Гусманов Еркебұлан Фк-201 Қазіргі әлемдік үдерістер аясындағы қазақ мәдениеті. Қазақстанның мәдени саясаты



Дата07.12.2022
өлшемі19,94 Kb.
#55563

Гусманов Еркебұлан
Фк-201


Қазіргі әлемдік үдерістер аясындағы қазақ мәдениеті. Қазақстанның мәдени саясаты.
Мақсаты: студенттерге мәдени саясат, ұлттық құндылықтарды қайта жаңғыртудағы мәселелерге талдау жасау дағдысын қалыптастыру.
1. Кеңес дәуіріндегі мәдениеттің тағдыры.
2.Қазақстандағы модернизация үрдістерінің мәдени-әлеуметтік аспектілері. 3.Мәдени саясаттың Қазақстандық үлгісі қоғамдық келісім мен көп мәдениеттілік саясатының жүзеге асырылуы- мемлекеттің қауіпсіздігі мен ұлт болашағының басты кепілі.
Дәріс тезистері: 1. Кеңес өкiметi орнауы кезеңiндегi «мәдени құрылыс»
2. Демографиялық геноцид. Этномәдени экспанция. Әр этностың дәстүрлi мәдениетiне үлкен нұқсан келтiрген болшевиктiк, тәжiрибелердiң бiрi – ұлтаралық некелесудi дәрiптеу. Алайда, Кеңес Одағында бұл процесс өктемдiлiкпен жүргiзiлдi, империядағы халықтарды орыстандыру саясатында өттi. Нәтижесiнде миллиондаған халық төлтума мәдениетiн жоғалтып, маргиналдар қоғамына айналды. Әрі ұлттық мәдени архетиптерiн қудалау да Кеңес Одағында мемлекеттiк саясат дәрежесiнде жүргiзiлдi. Мысалы, қазақтың «Дедем Қорқыт», «Алпамыс», «Ер Сайын», «Шора Батыр», «Қобыланды» эпостарын дiншiл және ақсүйектiк деп жариялап, оларға тыйым салды. Мұндай тоталитарлық жүйенi мәдениеттiң өзегi тiл мен дiнге байланысты жүргiзiлген саясаттан да көруге болады. Ондаған түркi халықтары алдымен латын, кейiн славян алфавитiне көшiрiлдi. Мешiт пен медресе мүлкiн тәркiлеп, дiни өкiлдердi қуғынға ұшыратты. Ғылым Академиясының Қазақстандық базасы жасақталды. Зоология, геология, тарихи секторларынан тұратын бұл база құрамында академик А.Самойлович, академик Б.Келлер, профессор С.Асфендияров болды. қоғамдық ғылымдарды дамыту мәселесiне қатты кӛңiл бӛлiндi. С.Асфендияровтың «Қазақстан тарихы» (1 томы), К. Жұбановтың қазақ тiлiне байланысты еңбектерi жарық көрдi. Қазақ драма театрының құрылуы Қазақстанның мәдени өмiрiндегi елеулi оқиға болды. «Еңлiк-Кебек» пьсасымен ашқан бұл театр, орыстың көптеген классикалық шығармаларын қоюды игерiп, үлкен жетiстiкке ие болды. Қазақ бұлбұлы - Күләш Байсейiтова, бишi - Шара, кәсiпқой сахна жүлдыздары - С. Қожамқұлов, Қ.Қуанышбаев, Қ.Жандарбеков, Ж. Шанин, Ш. Айманов т.б. өз өнерлерiмен халық дәстүрiн жаңа заманға лайықты жалғастыра бiлдi. Қазақ әншiсi Ә.Қашаубаев, Майра Шамсудинова, Мариям Жагорқызы, Затаевич сияқты әншi сазгерлердiң аты жұрт аузынан түспедi. 1938 жылы «Амангелді» фильмі түсірілді, 1941-45 жылдары Қазақстан киноматографистерi патриоттық тақырыптағы кинофильмдерді: «Абай әнi», «Алтын мүйiз», «Жамбыл», 1950 ж. « Атаманның ақыры», «Қыз бен жiгiт», 1960-70 жылдары «Мәншүк туралы», «Қыз Жiбек» , «Транссiбiр экспресi», «Ана туралы аңыз» фильмдерi қазақ елiнiң кешегiсi мен бүгiнгiсiн тартымды жеткiзе бiлдi. 2.Қазақстандағы модернизация үрдістерінің мәдени-әлеуметтік аспектілері. Мәдени саясат үлгілері мен қоғамның негізгі құндылықтар жүйесінің өзара байланыстары. Мәдени саясаттың Қазақстандық үлгісі қоғамдық келісім мен көп мәдениеттілік саясатының жүзеге асырылуы - мемлекеттің қауіпсіздігі мен ұлт болашағының басты кепілі. Мемлекеттің «Мәдени Мұра» бағдарламасы- мемлекеттің мәдени саясатының басты саласы ретінде. 1991 жылдан бастап Қазақстан – Тәуелсiз мемлекет. Ата заң бойынша, ол қазақ халқының өзiн-өзi билейтiн елi және басқа этникалық топтарға тең құқықтықты қамтамасыз етедi. Екi ғасырдан артық қилы заман бұғалығын басынан өткiзген ел ендi ғана өзiне тән мәдениетпен өркениеттi қалыптастыруға мүмкiндiк алды. Қазақстан Республикасы Президентi Н.Назарбаевтың: «Қазақстан бұрынғы қызыл империяның көлеңкесiнде өмiр сүру құқығынан үзiлдi-кесiлдi бас тартты, әлеуметтiкке бағдарланған нарықтық экономика мен жаңа қоғамдық қатынастарға негiзделген қуатты Егемендi мемлекет құруға кiрiстi». Дәстүрлi мәдениеттi жаңғырту, халқының тарихи тәжiрибесiне сүйену – бұл өзi тәуелсiздiкке ие болған елдiң өмiрiнен орын алатын заңды құбылыс. Қазақстанның өтпелi кезеңiндегi мәдени саласында мәдениетiмiздi, дәстүр мен тiлiмiздi қайта жаңғыртып дамытуда жеткен жетiстiктер айтарлықтай болды. Кез-келген мемлекеттiң мәдениетiнiң дамуы жоғары тiлдiк мәдениетсiз дамуы мүмкiн емес. Сондықтан қазақ тiлiнiң дамуына ерекше маңыз берiлуде. өйткенi қазақ тiлi - Қазақстанды мекендейтiн барлық халықтар мен ұлыстардың мәдениетiнiң, салт, дәстүрлерiнiң, қазақ халқы тұрмысының танымдық негiзi болып табылады. Республикада Мемлекеттiк «Тiл туралы» Заң қабылданды. Iс-қағаздарының қазақтiлiнде жүргiзуде шаралар жүзеге асуда. Қазақ тiлi- мемлекеттiк тiл деп жарияланды, оны әркiм бiлуi қажет. Сонымен қатар, Қазақстан Заңында азаматтардың барлығы қазақ тiлiн бiлу тиiс деп қудалауға жол бермейдi. Қазақстан әлемдік қоғамдастыққа кiруге ұмтылуда.
3. Халықаралық бiрлiкте ұлттық мәдени орталықтары маңызды рөл атқарады. Олар Қазақстандағы барлық халықтарының мәдениетi мен дәстүрлерiнiң қайта жаңғыруына қызмет етедi. Қазақстан халықтарының Ассамблеясы өткiзiлдi. Кеште болса, қазақ халқының ағартушы қайраткерлерi А.Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М.Дулатов, Ш. Құдайбердиев, Ә.Бөкейханов сияқты қайраткер, ақын - жазушылардың атымен мектептер мен елдi мекендер, көшелер, алаңдар атала бастады. Хан Абылай, Исатай мен Махамбеттiң мүшел тойлары салтанатты жағдайда атап өтiлуде. Халықтық салт-дәстүрлер, мерекелер қайта жаңғырды. Халық, туған жері жөнiнде құнды мағлұматтар беретiн ел, жер атаулары қайта оралды. 1992 жылы маусымда Республикалардың жаңа Мемлекеттiк Туы мен Елтаңбасы қабылданды. Республика Әнұранының жаңа мәтінi қабылданды. Тудың авторы – Ш. Ниязбеков, Елтаңба авторлары – Ш.Уәлиханов пен Ш.Мәлiбеков. Бүгiнгi күнi Қазақстан мәдениетiндегi негiзгi мәселелер өмiр идеяларының жалпы тәжiрибесiне жақын. Қазiргi қазақ мәдениетiндегi мәселелердi мына негiзгi мәдени-әлеуметтiк типтерге бөлiп қарастырайық.
1.Архаикалық тип. Архаизм – мәдениеттiң өтiп кеткен сатыларын қайтадан қалпына келтiруге бағытталған. Адам туғанынан құндылықтар жүйесiн, әдетте, сол күйiнде қабылдайды. (отбасылық, топтық, этностық, мемлекеттiк т.б.). бұл әрине этностың түптамырларын құрметтеуге шақырады.
Бұл қажеттi – талап. өзiн сыйламаған, басқаны да сыйлай алмайды. Бiрақ, бiр жағынан, мәдени жүйе өзiнөзi сақтап қалғысы келедi, бастауынан аластамайды. Екiншi жағынан, адамның шығармашылдығы, жасампаздығы, жаңашылдығы белгiлi. Бұл тенденция бiр-бiрiне қарама қайшы. Архаистiк мәдени тип заман өзгерiп, қалыптасқан өмiр салты шайқалған өтпелi кезеңдерде ерекше байқалды. Мысалы, Қазақстан Республикасын алып қарайық. отаршылық пен тоталитарлық мәдени құндылықтардың жалғандығы анықталып, төл мәдениетi жаңғырту жөнiндегi заңды түсiнiктi ұмтылыс қалыптасты.
Бiрақ азаматтық қоғамның орнына жетi аталық үрдiске, рулық тайпалық басқару жүйесiне, исламның орнына тәңiршiлiк пен шаманизмге қайтып келу, дүниежүзiлiк тарихты шежiрешiлiкпен ауыстыру және т.б. архаизмнiң көрiнiстерiне жатады.
Сонымен қатар, дәстүршiлдiктiң көрiнiстерiне қазақтың және әр жүздiң ханын сыйлау, шариғат пен қазылық салтты қалпына келтiру, батыстық киiм үлгiлерiне тежеу сияқты пiкiрлердi үсыну жатады.
2. Мәңгүрттiк тип. Мәңгүрт дегенiмiз ұлттық салт дәстүрден жұрдай, күнделiктi өмiрде ұлттық мәдени жүйенiң құндылықтарын қолданбайтын яғни рухани тамырларынан айырылған адам.
Бұл туралы Ш.Айтматовтың шығармашылығында әсерлi жазылған. Мәңгүрттiк дәстүршiлдiкке қарама-қарсы. Бiрақ архаист өмiрлiк поэзияны өз қалауымен қабылдаса, мәңгүрттiк-сыртқы күштеудiң нәтижесi. Мәңгүрттiктен қүтылудың басты жолы ұлттық мәдениеттң игеру. Кейде мәңгүрттiк мәдени типпен маргиналдықты тұтас қарастырылады. Оның қатарына ана тiлiн бiлмейтiндердi де қосады. Бұл ұғымды американ ғалымы Р.Парк енгiзген, латын тiлiнен -,,шетте болу,, деп аударылады. қысқаша айтқанда, маргиналдар не қоғамнан өздерi аулақ кеткендер, не қоғамның өзi оларды шеттеткендер. Француз ғалымы А.Фартдың пiкiрi бойынша, маргиналдардың алдында екi жол бар:
-барлық дәстүрлi қарым-қатынастарды бұзып, өзiнше жаңа бiр субъмәдениеттi қалыптастыру;
-бiртiндеп заңдылық аймағынан шығу.
3. Демографиялық және тiлдiк факторлардың этномәдениетке тигiзетiн әсерi мол. ХХ ғ. бойында қазақ халқының мәдени жүйесiнде үш түрлi мәдениет: дәстүрлi мәдениет, отаршыл мәдениет, батыстық әсер еттi. Еуразиялық мәдени тип дәстүрлi мәдениеттi батыстық өркениет жетiстiктерiмен ұштастыра бiлген. «Бiз өзiмiздiң мәдени тамырларымыздан едәуiр ажырап қалдық. Оның есесiне өзге өркениеттер әсерiне көбiрек ұшырадық. Бұл жақсы ма, жаман ба – өз алдына мәселе» ( Ғасырлар тоғысында. Алматы, 1996,- 264бет). Еуразиялық экспанцияға әр түрлi жауап беруге болады. Мысалы, Ресей, Жапония, Қытайды мысалға алуға болады.
Әсiресе, Жапония өздерiнiң материалдық мәдениет деңгейiн батыстық озық үлгiлердi қабылдау арқылы көтергеннен соң, еуропалық рухани экспанцияның алдына тосқауыл қойды. Осының нәтижесiнде ол әлемдегi ең озық мәдениеттiң иесiне айналды. Нарықтық заман адамның құндылықтарына белсендiлiк, жауапкершiлiк, iскерлiк, мақсаткерлiк, нақтылық және т.б.жатады, оның терiс жақтарына қатыгездiк, өзiмшiлiдiк, есепшiлдiк, принципсiздiк рационалдық, тұрақсыздық, дәстүр сыйламау жатады. Нарықтың терiс жақтарын жақсы түсiнген өркениеттi елдер кәсiпкерлiктi тек технологиялық әрекетпен шектемей оны әдеп жүйесiмен толықтырады. сондықтан,,бизнес этикасы,, қазiргi жоғары дамыған елдердегi алдыңғы қатардағы пәндерге жатады.
Мәдениеттiң материалдық базасы бұрын болып көрмеген жағдайда тез қарқынмен дамыды. Елдiң және халық мәдени қуаты тек кәсiби арнада ғана қалыптасып қоймайды, Қазақстанда тұратын әртүрлi ұлттар өкiлдерi мен азаматтары шығармашылыққа тартылуда. Эстетикалық және мәдени рухани бiлiм беру қайта жаңғырту тақырыбы оқыту жүйесiне енгiзiлiп жоғары оқу орныны бағдарламаларында «Мәдениет ескерткiштерiн қорғау», «Қазақстан халықтарының мәдениетi», «Iскерлiк қарым-қатынас мәдениетi» атты арнайы курстар енгiзiлдi. өздерiңiз оқып жүрген Ғабитов Т., Мүтәлiпов Ж.,Құлсариева А. «Мәдениеттану» оқулығы мәдениеттi қолдау жылына орай шығарылды. Қазақстан мәдениетi көне дәуiрлерден бастау алады 2000 жылы Түркiстанның 1500 жылдығы атап өтiлдi. Елбасы 1998 жылды, «Халық бiрлiгi мен ұлттық тарих жылы» деп жариялап, 2000 жылды «Мәдениеттi қолдау жылы» деп белгiлеп, арғы-бергi тарихымыз бен ұлттық мәдениеттердiң жылдары бойы қордаланған бiрқатар мәселелерiн шешуге жағдай жасалды. «Болашақ» бағдарламасы бойынша дарынды студенттердi шетелдерге бiлiм алуға жiберiлуде.
Қорыта келгенде Қазақстан Республикасы Президентi Н.Назарбаев 2003 жылғы қаңтардағы «Мәдени мұра» атты бағдарламасында атап өткендей: «Бiздiң ұлттық мәдениетiмiзде де жалпы азиялықтарға тән биязылық, өткенге салауаттылық жасау, үлкендi сыйлау, жасқа қамқорлық, қысылғанға қол ұшын беру, ағайынның ауыз-бiрлiгiн сақтау бәрi – бәрi де бар». Ендеше сол ұлттық мәдениетiмiздi ұлықтап, бар мен жоғымызды түгендеп, жүйелеп, келер ұрпаққа аманаттау «Мәдени мұра» бағдарламасының басты мақсаты.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет