыз әдебиетінде алатын орны мен халықтық
сипатына дәлелді ғылыми тұжырымдама береді.
Ауыз әдебиеті мұраларын зерттеп, жинап, ерек
-
ше еңбек сіңірген ғалым
-
лингвист А.Байтұрсынов
шешендік ӛнерді жеке алып қарастырып, құнды
пікірлер білдірді (1926 ж.). Шешен сӛз, кӛсемсӛз,
27
дарынды сӛз деп үш топқа бӛліп, әрқайсысын
қолданыс орнына қарай (саясатқа қатысты, сотта
сӛйлеу, қошемет сӛздер, ғалымдардың ғылыми
тақырыптағы сӛзі, діни уағыз сӛздер) іштей тағы
беске бӛліп, әрқайсысына тың анықтмалар бер
-
ген. Шешендік сӛз терең ойға, ұтқыр
шешімге,
тапқыр логикаға құрылады. Халық мақалдарын
-
да: "Таяқ еттен ӛтеді, сӛз сүйектен ӛтеді", "Бас
кеспек болса да, тіл кеспек жоқ", "Қылыш жарасы
бітеді, тіл жарасы бітпейді", "Аталы сӛзге арсыз
ғана тоқтамайды", –
деп сӛзді айтушыға да, оған
құлақ қоюшыға да биік талап қойған.
Шешеннің құралы –
сӛз. Ол тындаушы
-
ның жүрегіне жетіп, ерекше сезімге бӛлеген. Сӛз
туралы Бӛлтірік шешен: "Сӛзден тәтті нәрсе жоқ.
Сӛзден ащы нәрсе жоқ. Сӛзіңді тіліңе билетпе,
ақылыңа билет. Ақылыңды, сӛзіңді ақылсызға
қор етпе, ақылдыға айт, кімге, қай жерде, қай
кезде, қалай сӛйлейтініңді біл", –
деп толғайды.
Бұлар –
"Ердің құнын екі ауыз сӛзбен бітіретін,
жауласқан елдің арасына бітім айтатын, күлгенді
жылатып, жылағанды жұбата алатын даналық
сӛздер иесі". Мұндай сӛз білетін, жӛн білетін
адамға ел ісіне араласуға, халық атынан сӛй
-
леуге құқық берілген. Шешендік ӛнер—кӛрген
-
білгенді кӛкейге тоқып, кӛп үйреніп ізденудің
арқасында талай айтыс
-
тартысқа түсіп, жалық
-
пай жаттығу арқылы жетілетін ӛнер. Нағыз ше
-
шен үшін сӛзге шебер болу жеткіліксіз. Табанда
тауып сӛйлейтін тапқыр, топ алдында тайсалмай,
мүдірмей сӛз бастайтын батыл, сӛз сайысында
саспайтын сабырлы болуы қажет.
[
2,63
]
Шешендік сӛз немесе шешендік ӛнер
-
ежелгі Грекия мен Рим заманынан бермен қарай
кӛптеген халықтардың мәдени, рухани, ӛмір
тіршілігіндегі ӛнердің бір түрі. Грек шешендiк
ӛнерiнiң игi әсерi арқасында кӛне Римде де бұл
ӛнер дами бастады. Бiздiң дәуiрiмiзге дейiнгi III
ғасыр Рим мен Грек елдерiнде эллиндiк дәуiр
деп аталып, әдеби
-
мәдени құндылықтардың
алмасуымен сипатталды. Бұл сипат шешендiк
ӛнерге де тiкелей қатысты. Байырғы салалары:
бейнелі сӛз, шешендік сын, шешендік ӛсиет, ше
-
шендік нақыл, шешендік дау, шешендік толғау.
Әрқайсының әсерлі ӛңі, сұлулығы, татымдығы,
дуалылығы, зерделігі адам ой жүйесіне, жан
-
дүниесіне, сезіміне мықты қозғау салады, жүрек
тебірентеді. Тыңдаушының еркі мен сезімін
билейді, толғандырады. Шешен (жезтаңдай,
ділмар, айыркӛмей, орақ ауыз, от тілді, сӛзуар,
тапқыр)
-
тілге жүйрік,сӛз қисынын тауып айтатын
халық қалаған сӛз шебері.
Шешендік сӛздер ағып тұрған поэзия, тұ
-
нып тұрған философия. Ақ ӛлеңмен ӛрілген сӛз
тұнығы: сырлы теңеу, астарлы сын, жинақы ой,
жұмбақты меңзеу, қисынды толғам, тылсымды
талай. Бәрі тіл құдіретінің, пікір түйінділігінің,
таңғажайып ой толғағының әмбебап
туындысы.
[
3,122
]
Шешендік сӛздер тыңдаушының эстетика
-
лық сезімін оятып қана қоймайды, сӛздің мағы
-
насын күшейтіп нәр беріп, тәлімдік және білімдік
қызмет те атқарады. Онда айтылмақ ой ұйқасым
-
ГУМАНИТАРНЫЕ И СОЦИАЛЬНЫЕ НАУКИ
ГУМАНИТАРЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАРЫ
ды афоризм сӛздерге,терме тақпаққа, мақал
-
мәтелге құрылып, аз сӛзге кӛп мағына сыйғызу
кӛзделеді. Айтылған ойлар тыңдаушының сана
-
сын ӛсіріп, ақыл
-
ойын жетілдіруді, елін
-
жерін
сүюді, ел қорғаған ерлерін қадірлеуді, батырлық
-
қа, тапқырлыққа тәрбиелеуді мақсат етеді. Ақын
-
жыраулар мен би
-
шешендердің шешендік сӛзде
-
рінен заң орнының қызметкерлері әділет заңын
мәңгілік қоғамдық дәстүрге айналдырса нұр
үстіне нұр болар еді.
Жастар тәрбиесімен айналысушы оқыту
-
шы
-
ұстаздар,ата
-
аналар бабалар ӛсиетін келе
-
шек ұрпақтың жүрегіне берік ұялататындай із
қалуы керек. Шешендік сӛздер арқылы болашақ
жастарымыздың бойына адамгершілік құндылық
-
тарды дарыта білу ата
-
ана,ұстаздар тәрбиесінің
басты жемісі. Қазіргі таңда жас ұрпаққа адамгер
-
шілік пен рухани тұрғыдан тәрбие беру ӛзекті
мәселелердің бірі болвп табылады.
Шешендік сӛздер арқылы ұрпақ бойында
имандылық қасиеттер берік орнауы қажет.
Ұлттық тағылымдар аяқ асты болмауы
керек.
Талай ғасырдан ӛтіп, ұрпақтан ұрпаққа
жетіп, халықтың рухани байлығына айналып
отырған шешендік ӛнер бүгінгі күннің де қа
-
жеттілігіне айналып отыр. Елін елдікке ұйытуда,
халық тарихын байыппен саралап, түп
-
тамыры
-
нан ада бола жаздаған бүгінгі ұрпақ санасына
жеткізуде шешендік сӛздің берері аз емес. Ға
-
сырлар бойы жинақталып, сұрыптала сүзілген
шешендік сӛз нұсқаларынан халықтың тіл бай
-
лығын, ақыл
-
ой қорын және шебер сӛйлеу мә
-
нерін үйрену бүгінгі ұрпаққа сын.
Тіліміздегі поэтикалық мүмкіншілігі мол
жекелеген сӛздер мен сӛз тіркестеріне, фразео
-
логиялық сӛз тіркестеріне қосымша мән үстеп, ой
иірімдеріне түсіріп, айрықша қабілет,бейне жасау
шеберлігі ертедегі шешендерден қалып
-
тасқан.
Ана тілімізді терең меңгеріп, оның астар
-
лы сырларына үңіліп, шешендік ӛнерден тәлім
аламын деген оқушы қазіргі шешендер сӛзімен
қоса, шешендік толғаулар мен билер сӛзінің
кӛркемдігіне назар аударғаны жӛн.
Қазақтың бір мақалында «Үйде шешен,
дауға жоқ, үйде батыр,жауға жоқ» деп, шешендік
ӛнерін ӛмірімен ұштастыра алмағандарды сынау
және қайрау мағынасында береді.
Қорыта айтқанда, қазақтың дәстүрлі ше
-
шендігі кӛп кӛріп
-
білуді,білгенді кӛкейге берік то
-
қуды, айтыс
-
тартыстарға түсіп, жалықпай жатты
-
ғуды тілейтін
ӛнер ретінде қалыптасқан.
Ӛмір құбылыстарына байламды шешен
-
дік сӛздер орны
-
орнына қойылса шебер шен
-
дестіріледі. Сырланып, әрленіп, татымы нәрлен
-
се ойды шалқытып,сезімді тербеп адам кӛңілін
ұйытады.
Әдебиет:
1.
Сыздықова Р. Шешендік ӛнер. Алматы.
1987ж
2.
Негимов С. Шешендік ӛнер. Алматы
1997ж
3.
Аль
-
Фараби. Риторика. Алматы, 1975 ж.
References:
1.
Syzdykova R. Sheshendyk oner. Almaty,
1987zh.
2.
Negimov S. Sheshendyk oner. Almaty,
1997zh.
3.
Al-Faraby. Ritorika. Almaty, 1975zh.