Х. С. Персое ұсынған гипотезалар анықтаңыз



бет1/19
Дата08.05.2023
өлшемі143,75 Kb.
#90980
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Косбасшы теориясы сс


1

1

1

Көшбасшылық қасиеттерді дамытуға арналған метафораларды жазыңыз.

1

1

2

Көшбасшының гумманистік теорияларын жазыңыз.

1

1

3

Көшбасшылық қасиеттер және олардың ерекшеліктерін анықтаңыз.

1

1

4

Басшылық жасаудағы көшбасшылық қасиеттерді талдаңыз .

1

1

5

Көшбасшылық қасиеттерін дамытуға қандай метафоралар жататынын жазыңыз.

1

1

6

Көшбасшылық қасиеттері туралы теорияларға түсінік беріңіз.

1

1

7

Х.С.Персое ұсынған гипотезалар анықтаңыз.

1

1

8

Көшбасшылықтың негізі 8 теориясын жазыңыз.

1

1

9

Көшбасшылық стильдері туралы жазыңыз.

1

1

10

Көшбасшы мен басшының ұқсастықтарын анықтаңыз.

1

2

1

Көшбасшылық менеджмент саласын қарастырыңыз.

1

2

2

Демократиялық стильге анықтама беріңіз.

1

2

3

К.Левиннің көшбасшылық идеялары мен теорияларын жазыңыз.

1

2

4

Либералды стильге анықтама беріңіз.

1

2

5

Автократ ұғымына сипаттама беріңіз.

1

2

6

Көшбасшылықтың ең танымал идеялары мен теориялары туралы түсінікті 3 стильге бөлген ғалымды анықтаңыз.

1

2

7

Басқару стилі дегеніміз не? Және оған қай ғалым сипаттама бергенін жазыңыз.

1

2

8

Көшбасшылық теорияларына нақты ұғым берген ғалымдарды жазыңыз.

1

2

9

Көшбасшылықтың авторитарлық стильіне сипаттама беріңіз.

1

2

10

Формальды тәртіпті қолдайтын көшбасшылық стилін атаңыз.

1

3

1

Мақсатқа жету жолының әртүрлі кезеңдерінде көшбасшы басшылықтың қандай стильдерін қолдана алатынын жазыңыз.

1

3

2

Көшбасшы үшін өзара әрекет маңызын анықтаңыз.

1

3

3

Харизматикалық теория анықтамасын беріңіз.

1

3

4

Көшбасшылықтың пайда болуының 3 негізгі теориялық бағыттары анықтама беріңіз.
Көшбасшылық теориялары
Көптеген көшбасшылық теориялары бар. Қазіргі кезде олардың ішінде үшеуін жеке қарастыруға болады:
● Тұлғалық;
● Қылықтық;
● Жағдайлық.
Тұлғалық теория – Оған сәйкес менеджерлердің ең үздіктері белгілі бір жеке қасиеттер топтамасына ие болады. Олардың арасында: ақыл мен білім деңгейі, тартымды сыртқы көрінісі, адалдылық пен инициативтілік, өзіне деген жоғарғы сенімділік.
Қылықтық теория – Бұл теорияға сәйкес басқару түрлерін классификациялауға негіз салған болатын. Ол бойынша тиімділік менеджердің тұлғалық ерекшеліктерімен емес, оның қарамағындағы адамдарға қатысты қылықтардың сипатымен анықталады. Бұл көшбасшылық түсінігін одан әрі тереңдетіп, адамдарды мекеме мақсаттарын орындауға бағыттаған менеджердің мінез-қылықтарына ерекше назар аудартқызды. Оның негізгі кемшілігі басқару түрлерінің белгілі бір жалғыз түрі бар деген тенденцияға негізделу. Алайда тек бір ғана ең тиімді басқару түрі болуы мүмкін емес. Белгілі бір түрдің тиімділігі нақты жағдай мен адамдардың жеке басына тән қасиеттеріне байланысты болады.
Жағдайлық теория – Жағдайлық теория бойынша тиімді басқару үшін менеджердің жеке қасиеттері мен өз-өзін ұстауы нақты жағдайларға сәйкес болуы керек. Көптеген жүргізілген зерттеулер бойынша менеджер-көшбасшы әр түрлі жағдайларда әр түрлі әрекет етуі қажет.
Беделдік формалары
Көшбасшылықтың негізі ретінде беделділік қарастырылады. Көшбасшы рөлі белгілі бір беделділік формасына негізделіп, келесі түрлерден құралады:
● Харизматикалық бедел
● Дәстүрлі бедел
● Рөл мен орын беделділігі
● Құқықтық бедел
● Біліктілік беделділігі.
Харизматикалық бедел – Мықты жеке қасиеттерге негізделеді. Бұл жердегі көшбасшы харизматикалық беделділікке ие немесе ең кемі сол харизматикалық беделділіктің бар болғаны туралы сезім қалыптастырады, ол туралы әдетте «тума көшбасшы» деп айтады;
Дәстүрлі бедел – Беделдің бұл түрі қоғамда қолданылатын негізгі форма болып табылады. Ол белгілі бір дәстүрлер мен шарттаға құрметпен қарау және ол бойынша өз-өзін ұстау формаларына негізделеді. Кейде беделділіктің бұл түрі өсім мен жаңашылдыққа өзінің кері әсерін тигізеді;
Рөл мен орын беделділігі – Тұлғаның жеке бір қасиеттерімен емес, әлеуметтік ортада алатын орнымен және рөлімен анықталады. Беделділіктің бұл түрінде адамдарға берілетін билік оның алатын орны мен титулына байланысты болады. Көп уақытта көшбасшының жетістікке жетуі мен табысты болуы билікке ие болу мен басқаларды басқару қабілетіне қарай анықталады;
Құқықтық бедел – Беделділіктің ең формальды түрлерінің бірі, өйткені ол белгілі бір ережелер шеңберіне негізделеді;
Біліктілік беделділігі – Оның негізі ретінде басқарушының тәжирибесі, білімі мен ерекше қабілеттіктері қарастырылады.



1

3

5

Көшбасшылық қызметтеріне сипаттама жасаңыз.
Көшбасшы адамдарды жандандырады,мақсатқа жетуде болашақты көру қасиеті арқылы адамдарды ортақ мақсатқа бағыттайды.
Көшбасшының қызметтері:
Тұлғалық;
Қылықтық;
Жағдайлық.
Тұлғалық теория – Оған сәйкес менеджерлердің ең үздіктері белгілі бір жеке қасиеттер топтамасына ие болады. Олардың арасында: ақыл мен білім деңгейі, тартымды сыртқы көрінісі, адалдылық пен инициативтілік, өзіне деген жоғарғы сенімділік.
Қылықтық теория – Бұл теорияға сәйкес басқару түрлерін классификациялауға негіз салған болатын. Белгілі бір түрдің тиімділігі нақты жағдай мен адамдардың жеке басына тән қасиеттеріне байланысты болады.
Жағдайлық теория – Жағдайлық теория бойынша тиімді басқару үшін менеджердің жеке қасиеттері мен өз-өзін ұстауы нақты жағдайларға сәйкес болуы керек. Көптеген жүргізілген зерттеулер бойынша менеджер-көшбасшы әр түрлі жағдайларда әр түрлі әрекет етуі қажет.

1

3

6

Көшбасшының бойында кездесу керек қасиеттерді жазыңыз.
Интеллект
2) Көпшілік
3) Өзіне сенім
4) Төзімділік
5) Тепе- теңдік
6) Қаттылық
7)Шешім қабылдау қабілеті
8) Мақсаттылық
9) Жауапкершілік
10) Ұйымдастырушылық азыңыз.

1

3

7

Оқушыны көшбасшылыққа жетелейтін жеке қасиеттерін анықтаңыз.
Оқушыны көшбасшылыққа жетелейтін жеке қасиеттер:
•қарым-қатынас орната білу;
•топты қалыптастыра, біріктіре білу;
•мақсатын анықтау;
•қажет тапсырмаларды беру және оны орындату;
•адамдардың қажеттіліктерін, қызығушылықтарын білу, оны қорғау;
•аз уақытта көп ақпаратты игере білу;
•белгілі біржағдайда шешім қабылдай алу;
•үлкен шығармашылық қасиеттер болу керек

1

3

8

Көшбасшылықтың бойындағы мақсаттылық қасиетінің маңыздылығын жазыңыз.
Мақсатқа бағытталған көшбасшы (task-oriented leader) жұмыс жақсы, тиянақты орындалсын деп бақылайды. Бұл кезде қызметкерлердің сезімдері мен қызығушылықтары ескерілмейді
Мақсатқа бағытталған көшбасшылар бақылау деңгейінің өте жоғары немесе өте төмен кезде болуында тиімді болады деп анықталған. Бақылау жоғары болған кезде қызметкерлер жайдары болып жүреді. Ол кезде қызметкерлер жақсы көңіл-күйде болады, олардың бұл уақыттағы эмоционалдық жағдайы туралы алаңдаудың еш қажеті де болмайды. Осы жағдайда көшбасшы алдына қойған мақсаттарға жету жолында үлкен жетістіктерге жете алады. Егер бақылау деңгейі төмен болса, тапсырмаға бағытталған көшбасшыға орын алған жағдайды түзету үшін қызметкерлер жұмысын одан да жақсы ұйымдастыруға болады. Ол өзіне берілген міндеттерді қолданып, басқаларға бұйрық беру арқылы ортада пайда болған жайсыздық пен түсініксіз жұмыс ортасын болдырмау мақсатында белгілі бір тәртіпті енгізе алады.

1

3

9

Көшбасшылықтың бойындағы қарапайымдылық қасиетінің маңыздылығын жазыңыз.
Ең мықты кӛшбасшылар – күшті және табанды, сонымен бірге қарапайым адамдар. Қарапайымдылық әлсіздікті немесе күмәншілдікті білдірмейді, ол адамның жеткілікті түрде ӛз күшіне сенімді екенін, ӛзінің және басқа адамдардың бағасын, құндылығын мойындай білетін, оларды қауіп түрінде кӛрмейтінін білдіреді. Қарапайымдылық ӛзінің дұрыс жасамағанын және барлық сұраққа жауап беруге қабілетті еместігін мойындауға мүмкіндік береді. Қарапайымдылық басқалардың сіңірген еңбегін мойындауға кӛмектеседі. Қарапайым кӛшбасшылар әрқашанда мықты болуға ұмтылатындығымен және оқып-үйренуін үзбейтіндігімен ерекшеленеді.

1

3

10

Оқушы бойындағы көшбасшылықты жандандыратын функцияларды тізбектеңіз.
Оқушы бойында көшбасшылықты жандандыратын қажетті функциялар:
Конструктивті функция. Бұл функция қоғамдағы барлық адамдардың қызығушылықтарын қанағаттандыруға бағытталған, бірақ басқа қоғамның қызығушылықтарына нұқсан келтірмеу керек.
Ұйымдастыру функциясы. Өз тобының басқару жүйесін қалыптастыру, жұмыстарды біріктіру, қажетті процестер мен әрекеттерді жоспарлау. Мұнда көшбасшы бір жүйені қалыптастырады, міндеттерді бөледі, әрі қарай жүруі қадағаланады, тұлғааралық қарым-қатынасты реттейді, бәрін жауапкершілікке бағыттайды. Өз тобының басқару жүйесін қалыптастыру, қажетті тұлғаларды ризашылықпен біріктіру оқушы көшбасшылығының деңгейін танытады.
Координациялық функция. Топаралық әрекеттерді келістіру, бірігіп жұмыс атқаруға белсендендіру. Көшбасшы шешім қабылдайды, ортақ шешімге келтіреді және ортақ қоғамдық құндылық құрушы болып табылады.
Интерактивті функция. Мұндай көшбасшы айналасына өз ойымен, мақсатымен ортақтас адамдарды біріктіреді

2

1

1

Көшбасшылықтың жүйелілік теориясына анықтамасын жазыңыз.
Көшбасшылықтың жүйелік теориясы ымыраға келу нұсқасы болып табылады: көшбасшылық топтағы тұлғааралық қатынастарды ұйымдастыру процесі, ал көшбасшы осы процесті басқару субъектісі ретінде қарастырылады. Бұл тәсілде көшбасшы топтың функциясы ретінде түсіндіріледі және оны топтың мақсаттары мен міндеттері тұрғысынан зерттеу керек, дегенмен көшбасшының жеке басының құрылымы жеңілдетілмеуі керек. Топ өмірінің басқа параметрлерін, мысалы, оның өмір сүру ұзақтығын ескеру қажет. Бұл тұжырымдамадағы ең танымал теория - Ф. Фидлердің көшбасшылық тиімділігінің ықтималды моделі. Осы модельге сәйкес көшбасшылық стилінің тиімділігі басшының жағдайды бақылау дәрежесімен делдал болады. Жағдай үш параметрдің көмегімен сипатталады: басшының бағыныштылармен қарым-қатынасының қолайлылық дәрежесі; топтағы көшбасшының билік позициясының мөлшері; топтық есеп құрылымы. Аталған параметрлердің жиынтық сандық бағасы (арнайы шкала бойынша) ситуациялық бақылаудың (СК) басшысы жүзеге асыратын шаманы, яғни топтың жұмыс істеу жағдайына иелік ету дәрежесін бағалауға мүмкіндік береді.



2

1

2

Көшбасшы бойындағы адалдық қасиеті не үшін керектігін өз сөзіңізбен жазыңыз.
Адалдық. Адалдықтың негізінде шыншылдық жатыр. Бұл қасиет кез-келген жағдайда барлығына әрқашанда шынын айтуға талап етеді. Шынайылықтан сенім құрылады, бұл әрбір істің табыстылығына өте қажетті. Адал көшбасшылар өзінің әрекетіне, алатын нәтижесіне жауапкершілік алады. Көшбасшылар өзінің кінәсін басқалардың қателігі деп санамайды. Олар толығымен жауапкершілікті алады.

2

1

3

Көшбасшылық жағдайлық теориясына мысал келтіріңіз .
өшбасшының жағдайлық теориясы. Бұл теория негізінен көшбасшылық жағдайлардың жемісі деген. Топта әр түрлі жағдайлардың шешілу барысында қандайда бір сапасы бойынша ерекшеленетін адам пайда болды, бұл сапалардың сол жағдайға қажеттлігіне байланысты ерекшеленген адамды топ көшбасшы жасайды, яғни бұл теорияда көшбасшының сапасы салыстырмалы түрде қарастырылып, ол «көшбасшылық —көшбасшының белсенді әсер етуі» деген сөздің мағынасын бұзады. Осы проблемаларды шешудің компромисті нұсқасы ретінде келесі теория қалыптасады.Мыс., сіз өз тобыңыздағы бар - жоғы білінбейтін адамның спорттық жарыста, не басқа да қиын жағдайларда (өрт, табиғи апат, көше төбелесі) немесе ұжымға тапсырылған қиын жұмысты орындау кезінде өзінің қабілетін ашып көрсетіп, жауапкершілікті өз мойнына алып, ситуацияны қолға алуы, топты басқаруы мүмкін. Бұл да көшбасшылықтың бір түрі

2

1

4

Мұғалімнің көшбасшылық және басшылық жасау қасиеттерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетіңіз.
Мұғалімнің бойындаға көшбасшылық қасиеттеріне: Болашақты айқындай білу іскерлігі, батылдық, адалдық, қарапайымдылық, көрегенділік (болжағыштық), мақсаттылық, өзара әрекет сияқты көшбасшылардың қасиеттерін мұғалім білуі тиіс. Мұғалім осы көшбасшылық қасиеттерін өзінде тәжірибе жасау мен қайталау арқылы дамыта алады.Мектептердегі мұғалім-көшбасшылар басқаларды ынталандырып, оларды бағыттауы керек, тобының әрекет жауапкершілігін өзіне алуы және мақсат қоя білуі тиіс. Басқаларды ұйымдастыру мен ынталандыру және бастаманы өзіне алу өте маңызды. Ойыңдағыдай болмайтын сәттер болады. Мұндай жағдайда мұғалім-көшбасшы сәтсіздіктің өзінен тиімді жағын байқап, табандылық танытып, өзінің қателігін мойындап, алға жылжи алу керек, жағдайдың өзгеруіне байланысты өз мақсаттарын бейімдеуге дайын болғаны жөн.Әрбір мұғалім көшбасшы болуы мүмкін, өйткені әрбір адамда көшбасшылық әлеует бар, тек оны дамыту керек.

2

1

5

Көшбасшылықты дамытудағы мұғалімнің орнын жазыңыз.
Көшбасшы – топ мүшелерінің мінез – құлқына доминаттылық және бағындыруға қатысты негізінде әсеретеу процесі. Оқушылардың бойындаосы қасиеттерді қалыптастыру үшін мұғалімнің атқарар ролі өте зор болып табылады. Ол үшін әрбір оқушының ішкі түйсігінде алға ұмтылу, даму, жанжақтағы ортаны ерекше сезіну, алға қойған мақсаттарға жетудің жолдарын қарастыру, ӛз ортасында беделге ие болу, сауаттылықты арттыру, іздену, мәдениетті сӛйлеу, кез келген жағдайда ӛзін кӛрсете білу, тығырыққа тірелмейтін түрлі жұмыстар атқару және ӛзін жеке тұлға ретінде санап, мемлекетке қызмет етуге дайындауы қажеттілігін сезінуі шарт. Оқушы осы қасиеттерге ие болған жағдайда оларды болашаққа, кӛшбасшылыққа дайындаушы мұғалімдерге бірме-бір септігі теді. Баланың бойындағы бар қабілеті жетілдіру соншалықты дағдылы болып табылады. Себебі оқушы ойға алған істерін жандандыра біледі. Оқушылардың бойында кӛшбасшылық орын алмаған жағдайда оқытушы қызықты тапсырмалар мен әңгіме сабақтары арқылы кӛшбасшылыққа икемдей алады. Алдымен кӛшбасшы дегеніміздің не екендігін түсіндіреді. Оның қыр-сырын, егжей-тегжейлі оқыта келе ол қасиетті ӛзіне қаблдаған жағдайда қандай жетістікке тап болатындығына мән береді. Мәселен, класс ішінде бірнеше оқушы басқаларға қарағанда кӛшбасшылығын қалай білдіреді. Ол алдымен сыртқы ортадағы қарым-қатынасынан аңғарылады. Сойлеу мәдениеті, басқаларды тыңдай білу сауаттылығы, тапсырманы жауапкершілікпен орындау шеберлігі, сауаттылықтың басты қызмет атқаратынын сезе білушілігі, кез келген жағдайда қиындықтан жол таба білуі сияқты басты құндылыққа ие адами қасиеттері мен сабақтағы озат оқушы екендігін дәлелдеуде жалғасады

2

1

6

Мұғалімнің бойындағы көшбасшылық қасиеттерді өз сөзіңізбен жазыңыз.
Мұғалімнің бойындаға көшбасшылық қасиеттеріне: Болашақты айқындай білу іскерлігі, батылдық, адалдық, қарапайымдылық, көрегенділік (болжағыштық), мақсаттылық, өзара әрекет сияқты көшбасшылардың қасиеттерін мұғалім білуі тиіс. Мұғалім осы көшбасшылық қасиеттерін өзінде тәжірибе жасау мен қайталау арқылы дамыта алады.Мектептердегі мұғалім-көшбасшылар басқаларды ынталандырып, оларды бағыттауы керек, тобының әрекет жауапкершілігін өзіне алуы және мақсат қоя білуі тиіс. Басқаларды ұйымдастыру мен ынталандыру және бастаманы өзіне алу өте маңызды. Ойыңдағыдай болмайтын сәттер болады. Мұндай жағдайда мұғалім-көшбасшы сәтсіздіктің өзінен тиімді жағын байқап, табандылық танытып, өзінің қателігін мойындап, алға жылжи алу керек, жағдайдың өзгеруіне байланысты өз мақсаттарын бейімдеуге дайын болғаны жөн.Әрбір мұғалім көшбасшы болуы мүмкін, өйткені әрбір адамда көшбасшылық әлеует бар, тек оны дамыту керек.



2

1

7

М. Германн бөлген көшбасшы бейнесінің 4 негізі түрін салыстырыңыз.
Көшбасшылықтың түрлі типологияларын зерттеп, М.Германн көшбасшы бейнесінің төрт негізгі түрін бөлді:
1. «Жарқын киімдегі сыбызғышы» (нағыз батыр) неміс қалашығынан тышқандарды қуған ертегідегі сыбызғышы секілді, көшбасшы мақсаттарды қояды, бағытты анықтайды және ізбасарларын үгіттеп-сендіреді. Оған барлық іс үшін жауапкершілік тиесілі. Көшбасшының ӛзін және сипаттамасын зерттеуді ұсынады. Көшбасшы мінезін танып, оның қандай мақсаттар және стратегиялар таңдайтынынан анықтауға болады. Кӛшбасшының осы бейнесі бұдан бұрын сипатталған «батырлар» теориясының туындауына ықпалын тигізді.
2. «Саудагер» – ол адамдарға не керектігін біледі, және адамдардың қажеттеріне деген түсіну өте қажет, оларға кӛмектесу мүмкіндігінен де асып түседі. Көшбасшының бұл типіне «трансәрекеттік» теория және алмасу теориясы сәйкес келеді.
3. «Қуыршақ» - көшбасшылықтың осындай нұсқасында топ саясаткерге күш беріп, бағыт таңдайды. Көшбасшы топтың сенімді адамы болып, топ атынан жұмыс істейді. Бұндай жағдайдағы көшбасшылықты түсіну үшін, көмешілердің мақсаттарын білу қажет. Осындай көшбасшылық атрибутивтік зерттеледі.
4. «өрт сөндіруші» – осы жағдайдағы көшбасшылық – болып жатқанға жауап реакция. Мұндай көшбасшының табиғатын түсіну үшін, жағдайлық теорияларды немесе жасайтын контекстіні білу қажет.

2

1

8

Көшбасшылықтың негізгі стильдерін өз сөзіңізбен жазыңыз.
20 ғ. Басында Курт Левин басқарудың 3 стильін көрсетті. Олар:
Либеральды стиль:
• басшыдан жоғарыдан жарлық күтеді немесе кеңестің шешім күтеді.
• бағыныштыларына тапсырманы бергенде өтінеді.
• өзінен бар жауапкершілігін алып тастайды.
• кадрларды таңдаумен шұғылданбайды
• өзінің білімін толықтырып отырады
• бағыныштыларымен өзара қатынасқа бармайды
• жұмсақ
• формальды тәртіпті қолдайды.
Авториталды стиль:
• мәселені жеке өзі шешеді
• команда береді, бұйырады, жарлық береді
• жауапкершілікті өзіне алады немесе бағыныштыларына салады
• ынталандыруды толық басып тастайды
• билікті мамандардан қорқады
• жан жақты білімді
• қызметкерлерімен алшақ, ар қатынаста болмайды
• қатал тәртіпті қолдайды
• жазаны негізгі әдіс ретінде қолдайды, тандаулы адамдарды тек мейрамдарда мадақтайды.
Демократиялық стиль:
• шешім қабылдаудың алдында бағыныштыларымен ақылдасады
• бағыныштыларына тапсырманы ұсынады
• жауапкершшілігі өзіне берілген өкілеттікпен таратады
• бағыныштыларының ынтасын қолдау
• icкep, білімдi мамандарды таңдайды
• үздіксіз өзінің білімін толықтырып отырады
• бағыныштыларымен ара қатынаста болуды жақсы кӛреді
• саналы тәртіптi жақтайды.

2

1

9

Оқушының көшбасшылыққа жетелейтін қасиеттерін топтастырыңыз.
Оқушыны көшбасшылыққа жетелейтін жеке қасиеттер:
• қарым-қатынас орната білу;
• топты қалыптастыра, біріктіре білу;
• мақсатын анықтау;
• қажет тапсырмаларды беру және оны орындату;
• адамдардың қажеттіліктерін, қызығушылықтарын білу, оны қорғау;
• аз уақытта кӛп ақпаратты игере білу;
• белгілі біржағдайда шешім қабылдай алу;
• үлкен шығармашылық қасиеттер болу керек.

2

1

10

Оқушылардың бойында көшбасшылықты қалыптастырудағы мұғалім рөлін өз сөзіңізбен жазыңыз.
Көшбасшы – топ мүшелерінің мінез – құлқына доминаттылық және бағындыруға қатысты негізінде әсеретеу процесі. Оқушылардың бойында осы қасиеттерді қалыптастыру үшін мұғалімнің атқарар ролі өте зор болып табылады. Ол үшін әрбір оқушының ішкі түйсігінде алға ұмтылу, даму, жан-жақтағы ортаны ерекше сезіну, алға қойған мақсаттарға жетудің жолдарын қарастыру, өз ортасында беделге ие болу, сауаттылықты арттыру, іздену, мәдениетті сөйлеу, кез келген жағдайда өзін көрсете білу, тығырыққа тірелмейтін түрлі жұмыстар атқару және өзін жеке тұлға ретінде санап, мемлекетке қызмет етуге дайындауы қажеттілігін сезінуі шарт. Оқушы осы қасиеттерге ие болған жағдайда оларды болашаққа, көшбасшылыққа дайындаушы мұғалімдерге бірме-бір септігі теді. Баланың бойындағы бар қабілеті жетілдіру соншалықты дағдылы болып табылады. Себебі оқушы ойға алған істерін жандандыра біледі. Оқушылардың бойында көшбасшылық орын алмаған жағдайда оқытушы қызықты тапсырмалар мен әңгіме сабақтары арқылы көшбасшылыққа икемдей алады. Алдымен көшбасшы дегеніміздің не екендігін түсіндіреді. Оның қыр-сырын, егжей-тегжейлі оқыта келе ол қасиетті өзіне қаблдаған жағдайда қандай жетістікке тап болатындығына мән береді. Мәселен, класс ішінде бірнеше оқушы басқаларға қарағанда көшбасшылығын қалай білдіреді. Ол алдымен сыртқы ортадағы қарым-қатынасынан аңғарылады. Сөйлеу мәдениеті, басқаларды тыңдай білу сауаттылығы, тапсырманы жауапкершілікпен орындау шеберлігі, сауаттылықтың басты қызмет атқаратынын сезе білушілігі, кз келген жағдайда қиындықтан жол таба білуі сияқты басты құндылыққа ие адами қасиеттері мен сабақтағы озат оқушы екендігін дәлелдеуде жалғасады

2

2

1

Мұғалім мен көшбасшылық түсініктерін салыстырыңыз.
педагогикалық дамуды қамтамасыз ету үшін кәсібилікті түсінудің нақты тәсілі талап етіледі. Бізге таза жеке тұлғаға немесе сыныпқа бағытталған тәсілден босауымыз керек.Себебі бұл кезде белгілі бір бекітілген стандартқа сәйкес әрекет етеміз.оның орнына мұғалім оқу қоғамдастығының бір бӛлігі болып табылатын,кәсібилікке бағытталған «ұжымдық» және кешенді тәсіл қажет. Бұл тәсілдің аясында кӛшбасшы- мұғалім ұсынған зерттеулер мен инновацияларға негізделе отырып,мұғалімнің тіжірибесі жетілдіріледі. Мұндай тәсілде кәсіби біліктілік пен білім жай қабылданбайды,мұғалімдер оны ӛз қолымен жасайды. Адамгершілік мақсаттағы мұғалімдер ӛздерінің әріптестері мен айналасындағыларға әсер ету үшін,кӛшбасшылық қасиеттерін кӛрсетеді.

2

2

2

Көшбасшылық теориясының әлемдік тәжірибелеріне мысал келтіріңіз.
Мақсаттық әрекет» (path-goal theory- М.Г.Эванс) теориясына сәйкес, көшбасшымен назардың пайда болуы дәрежесі жақтастарымен болашақ марапаттауды түсінуін анықтайды, ол көшбасшамен құрылымның нақтылануының дәрежесі бағыныштытылармен дәл қандай әрекет марапатталатыны жайлы саналаумен анықталады.
Бұған жақын «мативациялық теория» (Р.П.Хау, Б.Т.Басс) көшбасшалықты таптың мүшелерінің мотивациясын өзгерту арқылы топ мүшелерін өзгерту деп түсіндірілді.
Ф. Е. Фидлердің есептеуінше, «көшбасшылық әрекет» нақты жағдайдын талаптарына байланысты. Мысалы, «жұмысқа бағытталған көшбасшы қиын жағдайларда нәтижелі болады. (тым жеңіл немесе тым ауыр жұмыс). Көшбасшы болса, «өзараәрекеттесуге» бағытталған, әдетте «орташа», жай сөзбен айтқанда «аралық» мәселерді шешуде нәтижелі.
Р.Лайкерттің пікірінше, соңғы тәсіл ең тиімді болып табылады.Кӛшбасшының екі мүмкін болатын мінез-құлқы айрықшаланған:1.Адами қатынасқа бағдарланған мінез-құлық (қызметкерлердің қажеттіліктерін құрметтеу, қызметкерлерді дамытуға қамқорлық таныту);2.Қандай бағамен болса да, ӛндірістік міндетті орындауға бағдарланған мінез-құлық (қарамағындағылардың қажеттіліктері мен қызығушылықтарын ескермеу, қызметкерлерді дамытудың қажеттілігіне назар аудармау).Жалпы айтқанда, кӛшбасшылықтың мінез-құлықтық теориясы тиімді мінез-құлық формаларын үйрену сұрақтарына назар аударуды күшейтуге септігін тигізді. Ұйымның міндеті тек қызметкерлерді іріктеуде тиімді кӛшбасшыны тану ғана емес, сонымен бірге адамдарды табысты басқарудың дағдыларына үйрету екені анықталды.
Көшбасшылықтың ең танымал идеялары мен теорияларының бірі К.Левиннің (1938ж.) көшбасшылық теориясы болып табылады. Ол көшбасшылықтың үш стилін бөлді:
көшбасшылықтың авторитарлық стилі – қатаңдығымен, талапшылдығымен, бір өзі басқаруымен, қатаң бақылауы және тәртібімен, нәтижеге бағытталғандығымен, әлеуметтік-психологиялық факторларды ескермейтіндігімен сипатталады;
көшбасшылықтың демократиялық стилі – алқалық сенімге, бағынушылардың хабардарлығына, бастамашылдығына, шығармашылығына, өзіндік тәртіпке, саналылыққа, жауапкершілікке, мадақтауға, жариялылыққа, нәтижеге ғана емес, оған жетудің тәсілдеріне бағдарлануына сүйенеді;
көшбасшылықтың либералдық стилі – төмен талапшылдығымен, салғырттығымен, тәртіп пен талаптың жоқтығымен, басшының қарамағындағыларға еркіндік беруімен айрықшаланады.

2

2

3

Көшбасшылық қабілеттерін тәрбиелеу әдістерін жасыңыз.
1 – Көшбасшылық – кӛпке берілмейтін сирек дарын. Адамдардың кӛпшілігі кӛшбасшы болып туылу керек деп есептейді. Бұл олай емес. Недесе де кӛшбасшы болып туылу міндетті емес, бара-бара үйренуге болады. Жақсы ұйымдастырушы болу талабы бар адамдардың саны біз ойлағандағыдан анағұрлым кӛп. Басқа да дағдылар сияқты кӛшбашылық та көп уақытты, жаттығуларды қатемен жұмыс істеуді талап етеді. Адамдарды кӛшбасшы ететін басты қасиет – өзгелерге қамқор бола білу. Бұл бірегей қасиет еместігімен келісесіз ғой. Екінші қасиет – мақсаттылық, миссияны сезіну. Кӛшбасшы бір мақсатты көздейді және қалай қарай жүру керек екендігін нұсқайды. Өзгелер оның артынан ере ме, әлде оны аңди ма, міне ендігі мәселе осында...
2 – Көшбасшыда міндетті түрде харизма болу керек.Ия, көптеген көшбасшыларда харизма қасиеті бар, яғни ерекше бір жеке қасиеттер мен беделге ие. Алайда дұрыстап зерттеп келгенде, сәтті басшылардың кӛпшшілігі ондай еместігі анықталады. Дүниежүзіне белгілі тұлғалардың көбісінің өзіндік кемшіліктері мен проблемалары бар екен. Сізді харизмалық және тартымды қылатын сіздің ісіңіз бен миссияңыз. Керісінше емес, дәл осылай. Әрине харизмалық көшбасшы нәтиже алу үшін азырақ ресурс жұмсайды. Бірақ басқарудың әкімшілік жүйесі де жақсы нәтижелер әкеледі, әсіресе техникалық өндірістерде. Екінші жағынан, басқарудың харизматикалық жүйесі анағұрлым нәзік келеді, өйткені оның төрінде бір тұлға тұрады. Бұл тұлғаға бірдеңе бола қалса, барлық жүйе құлдырайды.

2

2

4

Шетелде көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру бағыттарын сипаттаңыз.
Адамның жеке қасиеттеріне тоқталайық - эмоционалды тепе -теңдік пен стреске төзімділік . Эмоционалды теңгерімсіздік адамның өзіне деген сенімділігін төмендетуі мүмкін, сонымен қатар оның іскерлік белсенділігі. Бірақ көшбасшы - тірі адам. Теріс эмоционалды реакцияларды үнемі басу, оларды қоғамдық жұмыс жағдайында ұстау жеке адам үшін бірқатар жағымсыз салдарға - невроздар мен психосоматикалық ауруларға айналуы мүмкін. Сондықтан эмоционалды релаксация құралдарының көшбасшысын іздеуге байланысты сәт назар аударуға тұрарлық. Релаксация құралдары формасы өте алуан түрлі болатын адамның бос уақытының құрылымынан ізделуі керек. Эмоционалды тепе -теңдік адамның стресске төзімділігімен тығыз байланысты. Стресс - бұл өмірлік белсенділікті төмендететін, мінез -құлықты реттемейтін, мақсатқа жету әрекетін әлсірететін шамадан тыс күш. Стресстің барлық қиындығы біздің кейбіреулеріміздің тиімді жұмыс істеуі үшін қолайлы стресстің деңгейі басқалар үшін мүлдем төзбейтіндігінде. Әр адам бақытты болу үшін әр түрлі стрессті қажет етеді.Тағы бір жеке қасиет - шығармашылық Аударылған - «проблемаларды шығармашылықпен шешу мүмкіндігі». Көшбасшының басқа адамдардың іс -әрекетіндегі жаңашылдық, шығармашылық элементтерін көру қабілеті, олардың бастамаларын қолдау.(интернеттен алдым)

2

2

5

Қазақстандағы үлгі тұтатын көшбасшыңызды жазыңыз.
Елбасымыз Н. Назарбаев; Қазіргі президентіміз Қ. Тоқаев;
Дінмұхаммед Қонаев; Алихан Бөкейханов; т.б. Бұрын билікті өз қолына алған хандарымыз. Мысалы: Жәнібек пен Керей, Хақназар хан, Кенесары хан, Абылай хан, және т.б. Қазақ қалқынығ зиялылыарында көшбасшы деп айтар едім.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Отаны мен халқы үшін бар ынта-ықыласын салып, адал қызмет етудің нышанына айналды.Барша қазақстандықтар Тұңғыш Президентті Елбасы деп атап кетті.Осы ұғымның мән-мағынасы-жаңа мемлекетті құрып, қазақ халқының ұзақ ғасырлар бойғы арманын орындағаны,әлемнің жетекші елдерімен терезесін теңестірген тәуелсіз Қазақстанның жаңа буынын тәрбиелеп өсіргені үшін халқымыздың Н.Ә.Назарбаевқа деген үлкен сүйіспеншілігі,ризашылығы деп білеміз. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қызметі және оның Қазақстан тарихындағы рөлінің санқырлылығы соншалық, оның елдің саяси, экономикалық және әлеуметтік негіздерін құрудағы үлесін жарқын бейнелеп көрсетті. Елбасы арқасында біздің еліміз бар жоғы екі онжылдықта кеңестік экономикалық жүйенің жай ғана қосымшасынан-халықаралық сахнада өзін-өзі көрсете білген, қарқынды дамып келе жатқан тәуелсіз мемлекетке айналды.

2

2

6

Көшбасшы ұжыммен қандай қарым-қатынас орнатуы керек екенін сипаттаңыз.
Кӛшбасшының тағы бір маңызды қызметтерінің бірі – ұжыммен жақсы қарым-қатынасқа түсу. Кӛшбасшы ұжым мүшелерін басқару үшін, олармен тіл табысып, тұлғааралық қарым-қатынастың қыр – сырын білу керек. Кӛшбасшылық мәселесін психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қарастыра отыра, кӛшбасшы ұғымын ашып, кӛшбасшылық теорияларын қарастырып, авторлардың айтып кеткен пікірлерімен таныстық. Кӛшбасшы ұғымын нақтылау үшін кӛшбасшыны топтың басқа мүшелері қалай қабылдайды, соны түсіну керек. Кӛшбасшының ұжыммен қарымқатынасқа түсуіне байланысты, оның топтағы орны анықталады. Кӛшбасшының типтері мен құрылымын қарастыра отыра оның негізгі бейнесі айқындалды

2

2

7



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет