ISSN 1561-4212.
«ВЕСТНИК ВКГТУ» № 4, 2013.
ГУМАНИТАРНЫЕ
НАУКИ
89
Ã Ó Ì À Í È Ò À Ð Í Û Å
Í À Ó Ê È
УДК 821. 512. 122.09.01
Қ.Т. Сапаров
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Павлодар қ.
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ФИТОТОПОНИМДЕРІНІҢ ТАРАЛУ АРЕАЛДАРЫ
Шығыс Қазақстан облысының жер бедерінің пішіндері әркелкі: жазықты келетін
ландшафтылары біртіндеп батыстан шығысқа қарай төбелі, шоқылы, тауалды, биік таулы
болып алмасады. Ертіс өзені бойындағы жазықтар солтүстікке қарай ығыса Құлынды
даласымен бірге жалғасып жатыр. Жазықты және таулы болып келетін ландшафтылар
өзіндік жаратылысымен ерекше көзге түседі. Аумақтың үлкен бөлігін дала зонасы алып
жатыр. ШҚО дала зонасының 3 типі – шымды, астық тұқымдасты, кәдімгі, құрғақ (оңтүс-
тік) болып ажыратылады. Дала зонасының басты экологиялық сипаттамасы температура
тиімділігінің қосындысы (орташа тәуліктік температура 10 °С жоғары) болып табылады.
Аумақтың табиғат кешендерінің әркелкі болып келуі, оның географиялық орны, 3 кли-
маттық және физикалық-географиялық облыстардың шекарасында орналасуына байла-
нысты болады [1]. Дала зонасы қоңыржай ылғалды және қоңыржай жылы климатымен
(тиімді температура қосындысының жылдық жиынтығы 1800-2000 °С), ылғалдану
дәрежесіне сәйкес келеді. Дала зонасына кенді және оңтүстік Алтайдың солтүстік, батыс
және оңтүстік бөліктері және Қалба жотасы сұғына еніп жатыр. Тауалды өзен аңғарлары
қара топырақты, бозды-селеулі далалармен ерекшеленеді. Ылғал мол түсетін жерлерде
өсімдік жамылғысы мол келеді. Қоңыржай шалғынды далалар біртіндеп бұталы және боз-
бетегелі үшқат, итмұрын, тобылғы, құртқашаш өскен далаларға ауысады. Өзен, бұлақ
бойына терек, тал, шабындық шалғынды өсімдіктер өссе, тау беткейлері аралығындағы
тар шатқалдар мойыл, итмұрын, долана, бөріжидек т.б. жемісті өсімдіктерге мол. Алтай
ландшафтыларының биіктік белдеулері солтүстік-батысында дала зонасынан басталса,
Зайсан ойысына қараған жағында шөлейт зонасы басталады. Олардың шекарасы
Бұқтырма өзені арқылы өтеді. Далалық тау беткейлерінен жоғары орманды таулар (2100-
2300 м), шалғынды альпілік белдеуі (2500-2600 м) және биік шыңдары мәңгі қар жататын
белдеуге (2600 м жоғары) өтеді.
Батыс Алтайда өсімдік жамылғысындағы ылғалсүйгіш мезофитті түрлері осы зоналар
мен белдеулерге сәйкес келеді. Орман ландшафты балқарағайлы және ұсақ жапырақты,
кей жерлерінде самырсынды-жапырақты болып келеді [2]. Орманды дала зонасы Оңтүс-
тік Алтайда аралас және жапырақты ормандармен ерекшеленсе, ал оңтүстік беткейлері
және тауаралық қазаншұңқырларда далалық өсімдіктер басымырақ келеді.
Орман белдеуі облыс аумағының 40 %-ын алып жатыр. Орман массивтерінің жоғары
шекарасы жылу мен ылғалдың әсерінен қалыптасады. Негізгі қылқанды өсімдіктср: шырша,
самырсын, қарағай, майқарағай, балқарағай т.б. жер бедері, климат және топырақ
жағдайларына байланысты орман белдеуі келбетін қалыптастырса, Ертіс өзенінің оң
жағалауы (Орта Ертіс бойы) құмда өскен таспалы қарағай – реликт орманымен ерекшеленеді.
Зайсан қазаншұңқыры, Ертіс өзені, Оңтүстік Алтай өзендерінің аңғарларында Орта
Азия дала өсімдіктері ерекшеленіп көрініс тапқан деуге болады. Сауыр-Тарбағатай таула-
ГУМАНИТАРНЫЕ
НАУКИ
ISSN 1561-4212.
«ВЕСТНИК ВКГТУ» № 4, 2013.
90
рының аймағы табиғи ерекшеліктеріне сәйкес: Тарбағатай таулы-далалы ауданы, Сауыр-
дың таулы орманды-шалғынды даласы болып бөлінеді. Тарбағатай даласының өсімдік-
тері бұталы, қарағайлы болып келеді, таудың солтүстік беткейінде альпілік шалғынға
ұласады. Оңтүстік беткейінде де бұталы өсімдіктер көп. Сайларда жеміс-жидек ағашта-
ры, көк терек, ақ теректің шағын ормандары кездеседі. Далалық бөлігінде жусанды өсім-
діктер көп, олар жайылым есебінде пайдаланылады. Дала зонасы шөптесін өсімдіктерге
бай. Мұнда боз бетеге, атқонақ, еркекшөп, кермек басым өседі. Шалғынды өсімдіктерден
бидайық, арпабас, қоңырбас, аса ылғалды жерлерде қияқ пен құрақ өседі. Далалық
өсімдіктер арасында дәрі-дәрмектік өсімдіктер де бар, мысалы, жанаргүл, шайшөп,
итмұрын, дәрілік валериан, жалбыз, мия т.б. Әсіресе Алтайда мұндай шөптер көптеп
кездеседі [3]. Дала және шөлейт зоналарының аралығында жусанның бірнеше түрлері
кездеседі, олар бірталай аумақты алып жатады. Шөлейт зонасы негізінен бетеге, жусан,
түймедақ және боздан құралады. Шыңғыстау және Аягөз, Тарбағатай жоталарының
аңғарлары арасында әртүрлі шалғын шөптер көп өседі. Тоғай ағаштарымен қатар бұталы
өсімдіктер: долана, мойыл, итмұрын, қарақат, таңқурай т.б. кездеседі. Сауыр тауының
етегі 600-700 м-ге дейін шөлейт зонаға жатады, оның сортаңданған қарақоңыр
топырағында шөлейт өсімдіктері өседі. Ормандары Сібір ағаштары мен Тянь-ІІІань
шыршасынан тұрады. Тарбағатайдың шығысы мен Сауырдың оңтүстік бөлігі аралығын
Шілікті шөлейт даласы алып жатыр. Тасты сортаңдалған сұр топырақтар көде, жусан,
бетеге, селеу т.б. өсімдіктерге бай келеді. Зайсан қазаншұңқырының өсімдік жамылғысы
ксерофитті (жусанды-дәнді, жусанды, тұзды, сортаңды, шөптесінді, далалы және шөлді)
әрі горизонтальды ылғалсүйгіш голофитті және псаммофитті өсімдіктерге тән келеді.
Қазіргі Қазақстанның өсімдік жамылғысы 6000-дай өсімдік түрлерінен тұрады [4, 5].
Біздің зерттеулерімізде өсімдік атауларының жүктемесі географиялық номенклатурада
1194 фитотопонимдерде, 120-ға жуық өсімдік атауларында бейнеленеді. Барлық
топонимдердің (20 мың) 6,4 %-ын құрайтыны анықталады [6]. Павлодар облысымен
салыстырғанда (417 фитотопоним, 40-тан астам фитоним, Қ.Т. Сапаров бойынша),
фитотопонимдердің 3 есе көп екенін аңғартты (1-сурет) [7].
1-сурет – Шығыс Қазақстан облысының фитотопонимдерінің салыстырмалы сипаттамасы
Шығыс Қазақстан облысында Қазақстанның қызыл кітабына енген сирек кездесетін,
бағалы, жойылып бара жатқан 52 өсімдік түрін, оның ішінде 26 реликті және 16 эндемик
өсімдіктерді атауға болады [8]. Батыс Алтай қорығы (Лениногор, Зырян аудандарын
қамтиды) өсімдіктер түрінің және дәрілік өсімдіктердің көптігімен ерекшеленеді. Мәселен,
мұнда орманның 25 типі, қылқан жапырақты ағаштардың көп түрі шоғырланған, әсіресе
бағалы самырсын, майқарағайдың орны ерекше. Батыс Алтай қорығында табиғат
55 %
32 %
10 %
3 %
оронимдер
гидронимдер
ойконимдер
басқа топонимдерде
кездесуі
ISSN 1561-4212.
«ВЕСТНИК ВКГТУ» № 4, 2013.
ГУМАНИТАРНЫЕ
НАУКИ
91
белдемдері сан алуан. Олар шалғынды дала, бұталы, самырсынды, шыршалы тайга, суба-
льпілік, альпілік және биік таулы тундрадан тұрады. Әрбір табиғат белдемдерінің өзіне тән
өсімдіктер дүниесі бар. Орман іші шипалы жеміс-жидек беретін ағаштарға, дәрілік
өсімдіктерге бай. Әсіресе субальпі белдемдерінде дәрілік өсімдіктерден маралоты, алтын-
тамыр және алтай сарғалдақтарын, бәйшешектердің тұнып тұрған популяцияларын кез-
дестіруге болады. Альпі белдемдерінің де өсімдік жамылғысы сан алуан. Мұнда шөптесін
көпжылдық өсімдіктер басымырақ. Топтасып өскен аласа қайың, алтай тиындағы, алтын-
тамыр, маралоты т.б. өсімдіктер кездеседі. Биік таулы тундра 2000-2200 м биіктікте жатыр.
Бұл белдемде жатаған бұталы өсімдіктер: қияқ, альпі мүгі, қырықбуын, мойыл т.б. өседі [9].
Сонымен, Батыс Алтай қорығында өсімдіктің 145 түрі, Марқакөл қорығында – 200-ден
астам түрі ерекше қорғауға алынған деуге болады. Биіктеген сайын ағаш түрлерінің
орналасу заңдылықтарын байқауға болады. Қарағай 700-800 м, қайың 1500 м, көктерек
одан биігірек, самырсын мен майқарағайдың шекарасына жақынырақ орналасады.
Таулардыц оңтүстік беткейлерінде ормандардың аз, мүлдем өсімдік жамылғысынан
айырылғанын аңғаруға болады. Сыртқы орта орман шекараларының өзгерісіне әсерін
тигізеді. Оңтүстік Алтай тауларында 1600 м-ден жоғары майқарағай мен шырша
ормандары шегініп, балқарағай ормандары орнығады. Оңтүстік Алтайда негізгі орман
қорын Сібір самырсыны құрайды және 2000 м биіктікке дейін көтеріледі. Аталған ағаш
түрлері қара ормандар (тайга) келбетін (жарықты аз түсіреді) қалыптастырады. Алтай
тауларының 70 %-ы орманды, тоғайлы, бұталы, жемісті және шалғынды өсімдіктерге бай
болғандықтан, өсімдік атауы қатысуымен жасалған атаулар жергілікті географиялық
нысандарда айрықша көрініс тапқан деуге болады. Қазақтың ономастикалық кеңістігінде
аң, үй жануарларының әлемі өз көрінісін, өз келбетін қалай бере алса, өсімдік әлемі де
дәл солай өз бейнесін Қазақстан топономиясында тайға таңба басқандай қалдырды [10].
Қазақ тілінде өсімдік атауларын зерттеген ғалым Б. Қалиев өсімдіктер жөнінде былай
жазды: «... өсімдіктерсіз өмір жоқ, олар біздің досымыз; тіршілігімізге тірек, өмірімізге
нәр, күнделікті тұрмысымызда көрік. Өсімдіктер: кисең – киім, ішсең – тамақ, жатсаң –
төсек, жазсаң – қағаз». Дәстүрлі мал шаруашылығымен шұғылданған қазақ халқы жер
бетіндегі өсімдіктер дүниесін тым ертеден бақылап, зер салып, көңіл қойған. Олардың
қайсысы қай малға жұғымды екендігін, қай шөп олар үшін пайдалы, қай шөп зиянды
(улы) екендігін ажырата білген және өсімдіктердің түр-түсін саралап, әрқайсысына жеке-
жеке ат қойып, айдар таққан [5]. Шығыс Қазақстанның түрлі ландшафттық-климаттық
аймақтарында төрт түлік малын өсірген қазақ асқар таулар мен кең жазықтарда, адырлы
үстірттер мен далалы шөлейттерде, шағыл құмдар мен айдын көлдердің алқаптарында,
өзендер жағалауында, орманды өлкелерде өсетін малға керек әрбір өсімдіктің қасиетін
жақсы білген, сол себепті өсімдік атаулары қазақ тілінде орасан көп, сондықтан шөп,
өсімдік аттарын топтастыруда геоэкологиялық негіз бар деуге болады.
Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы фитотопонимдер шоғыры
(Қ.Т. Сапаров бойынша)
Р/с
Фитонимдер
Оронимдер,
хоронимдер
Гидронимдер
Ойконимдер
Басқа да
топонимдер
Қазақ тілінде қалыптасқан фитонимдер
1
2
3
4
5
6
1
Ағаш
35
10
6
1
2
Ажырық
2
1
3
Айлық
1
4
Ақбас
1
1
ГУМАНИТАРНЫЕ
НАУКИ
ISSN 1561-4212.
«ВЕСТНИК ВКГТУ» № 4, 2013.
92
5
Алма
2
1
1-кестенің жалғасы
Р/с
Фитонимдер
Оронимдер,
хоронимдер
Гидронимдер
Ойконимдер
Басқа да
топонимдер
6
Арқат
6
1
7
Арша
12
7
8
Бәйшешек
1
9
Бақ
1
10
Боз
2
1
11
Бұйырғынды
1
12
Бұрғас
1
13
Бүрген
1
1
14
Бұта
1
1
1
15
Балғын
1
3
16
Дегелең
1
2
17
Долана
3
1
18
Емен
2
19
Ерменді
1
20
Жапырақ
1
21
Жиде
4
22
Жұмыршақ
2
23
Жыңғыл
2
1
24
Изең
1
25
Кендір
3
26
Кермек
1
1
27
Көгал
3
5
1
28
Көкпек
4
1
2
29
Көде
1
30
Қайың
39
34
8
2
31
Қияқ
9
4
1
1
32
Қарағай
22
13
3
2
33
Қараған
27
13
1
34
Қарағаш
19
8
1
1
35
Қоға
7
2
36
Қанды шөп
1
1
1
37
Қарабидай
2
38
Қамыс
32
27
2
2
39
Қарабүргелі
1
40
Қаражүрек
1
41
Қарақат
1
2
42
Қау
1
43
Қурай
7
3
2
44
Майса
1
45
Майшағыр
1
46
Мейіз
2
47
Мия
5
48
Мойыл
9
4
4
49
Найзақара
5
50
Орман
2
1
51
Ошаған
1
1
52
Өлең
21
3
2
53
Өрік
2
54
Пішен
1
55
Сексеуіл
1
1
ISSN 1561-4212.
«ВЕСТНИК ВКГТУ» № 4, 2013.
ГУМАНИТАРНЫЕ
НАУКИ
93
56
Самырсын
1
57
Сарыалқа
1
3
58
Сарыгүл
1
1-кестенің жалғасы
Р/с
Фитонимдер
Оронимдер,
хоронимдер
Гидронимдер
Ойконимдер
Басқа да
топонимдер
59
Сарымсақ
7
3
1
60
Сарышоған
1
61
Саумалдық
1
62
Селдір
1
63
Селеу
2
64
Сүттіген
1
65
Тоғай
11
5
5
2
66
Тал
52
20
11
1
67
Терек
45
31
9
1
68
Тобылғы
3
1
1
69
Тарлау
5
3
1
70
Тікен
2
71
Тасжарған
1
72
Темекі
2
2
1
1
73
Теріскен
1
1
74
Түктішөп
1
75
Тырпақ
1
76
Ұшқат
2
3
1
77
Ши
60
13
6
3
78
Шілік
40
11
6
1
79
Шалғын
1
80
Шеңгел
7
3
81
Шігіл
2
1
82
Шұбар
8
1
3
1
83
Шырғанақ
1
2
84
Шаған
3
5
5
1
85
Шәнгіш
1
2
86
Шешек
2
1
87
Шаш
1
88
Шие
1
89
Шоқ
1
90
Шөп
6
8
1
91
Шырша
1
92
Ырғай
2
Монғол (қалмақ) тілінен енген фитонимдер
93
Борғұстай
1
1
94
Тораңғы
4
3
95
Тұғыл
1
96
Ұлас
1
4
1
Славян тілінен енген фитонимдер
97
Арбуз
3
98
Береза
15
31
11
3
99
Ель
2
3
100
Камыш
7
8
3
101
Кедр
1
7
102
Клубника
1
ГУМАНИТАРНЫЕ
НАУКИ
ISSN 1561-4212.
«ВЕСТНИК ВКГТУ» № 4, 2013.
94
103
Конопля
1
2
1
104
Лес
3
2
105
Лук
1
1-кестенің соңы
Р/с
Фитонимдер
Оронимдер,
хоронимдер
Гидронимдер
Ойконимдер
Басқа да
топонимдер
106
Луг
11
3
2
107
Осина
6
9
1
108
Пихта
3
9
109
Сосна
2
4
2
1
110
Сад
1
1
111
Товолга
2
112
Тополь
5
15
1
113
Трава
1
114
Черемуха
4
1
2
1
115
Чеснок
5
3
116
Чистополь
1
1
117
Ягода
1
1
118
Ячмень
1
Барлығы
654
383
121
36
1194
Өсімдік жамылғысына байланысты топонимдер өсімдік түрлерінің бұрынғы, қазіргі
атаулары туралы және тарихи ландшафттардың келбетін қалпына келтіруге көмектеседі.
Өсімдік жамылғысының зоналық таралу ерекшелектері оны пайдаланудың маусымдық
жүйесін қалыптастырады. Топонимиялық зерттеулердің ландшафт өзгерістеріне қатысы
да көбіне фитонимдердің таралу ареалымен байланысты мәселелерде көрініс табады. Бұл
белсенді компонент ретіндегі өсімдік жамылғысының палеоклиматтық, палеогеогра-
фиялық зерттеулерде арнайы бағдар беруші нысан бола алатындығымен түсіндіріледі.
Өсімдік жамылғысы топонимдерде бейнелеуін, табиғи жағдайлармен байланысын, таралу
аймақтарын зерттеудің алғашқы тәжірибесі К.Д. Каймулдинова, Қ.Т. Сапаров, А.С. Омар-
бекова, Ә. Е. Аяпбековалардың еңбектерінде жүзеге асырылды.
Топонимикалық мәліметтерде ландшафтанудың жаңа бағыты, «ландшафтық инди-
кацияда» пайдалану мүмкіндігі ерекше қызығушылық тудырады. Топонимдерде сақта-
лып қалған өсімдік атауларын ландшафт өзгерістерінің басты индикаторларының бірі
ретінде бағалауға болады.
Жергілікті құмды, шөл жерлерде (Жайсаң, Алакөл қазаншұңқырлары) судың аз екенін
сексеуіл өсімдігі негізінде анықтауға болады. Белгілі ғалым И.Г. Борщаков еңбегінде
«сексеуіл – құмды шөлдің қорғаны», ол құмды бекітіп ұстап тұрады. Өскіндері түйеге,
қойға, бір жағынан, азық, екіншіден, сусын. Сексеуіл су «аулауға да» бейімделген. Көк-
темде тұқымнан шыққан тамыр тез өсіп, суды қуалағандай тереңге тез ұзарып, 30 метрге
дейін өсіп, тіршілігін сақтайды. Жергілікті халық сексеуілді мақтанышпен «жасыл көмір»
деп атап, сексеуіл ағашынан сапалы көмір дайындалады деп келтіреді [11].
Біздің зерттеулерімізде Шығыс Қазақстан облысы аумағының табиғат жағдайлары,
ландшафт ерекшеліктерін айқындайтын өсімдіктер әлемі топонимдерде бейнеленіп, фи-
ISSN 1561-4212.
«ВЕСТНИК ВКГТУ» № 4, 2013.
ГУМАНИТАРНЫЕ
НАУКИ
95
тотопонимдерді жүйелі топтастырудың алғашқы қадамы жасалынды. Зерттеу нәтижелері
болашақта экологтар мен биологтарға, географтар мен лингвистерге таптырмайтын дерек
көздері болып табылады.
Әдебиеттер тізімі
1.
Атлас Казахской ССР. – М.: ГУГК. - 1982. - Т. 1. – 82 с.
2.
Казахстан. Общая физико-географическая характеристика. – М.;Л.: Изд-во АН СССР,
1950. – 492 с.
3.
Егорина А.В. Физическая география Восточного Казахстана. - Восточный регион /
А.В. Егорина, Ю.К. Зинченко, Е.С. Зинченко: Учеб. пособие. – Усть-Каменогорск:
ВГИ, 2000. – Ч. 1. – 124 с., ил.
4.
Чупахин В.М. Природное районирование Казахстана для целей сельского хозяйства.
Алма-Ата: Наука, 1970. – 260 с.
5.
Қалиев Б. Қазақ тіліндегі өсімдік атаулары. - Алматы: Ғылым, 1988. – 159 б.
6.
Государственный каталог географических названий Республики Казахстан. – Восточно-
Казахстанская область. – Алматы. – 2004. – Т. 5.
7.
Сапаров Қ.Т. Қазақ топонимдерінің геоэкологиялық негіздері. - Павлодар: «ЭКО»
ҒӨФ, 2008. - І б. – 307 б.
8.
Красная книга Казахской ССР. – Алма-Ата, 1978. – Ч. 1, 2.
9.
Бейсенова Ә.С. Экология және табиғатты пайдалану: Оқулық / Ә.С. Бейсенова, А.Б.
Самакова, Т.И. Есполов, Ж.Б. Шілдебаев. – Алматы: Ғылым, 2004. – 328 б.
10.
Тілеубердиев Б.М. Қазақ ономастикасының лингвокогнитивтік аспектілері. - Алматы:
Арыс, 2006. – 280 б.
11.
Керімбаев Е.А. Казахская ономастика в этнокультурном, номинативном и функцио-
нальном аспектах. – Алматы: Санат, 1995. – 248 с.
25.07.2013 қабылданды
МУСОР? ЗАКАТАТЬ В АСФАЛЬТ!
На одной из улиц Ванкувера (Канада) испытывается асфальт, в который внесены лег-
коплавкие гранулы из выброшенных на свалку пластиковых бутылей и пакетов. Такой
асфальт для расплавления перед укладкой требует на 20 % меньше горючего, чем обыч-
ный, и к тому же решается проблема использования опасных для природы отходов. На
участок улицы длиной четыре квартала ушло около 400 кг пластика.
«Наука и жизнь» № 7, 2013.
ГУМАНИТАРНЫЕ
НАУКИ
ISSN 1561-4212.
«ВЕСТНИК ВКГТУ» № 4, 2013.
96
Достарыңызбен бөлісу: |