Хабаршы вестник bulletin «Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»



Pdf көрінісі
бет27/375
Дата06.01.2022
өлшемі4,16 Mb.
#11773
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   375
ұнатпау,  жаратпау  семантикасы:  жүз  бермеу  -  ыңғай  бермеу,  жақтырмау,  келіспейтіндік 
сыңай таныту; 
 
сүйеніш,  медет  көру  семантикасы:  жүз  тұту  -  арқа  сүйеу,  бетке  ұстау,  бетке  басар  - 
алдыңғы  қатарлы,  бетке  ұстар.  Бұл  ел  ішінің  әртүрлі  мәселелерін  шешетін,  қамын  ойлап,  сөзін 
сөйлейтін    беделді  адамға  қатысты  айтылатын  фразеологизм,  сонымен  қатар,  «бетке  ұстар  болу» 
мағынасы елден шыққан белгілі, атақты азаматтарға да тән; 
 
сөйлемеу,  үндемеу  мағынасын  білдіретін  фразеологизмдер:  жақ  кірісіп  ашпау  -  сөйлемеу, 
үндемеу, ләм-мим демеу,  
   
кездесу,  ашық  сөйлесу  мағынасы:  бет  екі  сөйлесу  -  бетпе-бет,  жүзбе-жүз  сөйлесу, 
сұхбаттасу  мағынасында,  ал  бет  қосу  -  беттесу,  бетпе-бет,  жүзбе-жүз  келу,  ашық  бетке  айту 
мағынасында жұмсалады;  
 
жақ айқастырмау - қинау, қиын жағдайға түсіру, сөйлеуге, жауап қатуға мүмкіндік бермеу 
мағынасын білдіреді. 
Сөйтіп,  фразеологиялық  бірліктің  ішкі  формасының  пайда  болуы  ең  алдымен,  фразеологизмге 
арқау болатын еркін тіркестің тура мағынасына сәйкес келетін қандай да бір жағдаятқа байланысты. 
Оған мән, мағына беріледі, мазмұн бекітіледі. Осы мән, мағына, мазмұн келесі бір ұғымды білдіру 
үшін  қайтадан  ой  сүзгіcінен  өтіп,  ауыс  мағынада  қолданыла  бастайды,  яғни  о  бастағы  жағдаятты 
білдіретін сөздердің алғашқы, біріншілік мағыналарына негізделіп, фразеологиялық бірліктің образы 
қалыптасады.  Осылайша  ішкі  форма  түзіледі.  Фразеологизмнің  ішкі  формасын  мәдени  ақпараттар 
көзі деуге болады. Өйткені онда мәдениет қалдыратын «іздер» – мифтер, архетиптер, салт-дәстүрлер, 
тарихи оқиғалар мен материалдық мәдениеттің элементтері көрініс табады [10,34-б.]. 
Соматикалық  фразеологизмдер  этностың  ғалам,  әлем,  дүние  жайлы  түсініктерінің  көне 
элементтерін  жаңғыртуға  көмектеседі,  дүниенің  біртұтас  тілдік  моделін  қалыптастыруға  қатысады. 
Соматикалық  фразеологизмдерді  талдау  барысы  тілдің  соматикалық  бірліктері  дүниенің 
концептуалды  бейнесін  түзуші  деп  қабылдауды  қажет  етеді,  адамның  дүние-ғалам  туралы 
түсініктерімен бүтіндей және жүйелі түрде танысуға мүмкіндік береді.  
4
 


Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 1(55), 2016 г. 
Қазақ  тіліндегі  фразеологизмдердің  жасалуына  ұйытқы  болатын  тірек  сөздердің  ішінде ең  көбі 
адамның  дене  мүшелерінің  атаулары.  Бұл  тек  қазақ  тілінде  ғана  емес,  жалпы  тіл-тілде  кездесетін 
ортақ  ерекшелік.  Демек,  адамдар  өзінің  іс-әрекетінде  неғұрлым  жете  танып  білген  заттар  мен 
құбылыстардың  қасиетін  ұзақ  уақыт  бойы  бақылай  жүріп,  солардың  ерекшеліктерінен  жинақтаған 
өмірлік  тәжірибелеріне  сүйеніп  түрлі  қорытындылар  жасау  дағдысын  меңгереді.  Осыдан  пайда 
болған  салыстырулар,  ұқсата  отырып  жаңа  ұғым  туғызу,  өзі  білетін  ежелгі  атауға  тағы  да  басқа 
мағынаны  үстеу,  оны  тілдік  қатысым  әрекетінде  ауыспалы  мағынада  жеткізу  сияқты  қатынас 
құралының қызметіне қосымша бейнелілік туғызады. 
Қазақ  сөйленістері  жүйесінде  де  фразеологизмдер  қоры  біршама,  диалектілік  фразеологизмдер 
формалық  жағынан  жалпыхалықтық  фразеологизмдерден  ерекшеленбейді.  Семантикалық  жағынан 
қазақ  тілінің  фразеологиялық  қорын    әдеби-диалектілік  синоним,  вариант  қатарларымен  байыта 
түседі,  антонимдік  қатарлар  түзіледі.  Диалектілік  фразеологизмдер  эмоционалды-экспрессивтілігі, 
поэтикалық  бейнелілігі  жағынан  әдеби  тіл  қорындағы  фразеологизмдерге  кем  түспейді,  ауызекі 
сөйлеу  тіліне  тән  болғандықтан,  рең  мәні,бояуы  қалың  болуы  да  мүмкін.  Мұның  барлығы 
фразеологизмдердің ішкі формасындағы ақпарат мазмұнынан көрінеді. 
 

Кайдар А.Т.Актуальные вопросы казахского языка. Алматы :Ана тілі,1998. 304 б. 

 
Сулейменова  Э.Д.  Казахский  и  русский  языки:  основы  контрастивной  лингвистики.  Алматы:   
Демеу,1996. с. 168.  

Шведова  Н.Ю.  Теоретические  результаты,  полученные  в  работе  над  «Русским  семантичеcким 
словорем» // ВЯ. – 1999. №1. – C 3-6. 

 
Нұржанова А. Дүниенің қарабайыр бейнесі: фразеологиялық фрагменттің соматикалық коды: филол. 
ғыл. канд. ... дисс. Астана, 2010.125 б. 

Кайдар  А.Т.  Тысяча  метких  и  образных  выражений  «Казахско-русский  словарь  с 
этнолингвистическими пояснениями. Астана: ТОО Білге,  2003. 368 с.  

Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. Алматы:Ғылым,1977.712 б. 

 
Уызбаева  Б.К.  Қазақ  тіліндегі  соматикалық  етістік  фразеологизмдердің  этнолингвистикалық 
сипаты: филол. ғыл. канд. ... дисс. авторефераты. Алматы,1994. с.21. 

Қалыбаева Қ.С. Салыстырмалы түркі фразеологиясы.-Алматы:Полиграфия Сервис К.- 2009.- 404 б. 

Смағұлова  Г.Н.  Мағыналас  фразеологизмдердің  ұлттық-мәдени  аспектілері.  Алматы:  Ғылым, 
1998.196 б.  
10 
Маслова В.А. Лингвокультурология. М.: Academia, 2001. 208 c. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет