Хабаршы тарих жəне саяси-əлеуметтік



Pdf көрінісі
бет14/50
Дата06.03.2017
өлшемі3,91 Mb.
#8501
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   50

 
Резюме 
Политические и дипломатические связи Золотой Орды в 80-е гг. ХІV в. 
К.Т. Жумагулов – Казахский Национальный университет имени аль-Фараби,  
доктор исторических наук, профессор 
Н.Т. Абдимомынов – Таразский инновационно-гуманитарный университет, доктор философии (PhD
В  статье  исследуются  политические  и  дипломатические  связи  Золотой  Орды  времен  правления  хана 
Токтамыша, после того как Золотая Орда восстановила свою силу и мощь, пережив ряд политических потрясе-
ний  в  60-70-е  гг.  ХІV  века.  В  связи  с  этим  проведен  обобщенный  анализ  политических  взаимоотношений 
Золотой Орды с Литвой, Польшей, государством мамлюков в Египте, противостояния Токтамыша и Тимура, с 
целью  восстановить  политическое  влияние  Золотой  Орды  на  мировой  арене.  Важность  данного  исследования 
заключается  в  том,  что  авторами,  для  выявления  общей  тенденции  во  внешней  политике  Золотой  Орды, 
рассмотрены в совокупности арабско-персидские, европейские источники, источники  из  трудов официальных 
историков Амира Тимура. 
Ключевые  слова:  Золотая  Орда,  Токтамыш,  Восточная  Европа,  государства  мамлюков  Египта,  империя 
Тимура. 
Summary 
Political and diplomatic relations of the Golden Horde in the 80s of the xіv century 
K.T. Zhumagulov – al-Farabi Kazakh National University, Dr. Professor 
N.T. Abdimomynov – Taraz University of Innovation and Humanities, PhD 
The  article  examines  the  Political  and  diplomatic  relations  of  the  Golden  Horde  during  the    reign  of  Khan 
Toktamysh  after  the  Golden  Horde  had  regained  its  strength  and  power,  after  having  experienced  political  turmoil  of 
60-70s in the XIV century. Therefore, a generalized  analysis of political relations of the Golden Horde with  Lithuania, 
Poland, the Mamlyuk state in Egypt, Toktamysh and Timur opposition, in order to restore the political influence of the 
Golden Horde in the world, is conducted. The importance of this study lies in the fact that the authors accumulated  the 
Arab-Persian,  European  sources,  sources  from  the  works  of  official  historians  of  Amir  Timur  in  order  to  identify 
common trends in the foreign policy of the Golden Horde.  
Key words: The Golden Horde, Toktamysh, Eastern Europe, Mamlyuk States of Egypt, the empire of Tamerlan. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3 (50), 2016 г. 
88 
ƏОЖ 327 (091) (4/5) 
 
ЕУРАЗИЯ ОДАҒЫ ЖАҺАНДЫҚ ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ТРЕНД РЕТІНДЕ: 
ГЕОЭКОНОМИКАЛЫҚ, ГЕОСАЯСИ ӨЛШЕМДЕРІ 
 
Калиева Е.Т. – Абай атындағы  аз ПУ ?лем тарихы кафедрасыны  доценті, т.ғ.к.,  
аза<стан Республикасы, Алматы <. E-mail: eleuhan@mail.ru 
 
Мақалада  Еуразиялық  Одақтың  құрылу  себептері  жəне  посткеңестік  мемлекеттер  арасындағы  интеграция-
лық  үрдістің  негізгі  аспектілері  қарастырлады.  Қазіргі  таңдағы  еуразияшылдық  идеяның  теориялық-əдісна-
малық  негізі,  посткеңестік  кеңістіктегі  еуразиялық  интеграциялық  геосаяси  жобалар  жəне  олардың  өзекті 
мəселелері қарастырылады. 
2015  жылдың  1  қаңтарынан  əлемнің  геосаяси  картасында  жаңа  мемлекетаралық  нтеграциялық  ұйым  пайда 
болды - Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО), Беларус, Қазақстан мемлекеттерін, Ресей Федераиясын бірік-
тіруші.  Жыл  ішінде  ЕАЭО  екі  жаңа  мүшеге  толықты:  Армения  мен  Қырғызстан  мемлекеттеріне.  ЕАЭО  – 
əлеуметтік-экономикалық  зерттеулердің  жаңа  объектісі  ретінде,сондықтан  оның  құрылуы  мен  функциялану 
ерекшеліктерін оқу, əлемнің жаһандану процесіндегі орнын білу үлкен ғылыми қызығушылықтар туғызады.  
Мақала  геосаясат  жəне  аймақтық  интеграция,  халықаралық  қатынастар  мəселелерінде  оқу-əдістемелік, 
ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолдануға болады. 
Түйін  сөздер:  интеграция,  дезинтеграция,  Еуразиялық  Одақ,  ұлттық  мемлекет,  евразиялық  интеграция, 
Н.А.Назарбаев, ЕврАзЭС, Кеден одағы, Бірыңғай экономикалық кеңістік. 
 
Көптеген эксперттердің көрсетуінше жаһандық деңгейде екі тұрақты полюс қалыптасу үстінде – 
дəстүрлі  Батысты  (АҚШ  пен  Еуропа)  біріктірген  Еуроатлантикалық  полис,  жəне  əлемдік  аренаға 
қайта  оралу  үстіндегі  ұлы  державалар  Қытай,  Үндістан,  Ресей  басты  рөл  атқаратын  Евразиялық  
полис.  Дегенмен,  Евразияның  бірігуіне  ұлы  державалардың  геосаясаты  ғана  əсер  етіп  отырған  жоқ 
(бұл  мемлекеттер  арасында  қақтығыстар  мен  ынтымақтастық  тепе-теңдігі  қашан  да  болғаны  анық), 
сонымен қатар экономика да басты себеп болып отыр[1]. Жаңа сауда жолдарының пайда болуы, жаңа 
экономикалық  одақтардың  пайда  болуы,  тауар,  капитал,  адамдардың  ағынының  ұлғаюы  –  міне, 
осылар Еуразияны жаңа сапалық негізде бірігуіне  əкелді.  
Ендеше, біз бүгін қарастырайық деп отырған Еуразия  кеңістігінде қандай интеграциялық үрдістер 
жүріп жатыр жəне олардың осы аймақтағы өзекті мəселелерді шешудегі ролі қандай деген сұрақтар 
төңірегінде  болмақ. Шын  мəнінде  Еуразиядағы қалыптасқан  геосаяси  жəне  экономикалық қатынас-
тарды  қайта  құру  қажеттігі  анық.  Себебі  ТМД  іс  жүзінде  өз  функциясын  жоғалтты  деп  айтса  да 
болады. 
Посткеңестік    елдері  арасындағы  интеграциялық    үрдістердің  даму  хронологиясын  келесідей 
сипаттауға болады 
1. Экономикалық одақ құру туралы Келісім-шарт, 1993ж., (ТМД-ның 11 мемлекеті). 
2. Еркін сауда аймағын құру туралы келіссөз, 1994ж., сəуір  (ТМД мемлекеттері). 
3. Кедендік одақ келіссөз, 1995ж., қаңтар (Беларусь, Қазақстан, Ресей). 
4.  Интеграцияны  экономикалық  жəне  гуманитарлық  аймақтарда  тереңдету  туралы  келісім-шарт 
1996 ж., наурыз (Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей). 
5. Тауар, қызмет, еңбек жəне капиталдың ортақ нарығын құрудың бағыттары туралы шешім, 1997 
ж., қазан (Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей). 
6.  Кедендік  одақ  жəне  ортақ  экономикалық  кеңістік  құру  туралы  келісім-шарт,  1999  ж.,  ақпан 
(Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тəжікстан). 
7.  ЕурАзЭҚ  құру  Келісім-шарт,  2000  ж.,  қазан  Астана,  (Беларусь,  Қазақстан,  Қырғызстан,  Ресей, 
Тəжікстан). 
8. Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы 1994 ж. наурыздағы Қазақстан Республикасының 
Президенті Н.Назарбаевтың ЕАО идеясының өміршендігін көрсетті.  
Еуразия аймағындағы интеграциялық үрдіске əсер ететін сыртқы жəне ішкі факторларларға тоқта-
латын болсақ. Сыртқы фактор дегеніміз ол аймақтан тыс жатқан мемлекеттердің аймақтың ішіндегі 
мемлекеттер ара қатынасына əсер етуі. Бұл мемлекеттер ең алдымен экономикалық пайданы көздеген 
мемлекеттер.  Ал  енді  ішкі  фактор  ол  осы  аймақтағы  мемлекеттердің  бір-бірімен  бəсекелестігі.  Бұл 
фактордың  Еуразиядағы  ролі  өте  зор.  Бұл  теке  -  тірестік  бəсекелестікті  Түркия,  Иран,  АҚШ,  РФ 
қолданып  қалғылары  келеді,  яғни  посткеңестік  аймақта  əлі  де  болса  саяси,  экономикалық  жағдай-

Абай атындағы  аз ПУ-ні  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3 (50), 2016 ж. 
89 
ларға байланысты қарама-қайшылықтар жоқ емес. Енді ең алдымен «Еуразияшылдықтың теориялық-
методологиялық  негізі  қайда  жатыр?»деген  сауалдарға  жауап  іздеп  көрелік.  Осы  мəселені  ашып 
көрсетуде геосаясат ғылымының заңдылықтары мен əдістерінесүйеніп талдауға тырысайық. Аймақ-
тану  оқулықтарының  авторы  В.Дергачевтың  көрсетуі  бойынша,  геосаясат  дəстүрлі  (классикалық) 
геосаясат,  жаңа  геосаясат  (геоэкономика)  жəне  заманауи  немесе  қазіргі  өркениеттік  геосаясат 
(геофилософия[2, 3-5 бб.] болып бөлінеді. 
Сонымен бірге геосаясат іргелі (фундаменталдық) «өмірлік кеңістік теориясы, теңіз қуаттылығы, 
атлантизм, еуразияшылдық жəне т.б. жəне қолданбалы (тəуелсіз мемлекеттердің дамуы мен  қақты-
ғысы,  ұлтшылдық,  жаһандану,  регионализация,  əлемдік  энергетика,əскери  күш-қуат,  халықаралық 
ұйымдар мен институттар т.б.) болып жіктеледі. 
Дəстүрлі классикалық геосаясат ғылымын «атасы» десек те болады, іргелі геосаясаттағы еуразия-
лық  теориясы  негізін  салған,  сондай-ақ  бүкіл  геосаясатты  қолданбалы  ғылыми  пəнге  айналдыруда 
төңкеріс  жасаған  ағылшын  ғалымы,  саясаткер  Х.Дж.Маккиндер  (1861-1947)  болды.  Ол  «əлемдік 
арал»  мен  «əлемдік  мұхит»  арасындағы  табиғи  бəсекелестік  туралы  теория  жасады.  Бұл  дегеніміз 
континенталдық  Еуразия  державалары  мен  Батыс  (Европа  мен  Солтүстік  Американың)  теңіз  импе-
риялары  арасындағы сонау ежелгі тарихтан келе жатқан табиғи теке-тірестің заңдылығын негіздеу 
еді.  Солкезеңүшінтосынболғанбұл  теория  оның  «Географическая  ось  истории»  (1904),  «Демократи-
ческие  идеалы  и  реальность»  (1919)  деген  еңбектерінде  [3]  жарияланды.  Х.Дж.Маккиндердің 
пікірінше, жер шарына қарасақ əлемнің қақ ортасында Еуразия континенті орналасқан екен, ал оның 
ортасын  -  «Əлемнің  жүрегі»  (Heartland)  де  атады,  онда  континенталды  Еуразия  халықтары  тұрып 
жатыр. Бұл географиялы қартықшылық басқа барлық əлемге бақылау жасауға мүмкіндік береді деген 
болатын.  Ол  Еуразияны  Дүниежүзілк  Арал  (World  Island)  түйінді  аймаққа  жатқызды.  Х.Дж.Мак-
киндер  Дүниежүзілік  Аралға  үш  континентті  (Азия,  Африка,  Еуропа)  қосқан.  Осылайша,  Х.Дж. 
Маккиндер концентрациялық шеңберлер жүйесі арқылы  жер шары кеңістігін  иерархиялық негізде 
орналастырды.Ал оның қақ ортасымен – «тарихтың географиялық осі» өтеді деді. Бұл географиялық 
түсінік Еуразия деп қабылдаған жөн.  
Х.Дж.Маккиндер, əрқашан барлық əлемдік саясаттағы «тарихтың географиялық осінің» стратегия-
лық (геосаяси) артықшылығын  көрсете отырып, геосаясат заңдылын  былайша тұжырымдады:  «Тот, 
кто контролирует Восточную Европу, доминирует над Heartland; тот, кто доминирует над Heartland, 
доминирует над Мировым Островом; тот, кто доминирует над Мировым Островом,доминирует над 
миром».  Маккиндер  сияқты  американдық  атлантикалық  геосаясаттың  неғұрлым  белгілі  өкілдері 
ретінде академиялық тəжірибелерін саясатпен қоса алып жүрген  Г.Киссинджер и З.Бжезинскийлерді 
атап өтуге болады. 
Ресейлік  жаңа  геосаясат:  еуразияшылдар  жайына  елетін  болсақ,  Ресейлік  зерттеушілер  Маккин-
дердің  теориясына  былай  деп  баға  береді:  «Именно  Маккиндер  заложил  в  англосаксонскую  геопо-
литику,  ставшую  через  полвека  геополитикой  США  и  Северо-Атлантического  Союза,  основную 
тенденцию: любыми способами препятствовать самой возможности создания евразийского блока, … 
геополитическому усилению heartland’а и его экспансии».  Ресейлік  геосаясаткерлерден Трубецкой, 
Вернадский П.Савицкийді атауымыз керек. Савицкий Ресейді ұлттық мемлекет емес, геосаяси құры-
лым деп қарастырды, арийлік-славяндық, түріктік көшпенділік, православиелік дəстүр сияқты бірне-
ше құрылымдардан тұратын ерекше өркениеттің түрі «Еуразия» деп сипаттады.  
Қазіргі еуразияшылдыққа  жол  ашқан  «бірінші»  адам  Л.Н.Гумилев  мəдениеттану  тұрғысынан 
еуразиялық идея əлемнің өркениетті көпқырлылығын, яғни «өркениеттер қақтығысын» емес, сұхбат, 
ынтымақтастық  қырынан  көрсетеді.  Шығыс  пен  Батыс  «ешуақытта  қосылмайды»  деген  Д.Р.  Кип-
лингтің  сөзіне  қарамастан,  Л.Н.  Гумилевтың  еңбектері  тарихи  танымды  кеңейтті.  Ғылымда  жансыз 
əлеуметтік-экономикалық  материализм  мен  еуропоцентризмнің  үстем  болуына  қарамастан,  əлемдік 
тарихқа  этнологиялық  көзқарасты  батыл  қолданды,  Еуразиядағы  түрік-славяндар  бірлігі  идеясын 
дамытты.  Л.Н.  Гумилев  ғылыми  айналымға  жаңа  іргелі  өркениеттік  ұғым  –«Ұлы  Даланы  енгізді». 
Оның  тұжырымы   адамзат  тарихының  көп  қырлылығы,  оның  сызық  бойымен  емес  циклдік  дамуы, 
еуропоцентризмнің шектеулі екендігін түсіндірді. Л.Н. Гумилев 1980-ші жылдардың соңында «соңғы 
еуразияшыл» болды. Ол1992 жылы қайтыс болды. Көрнекті ойшылдың елбасымыз Н.Ə. Назарбаев-
тың Еуразиялық жобасын көруге екі жыл өмірі жетпеді.  
Заманауи    қазіргі  өркениеттік  геосаясат  (геофилософия)  Х.Дж.Маккиндердің  ізімен  кейбір  неміс 
геосаясатшыларының  ішінен Карл Хаусхофер жасаған “Drang nach Osten” (Шығысқа қарай ұмтылу) 
концепциясын  кезінде    фашизм  идеологтары  да  қолданған  болатын[3].  Мысалы,  Адольф  Гитлердің  

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3 (50), 2016 г. 
90 
Германияның  стратегиялық  қажеттігін  негіздеген  кезде    бұрмаланған  түрдегі  неміс  халқының 
«өмірлік  кеңістігін» кеңейтуді қажеттігімен түсіндірген болатын. 
З.Бжезинский «Великая шахматная доска» деген атышулы еңбегінде: Орталық Азияны «еуразия-
лық  Балкан»  деп  сипаттады.  Орталық    Азияға  қатысты  АҚШ  саясаты  доминион  да  ,  аутсайдер  де 
болу емес. Бұл дегеніміз  Еуразия аймағында басты күш болмаса да, бұл аймақтағы саясаттан АҚШ 
тыс тұра алмайды. Көп полярлы саясатты қолдай отырып, аймақта  АҚШ-тың күшті қарсыласының 
пайда  болуын  болдырмау.  Осы  еңбектің  «Еуразийскаяшахматная  доска»  деген  бөлімінде:  «Сегодня 
геополитический  вопрос  более  не  сводится  к  тому,  какая  географическая  часть  Евразии  является 
отправной точкой для господства над континентом, или к тому, что важнее: власть на суше или на 
море.  Геополитика  продвинулась  от  регионального  мышления  к  глобальному,  при  этом  превос-
ходство над всем Евразийским континентом служит центральной основой для глобального главенст-
ва» [4,24 б.].  
Бұл ойлар бізді бұрынғы аймақтық мəселелердің аймақтық деңгейден шығып, жаһандық деңгей-
дегі ХХІ ғ. халықаралық қауымдастық алдындағы жаһандық сын қатерлерге айналып отырғандығына  
назар  айдартады.  «ХХІ  ғасырдың  ең  өзекті  мəселелер:  қауіпсіздік  жəне  ядролық  қару  таратпау  
мəселесі.  ядролық  терроризм  қатері  мен  ядролық  жəне  радиоактивті  материалдардың  заңсыз 
айналымы болып отыр. Əлем əлдеқайда қауіпті əрі болжаусыз жаңа ядролық ғасырға қарай жылжып 
келеді. (Ядролық қауіпсіздік жөніндегі Саммит. Вашингтон,1 апрель,2016 жыл)  
Бұл  қатер  –  жаһандық  ауқымдағы  жойқын  соғыс.  1968  жылы  қол  қойылған  Ядролық  қаруды 
таратпау  туралы  шарт  өз  мақсатын  орындап  отырмағандықтан,  жаһандық  ойыншылар  арасындағы 
сенім дағдарысы ядролық қару қолдануды болдырмау кепілдігінің əлсіреуіне əкеле жатыр. 
Сонымен  қатар,  терроризм,  экстремизм,  сепаратизм  мəселелерi,есірткі  саудасы  сияқты    осындай 
мəселер адамзат алдындағы өркениетінің ең күрделі шұғыл  шешуге міндетті сын қатерлерге айналып 
отыр. 
Жаһандық экономикалық дағдарыс, əлемдік экономика мен қаржы саласындағы сақталып отырған 
терең  дағдарыс  құбылыстарына  қатысты  «не  істеу  керек?»  деген  сұрақтар  тұр.  Əрине,  əлемдік 
дамудағы  сын  қатерлерді  халықаралық  қауымдастық  бірлесіп  шешуі  керек.  Бұрынғы  «  бұрынғы 
үлкен  жеті  мемлекеттердің»  бас  қосуы,  тіпті  G20  форматының  өзі  жеткіліксіз.Мысалы,  G-Global 
алаңы  сияқты  ауқымды  бас  қосулар  керек.  Əлемдік  дағдарысқа  қарсы  жоспар  ұсынылуда.  Бұл  
мақсатқа  жету  үшін  қажет  :əлемдік  даму  парадигмасындағы  терең  сапалық  өзгерістердің  қажеттігі, 
барлық  əлемдік  көшбасшы  мемлекет  басшыларының  саяси  ерік-жігері,  барлық  мемлекеттердің    іс-
қимылдарының  бірлігі  қажет-ақ. Халықаралық  қатынастар  жүйесіндегі  аймақтардың  өзекті  мəселе-
лерін шешу үшін қажет  практикалық  ұстанымдар : жаһандық стратегиялық инициатива-2045 жоспа-
ры,  халықаралық  құқық  қағидаттарын  жоғары  деңгейде  бекітіп,  сенімді  қайтаратындай  БҰҰ  құры-
лымдық реформалау жөніндегі  ұстанымдар, соған сəйкес шешімдер мен қадамдар,БҰҰ эгидасымен 
халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы тұратын біртұтас жаһандық желі құру болмақ. 
Ал посткеңестік кеңістіктегі елдерге қатысты:Беларусь, Қазақстан, Ресей жəне Украина лидерле-
рінің Минск кездесуін ұйымдастыру, «Нормандық төрттік» форматындағы  келіссөздерін жалғастыру 
сияқты  елбасы  Н.Назарбаевтың  ұсынысы:Елбасымыз  Еуразиялық  экономикалық  одақтың,  Еуропа-
лық одақтың Жібек жолы экономикалық белдеуінің күш-жігерін біріктіру бүкіл Еуразияның эконо-
микалық дамуы үшін пайдалы болатынына назар аудартты. (Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит, 
Вашингтон,1 апрель,2016 жыл)  
Аймақтық интеграцияны бастаушысы ЕО-тың тəжірибесінен, тіпті соңғы кездегі Солтүстік амери-
калық сауда блогының тəжірибесіне алып қарасақ, күшті экономикасы бар мемлекеттер арқау болған. 
Олар тіпті уақытша шегінулер мен ағымдарға қарамастан, үлкен аймақтық рынок құруға тырысады.  
Еуразия  аймағында біз осындай мемлекет деп немесе осы аймақтағы интеграцияға зор əсері бар 
Ресей  факторын  айтпай  болмас.  Ресей  бұл  –  ТМД  халқының  жартысы  жəне  Достастықтың  жалпы 
ұлттық  кірісінің  60  пайыздан  көбін  құраушы. Збигнев  Бжезинский  Ресейдің  ықпалы  жайылған 
Еуразияның  сол  бөлігіндегі  тарихи  ролін  «Бұл  мемлекет  жылдар  бойы  бір  уақытта  экономикалық 
дамуының  территориялық  экспансиясы  да,  құралы  да  болды.  Бұл  сонымен  қатар…  бірақ  “орыс 
идеясы” бар арнайы ұлт үсті миссиясын орындаушы»,-  деп айқындады. Бұл “орыс идеясы” əр түрлі 
салаларда діни, геосаяси жəне идеологиялық шеңберде жүргендігі белгілі.  
Ресей  дипломатиясы  қазірдің  өзінде  бірнеше  күрделі  мəселелердегі  шешімдерге  мəжбүр  болып 
отыр, олардың ішінде: Ресейдің Украинамен  шекаралары ашық  күйінде қалып отыр; Ресейге эконо-
микалық дағдарыс жəне аймақтық сепаратизм көріністер бел алуда. Ресейдің ішкі саяси күштерінің 

Абай атындағы  аз ПУ-ні  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3 (50), 2016 ж. 
91 
өзара  күресінің шиеленісуі  болып  отыр.  Бірақ  əйтсе  де  халықаралық саясаттағы  Ресейдің  ролі  тіпті 
төмендеп  кетті  деуге  бола  ма?  РФ    БҰҰ-ғы  Қауіпсіздік  Кеңесінің  мүшесі  екендігін  ұмытпауымыз 
қажет. Оның геосаяси жағдайы мен ядролық қаруын  былай қойғанда, Ресейдің ресурстық жағдайын, 
бай шикізат қорын бар  əлі де болса мықты  держава деп қарау керек  шығар.Сонымен қатар, күннен 
күнге дүниежүзілік саяси күштер тепе–теңдігінің өзгеріcі  орын алуда. Бұл өз кезегінде  дүниежүзілік 
дамуға  да  өз  əсерін  тигізіп  отыр.Осы  тұрғыдан  Ресейдің  сыртқы  саясатының  басты  бағыттарын 
анықтайтын  болсақ,  олардың  ішінде  ең  алғашқылардың  бірі  ретінде  ТМД  шеңберін  атауға  болады. 
Бұнда, негізінен, екі жеке дара сегмент - “Батыс” жəне “Оңтүстік шығыс” бағыттары бет бұруда.  
Бүгінде ТМД шеңберіндегі Ресей дипломатиясының болашағы туралы біркелкі  пікір жоқ. Мыса-
лы: Ресейлік ғалымдар В. Загладин мен Мунтян “ТМД-ң ыдырау қаупі бар, бұл орайда Достастықтың 
шекаралары  қайта  қаралуы  мүмкін.  Осының  салдарынан  славян  халықтарының  Ресейге  миграция-
сының  күшеюі,  оның  геосаяси  стратегиясының  əлсіреуіне  алып  келеді”  –  деген  болжам  айтуда. 
Сондықтан  халықаралық  қатынастар  бойынша  ресейлік  мамандар  Ресей  үшін  ең  тиімдісі  ТМД 
мемлекеттермен  саяси  қатынастарды  жалғастырып,  Еуразиялық  жоба  бағыттындағы  жұмыстарды 
жалғастыру болмақ.   
Интеграция немесе дезинтеграция? Ал Еуразия шеңберіндегі Ресей факторының өзектілігінің тағы 
бір  көрінісі  орыс  тілді  жұрттың  мəселесі  болып  табылады.  2016  жыл  1  наурыздағы  статистика 
бойынша ең көп орыс қауымы Қазақстанды мекендейді (қазақтар-66,05 пайыз, орыстар 21,05 пайыз). 
Елдің  жалпы  саны  3,666081  адам  (2015).  Бұл  фактордың  интеграцияның  дамуына  пайдалы 
факторлармен қоса  кері əсер етуі бар екенін атап өту қажет. 
ЕО-мен салыстыра аламыз, айырмашылығы тек Европалық мемлекеттер егеменді дамыған болған 
кезде  интеграция  идеясына  келсе,  ал  ТМД  болса,  бір  кездері  біртұтас  мемлекеттердің  дезинтег-
рациясының нəтижесінде құрылды.  
Жаңа мемлекеттердің жүйесін құрудағы ұлтшылдықтың өсуі; Бұрынғы билік жүйесіндегілер мен 
неонационалистер  арасындағы  билікке  деген  тартыс;»(Украинадағы  жағдай),  этнос  аралық  қақты-
ғыстар  (Таулы  Карабах,  Оңтүстік  Осетия,  Абхазия) .  ТМД  мемлекеттері  əлі  күнге  дейін  қандай  да 
болсын  бір  ұлтүсті  құрылымдарға  сенімсіздікпен  қарап,  оларды  баяғы  “Одақтық  орталық  құру” 
шарасы ретінде қарастырады. 
Екі  басты  бағыттың  қарама-қайшылығы  байқалуда:  көп  полюсті,  көпнұсқалы  əлемге  деген 
ұмтылыс пен бір полюсті əлем қағидасын ұстанған алпауыт  мемлекеттің саясаты. 
Еуразия  өңірі  –  əлемдік  саясаттағы  негізгі  геосаяси  жəне  геоэкономикалық  фактор.  Бұл  жерде 
Қытай  мен  Ресей,  АҚШ  жəне  Еуроодақтан  бастап,  Үндістан,  Иран  жəне  Түркияға  дейінгі  барлық 
жаһандық  ойыншылардың  мүдделері  тоғысып  отыр.  Өңірдегі  қақтығыс  ықтималдығын  ынтымақ-
тастық  пен  интеграцияны  тереңдету  арқылы  азайта  отырып,  өңірлік  үдерістерді  сындарлы  арнаға 
бұру өте маңызды[5]. Сыртқы фактор: қазіргі əлемнің жаңа геосаяси құрылымы туралы Вашингтон 
бұрынғы «Евразиялық стратегия» деп аталынған геосаяси жобалары, Ақ үйде əкімшіліктің ауысуына 
байланысты  АҚШ-та  оны  жүзеге  асыру  тактикасы  мен    əдістері  қайта  қаралып  түзетулер  енгізіліп 
отырады.  German  Marshall  Fund  ұйымының  «Foreign  Policy»  журналының  Қытай  жəне  Пəкістан 
елдері  бойынша  сарапшысы  Эндрю  Смолдың  «Орталық  Азияны  Ресейге  кіріптарлықтан  босатып, 
аймақ  елдеріне  қауіпсіздік  жəне  экономика  саласында  кіммен  қарым-қатынас  орнатуда  көбірек 
таңдау беру – АҚШ-тың ұзақ мерзімді мақсаттарының бірі. Олардың еуропалықтар немесе америка-
лықтарды  таңдауы  құптарлық  іс  болар  еді,  бірақ  Орталық  Азиядағы  Ресей  рөлін  азайтудың  нақты 
мақсаты – аймақтың кейбір мемлекеттеріне автономиялық мүддесі үшін Қытай тарапынан жасалып 
жатқан істер» деген сөздерін келтірген. 
Батыс сарапшылары «Əлемді екі держава (АҚШ пен Қытай) бөліп билеуді көздеуде» деп айтула-
рында  да  мəн  бар.  Өйткені,  Қытайдың  əлеуеті  қазір  АҚШ-тан  кем  емес.  Қазір  басында  Қытай  елі 
тұрған, Шанхай Ынтымақтастық ұйымы кеңею үстінде, сондай-ақ қаржы саласында «БРИКС»  Даму 
банкін,  Азия  инфрақұрылымдық  инвестициялық  банкін  құрды.  Алдағы  уақытта  юаньді  əлемдік 
резервтік валютаның қатарына қосуға ұмтылуда. Осылайша, АҚШ- иық тірестіре бастады. «Еуразия-
лық экономикалық одақ» мен  «Жібек жолының экономикалық белдеуі» атты екі геосаяси жобалар-
дың  болашақта  бəсекелес  немесебірін-бірі  толықтыратын  жобаларға  айналуы  ашық  күйінде  қалып 
отыр. 
 
 
 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3 (50), 2016 г. 
92 
1 Дергачев В.А. Геополитика. – М.:ЮНИТИ-ДАНА,2004.–С.3-5. 
2 Доклад Астанинского клуба. Геоэкономика Евразии 
3 Лаумулин М.Т. Центральная Азия в зарубежной политологии 
и мировой геополитике. Том III: Геополитика и международные отношения (вторая половина ХХ – начало 
XXI вв.). – Алма-Ата: КИСИ, 2009. – 280 с. 
4  Константин  Сыроежкин:  Геополитические  проекты  в  Центральной  Азии  и  роль  Казахстана 
//http://cabar.asia/ru/konstantin-syroezhkin-geopoliticheskie-proekty-v-tsentralnoj-azii-i-rol-kazahstana/Института 
по освещению войны и мира (Великобритания) 
5 Казахстан в глобальных процессах//?лемдік экономика жəне саясат институты//http://iwep.kz/ 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет