Хабаршы жылына 4 рет шығады


арқылы  жастардың  патриоттық



Pdf көрінісі
бет6/25
Дата07.02.2017
өлшемі4,09 Mb.
#3574
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

арқылы  жастардың  патриоттық  сезімін  арттыру  жүйесi  жеткілікті 
дәрежеде  зерттелмеген  деген  тұжырым  жасауға  болады.  Ғалымдардың 
ғылыми  еңбектері  талдап-зерттеп  отырған  мәселенің  әлі  де  болса  толық 
шешімін таппағанын байқатты. Сонымен  қоса бұл еңбектер жүзеге асырылу 
жағынан  жетілдіруді  қажет  етеді.  Өйткені,  көбі  теориялық  тұрғыда 
ұсынылған.  Жастарға  ұлттық  тәрбие  беру,  патриоттылықты  дамыту  сияқты 
мәселелер  олардың  қызығушылығы  мен  сұраныстарына  тығыз  байланысты. 
Еліміздегі жастардың әлеуметтік тәрбиесіне көңіл бөлу мақсатында интернет 
ресурстарындағы  «теріс  қылыққа»  баулитын  жарнамаларды  жою, 
теледидардан әр түрлі елдің салт-дәстүріне дәріптелген адамның сана-сезімін 
улайтын, эмоциялық күйге түсіретін сериялдар мен фильмдерді азайту бүгінгі 
күні  өзекті  мәселеге  айналып  келеді.  Адам  не  көрсе,  соны  істейді.  Ал,  бұл 
фильмдер қандай тәрбие беріп жатыр?! Қазіргі таңда бесіктен белі шықпаған 
баладан  бастап,  ақ  сақалды  аталарымыз  бен  ақ  жаулықты  әжелеріміз  сол 
көкжәшіктің алдында басқа бір елдің уайым-қайғысын үңіле қарап отырады. 
Бұл  болашақ  жастарға  қандай  тәрбие  болмақ?!  Осы  сөзімізге  дәлел  ретінде 
мына бір қазақ бүлдіршіндерінің үндінің діни рәсімдерін еш қаймықпастан өз 
ұлтының  рәсімдеріндей  айна  қатесіз  жасауы  нені  білдіреді  сонда?  Ал, 
Итшаның  өліміне  қайғырып  өз  туысы  өлғандей  егіл-тегіл  болған  мына  ана 
мен  оны  ұялы  телефонға  жазып  алған  баласы  туралы  қандай  ой 
тұжырымдауға болады [9]. 
Егер,  патриоттық  сезімімізді  күшейткіміз  келсе  неге  осындай  әдет-
ғұрып, салт-дәстүрімізді кеңірек насихаттайтын, ұлттық құндылыққа өте бай, 
тіліміз  бен  дінімізді  дәріптейтін  және  ырым-тыйымдарымызды  негізге  ала 
отырып, басқа елдердің кино мотография саласында бәсекеге түсе алатындай 
көрермен  жалықтырмайтын  аса  үлкен  актерлік  шеберліктегі  Отандық 
фильмдер, сериялдар түсірмеске?! Әрине Қазақстанда мүлдем фильм жоқ деп 
айта 
алмаймын, 
бар, 
мәселен, 
«Қара 
шаңырақ», 
«Айналайын», 
«Ағайындылар»,  «Әке  серті»,  «Үй  болу  қиын»,  «Астана  махаббатым  менің» 
т.с.с.  Алайда,  үндінің  «Келін»,  «Уәде  беремін»,  «Қыз  ғұмыры»  т.б,  түріктің 
«Дениз»,  «Сулейман  великолепный»,  «1001  түн»  т.б,  қытайдың,  корейдің 
«Жумонг»,  «Емші  Хожун»,  «Құбылай  хан»    тағы  сол  сияқты  таң  ғажайып 
әсерлі  де,  жағымды  адам  жүрегін  баурап  алып,  солардың  өмірін,  салт-

 
 
 
 
 
 
 
               
Хабаршы №3-2015ж.  
 
 
51 
дәстүрін  ойлап  қайғыратындай,  кинолар  қазақ  фильмдеріне  қарағанда  әлде–
қайда  жоғары  көрерменге  ие.  Бұндай  көрермен  жинау  үшін  де  қажырлы 
еңбек пен осы саланың тыңғылықты зерттелуі керек. 
Бүгінгі  күні  еліміздің  «ОТАУ  ТВ»  жерсеріктік  телевидиниясында  
ұлттық  –  45  канал  бар.  Отандық  арналарымызды  зерттей  келе:  шоу 
бағдарламалар,  деректі  фильмдер  мен  жаңалықтарды  былай  қойғанда, 
Отандық  «Қара  шаңырақ»,  «Ағайындылар»,  «Айналайын»  т.с.с.  қазақ 
менталитетіне сай тәрбиелеп, мінез-құлықты дәріптейтін тек бірен-саран ғана 
фильмдер  көрсетіледі.  Қалғандары  шет  ел  кино  туындылары.  Жер  көлемі 
бойынша  әлемде  9  орын  алатын,  табиғаты  бай,  Менделеев  кестесіндегі 
барлық  элемент  қамтылған,  батыр-бахадүр-билері  де,  ұлықтауға  тұрарлық 
тарихы  да  бар  киелі  жерде  кино  саласының  үздік  туындыларын  осындай 
дәрежеде  шығару  өте  аз  көрсеткіш  екені  айтпаса  да  түсінікті.  Сондықтан, 
Отандық  кино  саласына  үлкен  өзгерістер  мен  толықтырулар  керек  болып 
отыр.  Ата-әжелерімізбен,  отбасымызбен  өзге  ұлт  емес,  өз  еліміздің  уайым-
қайғысын ойлап, соны тағы да көруге асығатын, мақтауға  лайық туындылар 
шығаруымыз  қажет.  Мәселенің  өзектілігі  де  осында.  Мәдени-тынығу 
жұмысы  (МТЖ)  арқылы  жастарды  патриоттыққа  тәрбиелеу  қазіргі 
Қазақстанның  әлеуметтік-мәдени  хал-жағдайына  аса  қажетті  болып  отыр. 
МТЖ  жастармен  байланыстырудың  бірден  бір  себебі  -  жалпы  адамның  бос 
уақытын  тиімді  ұйымдастыруды  зерттейтін  ғылым  саласы.  Бос  уақыт-  
адамның  немесе  тұлғаның  жеке,    физикалық,      рухани    және  әлеуметтік 
қажеттіліктерін  қанағаттандыруға  арналған  жұмыстан  тыс  уақыт  бөлігі  [10]. 
Яғни,  адам  өмірінің  тынығатын,  демалатын,  кино  көруге,  ойын-сауыққа 
баратын,  қызығушылықтарын  қанағаттандыратын  негізгі  бөлігі.  Сондықтан, 
жастардың  бос  уақытын  тиімді  пайдалануға  басты  назар  аударуымыз  керек. 
Өйткені,  жоғарыдағы  «керіағар»  қылықтарды  жаттап  өскен  ұрпақтарымыз 
ертеңгі күні елдің  ата-анасы болғанда қандай тәрбие бермек?! Бұл сұрақ тағы 
да  зерттеуді,  ізденісті  қажет  ететіндігі  анық.  Егер  де,  аталған  мәселе 
мемлекеттік  деңгейде  қолға  алынып,  жастардың  МТЖ  айрықша  көңіл 
бөлінетін болса, патриоттылыққа тәрбиелеудің жаңаша әрі ауқымды тәсілдері 
құрылар еді.  
Ғылыми  жұмысымыздың  деректерін  сараптай  келе  ұққанымыз:  оқу 
орындарында  патриотизмге  тәрбиелеу  саласы  ғылыми  негізделген  мәдени-
тұрғыдағы  белсенді  бағдарламаға  мұқтаж.  Жастардың  патриоттық  сезімін 
мәдени-тынығу 
жұмысы 
арқылы 
арттыру 
бағытында 
отандық 
ғалымдарымыздың  арнайы  оқулық  немесе  әдістеме  нұсқаулық,  бағдарлама 
ретінде еңбекттері аз, тіпті жоқ десе де қате болмайды. Бұл тақырыбымыздың 
маңыздылығын  зерттей  келе  жинақталған  декертер  барысында  шет  ел 
ғалымдарының еңбектеріне талдау жасалды. Халқымыздың ұлы ақыны Абай 
Құнабайұлы  «Ғылым  іздесең  орыстан  үйрен»  деген  даналық  сөздерін  бекер 
айтпаса  керек.  Ресей  ғалымдары  Н.В.Боброва,  А.В.Фатов,  К.Г.Елемин, 
А.Е.Корупаев, 
О.И.Горбунова, 
А.Н.Вырщинов, 
О.А.Аристархова, 
М.Б.Кусмарцев  өз  еңбектерінде  патриоттық  тәрбиені  мәдени-тынығу 
жұмысымен тығыз байланыстырған.  
Мәселен,  Н.В.Боброва  «Гражданско–патриотическое  воспитание 
средствами социально-культурной деятельности» деген ғылыми мақаласында 

 
 
 
 
 
 
 
               
Хабаршы №3-2015ж.  
 
 
52 
әлеуметтік-мәдени бағытта жастарды патриоттылыққа тәрбиелеудің маңызын 
ашып,  жас  ұрпақтың  түсінігіндегі  патриоттылық  тұжырымдасмасын 
зерттеген. 
  К.Г.Елеминнің «Развитие лидерских качеств молодежи в студенческих 
отрядах  средствами  социально-культурной  деятельности»    атты  ғылыми 
еңбегінде  әлеуметтік-мәдени  салада  көшбасшылық  қабілеттерді  дамытудың 
жолдарын  зерттеп,  осы  салада  көшбасшылық  қасиетті  дамытудың  жүйесін 
жасаған.  
Ал,  А.Н.Вырщинов  пен  М.Б.Кусмарцев  «Патриотическое  воспитание 
молодёжи  в  современном  Российском  обществе»  деген  ғылыми  зерттеу 
жобасында  негізгі  патриоттылық  анықтамасын  талдап,  тарихына  көңіл  бөлу 
арқылы  келешек  жастарды  тәрбиелеудің  МТЖ  бағытындағы  формаларын 
ұсынған.  
А.В.Фатовтың 
әлеуметтік-мәдениет 
саласы 
арқылы 
жастарды 
тәрбиелеуге көңіл бөліп, жастардың негізгі қызығушылықтары мен бос уақыт 
жағдайын  зерттеп,    сипаттаған  «Социальное  воспитание  студенческой 
молодежи  в  культурно-досуговой  деятельности»  атты  еңбегінде  тілге  тиек 
етуге болады [11, 282-411 б.].  
Аталған зерттеу жұмыстарын саралай келе, осы сияқты ғылыми зерттеу 
жұмыстарының  қазақ  тілінде  зерттеу  ауқымын  кеңейту  керектігі  байқалды. 
Тақырыптың  тек  шет  елдерде  егжей-тегжейлі,  теориялық  және  тәжірибелік 
бағытта  зерттелуі,  мәселенің  біздің  Отанымызда  әлі  де  болса  өзекті  екенін 
түсіндіреді.  
Сондықтан  да  студенттердің  оқу-тәрбие  процесінде  жастардың 
патриоттылық  құндылықтарын  арттыру  мақсатын  мәдени-тынығу  жұмысы 
арқылы жүргізу зерттеуіміздің өзектілігін айқындайды.  
Аталған  қайшылықтың  шешімін  табу  үшін  зерттеуіміздің  тақырыбын 
«Мәдени-тынығу  жұмысы  арқылы  жастардың  патриоттық  сезімін 
арттыру» деп таңдауымызға негіз болды.  
Еліміздің  көркейіп,  өркениетті  елдер  қатарына  қосылып,  халықаралық 
деңгейге  шығуы  бүгінгі  ұрпақ  бейнесімен  көрінеді.  Рухани  тәрбиемен 
нұрланбаған  жас  өзінің  алған  білімін  қара  басының  пайдасына  жұмсап,  өз 
мүддесін ғана ойласа, онда ол ешқашан елінің өркендеуі мен дамуына өзінің 
сүбелі  үлесін  қоса  алмайды.  Сондықтан  да  ұстаздар,  ата-аналар 
жастарымыздың  бойына  адамгершілік,  ізгі  қасиеттерді  қалыптастырып, 
сіңіртіп, өзінің Отанына адал азамат етіп тәрбиелеуіміз қажет [12, 8 б.]. «Өзге 
елдің  сұлтаны  болғанша,  өз  еліңнің  ұлтаны  бол»  деген,  мақалдан-ақ  
жоғарыдағы  пікірдің  астарын  ашуға  болады.  Тәрбиесіз  берілген  білім,  білім 
болмайтыны  хақ.  Студент  жастардың  патриоттық  сезімін  арттыру 
формаларын  білім  беру,  тәрбиелеу,  спорт  және  басқа  да  салалар  арқылы 
жүзеге  асырып  келе  жатқан  М.Өтемісов  атындағы  Батыс  Қазақстан 
мемелекеттік университеті ұжымының еңбегін ерекше атап өтуге болады.  
М.  Өтемісов  атындағы  Батыс  Қазақстан  мемлекеттік  университеті  – 
1932 жылы қабырғасы қаланған, еліміздің батыс аймағындағы ең ірі жоғары 
оқу  орындарының  бірі.  Университетіміз  инновациялық  білім  беру  жолдары 
толықтай меңгерілген, бай кітапханасы бар,  білімді де білікті профессорлық-
оқытушылар  құрамымен  Қазақстанға  әйгілі  оқу  орны.  Өскелең  ұрпаққа 

 
 
 
 
 
 
 
               
Хабаршы №3-2015ж.  
 
 
53 
сапалы  білім,  саналы  тәрбие  беруде  бойларындағы  қабілет-қайратын 
аянбаған  ұжым  қызметкерлері  алдыңғы  сатыға  тәрбие  мәселесін  қояды. 
Университетімізде  студенттермен  мәдени,  тәрбиелік,  эстетикалық  тұрғыдан 
тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейтін тәрбие жұмысы және жастар саясаты 
жөніндегі  проректор,  тәрбие  ісі  жөніндегі  бөлім,  студенттердің 
шығармашылық  қабілеттерінің  артуына  ықпал  ететін,  тәрбиелік  маңызы  зор 
іс-шараларды  ұйымдастыруда  жұмыстанатын  мәдени-демалыс  жұмысы 
жетекшісі, студенттердің бос уақыттарын тиімді пайдаланып, салауатты өмір 
салтын  қалыптастыруы  үшін  спортклуб,  түрлі  шығармашылық,  зияткерлік 
үйірмелер,  жетекші  кураторлар  және  2005  жылы  университеттің  басқару 
құрылымына  енгізілген  жастар  даму  орталығы  (студенттік  өзін-өзі  басқару 
бөлімі)  бар.  Жастар  даму  орталығында  жұмыс  істейтін  студент-жастар 
университеттегі  басқару  үрдісіне  қатысып,  оқу,  ғылым  және  тәрбие  ісіне 
байланысты  шаралар  тізбегінде  жұмыстанып  келеді  [13,  8  б.].  Зерттеу 
жұмысымыздың  барысында  биылғы  оқу  жылы  университетте  патриоттық 
сезімді арттыру бағытында өткізілген іс-шараларға талдау жасадық. Алынған 
деректер бойынша 2014-2015 оқу жылының қыркүйек-сәуір айы аралығында 
төмендегідей шаралар өткізілген:  
1.
 
«Ата заң- жастар бастамаларының қолдау кепілі».дөңгелек үстел. 
2.
 
«Қазақ  поэзиясындағы  А.Бақтыгереева»  кеші.  Ғылыми-тәжірибелік 
конференция. 
3.
 
Жастардың патриоттық форумы 
4.
 
«Жасыл ел», СҚЖ жұмыстарының ІІІ-семестірінің жабылу салтанаты. 
5.
 
Тұңғыш Президент күніне орай республикалық дебат. 
6.
 
Тәуелсіздік күніне арналған концерт. 
7.
 
Ұлы  жеңіс  70  жылдығына  орай  университет  оқытушылар  мен 
қызметкерлері арасында спартакияда. т.б  
Мәдениет  және  өнер  факультетінің  студенттік  деканатынан  және  аға 
оқытушы,  магистр  Г.Е.Жұмағалиевадан  алынған  мәліметтер  бойынша: 
«Талант-2014», «Бір ел-бір халық-бір болашақ» атты  ҚХ Ассамблеясына 20 
жыл  толуына  орай  фестиваль  өткізілген,  «Студент  жастардың  мәдени-
шығармашылық  қабілетін  дамытудың  жаңа  технологиясы»  ғылыми  
тәжірибелік  айлық  ұйымдастырылған  т.с.с.  Жоғарыда  аталған  деректер  
жалпы  патриоттылық  бағытты  қамтығанымен,  нағыз  патриоттық  сезімді 
арттыруға арналған шаралары өте аз болып отыр.  Себебі: Ассамблея аясында 
өткізілген  шаралар,  бірінші  кезекте  өзге  ұлт  өкілдерін  сыйлау, 
толеранттылыққа  баулуды  көздейді.  Ал,  конференция  мен  ғылыми-
тәжірибелік  айлықтар  жастарды  ғылыми  бағытта  жетілдіруге  арналған. 
«Талант-2014»,  «8-наурыз»  т.б  концерттер  –  студенттердің  шығармашылық 
қабілеттерін анықтап, өнерлерін шыңдауға бағытталған. Спартакиядалар мен 
түрлі  спорттық  жарыстар  салауатты  өмір  салтын  қалыптастыруға  арналған.  
Зерттеу  жұмысымызды  талдай  келе,  осы  жыл  ішінде  Тәуелсіздік  күніне 
арналған концерт, Тұңғыш Президент күніне орай республикалық дебат, Ата-
заң  жастар  бастамаларына  қолдау  кепілі  дөңгелек  үстел  т.с.с    бірнеше 
шаралар патриоттылықты арттыруға бағытталған. 1 жыл көлеміне өткізілген 
шараларға  сараптама  жасай  келе,  БҚМУ  да  күндізгі  бөлімде  4000-нан  аса 
студент білім алатын болса, аталған шараларды әлі де болса көбейтудің реті 

 
 
 
 
 
 
 
               
Хабаршы №3-2015ж.  
 
 
54 
бар  екендігіне  көз  жеткізуге  болады.  Осыдан,  мәдени-тынығу  бағытындағы 
аудиториядан  тыс  шаралар  арқылы  жастарды  патриоттылыққа  тәрбиелеу, 
рухани құндылықтарын байыту мәселесі тәжірибелік зерттеулерді әлі де кең 
көлемде қажет ететіндігінің тағы бір дәлелін көруге болады.  
Жастардың,  әсіресе,  студенттердің  патриоттық  сезімін  арттыру 
бағыттары бойынша төмендегідей МТЖ формаларын өткізуді ұсынамыз:  

 
Әңгіме,  патриоттық  бағыттағы  ғылыми  конференциялар,  сыныптық 
сағаттар; 

 
Салтанатты  жиындар,  «Ерлік,  Отан  қорғау,  Ескерткіштер»  т.б 
тақырыбында дәрістер;  

 
Экскурсия,  ұлттық  құндылықтар  сақталған  мұражайлар  мен 
ескерткіштерге  саяхат  жасау,  патриоттық  тәсілдегі  ойындар,  тарихи 
мекендерге, жерлерге және соғыс ескерткіштеріне саяхат жасау;  

 
Шерулер, патриоттық әндер, спорттық ойындар; 

 
Патриоттық бағыттағы фильмдер, видеолар көру және оған түсіндіру 
жұмыстарын жүргізу;   

 
Конкурстар, мерекелер, Виктариналар; 

 
Рөлдерде ойнау, театрландырылған қойылымдар, жағдаяттарды шеше 
білу; 

 
жобалар жасау, модельдеу; 

 
ҰОС  ардагерлерімен  кездесулер  ұйымдастыру,  танымал  адамдармен 
кездеслер ұйымдастыру; 

 
тест, сұрақ-жауаптар жүргізу, тренингтер өткізу; 

 
азаматтық-патриоттық тәрбие туралы кітаптарды презентациялау; 

 
әлеуметтік акциялар; 

 
 шоу бағдарламалар, концерттік бағдарламалар; 

 
дебаттар, жарыстар және т.б. 
Аталған бағыттар бойынша мәдени-тынығу жұмысы арқылы жастардың 
патриоттық сезімін аттыру үшін зерттеу жұмысымызды қарастыра келе МТЖ 
формаларына көңіл бөлдік.  
№1 суретке назар аударыңыз: 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
№1 сурет. 
 

 
 
 
 
 
 
 
               
Хабаршы №3-2015ж.  
 
 
55 
МТЖ  кез-келген  формасы  арқылы  патриоттылыққа  тәрбиелеудің 
жобасын жасауға болады. 
-  кино,  режиссура  саласында  бір  немесе  бірнеше  фильм  түсіруге 
болады.  Оның  ішінде  студенттер  арасында  жарыс  ұйымдастырып,  «Мен 
елімнің  болашағымын»,  «Біздің  университет»,  «Қазақтың  патриоттары»  т.б 
тақырыптарында кино немесе шағын видео ролик түсіру; 
- МТЖ мамандарымен бірлесе отырып, «Менің елім», «Қазақ жастары», 
«Туған жер» т.с.с шоу бағдарлама, концерттер ұйымдастыру; 
- студенттердің қызығулышықтарын қанағаттандырып, әсерлі көңіл күй 
сыйлайтын  «Ел  ертеңі  жас  ұрпақ»,  «Біз  елімізге  қалай  үлес  қосамыз?», 
«Жастарды  не  қызықтырады?»,  «Мен  көшбасшымын»,  т.б    ойын,  дебат, 
тренингтер  ұйымдастыру; 
-  қызықты,  маңызды,  патриоттылықты  дәріптейтін,  теартландырылған 
көркем қойылымдар және спорттық көңілді шаралар ұйымдастыру;  

Қазақстан  Республикасыда  көп  ескерілмей  жүрген  мәдени 
қызметкерлер күні, Отан қорғаушылар күні, Құрылысшылар күні, мұғалімдер 
күні т.б күндерге мерекелік, рәсімдік іс-шаралар мен акциялар ұйымдастыру
-  жастар  қызығушылығына  орай  би  кешін,  демалыс  кештерін 
ұйымдастыру. Жай ғана би емес, бір күн ұлттық әндерге, «Музарт» әндеріне, 
бір күн «Кешю» тобының әндеріне, бір күн «Ринго» әндеріне билейтін болса, 
онда қосымша қазақ топтарын танып, олардың әндерін естіп пайдалы ақпарат 
алар  еді.  Өйткені,  қазіргі  таңда  дискотекада  шет  ел  музыкалары  ғана 
ойнатылады. 
Аталған  формалардың  ішінде  жастардың  патриоттық  сезімін  арттыру 
бағытында  тақырыптық  кештер  және  кездесулер  арқылы    МТЖ 
ұйымдастыруға кеңірек тоқталдық. 
Бұл  форманы  кеңірек  қозғаудың  бірден-бір  себебі:  жастардың 
қызығушылығында.  Қазіргі  жастар  іш  пыстыратын  жиындар  мен  дәріс, 
жиналыстардан  көрі,  танымал  тұлғалармен  кездесуді,  олармен  фотосуретке 
түсуді,  сұхбаттасуды  қалайды.  Жастардың  бұл  талап-тілектері  қазіргі  таңда 
ескерусіз  қалуда.  Мысалы:  ҚР  туын  көкке  көтеріп  жүрген  спортшылар, 
әншілер,  әзіл  –  сқақшылар,  жайдарманшылар,  ақындар,  жазушылар, 
суретшілер  және  т.б.  Бір  сөзбен  айтқанда  ісінен  үлгі  аларлықтай  танымал 
бұқара  халықтың  көңілінен  шыққан  мәдениет,  қоғам  қайраткерлері.  Бұл 
МТЖ формасын төмендегі тақырып бойынша жүзеге асыруға болады:  
«Жарқыраған  Қазақ  Жұлдыздары»,  «Ел  мақтанышы»,  «Танымал 
есімдер»,  «Өнер  жанашыры»,  «Жұлдызбен  жүздесу»,  т.б  тақырыптық  кеш 
немесе  кездесу  ұйымдастыру.  Кездесу  барысында  мына  әдістерді  қолдануға 
болады:  кейіпкердің  өмір  жолына  шолу  жасау,  қызықты  оқиға,  сұхбаттасу, 
қазақ  елі  туралы  өз  ойын  ортаға  салу,  ойын  бағдарлама,  қорытынды 
(шығарма, туынды, ән, би), студенттермен естелік фототүсірілім өткізу, т.с.с.   
Нәтижесінде: 

 
жастардың рухани байлығы артады;  

 
танымал тұлғалар туралы толығырақ ақпарат жинайды  

 
болсам деп талпыну, ұмтылыс, арман мақсаттарға бағыт береді;  

 
өз  еліне  деген  сүйіспеншілігі  қалыптасып,  патриоттылық  сезімі 
артады.  

 
 
 
 
 
 
 
               
Хабаршы №3-2015ж.  
 
 
56 
Егер,  жоғарыда  аталған  МТЖ  формаларының  бірқатар  шараларын  іс-
жүзінде  жүзеге  асырылатын  болсақ,  жастардың  патриоттық  деңгейі  біз 
ойлағаннан әлде-қайда жоғарғы деңгейге жетеді. Зерттеп отырған мәселемізді 
нәтижелі  жұмысқа  айналдыру  мақсатында  болашақта  МТЖ-ның  бүкіл 
формасында  дамыту  жоспарлары  жасалып,  ізденістер  мен  толықтырулар 
енгізіледі.    МТЖ  арқылы  жастардың  патриоттық  сезімін  арттыру  атты 
арнайы  әдістемелік  құрал  жасау,  жоғары  деңгейде  практикалық  жағынан 
жүзеге асыру бағытында зерттеу жұмыстары жүргізіледі.  
 
Әдебиеттер: 
1.
 
Ә. Дербісәлі. Жұма мінбері − «Дін және Отан». Көкжиек баспасы –2012 
ж. –15 бет. 
2.
 
http//kshg.kz/kz/content/bastauysh-synyptarda-patriottyk-trbie-berudin-
ozektiligi. 
3.
 
www.bsh.kz/news/2012-10/8/ 
4.
 
Қазақстан  Республикасы  «Білім  туралы»  Заңы  −  «Егемен  Қазақстан»  // 
2007 ж. 
5.
 
Саяси түсіндірме сөздік – Алматы. – 2007 ж. 
6.
 
А.Н.  Вырщиков,  М.Б.  Кусмарцев  −  Патриотические  воспитание 
молодёжый в современном российском обществе. – Волгорград. – 2006 г. 
7.
 
http://vk.com/video?z=video214817648_171422462%2Falbum280506093 
8.
 
 Орысша-қазақша түсіндірме сөздік – Павлодар. 

  «ЭКО»ҒӨФ. 2006. 
 
9.
 
Россия  в  переломные  периоды  истории:  научные  проблемы  и  вопросы 
гражданско-патриотического  воспитания  молодежи.  Сборник  материалов.  //  2012 
г.  
10.
 
М.И.Исатаев. Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы. // Өркен. №11(837) – 2008ж. 
11.
 
Т.М.  Даришева.  Формирование  Казахстанского  патриотизма  студента 
как коспонент воспитательной работы вуза.  
12.
 
 Россия  в  переломные  периоды  истории:  научные  проблемы  и  вопросы 
гражданско-патриотического  воспитания  молодежи.  −  Сборник  материалов  // 
2012г. – 282 с. 
13.
 
М.И.  Исатаев.  МТЖ  негізгі  формалары.  (дәріс).  −  Бос  уақытты 
ұйымдастырудың көркемдік педагогикалық әдістемесі. 
 
Исатаев М.И. Зинелова Т. 
Повышение патриотического чувста молодежи через культурно-досуговую 
работу 
В  данной  статье  рассматриваются  методы  повышение  патриотического 
чувста у молодежи
 
через реализацию культурно-досуговой работы. 
Ключевые 
слова: 
образование, 
воспитание, 
процесс, 
патриотизм, 
этнопедагогика,    культурно-досуговая  работа,  фильмы,  шоу  программы,  концерт, 
шествие, конкурс, игры. 
 
Issatayev M.I., Zinelova T. 
Improving patriotic feelings of youth through cultural and leisure activities 
This article describes how to increase the patriotic feelings of young people through 
the implementation of cultural and leisure activities. 
Key  words:  education,  process,  patriotism,  ethnopedagogics,  cultural  and  leisure 
activities, films, show programmes, concert, parade, competition, games. 
 
*** 

 
 
 
 
 
 
 
               
Хабаршы №3-2015ж.  
 
 
57 
 
 
ӘОЖ: 517.95, 372.85 
Калимбетов Б.Т. − ф.-м.ғ.д., доцент 
Х.А.Ясауи атындағы ХҚТУ 
E-mail: bkalimbetov@mail.ru 
Сапаков Д.А. − Х.А.Ясауи атындағы ХҚТУ 
PhD докторанті 
E-mail: sapakov1986@mail.ru 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет