Хабаршы жаратылыстану-география



Pdf көрінісі
бет15/25
Дата31.03.2017
өлшемі5,92 Mb.
#11001
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25

Тірек сөздер: зымыран тасығыш, құлаған аумақ, зымыран-тасығыштың құлаған ауданы, бейсимметриялық  екі 
метилгидразин, ет-пептонды агар 

ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая серия «Естественно-географические науки» №2(44), 2015 г. 
 
74
 
Кіріспе 
Қазақстан Республикасында орналасқан «Байқоңыр» космодромы  әлемдік деңгейде жоғары бағаға 
ие.  Космодром  кейбір  мақсаттарды  яғни  ғарышты  игерушілігі  кезең-кезеңімен  Ресеймен    шешіледі, 
өйткені  Протонды  ұшыру  үшін  жалға  алып  отыр.  Айтылмыш  ынтымақтастық  Қазақстанның  ғылыми-
техникалық озықтығын осы облыста күшейтеді. 
Алайда  ракеталық-космостық  техниканың  негативті  салдары  ұзақ  уақыт  қанаушылыққа  әкеледі: 
табиғи қоршаған ортаны ракетаның жоғары токсинді жанармайы ластаса, зымыранның орбитаға ұшыру 
кезеңінде  алғашқы  қалдықтарымен  беткі  беттерін  ракеталық  отын  ластайды.  Ракеталық  отынның 
улағыштығы    оның  бір  компоненттерінен:  бейсимметриялық    екі  метилгидразин  (БЕМГ)  немесе  гептил 
анықталады.  БЕМГ  адамға  қауіптілігі  өте  жоғары  яғни  қауіптің  бірінші  класына  жатады,    өте 
канцерогенді  және  мутагенді[1,2].  Сондықтан  экологиялық  қауіптілік  мәселесі  (ракетаның  ұшуынан 
бастап, топыраққа құлауына дейін) басым болып келеді. 
Осы уақытқа дейін ракеталық жанармай компонентінің (РЖК) детоксикациясы түрлі әдіс-тәсілдермен  
қарастырылып  зерттелуде.  Ол  зерттелулерге  термиялық,  физико-химиялық  және  химиялық  әдістер 
кіреді[3,  4].  Алайда  бұлар  біраз    қымбат  әдістер  болғанымен  жер  мен  топырақтың  қажетті  дәрежесін 
қамсыздандырады,сонымен қатар топырақтың құнарлығын жояды. 
Жұмыстың  мақсаты:  зымыран-тасығыштың  құлаған  ауданының  жерінің  күйі  мен  токсинді 
бейсимметриялық екі метилгидразин төгілген топырақтың микрофлорасын зерттеу. 
Жұмыстың міндеті:  
-  зымыран-тасығыштың құлаған аумағының территориясын суреттеп беру; 
-  топырақ экологиясының күйін біліп, қарастыру; 
-  зымыран-тасығыштың құлаған ауданның топырағына микробиологиялық зерттеу жүргізу. 
 
Зерттеу нысаны мен әдістері 
 
ЗТҚА  топырағының  зерттеу  үшін  белгілі  бір  территория  алынған,  ол    «ҚА  15,25»  деген  атауы  бар 
(құлаған  ауданы)  және  50-52  км  оңтүстікпен  оңтүстік-батысқа  қарай  яғни,  Қазақстан  Республикасының 
Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Қарсақпай ауылында орналасқан. Аумақта Қалмаққырған бассейнінің 
оң жағалауы мен Дүйсембай бассейнінің ортаңғы бөлігі орналсқан. 
ЗТҚ  «ҚА  15,25»  аумағы  эллипс  тәрізді  қалып  созылыңқы,  солтүстіктен-шығысқа  қарай  және 
оңтүстіктен-батысқа қарай бір-біріне ұқсас, бірқарағанда  «ҚА 15» пен «ҚА 25» біртұтас жер сияқты.  
«ҚА 15, 25» аумағы үлкен кіндігінің қисықтығының азимуты 65

болып келеді. «ҚА 15» жерінің үлкен 
кіндігінің  ұзындығы  27  км,  ал  кішісі  18  км  құрайды.  «ҚА  25»  –  үлкені  60  км  құраса,  кішісі  30  км 
сәйкесінше.   «ҚА 15»  элипісінің   орталығында  с.ш. координаты  45°20'00",  в.д.  66°46'30";  «ҚА 25»  – 
с.ш. 47°14'00", в.д. 66°23'00" болады. 
Бактерия  мен  саңырауқұлақ  изолятын  зерттеп  бөліп  алу  үшін,  бейсимметриялық  екі  метил 
гидразинімен  яғни  БЕМГластанған,  зымыран  тасығыштың  құлаған  аумағындағы  алғашқы  сынықтары 
жатқан топырақ сынамаларын алдық. 
Микроорганизмдерді  бөліп  алуда,  культураны  жинақтау    әдісімен  жұмыс  жасадық.    Культураны 
жинақтау  үшін    Сабуро  (г/л)  қорктік  ортасына  актинобактерияны,  Чапека  қоректік  ортасына 
микромицеттерді  және  Эндо  қоректік  ортасына  энтобактерияларды,  ет-пептоның  агары  (ЕПА)  қоректік 
ортасына  жалпы  микроорганизмдер  қолданылды.  Топырақ  сығындылар  (зерттелетін  жердің  топырақ 
сынамасының  1  граммын  стерилді  дистилденген  100  мл  суға  езеді)  көлемі  0,1  мл  араластырып  қатты 
қоректік  ортаға шпательмен жағады. Петри чашкаларына егілген инокуляттар термостатта 5-7 күн 28°С 
температурада  бақыланады. 
 
Нәтижелер мен талдаулары 
 
«ҚА 15, 25» территориясына мінездеме 
Зерттелетін  телімінің  жалпы  көлемі  мен  шектесіп  жатқан  жерлер  280  мың  га  келеді.  «ҚА15,  25» 
аумағының  зымыран  тасығыштың  құлап  жерді  аударған  бөлігі,  яғни  зерттеуге  бекітілген  ластанған 
көрініс  аумағы  112,2  мың.  га.  Аумақ  Қарсақпай  әкімішілігіне  қарасты,  ал  жалпы  аумақ  «Байқоныр» 
космодромының  зымыран  тасығыштардың  қолдануына  уақытша  берілген.  Жерді  қолдануға,  ауыл 
шаруашылық игерушілікке шектеу қойылмаған (кесте 1). 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы №2(44), 2015 ж. 
 
75
 
Кесте 1 -Қарсақпай ауылына қарасты «ҚА 15, 25» аумақтағы ауыл шаруашылық игерушілігіндегі жер 
көлемі 
 
Нысанның атауы 
Аул шаруашылық игерушіліктің атауы 
Аудан, га 
«ҚА 15, 25» 
Жайылымдар 
Шабындықтар 
Өзге алқаптар 
Барлығы: 
166572 
248 
1030 
167850 
Шектес аумақ 
Жайылым 
Шабындық 
Барлығы: 
 
111304 
846 
112150 
 
 
Барлығы: 
280 000 
 
«ҚА 15» аумағында  шаруашылық-тұрмыстық қолданыс үшін сумен қамту нысандары және 4 қыстау, 
7 шахталық құдықтармен , жерасты суларға деген  1 құбырлы ұңғыма, ал «ҚА 25» аумағында 3 қыстау,    
1 стригальді?? пункт, 12  шахталық құдық және 1 су ұңғымасы орналасқан. 
Зерттелетін аумақтың ауа райы шұғыл континентті болса, шектесетін ауданда да шұғыл континентті, 
кейде  жоғары  термиялық  қамбалармен  сипатталады,  сонымен  қатар  жауын-шашын  аз  түседі.  Жылдық 
орташа ауаның қызуы + 3,6., +4,0° болса, орташа жылдық жауын-шашын 138 мм. 
Жердің экологиялық күйі 
«ҚА 15, 25» жерлерінің ландшафты техногенді  ластануларға түрлі тәсілдермен барынша қарсыласып, 
өзін-өзі тазартумен келеді. Топырақтың үстіңгі қабаты термиялық әсерді, ал техногенезден болатын керек 
емес заттар топыраққа техногендік элементтерді жинақтайды, ол топырақтың құнарлылығын жойып, рН 
ортасын өзгертеді. Топырақтың құрылымын өзгертеді. Топырақтың құрылымы өзгерсе, ол ылғалды ұстау 
қабілетінен айырылады, яғни топырақтың шұғыл ауа мен су режимі өзгереді. 
Жалпы ЗТҚА көптеген құлаған зымыран тасығыштардың қаңқалары жиналып қалған, сонымен қатар 
ракета  жанармайының  компоненті  ауытқушылыққа  ұшыраған  өте  күшті  геохимиялық  гептил  төгілген. 
Осы  зымыран  тасығыштардың  құлау  барысында    РЖК  ауаға  жайылады,  зымыран  тасығыш  жергілікті 
ластау көрінісі жоғары деңгейде болады. Содан кейін жел мен су арқылы жан-жаққа тарап екінші реттік 
регионалды ландшафтың ластануына әкеледі және солтүстік-шығыс аймаққа жақсылап тарайды. 
ЗТҚА  ғылыми-зерттеу  жұмыстары  жүргізіледі,  бірақ  өте  аз  көлемде,  ал  топырақ  детоксикациясы 
практикалық тұрғыдан мүлде зерттелмейді. 
Сол  себептен  аумақты  зерттеу  мен  қалпына  келтіру,  РЖК  гептилмен  ауданның  ластануы  ең  негізгі 
экологиялық  мәселе  болып  табылады.  Осы  мәселелерді  шешу  үшін  іс-шаралар  ұйымдастырып  және  
Қазақстан жерінің бұзылуына технологиялық реаблитациялық жұмыс жасау керек. 
Зымыран тасығыштың құлау аймағындағы (ЗТҚА) топырақты микробиологиялық зерттеу 
Қазіргі 
уақытта 
зымыран 
тасығыштардың 
жанармайы 
төгілген 
топырақ 
грунттарын 
микробиологиялық әдіспен тазарту жұмыстары кенжелеп келеді. 
Бірінші  кезекте  ол  БЕМГ  табиғат  экожүйесіне,  қоршаған  ортаның  трансформация  жолында, 
биологиялық  және  биохимиялық  тұрақтылықта  реакциялық  қабылеттілік  процесінің  өзіндік 
деградациясында    аз  зерттелген    [5,6].  Сонымен  қатар,  қоршаған  ортаны  әртүрлі  ксенобиотиктермен 
токсиканттардан биологиялық тазарту жолы перспективті қолданыс болмақ.  
Жорамалға сүйенсек, бейсимметриялық екі метил гидразин топырақ микрофлорасының бейімделуіне 
және  кейбір  микроорганизмдердің  осы  заттың  утилизациясына  қабілеттілігін  дәлелдеді.  Кейбір  табиғи 
микрофлоралар топырақтың әр үлгісінде өмір сүру қабілеттіліктері сақталған. Мысалы: тізбекті бірліктері 
(сынамаларындағы тізбекті бірліктер СТБ), БЕМГ ортасында биодеградацияға ұшырайды (кесте 2). 
 
Кесте 2 – ЗТҚА топырақ сынамаларындағы тізбекті бірліктер микроорганизмдер саны 
  
№ сынама 
Актинобактериялар 
Микромицеттер 
Энтеробактериялар 
ЕПА 
1 / 6  
6,16×10
5
 
10,32×10
6
 
13,04×10
6
 
1,72×10
5
 
1 / 6  
1,7×10
4
 
0,6×10
4
 


1 / 9  
8,96×10
5
 
10,32×10
6
 
4,88×10
5
 
6,64×10
5
 
1 / 9  
1,27×10
5
 
0,6×10
4
 

-- 
1 / 1 2  
9,6×10
5
 
3,04×10
5
 
5,52×10
5
 
8,48×10
5
 
1 / 1 2  
2,1×10
4
 
0,3×10
4
 

0,4×10
4
 
Түсініктеме: Петри табақшасынының беткі қоректік ортасында екі түрлі тізбек өсе бастады. 

ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая серия «Естественно-географические науки» №2(44), 2015 г. 
 
76
 
1/6 сынамада және 1/9 кое микроскопиялық саңырауқұлақтардың дендеді де,  ал сияқты 1/12 сынамада 
олар  аз  мөлшерлі  санда  болды.  Актинобактерияларда    тізбекті  бірліктер  (СТБ)  саны  барлық  зерттеу 
сынамаларында бірдей тең болады. Энтеробактерияларда тізбекті бірліктер (СТБ)  саны 1/9 и 1/12 (кесте 
2) сынамаларда келтірілгендей әлдеқайда аз болады.  
Қорытынды:  микромицеттер  бөлініп  алынды,  олар  бейсимметриялық  екі  метил  гидразинде 
тұрақтылық  танытып,  токсиканттарға    шыдамсыздықты  энтеробактериялар  айқындады.    «ҚА  15,  25» 
аумағында    топырақ  микрофлоралары    сапалы  да  сандық  құрамынан  микробценозын  құрып, 
бейсимметриялық екі метил гидразинмен ластанғаны анықталды. 
 
1.  Иваненко С.И. Проведение полевых работ при оценке экологических последствий аварии РН «Протон» 5 
июля 1999 г.  // Двойные технологии. – 2000, № 3. – С. 42-44. 
2. Экологические проблемы и риски воздействий ракетно-космической техники на окружающую природную 
среду: справочное пособие. – М.: Изд-во Анкил, 2000. – 640 с. 
3. Коровин Н.В. Гидразины. – М.: Изд-во Химия, 1980. – 272 с. 
4. Жубатов Ж.К., Перменев Ю.Г., Алексеева Д.С. Итоги выполнения работ по Программе «Оценка влияния 
запусков  ракет-носителей  с  космодрома  «Байконур»  на  окружающую  среду»  (на  период  2000-2004  годы) 
//Тезисы докл.  научно-практ. конф. «Итоги выполнения программ по оценке влияния запусков ракет-носителей 
с    космодрома   «Байконур»    на   окружающую    сред    и    здоровье    населения».  – Алматы  - Қарағанды,    2006.        
– С. 41-47. 
5. Пимкин В.Г., Качин В.Г. Методы и средства локализации и обезвреживания КРТ в окружающей среде. – 
СПб.: Изд-во РНЦ «Прикл. химия», 1992. – 184 с. 
6.  Langmark  J.,  Storey  M.V.,  Ashbolt  N.J.,  Stenstrom  T.A.  Features  degradation  of  unsymmetrical 
dimethylhydrazine bymicrobial’sassociation //Appl. Environ. Microbiol. - 2005. - Vol. 71, No. 2. - P. 706-712. 
 
Резюме 
Почвенно-микробиологические исследования районов падения отделяющейся части ракет-носителей 
 
В  данной  работе  исследовано  состояние  почв  районов  падения  ракет-носителей  и  изменения  их  микрофлоры. 
Космодром  «Байқоныр»  (Республика  Казахстан)  арендуется  Россией  для  поэтапного  освоения,  в  частности  для 
вывода  на  орбиту  с  помощью  ракет-носителей  «Протонов».  В  процессе  полета  от  ракет-носителей  отделяются 
некоторые части и падают на территорию Казахстана. Используемое для полетов ракетное топливо содержит гептил 
или несимметричный диметилгидразин (НДМГ). Причем, этот токсикант относится к первому классу опасности по 
воздействию  на  человека,  обладает  сильным  канцерогенным  и  мутагенным  воздействием.  Целью  работы  является 
исследование  состояния  почв  в  районах  падения  ракет-носителей  и  изменения  их  микрофлоры  при  попадании 
токсичного НДМГ. Для исследований почв районов падения отделяющихся частей ракет-носителей (ОЧРН) выбрана 
территория, имеющая название «РП 15, 25» и  расположенная в 50-52 км в юго- и юго-западном направлении от пос. 
Карсакпай  Улытауского  района  Карагандинской  области  РК.  Были  использованы  почвенно-микробиологические 
методы.  Район падения остатков ракет-носителей характеризуется проливами остаточного количества компонентов 
ракетного  топлива  с  формированием  локальных  сильноконтрастных  геохимических  аномалий  гептила.  Во  время 
падения ракет-носителей происходят их взрывы, выбросы паров топлива, разбросы загрязненных фрагментов ракет-
носителей,  тем  самым  создается  высокий  местный  фон  загрязнения.  Затем  путем  ветрового  и  водного  переносов, 
вторичного перераспределения по компонентам ландшафтов происходит формирование регионального загрязнения. 
Отмечено  преобладание  КОЕ  микроскопических  грибов  в  почвенных  образцах,  загрязненных  НДМГ,  которые 
обладали устойчивостью к токсиканту. Наиболее чувствительными к токсичному НДМГ оказались энтеробактерии. 
Качественный  и  количественный  состав  микрофлоры  почв  участка  «РП  15,  25»  показал  изменения  в  структуре 
микробного  педоценоза,  загрязненного  НДМГ.  Таким  образом,  в  статье  показано,  что  эксплуатация  данного  вида 
ракетного топлива (от старта ракет-носителей до их падения на почву) является экологически небезопасной.   
Ключевые слова: ракета-носитель, районов падения,  отделяющихся  частей ракет-носителей, несимметричный 
диметилгидразин, мясо пептонный агар. 
 
Summary 
Soil-microbiological researches of districts of falling of becoming separated from part of rockets-carriers 
 
In hired the state of  soils  of districts of  falling of rockets-medias and change of their microflora is investigational. The 
space center of "Baykonir" (Republic of Kazakhstan) is leased by Russia for the stage-by-stage mastering, in particular for a 
conclusion  on an orbit by means of rockets-carriers (RC)  of "Protons". In the process  of  flight away  from rockets-carriers 
some  parts  move  and  fall  on  territory  of  Kazakhstan.  The  rocket  fuel  used  for  flights  contains  a  heptyl  or  asymmetrical 
dimethylhydrazine  (ADMG).  Thus,  this  behaves  to  A-one  of  danger  on  affecting  man,  possesses  strong  carcinogenic  and 
mutagene influence. The aim of work is research of the state of soils in the districts of falling of rockets-medias and change of 
their microflora at the hit of toxic ADMG. For researches of soils of districts of falling of becoming separated from parts of 
rockets-carriers (BSRC) territory is chosen, having the name "РН 15, 25" and  located in 50-52 kilometres in юго- and south-
west direction fromsat down  Karsakpay of the Ulitau district of the Karaganda area 
Keywords:  rocket  carrier,  districts  of  falling,becoming  separated  from  parts  of  rockets-carriers,  asymmetrical 
dimethylhydrazine, meat is a peptone agar 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы №2(44), 2015 ж. 
 
77
 
ӘОЖ: 612. 055. 
  
КӨЛЕМ ЖӘНЕ УАҚЫТ БОЙЫНША ТЫНЫС КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ ӘРТҮРЛІ 
ЖҮКТЕМЕЛЕР КЕЗІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕРІ 
   
Бабашев А.М. – профессор, Абай атындағы Қаз ҰПУ, Алматы қаласы,  
Татаринова Г.Ш. – доцент, Абай атындағы Қаз ҰПУ, Алматы қаласы, 
Отарова Н. – биология магистры, аға оқытушы,Абай атындағы Қаз ҰПУ 
 
 
Аңдатпа.  Ғылыми  жұмыста  әртүрлі  жүктемелер  кезіндегі  адам  организмі  тыныс  пат-терні  көрсеткіштерінің 
адаптациялық  өзгерістері  зерттелген.  Тыныстың  көлем  мен  уақыт  бойынша  көрсеткіштері  ретінде  басты  алынған 
параметрлері:  өкпе  желденуі,  тыныс  жиілігі,  өкпе  тіршілік  сиымдылығы,  тыныс  көлемі,  дем  алудың  және  дем 
шығарудың  резервтік  көлемі,  дем  алу  мен  дем  шығарудың  ұзақтығы,  инспираторлық  пен  экспираторлық  тыныс 
ағынының  орташа  қарқыны,    сол  сияқты  адам  тынысының  қалыпты  күйлері  мен  дискомфорттық  жағдайлары 
кезндегі күйлері, сонымен қатар  тыныстық және физикалық жүктемелер, тыныс жолына қойылған кедергілер мен 
кедергісіздік жағдайдағы тыныс. Тыныстың паттерні бойынша қаралған көлем мен уақыт бойынша көрсеткіштерінің 
функциялық  жүктемелер  кезіндегі  елеулі  өзгерістерге  ұшырайтыны  көрсетілді.Тыныстың  респираторлық  және 
физикалық  жүктемелер  нәтижесіндегі  тыныстық  дискомфорт  жағдайындағы  көлемдік  пен  уақыт  бойынша 
көрсеткіштері  зерттелді.Тыныс  көлемінің  кедергі  кезіндегі  өсуіне    себеп  тыныс  еттерінің  проприорецептивтік 
белсенділіктерінің  әсері,  ал  өкпе  желденуінің  төмендеуіне  себеп  –  тыныс  кедергілерінен  әсерінен  тыныс  еттерінің 
тіпті тыныш тыныс кезіндегі шаршауы болар деген ой тудырады. 
   Түйін сөздер:  тыныс параметрлері, физикалық, респираторлық кедергілер, паттерн, тыныс дискомфорты. 
 
Зерттеу  жұмысында  тыныстың  респираторлық  және  физикалық  жүктемелер  нәтижесіндегі 
тыныстың  дискомфорты  жағдайындағы  көлемдік  пен  уақыт  бойынша  көрсеткіштері  зерттелді,    бұл 
бүгінгі  күннің  физиологиялық  және  медициналық  ғылымдар  саласындағы  өте  өзекті  де  және  ауыр 
мәселелер қатарында болып отыр. Зерттеуге 19 бен 21 жас аралығындағы 40 кісі қатысты, олар алдын 
– ала эксперименттік жағдайларға таныс және үйретілген. 
Зерттеу  тыныстың  қалыпты  күйінде  және  оның  қосымша  эластикалық  (резистивтік)    кедергілер 
әсерінен  кейінгі  күйінде  жүргізілді.  Тыныс  жолына  инспираторлық  (демалу  кезінде)  және 
экспираторлық  (дем  шығару  кезінде)  су  деңгейімен  салыстырғанда    12  см  л
сек  мөлщердегі 
кедергі  қойылды.  Арнайы  соңғы  жылдары  шығарылған  Спирограф  құралымен  және  оған  қосылған 
тыныс маскасы арқылы, тыныстың көрсеткіштерін зерттедік: V  - өкпе желденуінің минуттық көлемі;   
f    циклдер  саны  мин 
  -  тыныс  жиілігі;    VC(мл)  –  өкпе  тіршілік  сиымдылығы;    VT  (мл)  –  тыныс 
көлемі;    RVI  (мл)  –  дем  алудың  резервтік  көлемі;  RVE(мл)  –  дем  шығарудың  резервтік  көлемі;  
TI(сек)-  дем алу ұзақтығы;      TE(сек) –  дем шығару ұзақтығы;  VT/TI (л сек
) – инспираторлық 
ауа ағынының орташа қарқыны;   VT/TE (л сек
) – экспираторлық ауа ағынының орташа қарқыны. 
Жоғарыда  аталған  физиологиялық  көрсеткіштерді,  әрбір  3  минуттық  интервал  аралығында 
жүктеменің  қуатын  30  вт  –қа    арттыра  отырып,  жылдамдығы  минутына  60  рет  аяқ  педалын  басу 
кезінде  беріп  отырдық.  Осындай  жүктемелер  нәтижесінде  туындаған  тыныс  дискомфорты  (ДДК) 
пайда болғанда зерттелуші арнайы белгі (сигнал) береді, міне, осы ДДК- тыныс дискомфорты пайда 
болғанда барлық физиологиялық көрсеткіштерді түгелдей қайта өлшеп шығамыз. 
   
Зерттеу нәтижелері және оларды талдау 
   Инспираторлық пен экспираторлық кедергілерді беру кезіндегі тыныш тыныс көлемі 610+48 мл- 
ден  640+55  мл  –ге  көтеріледі,  ал  жалпы  өкпе  желденуі  кедергісіз  тыныш  тыныс  күйіндегіден 
төмендейді, яғни ол 8950+360 мл/мин  -тан 8620+250 мл/мин –қа  дейін (р< 0,05) төмен түседі. Тыныс 
көлемінің  кедергі  кезіндегі  өсуіне    себеп  тыныс  еттерінің  проприорецептивтік  белсенділіктерінің 
әсері, ал өкпе желденуінің төмендеуіне себеп – тыныс кедергілерінен әсерінен тыныс еттерінің тіпті 
тыныш тыныс кезіндегі шаршауы болар [1-6]. 
Физикалық жүктеме беру кезіндегі тыныстың көлемі кедергісіз де және кедергімен де анықталды, 
яғни олар сәйкесінше 695+57 мл, және 712+63 мл (р  <0,05)  болатын. Демек, кедергісіз күйінде өкпе 
желденуі  физикалық  жүктеме  әсерінен  елеулі  өседі,  ол  27 800+1040  мл/мин  –қа  (р<0,05)  жетеді,  ал 
кедергі  кезінде  ол  төмен  23 200+1300  мл/мин  (р<  0,05)  болады.  Өкпе  желденуінің  төмендеуіне, 
физикалық  және  респираторлық  жүктемелердің  әсерінен  тыныс  еттерінің  шаршауы  себеп  болады. 
Осындай өзгерістер, инспираторлық пен экспираторлық кедергілер қойылған кезде де, тыныш тыныс 
және  физикалық  жүктеме  беру  кезінде  де,  тыныс дискомфорты  пайда  болғанда  да,  дем  алу  мен  дем 

ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая серия «Естественно-географические науки» №2(44), 2015 г. 
 
78
 
шығару  резервтік  көлемдерінің  өлшемдерінде    де  байқалады.  RVI  –  резервтік  дем    көлемі  қалыпты 
тыныштық тынысы кезінде 1687+127 мл., ал инспираторлық пен экспираторлық кедергілер кезінде ол 
1548+114 мл  - ге дейін төмендейді. 
Жеңіл жұмыс істеу кезінде артериалық қанның газдық құрамы, яғни тыныстың хеморецепциялық 
әсер  алуы  әдетте  аз  өзгереді.Сондықтан  желденудің  әжептеуір  өсуіне  нейрогендік  әсерлер  себеп 
болады.  Нейрогендік  әсерлерге  мидың  супрабульбарлық  бөлімдері,  көбінесе  қыртыстық,  немесе 
жұмыс  еттерінен  келетін  афферентациялық  рецепторлардың  әсерлері  жатады  [1,5,7]  Физикалық 
жүктемелер  беру  кезіндегі  тыныстың  реттелуінде  проприорецепторлық  рецепторлардың  маңызы 
ерекше  жоғары  болатындығы  туралы  көптеген  тәжірибелермен  қолдау  тапқан,  мысалы,  адам  мен 
жануарлардың мұндай әсерлерге желдеткіш (вентиляторлық) реакцияларының болуы көрсетілген [3]. 
Сонымен  қатар  «бұлшық  еттің»  қозғаушысы  (драйвы)  хеморецепторлық  әсерге  жауап  бермейтіні 
белгілі,  дегенмен  хеморецепторлық  әсерден  бөліп  қарауға  да  болмайды,  өйткені  бұлардың  бәрі 
біртұтас  түрде  қызмет  етеді.  Сонымен  қатар  мұндағы  өкпе  желденуінің  күшеюіне  міндетті  түрде 
желдету-перфузиялық  қарым-қатынасты  колдайтын  қанайналымның  күшеюі  байқалады,  немесе 
өкпедегі газайналымының тиімділігі төмендейді [3]. 
Физикалық  жүктеме  тыныс  жиілігін  көтереді,  демек  тыныс  жолына  кедергілер  қойғанда 
физикалық  жүктеменің  тыныс  жиілігіне  әсері  көрінбей  қалады,  ол  әлдеқайда  төмен  күйінде  қалып 
қояды.  Дем  шығару  ұзақтығы  дем  алу  ұзақтығынан  әрдайым артық  (2,50+  0,27  сек  және    1,63+  0,28 
сек)   болады, ал инспираторлық пен экспираторлық кедергілер қойғанда, бұлар сәйкесінше өзгереді, 
дәлірек  айтсақ  теңеседі  (2,07+0,31  сек  және  2,04+0,30  сек),  ал  кедергімен  физикалық  жүктеме 
нәтижесінен  пайда  болған  тыныс  дискомфорты  кезінде,  бұлар  кедергісіз  тыныштық  күйдегі 
мөлшерлерінен төмендейді. Қалыпты еркін тыныс кезінде ТE мен ТI сәйкесінше 0,95+0,15 сек және 
1,27+0,14 сек (р < 0,05 және р < 0,01)  көрсетеді. Резистивтік кедергілердің әсерінен бұл параметрлер, 
сәйкесінше  1,34+0,13  сек  және  1,22+0,07  сек  (р  <0,01)  өзгереді.  Инспираторлық  немесе 
экспираторлық  кедергіні  тыныш  күйіндегі  тыныс  жолына  қойғанда,  инспираторлық  ағынның 
қарқыны  төмендейді  және  экспираторлық  ағын  қарқыны  көтерілуге  бағытталады.  Физикалық 
жүктеме  кедергімен  де,  кедергісіз  де  осы  ағындардың  қарқынын  әдетте  күшейтеді,  ал  резистивтік 
кедергімен  жүктеме  нәтижесінен  пайда  болған  тыныс  дискомфорты  кезінде,  инспираторлық  қарқын 
елеулі  төмендейді,  ал  экспираторлық  ағыны  өзгермейді.  Инспираторлық  пен  экспираторлық 
ағындардың  тыныш    еркін  тынысы  кезіндегі  қарқынның  орташа  мәні  және  қосымша  кедергі  беру 
кезінде  0,51+0,04  л/cсек;  0,24+0,01  л/cек  және  0,45+0,04  л/сек;    0,26+0,02  л/сек    болса,  ал  тыныс 
дискомфорты пайда болғанда, олар cәйкесінше 1,10+0,05 л/сек; 0,81+0,07 л/сек және 0,73+0,05 л/сек 
өзгереді. 
Физикалық  жүктеме  жағдайындағы  тыныс  дискомфорты  пайда  болғанда,  бұл  көрсеткіштердің 
өзгерістері әжептеуір елеулі болып көрінеді. . 
Сырттан қосымша кедергілер нәтижесінде жоғарғы тыныс жолдарында қысым ауытқуы көбейеді, 
яғни  осы  жолдардағы  рецепторлардың  рөлінің  жоғары  екені  туралы  ой  тудырады  [8].  Бірақ  бұл 
жағынан әлі өкпе механорецепторларының рөлі жайында мәліметтер толық шешілмеген, әрі қарама-
қайшылықта [7]. 
Изовентиляторлық және  стеновентиляторлық өзгерістердің  әсерінен болатын тыныстың көлемдік 
пен уақыт бойынша көрсеткіштерінің  елеулі ауытқулары туралы дәлелдемелер  осы зерттеулерімізде 
толық  қолдау  алады.  Оны  тыныс  паттернінің  өзгерулерінен,  тыныс  жиіленуінен,  оның  тереңдігінің 
азаюынан, ал тыныстың сиреленуі, оның тыныс көлемінің көбеюінен, яғни тыныс тереңдігі мен дем 
алу ұзақтығы кері пропорционал өзгеретіндігінен көруге болады. 
Желдену  деңгейінің  тұрақтылығының  негізі  орташа  инспираторлық  ағынның  мөлшерінің 
салыстырмалы  константасында  жатыр  (VT/TI).  Резистивтік  жүктемеде,  әсіресе,  физикалық  пен 
респираторлық жүктемеден туындаған тыныс дискомфорты кезінде паттерн өзгерісі байқалады. 
Дем  алу  мен  дем  шығару  ұзақтығы  арасындағы  қатынас  тұрақты,  олай  болса  тыныс    цикліндегі 
инспираторлық  пен  экспираторлық  тыныс  көлемінің    үлестері  де    тұрақты,  дегенмен  бұлардың 
арақатынасының  үлесі  берілген  жүктемеге  сәйкес  елеулі  өзгеріске  түседі.  Тыныс  көлемінің  көбеюі 
дем  алу  фазасының  қысқаруымен  байланысты  тыныш  күйде  де  және  жұмыс  істеу  кезінде  де 
кездеседі, бірақ бұлар инспираторлық пен экспираторлық жүктемелер кезіндегі  аталған жағдайларда 
да күшейеді. 
Міне, осы механизмдердің нәтижесінде тыныстың көлемдік пен уақыт бойынша көрсеткіштерінің 
үйлесімділігі мен қолайлылығы (оптимальдығы) іске асады деп қорытындылаймыз[9-11]. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы №2(44), 2015 ж. 
 
79
 
Демек  зерттеу  нәтижелері  бойынша  ғылыми-әдістемелік  парақшалар  түрінде  нұсқамалар  жасау 
мүмкіндігі туындайды, әрі тікелей іс жүзінде тыныс жолдары физиологиясы мен патологиясына және 
балалар  мен  жасөспірімдердің  пульмонологиясына  практикалық  ұсыныстармен  шығуға  да  болады 
деп  санаймыз. 
 
1.  Беловский Ю.Ю., Викулин С.В. Адаптация человека к дополнительному респираторному сопротивлению 
в условиях произвольного изменения дыхания// Рос.Мед. Биол. Вестник. – 1997. - № 1-2. – С. 40-47. 
2.  Бреслав И.С., Исаев Г.Г., Миняев В.И. О механизмах ирегуляции дыхания при мышечной деятельности // 
Усп.физиол.наук. – 1979. – Т.10. - №3. – С.87-104. 
3.  Бреслав  И.С.,  Исаев  Г.Г.,  Рымжанов  К.С.  Роль  сенсорной  сферы  в  ограничении  работоспособности 
человека при добавочном сопротивлении дыханию// Известия АН КазССР. Сер.биол. – 1989.-№1. – С.54-58. 
4.  Исаев  Г.Г.,  Бреслав  И.С.,  Рымжанов  К.С.  Роль  сенсорных  компонентов  в  реакциях  респираторной 
системы  человека  на  нарастающие  нагрузки//Физиол.журн.СССР  им.  И.М.Сеченова.  –  1989.-  LXXV.  -  №3.- 
С.367-373. 
5.  Ковтун  Л.Г.,  Кривощенов  С.Г.  Физиологические  реакции  дыхательной  системы  женщин  на 
дополнительное сопротивлении дыханию//Физиология человека.- 1998.-Т.4.- №23.- С.94-99. 
6.  Рымжанов  К.С.  Сенсорные  компоненты  регуляции  дыхания  у  человека  при  функциональных 
нагрузках//Физиол.журн.СССР им.И.М.Сеченова.- 1994.-Т.80.-№3.- С.50-54. 
7.  Gottfried  S.D.  et  all.  Sensation  of  respiratory  force  following  low  servical  spinal  transection//J.App.Physiol.-
1984.-Vol.57.-P.989-994. 
8.  Whipp B.J. Ventilatory control during exercise in humans// Ann.Rev.Physiol.-1983.- Vol.45.- P.393-413. 
9.  Бабашев  А.М.,  Татаринова  Г.Ш.  Оқушылардың  кардио-респираторлық  аппаратын  зерттеу  және 
жаттығулардың  әсері.  Респираторлық  және  үстеме  жұмыс  жағдайындағы  тыныс  паттерндерінің 
өзгерістері// Валеология.-2002.-№3-4.- Б. 3-7. 
10. Рымжанов  К.С.,  Бабашев  А.М.,  Татаринова  Г.Ш.,  Байболатова  Л.М.  Некоторые  показатели 
кардиореспираторной  системы  учащихся  и  оценка  состояния  их  здоровья//Вестник.  Серия  «Естественно-
географические науки»-2003.-№2(4).- С.19-22. 
11. Кауашев С.К., Жұбатов Б., Бабашев А.М. Мектеп оқушыларының кардиореспираторлық аппаратының 
физиологиясына сәйкес денсаулықты бағалау //Валеология. Денсаулық және өмірлік дағдылар. – 2012. - №1. -
41-42 б. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет