Хабарландыру Құрметті қала тұрғындары!



жүктеу 6.34 Mb.
Pdf просмотр
бет1/12
Дата03.03.2017
өлшемі6.34 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

 №40 (1328) 5 қазан 

 

2016 жыл, сәрсенбі



www.z-taraz.kz

Хабарландыру

Құрметті қала тұрғындары!

2016 жылдың                                                         

1 қыркүйегінен Тараз қаласы аумағын 

абаттандыру және санитарлық тазарту 

жөніндегі күзгі екі айлық  басталған 

болатын. барлықтарыңызды туған 

қаламыздың тазалығы үшін белсене 

атсалысуға шақырамыз! 

Адам жүрегінің 

инженері

 

„



Ел «алтын қолды 

дәрігер» атайтын Сейітхан 

Жошыбаевтың ұлт 

медицинасына қосқан үлесі 

зор. 

 

11-бет.



 

„

Ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие – әрбір жанның өміріне жол 



сілтер шамшырақ. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, 

тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, 

көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де – бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған. 5 қазан күні күллі 

әлем халқы аяулы ұстаздарын ұлықтап, ардақтайды.



бар мамандыҚ анасы

 3

-бет.

 

6-7 беттер

Тәуелсіздік деген біз үшін теңдессіз бақыт. Есі түзу азамат 

оған енжар, немқұрайлы қарауға тиіс емес.

Арғынбай Бекбосын

Жаужүрек үш бала не-

месе біздің полиция 

неге енжар?

 

„



Үш бірдей бастауыш 

сынып оқушысы 2 жасар 

қызды ұрламақ болған 

қаскөйдің жолын кесті. 

 

14-бет.

 

10-бет.

Қоғамдық көлік: баға 

мен қауіп

 

„

Қала халқы қоғамдық 



көліктердің қызмет көрсету 

сапасына наразы.



ҚАлА-ҚАрБАлАС

2

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №40 (1328), 5 қазан  2016 Жыл  //



ҰсТаздыҚ - ҰлыҚ іс 

 

„

Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына 



дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар көрсетуде  ұстаздың еңбегі зор. сондықтан ол 

әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. білім көшін алға қарай жылжытып келе 

жатқан руханият сәулетшілері қауымына құрмет арта бермек.

Индира БАЙҚОНЫС

Педагогтердің  төл  мерекесіне 

орай «Баласағұн» концерт залында 

«Қалдырған  ізің  мәңгілік»  атты 

салтанатты  жиын  өтіп,  онда  об-

лыс әкімінің орынбасары Ерқанат                

Манжуов  құттықтау сөз сөйледі. 

  Бұл  күні    білім    көшін    ілгері 

жылжытып  келе  жатқан  ұстаздар 

айрықша  құрметке  бөленді. 

Мерекелік  көңіл-күйден  жүздері 

б а л - б ұ л   ж а й н а ғ а н   ж а н д а р 

әуелі  өңірдің  өнер  шеберлері 

мен  жас  жеткіншектердің  ар-

найы  әзірлеген  концерттік 

бағдарламасын  тамсана  тамаша-

лады.  Өздерінің  ән-жырларына                                                                                           

Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың 

«Мәңгілік  ел»  идеясын  ұтымды 

ұштастыра  білген  өскелең  ұрпақ 

жүзден аса ұлт өкілдері мекен еткен 

қазақ  жері  бейбітшіліктің  алтын 

бесігі екенін айғақтай түсті. Әсіресе, 

мерекелік концерттің ажарын аша 

түскен отандық эстраданың жарық 

жұлдыздары «Аңсар» тобы халық 

әндерінен  бастап,  классикалық 

туындыларды нақышына келтіріп 

орындады.  

Бұдан  соң  ұстаздарды  төл 

мерекесімен облыс әкімінің орынба-

сары Ерқанат Манжуов құттықтап, 

өзінің жүрекжарды лебізін білдірді. 

-  Биыл ел Егемендігіне жиырма 

бес  жыл  толып  отыр.  Осы  жыл-

дар  арасында  мемлекетіміздің 

қарыштап  дамуына  ұстаздардың 

қосқан  үлесі  қомақты.  Бүгінде 

сіздер тәрбиелеп, білім нәрін бой-

ларына сіңірген азаматтар жауапты 

қызметтерді  абыройлы  атқарып 

жүр. Мемлекет тарапынан да білім 

саласын  дамытуға  ұдайы  көңіл 

бөлініп, мұғалімдерге қамқорлық 

көрсетіліп  келеді,  -  деді  Ерқанат 

Нұрбапаұлы. 

Аймақ басшысының орынбасары 

тәуелсіздік  жылдарында  Жам-

был  өңірінде      жүздеген    білім 

ошақтары  бой  көтергенін  айта 

келе, бұл үрдіс алдағы жылдарда да 

түгесілмейтінін айтты. Сондай-ақ 

Ерқанат Нұрбапаұлы барлық білім 

саласының  өкілдеріне  өзінің  тың 

ұсынысын жеткізді. 

-  «Ұстаз  жолы  ұлылық,  ұрпағы 

жүрер ұғынып».  Осында отырған 

барлығымыз ұстаздың алдын көріп, 

тәлім-тәрбиесін алдық. Десе де, ел 

Еңбек еленген сәт.    суреттерді түсірген а.рысмахан, В.барбаш



 

„

Қаладағы баға бағамы жергілікті биліктің тұрақты бақылауында тұр.  Өткен аптада 



облыс әкімінің бірінші орынбасары бекболат Орынбеков бастаған жұмыс тобы шаһардағы 

кәсіпкерлік нысандары мен дәріханалардағы, азық-түлік дүкендері мен жанармай 

бекеттеріндегі бағаны бақылап қайтты.  

баға бұқараға тиімді

Айсана НҰРБАП

Тұрғындарға  қажетті  106  дәрі-дәрмектің  құны    ҚР 

Денсаулық  сақтау  және  әлеуметтік  даму  министрлігі 

бекіткен бағада сатылуда. Минстрліктің медициналық және 

фармацевтикалық бақылау комитетіне қарасты департа-

мент басшысының орынбасары Мадина Шыналиеваның 

айтуынша, бүгінгі таңда ауру белең алған мезгілге қарай 

тиісті  дәрілердің  төмен  бағада  сатылуы  және  халыққа 

қолжетімділігі  үнемі  назарда.  Мәселен,  «Қоныс  Б» 

дәріханасының сатылым жөніндегі аға менеджері Рәткүл 

Бектілеуова өз компанияларының атынан дәрінің 10-15 

түрін тиімді бағада тұрғындарға үлестіріп отырғандығын 

жеткізді. Бекболат Серікбекұлы да дәрі-дәрмек нарығында 

нақты  уақытта  бағаның  бірқалыпты  екендігін  айтты. 

Ал  облыс  әкімдігінің  кәсіпкерлік  және  индустриалды-

инновациялық  дамыту  басқармасы  басшысының 

орынбасары  Самат  Үрпеков  дәрі  құнын  қымбаттатпау 

жөнінде фармацевтикалық компаниялармен меморандум 

жасалғандығын алға тартты. Іс барысында жұмыс тобы 

Жамбыл даңғылында жаңадан бой көтерген  «S`mall» сауда 

маркетіне бас сұқты. Онда нақты уақытта майлылығы 3,2 

пайызды  құрайтын  сүт,  «Кудесница»  күнбағыс  майына 

және күріш, макарон өнімдеріне жеңілдік акциялары өтіп 

жатыр екен. Және тауық еті де төмен бағада сатылуда. 

Бірақ  биылғы  қарақұмық  өнімі  20  пайызға  қымбаттап 

кеткен.  Сауда  орнында  оны    келісі  415  теңгеден  саты-

луда. Ал жалпы Таразда қарақұмықтың бағасы келісіне 

800  теңгеге  дейін  барған.  Аталған  сауда  маркетінде  ас 

атасы  53  теңге.    Соңғы  уақытта  жанармай  бағасы  да 

айтарлықтай шарықтаған. Мәселен, жұмыс тобы арнайы 

бас сұққан «Helios» ЖШС-де дизель отыны 129 теңгеге 

жеткен. Жанармай бекетінің менеджері Нұржан Халиев 

бағаның  не себепті бұлай қымбаттап отырғанын түбегейлі 

түсіндіріп  бере  алмады.  Оның  айтуынша,  жанармай 

отынының  бағасы  бекетте  емес,  Алматыда  белгіленген 

екен. Мәселеге орай, облыс әкімдігінің энергетика және 

тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бас 

маманы Болат Қалиев 2015 жылы «АИ-80» жанармайына 

89 теңге белгіленгенімен, «АИ-92» мен дизель отынының 

бағасы еркіндікке жіберілгенін айтып, жалпы ел аумағында 

бүгінде «АИ-92» жанармайы 125-128 теңге,  дизель майы 

120-129 теңге аралығында сатылып жатқандығын жеткізді. 

Ал Жамбыл өңірінде жанармайды ең қымбат бағада сатып 

отырған «Газпромнефть» пен  «Helios» бекеттері екен. 

Жұмыс барысында тиісті мамандарға тапсырма берген 

Бекболат  Серікбекұлы  шаруашылық  нарығында  60-80 

теңге аралығында саудаланып отырған картоп өнімдерінің 

бағасын әлі де қымбат деп айтты. Яғни аталған картоп 

құнын  бұдан  да  арзандатуға  болады.  Ал  қалған  тауар 

өнімдеріне қатысты мәселе жергілікті билік тарапынан  

алдағы уақытта да тұрақты түрде қадағаланып отырады.

 

„

Орталық «достық» алаңында ауыл 



шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. 

Жәрмеңкенің жөні бөлек

Арайлым БАҚЫтжАНҚЫзЫ

Жылда науқан уақытында ауыл шаруашылық тауарларын 

төмен  бағамен  сатуды  дәстүрге  айналдырған  облыстық 

ауыл  шаруашылығы  басқармасының  ұйымдастыруымен 

өтетін жәрмеңке биыл да жалғасын тапты.  Тараз қаласы 

мен Жамбыл, Талас, Қордай, Т.Рысқұлов, Шу аудандарының 

және «Тараз» ССК» АҚ-ның тауар өндірушілері қатысқан 

жәрмеңкеге келушілердің қарасы қалың болды.  Жәрмеңкеде 

жалпы құны 41,2 млн. теңгені құрайтын 130,3 тонна ауыл 

шаруашылығы тауарлары ұсынылды. Оның ішінде, 16 тонна 

ет, 3 тонна шұжық, 11,5 тонна сүт өнімдері, 1 тонна балық,  

1 тонна кондитерлік өнімдер, 4 тонна макарон өнімдері, 1,7  

тонна бал,  0,7 тонна кептірілген жеміс пен 91,4 тоннадан 

астам көкөніс-бақша және жеміс-жидек өнімдері бар.

–  Базар  сөрелеріндегі  бағалармен  салыстырғанда 

айтарлықтай  айырмашылық  бар.  Қазір  қыстың  қамын 

ойлап,  қажетті  азық-түлік  жинайтын  науқанда  мұндай 

жәрмеңкенің ұйымдастырылып тұрғаны қала тұрғындарына 

өте тиімді, – дейді қала тұрғыны Сәуле Артықбаева. 

Аталған  жәрмеңке  облыстың  тауар  өндірушілеріне  өз 

тауарларын  делдалсыз,  тікелей  тұтынушыларға  сатуға 

мүмкіндік  беріп  отыр.  Нәтижесінде,  жәрмеңкедегі 

тауарлардың бағалары базар бағаларынан 10-20 пайыз төмен 

болады. Алдағы уақытта 8 қазан күні Алматы қаласының 

«Астана»  орталық  алаңында  Жамбыл  облысының  ауыл 

шаруашылығы  жәрмеңкесі  өтеді.  Ал  15  қазаннан  бастап 

Тараз  қаласының  орталық  алаңындағы  жәрмеңке  қайта 

жалғасатын болады. 

ішінде  мемлекет  мүддесі  жолын-

да  қызмет  етіп  жүрген  азаматтар 

арасында өздері білім алған алтын 

ұяларына ат ізін салмай кеткендері 

қаншама?! Сондықтан мен қалталы 

қыз-жігіттерді  ел  Тәуелсіздігінің 

25 жылдығына орай «Алтын ұя - 

мектебім» атты акциясына қатысып, 

аяулы  мектептеріне  метериалдық 

тұрғыдан көмек беруге шақырамын,-  

деді облыс әкімінің орынбасары.  

Бұдан кейін  Ерқанат Нұрбапаұлы 

өңірдің  және  көне  шаһардың 

бірқатар үздік ұстаздарына облыс 

әкімі Кәрім Көкірекбаевтың атынан 

Құрмет грамотасы мен Алғыс хатта-

рын тапсырды. Бұған қоса,  педагог-

тер қауымының ең таңдаулы 4 өкілі 

«Қазақстан Республикасының білім 

беру ісінің Құрметті қызметкері» 

төсбелгісіне,  3  үздік  ұстаз  «Ы. 

Алтынсарин»  төсбелгісіне  және 

2 ардагер ұстаз «Еңбек ардагері» 

төсбелгісіне ие болды.

Сондай-ақ салтанатты жиын ба-

рысында ардагер ұстаздар мен көп 

балалы  мұғалімдерге  де    ерекше  

ілтипат көрсетіліп, сый-сияпаттар 

ұсынылды.


 

„

мәдениет үйінде қала әкімдігі білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Ұстазға мың 



тағзым» атты мерекелік концерт өтті. 

Арайлым ШАБдеНОвА 

Тілегі  мектеп,  жүрегі  шәкірт  деп  соғатын 

ұлағатты  ұстаздардың  басын  қосқан  жиынға 

қалалық  мектептің  мұғалімдері,  балабақша 

тәрбиешілері, білім мекемелерінің директорлары 

мен ардагер ұстаздар қатысты.

 «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың 

анасы» деп тауып айтылған. Ұстаз алдынан тәрбие 

алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие – әрбір 

жанның өміріне жол сілтер шамшырақ. Ғылым иесі 

ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған 

ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы 

да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен 

шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де – 

бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған. Сондықтан 

ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен 

бас иеді. Салтанатты шарада сөз алған қала әкімі 

Нұржан  Календеров  те  ұлағатты  ұстаздардың 

ерен еңбегін, қажымас қайсарлығын өз алдына 

бір ерлік деп бағалап, жиынға қатысушыларды төл 

мерекелерімен құттықтады. 

– Жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік 

ұлылығын  баланың  бойына  дарыту  –  нағыз 

ұстаздың асыл қасиеті. «Адамның адамшылығы - 

жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай, мұғалім 

тәрбиесі мен өнегесі оқушының болашақ азығы. 

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №40 (1328), 5 қазан  2016 Жыл  //

ҚАлА-ҚАрБАлАС

3

Жүйесіз жоба - сапасыз нәтиже.   



бар мамандыҚ анасы

Нұржан СеРІКХАНҰЛЫ

Басқосуды  ашып,  жүргізіп  отырған 

№12 сайлау округінен сайланған депу-

тат  Ғазизжан Мадимаров күн тәртібінде 

бірінші тұрған қаладағы нысандардың жылу 

беру маусымына дайындығы мәселесін 

әріптестерінің саралауына ұсынды. Аталған 

мәселеге орай арнайы комиссия құрылып, 

шаһардағы қысқа дайындықты алдын ала 

зерделеген. Бұл жөнінде жиын барысында 

№25 сайлау округінің депутаты Нариман 

Мәуленов айтып өтті. 

- Қала нысандарының қысқа дайындығы-  

қазіргі уақыттағы ең өзекті мәселенің бірі. 

Дайындықты пысықтап, алдын ала зер-

делеу мақсатында мәслихат хатшысының 

өкімімен уақытша комиссия құрылып, 

қала әкімдігіне қарасты бөлімдері мен 

«Таразэнергоорталық», «Жамбыл-Жылу», 

«Таразтрансэнерго», «Темір жол-Жылу», 

«София» мекемелерінің берген мәліметі 

бойынша «Жасыл Ел-Тараз» ЖШС, №24 

мектеп-гимназиясында, №6 балабақшада, 

№2  қалалық  ауруханада,  Сейфуллин, 

Рахимов, Сүлейменов көшелерінде және 

аталған  Рахимов  көшесінің  №61  «А» 

мекенжайындағы  жатақханада  болып, 

қысқы маусымға әзірлік жұмыстарымен 

танысты.  Мердігерлердің  бекітілген                                                          

кестеге сәйкес жұмыс атқарған аумақтарын 

қоқыстан уақытылы тазартпауы, қазылған 

жол бөлігін шаңнан тазартпауы қаланың 

сәулеттік  көркіне  кері  әсерін  тигізіп, 

тұрғындардың наразылығын тудыруда. 

Мәселен, жоғарыда аталған мекенжайдағы                                                                                                                              

5 қабатты жатақхананы орталықтандырылған 

жылу жүйесіне қосу жұмыстары жартылай 

ғана аяқталған. Қалған жұмыс тоқтап тұр. 

Осы секілді мәселелерді ескере келе, қала 

әкіміне шаһардың отын-энергетика кешенін, 

денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік-

мәдени нысандарын және тұрғын үй қорын 

2016-2017 жылдарға жылу беру маусымына 

сапалы дайындау мен мерзімді аяқтауын 

қадағалауды ұсынамыз, - деді ол. 

Бұған қоса, сессияға қатысқан депутаттар 

нақты уақытта күрделі жөндеуден өтіп 

жатқан мектептерді қадағалап, ақыры кеш 

басталған жұмыстың енді асығыс жасалмай, 

сапасын төмендетпей жүйелі жүргізілуін де 

алға тартты.  Күн тәртібіндегі екінші мәселе, 

2016-2018 жылдарға арналған қалалық 

бюджет жөнінде қала әкімдігінің экономика 

және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас-

шысы Қайсар Сарытай мәлімдеме жасады. 

- Тараз қаласы бойынша Мемлекеттік 

кірістер департаментінің ұсынысы негізінде 

2016 жылға арналған қала бюджетінің 

кірістер бөлігі өзіндік кірістердің 170 млн. 

теңгеге ұлғаюымен нақтыланады. Осылай-

ша, 2016 жылға арналған қалалық бюджеттің 

кірістер бөлігінің нақтыланған жоспары 33 

млрд. 291 млн. 319 мың теңгені құрайтын бо-

лады. 2016 жылғы қала бюджетінің шығыс 

бөлігінде мемлекеттік сатып алу нәтижелері 

бойынша және басқа да объективті себеп-

терден есепті кезеңде үнем қалыптасуына                                                                                                           

байланысты  кейбір  бюджеттік 

бағдарламаларда жалпы сомасы 251 млн. 

785 мың теңгеге шығыстарды кемітуді 

ұсынамыз.  Осы  кемітілген    251  млн. 

785 мың теңге  және  қала бюджетінің 

170  млн.  теңгеге  көбейтілген  өзіндік 

кірістері әлеуметтік саланың және қаланы 

дамытудың бірқатар шешілмеген негізгі 

басым мақсаттарын қаржыландыруға қайта 

бағытталады,- деді ол.                                                                                                                                     

Бөлім басшысы айтып өткен бұл қаражат 

білім мекемелерін жөндеуге, оқушыларды 

оқулықпен қамтамасыз етуге, қалалық 

әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының 

құрылысына, жол қозғалысы қауiпсiздiгін 

қамтамасыз  етуге,  мемлекет  мұқтажы 

үшін жер учаскелерін алуға, көшелерді 

жарықтандыру бойынша тұтынылған электр 

қуатына төлем жасауға, санитарлық тазалау 

қызметтеріне (каналдарды механикалық та-

залау) және Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы 

мен Қала күні мерекелеріне орай мәдени 

іс-шаралар өткізуге жұмсалмақ. 

Сөз  соңында  Қайсар  Амантайұлына 

қалалық мәслихат депутаттары тарапынан 

бірқатар  салмақты  сауалдар  айтылды. 

Мәселен, №17 сайлау округінің депутаты 

Жақып  Жексенбиев:  «Бізде  жыл  сай-

ын миллиондаған қаражат бөлінсе де, 

канал мәселесі шешімін таппай келеді. 

Кейбіреулер канал үстіне кафе, монша 

соғып тастаған. Осы мәселеге орай кешенді 

жоспар жасап, каналдарды кезең-кезеңімен 

бетондап, неге бір ретке келтірмеске?! Әр 

жылда 1 каналды қолға алсақ та болады 

ғой» - десе, №19 сайлау округінің депута-

ты Эльмира Мырза-Ғали: «Ирригациялық 

мәселе шешілмесе, болашақта да алдымыз-

дан шыға берері сөзсіз. Бұл – шаһарымызда 

сыздаған жара сияқты жайт. Сондықтан 

Марапат иесін тапты.   суретті түсірген н.Тұрғынбек



 

„

Қала әкімінің орынбасары мақсат ахаевтың қатысуымен алтыншы 



шақырылған Тараз қалалық мәслихатының тоғызыншы сессиясы өтті. Кезекті 

басқосуда халық қалаулылары әкімшілікке қаланың ирригациялық мәселесін бір 

ретке келтіретін кешенді жоспар жасауды ұсынды. 

Әлеумет жайы - жай мәселе емес

Жақсы ұстазға кезігіп, тәлім-тәрбие алған шәкірт 

өмір майданында мойымай күресіп, болашақ жол-

дарда бағытынан таймасы анық. Ұрпақ болашағы, 

халқымыздың  келешегі  қазіргі  ұстаздардың 

қолында. Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, 

тіліміздің  мәртебесі  артып,  әлемге  атымызды 

танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы  

жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуде. 

Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке 

бастар жолдың бастауы мектеп десек, мектептің 

басты тұлғасы, жүрегі – мұғалім. Өскелең ұрпақтың 

тәлім-тәрбиесі сіздердің қолдарыңызда,  – деді 

шаһар басшысы. 

Бұдан  соң  Нұржан  Сәбитұлы  бірқатар  сала 

үздіктерін марапаттады. Ел тәуелсіздігін алған 

жылы  мектепке  ұстаз  болып  орналасып,  25 

жыл  бір  мекемеде  үздіксіз  қызмет  еткен  №4 

балабақшаның  әдіскері  Г.Абдумұратова,  №40 

гимназияның мұғалімі Г.Данилишина, №48 орта 

мектептің мұғалімі А.Жаңбырбаева, №47 орта 

мектептің ұстазы А.Керімбекова, №40 гимназияның 

мұғалімі  М.Қобландина,  №31  орта  мектептің 

ұстазы Е.Пак, №20 балабақша тәрбиешісі О.Роот, 

№25 орта мектептің ұстазы Б.Сейітқұлова мен 

№13 орта мектептің мұғалімі Е.Цой қала әкімінің 

Алғыс хатына ие болды. Сондай-ақ қаланың білім 

саласын  дамытуға  қосқан  үлесі  мен  нәтижелі 

еңбегі  үшін  шаһар  басшысының  Алғыс  хатын 

алған бірқатар ұстаздар марапат төрінен көрінді. 

Ал    Қазақстан  Жазушылар  одағы  басқармасы 

мен  «Ғұмырдария»  республикалық  балалар 

байқауының  ұйымдастыру  комитетінің  Алғыс 

хаты қалалық білім бөлімінің басшысы Гүлзия 

Заурбековаға табыс етілді. «Әрбір жанға білім 

нәрін себуге барын салатын ұлағатты ұстаздардың 

еңбегі орасан зор. Олар қандай қошеметке де, 

құрметке де, сыйға да лайық» - деп жүрекжарды 

лебізін  білдірген  Жамбыл  облысы  білім  және 

ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасы 

Гүлсін  Орынбаева  мұғалімдерді  құттықтап, 

«Еңбек  ардагері»  төсбелгісін    №15  мектеп-

гимназияның  директоры  Айгүл Құлахметоваға 

тақты. Ал №47 орта мектептің директоры Айнұр 

Ботамқұловаға Қазақстандық салалық білім және 

ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының Құрмет 

грамотасы табыс етілді. Ал қалалық мәслихаттың 

депутаты Ғазизжан Мадимаров ұстаздар қауымына 

қалалық мәслихаттың Құрмет грамотасын табыста-

ды. Білім беру саласындағы ұзақ жылғы жемісті 

еңбектерімен ерекшеленіп, үлкен жетістіктерге 

жеткен  ардагер  ұстаздарға  да  бұл  кеште  сый-

құрмет көрсетілді. Сахнаға шыққан қала әкімдігі 

білім  бөлімінің  басшысы  Гүлзия  Заурбекова 

әріптестерін құттықтап, бірқатар ұстаздарға ҚР 

Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамо-

тасын, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы 

мен  «Ғұмырдария»  республикалық  балалар 

байқауының  ұйымдастыру  комитетінің  Алғыс 

хатын, облыс әкімдігінің білім басқармасының 

Алғыс хатын және қалалық білім бөлімінің Құрмет 

грамоталарын табыс етті.  

Салтанатты  жиынның  соңында  кішкентай 

бүлдіршіндер сахна төрінде шыр айнала би билеп, 

әуелете әсем әндерін орындап, ұстаздардың көңілін 

бір марқайтты. 

«Ағын су» деген бағдарламаны қайта жасау 

керек. Қалалық тұрғын жай-коммуналдық 

шаруашылық және автомобиль жолдары 

бөлімінің  мәліметі  бойынша,  аталған 

бағдарламаның  жобалық-сметалық 

құжатына 807 млн. теңге қаржы сұралған 

екен. Тиісті қаржы бөлінбей, бағдарлама 

3 жыл бойы қағаз жүзінде қалған. Байы-

бына барып қарасақ, бұл, әрине, көп ақша. 

Бірақ жылда туындайтын ирригациялық 

мәселелерді шешуге де аз ақша жұмсалып 

жатқан  жоқ.  Ақыры  сол  сомаға  жетіп 

жығылады» - деп өз ұсыныстарын баса 

айтты.  Халық қалаулыларының ұсынысын 

назарға  алған  Мақсат  Кеңесханұлы 

ирригациялық мәселелердің бірсыпырасын 

тілге тиек етті. Оның айтуынша, қала ка-

налдарын «Тараз-ирригация» серіктестігі 

аптасына бір рет тазалап отыр. Ал кешенді 

жоспарды жасауға миллиардтаған қаражат 

керек.  Тіпті  «За  линий»  алқабындағы 

тұрғын үйлердің көбі арықтарды ауласына 

кіргізіп алып, оларды бетондап, жіңішкертіп 

жіберген.    Бұған  қоса,  Талас  өзенінің 

бойын  бетондап,  Шымкент,  Өскемен 

қалаларындағыдай тұрғындардың демалыс 

орнына айналдыруға да  қомақты қаржы 

қажет. Осы секілді бірқатар пікірлерді 

ортаға салған қала әкімінің орынбасары 

жауынды  күндері  шаһардағы  тұрғын 

үйлердің жертөлесін көлге айналдыратын 

жерасты  суларын  бағыттайтын,  бірақ 

нақты уақытта ескіруіне байланысты істен 

шыққан  8 артезиян құдығын да айтып 

өтті. Бұдан бөлек, депутаттар  Шамбыл-

хан Үсенбаев пен Эльмира Иниятқызы, 

Жақып Түзелбайұлы  шаһардағы күрделі 

жөндеу  жұмыстары  аяқталуға  жақын 

қалған білім мекемелеріндегі кемшіліктерді 

де алға тартты. Мәселен, жүз адамның 

қалтасына сыймайтын қаражат бөлінсе 

де, кейбір мектептердің күрделі жөндеуіне 

нысанның шатыры, қасбеттері кірмеген. 

Бұған қоса кәріз жүйесі бола тұра, кейбір 

қала мектептеріндегі әжетханалар далада 

орналасқан. «Шала жасалған жобаларды 

жазалау керек. Себебі бұл жерде мердігерлер 

тек берген жоба бойынша жұмыс жасайды. 

Ал жобалауда өрескел қателіктер көп. 

Ақыры істі қолға алғаннан кейін, осындай 

қателіктерді де үнемі қадағалау керек» 

- дейді Шамбылхан Әбиұлы.   Мақсат 

Ахаевтың айтуынша, білім нысандарын 

жобалауда ескі талап өзгермеген. Мұндай 

жайттар сол себептен қала мектептерінде әлі 

орын алып отыр екен. Дегенмен айтылған 

кемшіліктер алдағы уақытта әкімшіліктің 

бақылауында болмақ.



МӘҢГІлІК Ел

4

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №40 (1328), 5 қазан  2016 Жыл  //



Каталог: images -> PDF-kaz
PDF-kaz -> 2015 жыл, сәрсенбі
PDF-kaz -> Ерлер денсаулығы елеусіз қалмауы тиіс
PDF-kaz -> №9 (1244) 3 наурыз 2015 жыл, сейсенбі „ «Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт, Ел бірлігін сақтаған татулықты айт!»
PDF-kaz -> «Жасыл белдеулер» қанат жайып келеді
PDF-kaz -> Конференцияда талқылады басқосуда облыс әкімінің орынбасары Ерқанат манжуов ашып, жүргізіп отырды. Ол ағымдағы жыл аймақта өтетін қазақ
PDF-kaz -> Құрметті тұтынушылар!
PDF-kaz -> Бақытты, Базарлы Балалық! №22 (1257)
PDF-kaz -> №1 (1341) 5 қаңтар 2017 жыл, бейсенбі „ Жаңа жыл мерекесінде облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев жүзуден ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Рио-де-Жанейро қаласында өткен XV жазғы Паралимпиада ойындарының жеңімпазы Зульфия Габидуллинаның арманын
PDF-kaz -> 2016 жыл, сәрсенбі
PDF-kaz -> 2 бет. Тарихыңды таны


Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет