«Х. Мұстафина атындағы мектеп-лицейі» кмм тәрбие жұмысы бойынша 2021-2022 оқу жылына сараптама



Дата07.02.2023
өлшемі20,49 Kb.
#65798
Байланысты:
сарап


ШҚО білім басқармасының Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің
«Х. Мұстафина атындағы мектеп-лицейі» КММ
Тәрбие жұмысы бойынша 2021-2022 оқу жылына сараптама.
Тәрбие – халықтың бойы ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған жинақтап, іріктеп алған тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған сай мінез-құлқын қалыптастыру.
Тәрбиенің негізгі мақсаты – жалпы адамзаттық құндылықтар идеясына негізделген демократиялық қоғамда өмір сүре білетін бәсекеге қабілетті, азаматтық санасы қалыптасқан, шығармашылық ойлау қабілеттері дамыған, жаңа заманға лайықты, білімді, өнегелі, өз Отанын сүйе, қадір тұтатын, рухани адамгершілігі мол, жан-жақты қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу.
Бүгінгі күннің талабына сай ұрпақ тәрбиесінің мазмұнын, әдіс-тәсілдерін және ұйымдастыру жүйесінің іргетасын қалайтын негізгі қағидалар мыналар: тәрбиенің мазмұны, оны жүзеге асыратын әдіс-тәсілдердің негізі- адамгершілік, имандылық, ізгілік, елжандылық.
Тәрбиенің негізгі міндеттері:
Жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін жетілдіру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін кеңейту;
Өз Отанын құрметтеуге, азаматтық пен патриотизмге, сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерін, халық дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелеу;
Тұлға мен ұжым дамуындағы жаңа технологияны қолдану барысында тәрбие үрдісінің нәтижесін өз өмір тәжірбиесінде пайдалана білуге тәрбиелеу;
Отанына деген сүйіспеншіліктерін ояту, салауатты өмір салтын сақтауға бағыттау;
Мемлекет пен құқықтық туралы білім жүйесін қалыптастыру.
Осы міндеттерді іске асыруда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 01 маусымдағы № 348 бұйрығымен бекітілген тәрбие тұжырымдамасы бойынша тәрбиенің басым 8 бағыттық жұмысы қамтылды.
Мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес жоспар құрылған, олар:

        • Құқық бұзушылықтың алдын-алу.

        • Діни экстремизммен күрес.

        • АҚТҚ-ЖҚТБ –ның алдын алу.

        • Нашақорлық және темекімен күрес.

        • Жолда жүру ережесін сақтау.

«Х. Мұстафина атындағы мектеп-лицейі» КММ бойынша тәрбиенің барлық бағыттары бойынша жоспарлары оқу жылы басталғанда құрылып, бекітіліп, сол бойынша жұмыстар жүргізілді.Іс-шаралар жоспарға сәйкес жүзеге асып отырды. Сонымен қатар сынып жетекшілердің тәрбие жоспарлары тәрбиенің негізгі 8 бағыты бойынша жасалып бекітілген, сынып сағаттары жоспар бойынша жүргізілді. Олар:
1.Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие
2. Рухани-адамгершілік тәрбие
3. Ұлттық тәрбие
4. Отбасы тәрбиесі
5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
6. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие
7. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты
«Ғасырларға мақсат қойсаң,ұрпақ тәрбиесімен айналыс» - деп халық даналығы айтқандай еліміздің ертеңі – бүгінгі жастар екені белгілі.
1 – қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын және ашық тәрбие сағаттары «Рухани жаңғыру»бағдарламасы аясында өткізілді.
«Рухани жаңғыру»аясында мектебімізде «Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына»атты шаралар өткізілді.Оқушылар өз отбасылар туралы видеоролик,слайдтар дайындап,жоғары қызығушылықпен белсенділікпен қатысты.
Ұстаздар күніне орай «Ұстаздар Ұлы тұлғалар»атты қашықтықтан іс – шара өткізілді.Іс – шаралар барысында оқушылар өз ұстаздарына авторлық шығармаларын ,ұстаздарды құттықтау видеороликтерін жасап, әлеуметтік желіде жарияласақ, акт залында тамаша концерт ұйымдастырылды.
НЗМ бойынша тәрбиенің инновациялық жұмыстарын жандандыру үшін де түрлі шаралар ұйымдастырылды. Мектебіміздің атауы Х. Мұстафина апамыздың туған күніне орай аудандық бастауыш сыныптарға арналған Х.Мұстафина атындағы математикадан олимпиада ұйымдастырылды. Осы аудандық шара кезінде «Ұлағат» және «Ахмет Тоқтабай» шаңырағының ата-аналары волейболдан команда құрып ойнап, бір серпіліп қайтты. Апамыздың ұрпақтары екі командаға да ақшалай сыйлық табыс етті.
Отбасы күніне арналған акция кезінде жоспарға сай «Әкем,шешем және мен» деген спорттық сайыс өтті. Ол сайысқа 6 «А» және 6 «Ә» ата-аналары мен оқушылары өте белсенді қатысты.
Мектебімізде жылдағы дәстүрге айналған «Рухани жаңғыру»бағдарламасы шеңберінде «Қарттарын қадірлеген ел ардақты»атты 1 – қазан Халықаралық қарттар күніне арналған іс – шара да өз дәрежесінде ұйымдастырылды. «Жас Ұлан» ұйымының еріктілері «Жалғыз тұратын қарт кісілердің үйіне барып,ауласын сыпырып,тазалап,көмек қолдарын созды.
«Күз бояуларының сыры»атты сурет байқауы мектепішілік ,байқауға мектебіміздің 5 – 6 сынып оқушылары қатысып, өздерінің шығармашылық жағынан дамыта түсті.
Жылдық жоспар бойынша жемқорлықтың алдын алуы бойынша іс – шаралар жалғасын табуда. «Парасат» мектебі адалдық пен мәдениетті қалыптастыру негізінде бекітіліп, кешенді жоспары бойынша мектебіміздің 5- 8 сынып оқушылар арасында «Адал ұрпақ – болашақ кепілі»тақырыбында мектепішілік үздік сурет байқауы өткізілді.Байқау нәтижесінде оқушылар бойында құқықтық білім және тәрбие қалыптастырып дүниетанымдарын кеңейтті.
«Берекелі,мерекелі Алтын күз» байқауына орта буын сыныптары қатысты. Байқау қорытындысы шығарылып,жеңімпаздар анықталды.
«Елбасы – ел тірегі,ел намысы»атты 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған іс шара кешенді түрде ұйымдастырылды.Іс – шара қорытындысы бойынша мектебіміздің бірнеше сынып оқушылары белсене қатысып,марапатталды.
15 желтоқсан күні Рухани жаңғыру аясында оқушыларды отанына,туған еліне,жеріне деген сүйіспеншіліктерін оятып,патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында «Жас Ұлан» бірыңғай балалар және жасөспірімдер ұйымына 5- сынып оқушыларын қабылдады.
«Тәуелсіздік таңы мәңгілік» атты 16-желтоқсан тәуелсіздік күніне арналған іс – шара ұйымдастырылды. Жылдағы дәстүр бойынша эжелтоқсан оқиға сына қатысушы Аманбаева Гүлжанат, Муллагарова Амангүл, Калибаева Бақыт апайлармен жоғарғы сынып оқушыларымен кездесу «Сыр сұқбат» айдарымен өтті. Кездесу барысын 6 «А», 6«Ә» сынып оқушылары мен сынып жетекшілері ұйымдастырды. Шарада екі сынып бірігіп, музыка пәні мұғалімімен хор дайындап, топтық билермен бірге, қалықтаған Тіуелсіздікке арналған түрлі әндер де шырқалды.Шараның мақсаты:елін,жерін сүюге,патриоттыққа,ел байлығын қорғауға,сыйластыққа,мейірімділікке тәрбиелеу.Оқушылар іс – шараға белсене қатысып, осы орайда ата – аналардың да үлесі жоғары болды.
Тәуелсіздіктің 30 жыл толуына орай 5-9 сыныптар аралығында «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік», «Менің Отаным Қазақстан»тақырыптары бойынша мектебімізде тәрбие сағаттары өтті.Сонымен қатар Тәуелсіздіктің 30 жыл толуына орай қарттарға көмек көрсету мақсатында Халима апаның үйіне барып,оқушыларымыз көмек қолдарын созды. «Бұлақ көрсең көзін аш» «Жасыл желек» тақырыптары бойынша «Жас ұлан» белсенділері мектеп ауласындағы арықтарды тазалап,көшеттер отырғызды. «Жаңа Қазақстан»тақырыбы бойынша 6 сыныптар арасында сурет байқауы өткізілді.Байқау қорытындысы шығарылып оқушылар марапатталды.
1 – Наурыз Алғыс адамның адамға жасаған жақсылығы,көмегі,көңілі үшін ризашылық білдіруі,сондай – ақ оның ойы мен іс – әрекетіне,жасаған істеріне жоғары баға беру.Оқушыларымыз ұстаздарына,ата – аналарына өз алғыстарын білдірді.
Наурыз мейрамы – көңілдің кеңейетін,тіршіліктің жаңаратын,нұрдың молығатын,ақтың молаятын күні.Ұлыстың ұлы күніне 5 – 8 сыныптар арасында мектебімізде ашық тәрбие сағаттары жүргізілді.
«Ұлағат» пен «Ахмет Тоқтабай» шаңырағы оқушылары мен ата-аналары ерекше етіп акт залында ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу мақсатында ата-аналармен бірлескен тамаша шара өткізді.Сынып жетекшілері Кенжалина А мен Сулейменова А үнемі ата-аналар мен оқушыларды үнемі бастарын қосып, орта буын мен жоғарғы сынып оқушыларының қарым-қатынасы мен тығыз байланысын ұйымдастырып отырады.
12 – сәуір ғарышкерлер күніне орай «Ғарышқа саяхат»тақырыбы бойынша ашық тәрбие сағатын 5-6 сыныптармен өткізілді.Оқушыларымыз жоғары қызығушылықпен белсенділік танытып қатысты. «Құстар біздің досымыз» аясында ұйымдастырылған қорықтан келген мамандармен кездесу және қорық ұйымдастырған шарада екі оқушы ақшалай сыйлық алды. Олар ұя жасап, қатарластарына жан-жануар мен табиғатты аялауды дәріптеп жүрген Арыстан Бату мен Еркенұр /5 мың теңге/ ақшалай сыйлықпен, мақтау қағаздарымен марапатталды.
1 – мамыр бірлік күні. «Береке бастауы бірлік ,ел іші тату тірлік»қағидасын ұстанған ел үшін бұл мерекенің орны ерекше.Бірлік күніне 9-сыныптар сынып жетекшілері түрлі шаралар өткізді. «Достық біздің тірегіміз»тақырыбында тәрбие сағатын жүргізді,оқушылар белсене атсалыса қатысты.
9 Мамыр Жеңіс күні – ең қымбатты,қуанышты да қайғылы,мәртебелі мейрам,халқымыздың ерлігі мен даңқының жарқын көрінісі болып табылады.Жеңіс күніне 5-9 сыныптар арасында онлайн түрде тәрбие сағаттары өткізілді.Жоғарғы сынып оқушылары сынып жетекшілерімен «Ешкім де ешқашан да ұмытылмайды» ескерткішінде сап түзеп митингке қатысып, ата-баба рухына тағзым етті, гүл шоқтарын қойды. Бүгінгі ұрпақ аға – буын ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып,бой түзейді.Осынау ерлікке толы күн мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.Жыл сайын мәңгілік алауы жанына Отан қорғаушыларын,батырларды еске алып,гүл шоқтарымен рахметін айта келгендер жиналады.Біздерде қадірлі ардагерлерге бейбіт өмірімізбен бақытты болашағымыз үшін алғысымызды білдіреміз.
Мектебіміздің кітапханасына «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында ата-аналардың көмегімен 200 дана кітап тапсырылды.Кітап оқуды насихаттау пәндер мен сыныптан тыс шараларда да үздіксіз жүріп отыр. Жылда мектеп-лицейіміздің кітапханашысы Какеева Анар 5-7 сыныптар арасында «Менің атым Қожа» кітабы бойынша көрініс қойып, түрлі сыйлықтармен марапатталады. Бұл орайда кітапханашы Какеева Анархан демеушілік жасап, балалардың кітапқа құштарлығын ояту үшін талмай еңбектеніп жүр.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет