Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 1 (55), 2016 ж.
Жас ұрпаққа тәрбие мен білім беруде бұқаралық ақпарат құралдарының орнын еш нәрсемен
теңестіруге болмайды, әрі бұл балаларды шығармашылыққа баулитын бейіндік рөл атқарады. БАҚ
балалар үшін тек «дүние терезесін» ашып қана қоймай, олардың өмірлік идеалына да айта
қаларлықтай ықпал жасай алады. Әлеуметтік ақпараттың дереккөзін айқындап, әлемді танып білуге,
басқа адамдардан үйреніп, қоғаммен қарым-қатынас жасауға ықпал етеді.
Білім беру үдерісінің басты міндеті – тұлғаны әлеуметтендіру десек, бұл эллективті дәріс
қоғамдық қатынастардың тиімді элементтерін үйретеді. Сондықтан бұқаралық ақпарат құралдары
мен білім беру жүйесін үйлесімді іске асыру үшін бұл бағдарламаны мектеп жоспарына енгізу өз
жемісін бермек. Сонымен қатар бұл курс қабілетті балалардың өзара ықпалдасуына, өскелең
ұрпақтың әлеуметтік дамуының жаңа серпінмен қарқын алуына қуатты фактор бола алады.
«Мектептегі журналистика» пәнінің бағдарламасында талапты балалар үшін қажетті материалдар
жиынтығы берілген: нұсқаулар, кеңестер, жоспарлар, мазмұндамалар, лекциялар, оқу материалдары
т.б. Білім беру мекемелеріндегі бағдарламаларды іске асыру оқушылардың әлеуметтік және
шығармашылық деңгейін оңтайландыруға мүмкіндік береді, олардың медия-мәдениетін
қалыптастырып, кәсіп таңдау ізденістеріндегі белсенділіктерін реттейді.
«Мектептегі журналистика» бағдарламасындағы дәріс сабақтарына арналған материалдар 8-11
сынып оқушыларының журналистік шеберлігін шыңдауға лайықталған және оларға журналистік
кәсіп туралы алғашқы мағлұматтарды беруді көздейді. Журналистің кәсіби мәдениетінің негізін
қалап, әр түрлі дереккөздерден ақпарат алуға үйретеді, ізденіс дағдыларын қалыптастырып, материал
жинап қана қоймай, оларды жүйелеуге дағдыландырады.
Типтік бағдарламадағы материалдар мектептегі баспасөз орталығының жұмысын ұйымдастыруға
көмектеседі және мектеп баспасөзін шығару ісін жолға қояды. Оқушылар мектептегі баспасөз
орталығының жұмысына қатысу арқылы өздерін журналистердің, редакторлардың, корректорлардың,
беттеушілердің, фототілшілердің орнына қойып байқайды, жаңа қарым-қатынастар жүйесіне еніп, өз
қабілеттері мен кәсіптік дағдыларын байқап көреді, қызықты істі атқаруда оларға не көмектесетінін
айқайды, қоғамдық ой-пікірлері қалыптасады, сондай-ақ журналистік кәсіп әлеміне енеді.
«Мектептегі журналистика» пәнін іске асыру бағдарламасы шығармашылықпен жұмыс істейтін
кез-келген мектеп педагогына, оның мамандығына қарамастан, қолжетімді болып табылады. Оны
оқушы қабілетіне жылдам бейімдеуге болады. Бағдарламада әрбір тарау бойынша сағаттардың
теңдей бөлінуі қарастырылған. Журналистика туралы алғашқы ұғым беретін осы бағдарлама
негізінде факультативті дәрістерді әртүрлі жастағы топтарға да, оның ішінде 5-7 сыныптарға да
жүргізуге болады. Бағдарлама өзінің мерзімді басылымын жасауға талпынған немесе өзінің тұрақты
қабырға газетін шығарғысы келген барлық мектептерге, лицейлерге, гимназияларға ыңғайлы. Бір
жағынан бағдарлама үйірме және сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру үшін де қосымша білім
беретін педагогтарға жақсы көмекші құрал. Негізінен бұл бағдарлама жалпы орта білім беретін
мекемелердегі 8-11 сыныптарда «Журналистика негіздерінен» сабақ беретін мұғалімдерге,
кітапханашыларға, сынып жетекшілеріне, тәрбие жұмысын ұйымдастырушыларға арналған.
Сабақтан тыс уақытта балалардың дамып-жетілуіне себепші болатын бағдарламалар сериясына
арналған «Мектептегі журналистика» бағдарламасының
өзектілігі – білім беру мекемелерінің
шешімдеріне байланысты жүзеге асады, олар: жеке тұлғаны әлеуметтік шығармашылық дамыту,
кәсіптік бағдар беру, әлеуметтендіру және балалар мен жасөспірімдерді тұлғалық қалыптастыру
міндеттерінен көрініс табады. Бұл қазіргі жастар мен қоғамның ересек мүшелері арасындағы қарым-
қатынастардың үзілген бір үзігін жалғап, заманауи білім беруді көздейді.
Мектептегі балалар шығарған қабырға газеттері бұқаралық қарым-қатынас аясын айқындауға
мүмкіндік береді, қызықты идеяларды іске асырады, қоғамдық пікірлер арқылы мектеп жетістіктерін
дәлелдейді, оларды өзге құрылымдардағы жаңа қатынастар жүйесіне жетелейді. Оқушылардың өз
бейімділіктері мен қабілеттерін айқындауына, кеңінен ашып көрсетуіне мүмкіндік ашады. Баланың
кәсіби санасын арттырып, кәсіптер әліміндегі орнын айқындайды.
Көркем сөйлеу мен көркем жазу өздігінен келмейді. Мұны меңгеру үшін тиісті кәсіптік білім
қажет. Білім мекемелерінің оқу жоспарына таңдау сағаты ретінде аталған білім бағдарламасын енгізу
–
балаларды бейімділікке баулып, оқушылардың белгілі бір тобының өз біліктіліктерін тәжірибе
жүзінде арттыруына мүмкіндік береді.
«Мектептегі журналистика» бағдарламасы оқушылардың журналист кәсібін өз бетінше сынап
көруіне бағытталған. Қасыбір дәріс те тұлғаға бағыт-бағдар беруге лайықталған. Ол оқушылардың
жеке ерекшеліктерін ескере отырып, еркін әрі шығармашылықпен ойлануына мүмкіндік береді.
210
Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 1(55), 2016 г.
Оқушылардың тұлға ретінде қалыптасуы іркілмей еркін сөйлеуіне, әдеби дарынының ашылуына,
тәжірибелік ізденіске беймделуіне, қиялын дамытуына, стандартты ойлау жүйесінен арылып, еркін
ойлау қабілетінің артуына, ұжымдық шығармашылыққа деген қажеттілікті іске асыруына мүмкіндік
ашады. Оқушының жауапкершілік сезімін тәрбиелеп, қоршаған әлеуметтік ортамен (ата-аналармен,
педагогтармен, сыныптастарымен) байланысын нығайтады. Аталған бағдарлама білім берудің
коммуникативті оқыту әдісі – газет шығару процесімен түйінделеді [1, 122]. Бұл оқушылардың бір-
бірімен тілдесуіне мүмкіндік береді, ал оқытудың экспрессивті сипаты әрбіріне жекелей әрі ұжымдық
жұмыс істеуді дағдыландырады. «Мектептегі журналистика» бағдарламасы журналистика негіздерін
оқуға қызығушы әрі тәжірибелік дағдыларды меңгергісі келген 8-11 сынып оқушыларына арналған,
әрі ол бұрын оқыған пререквизитті пәндер: қазақ әдебиеті, орыс тілі, қазақ тілі, қазақстан тарихы,
география және т.б. базалық пәндермен кең ауқымда сабақтастыра қолдануға бағытталған. Аталған
бағдарлама бойынша оқыту оқушылардың негізгі оқыту пәндерінен алған білімдерінің көлемін
ұлғайтып қана қоймай, сонымен қатар болашақ мамандық туралы қосымша мәліметтер де бере
алады, сондай-ақ жалпы мәдениет сипатындағы танымдық дағды қалыптастырады.
«Әмбебап журналист» кәсіби бағытын беру үшін мектептегі баспасөз орталығының жүйесін
дамыту қажет, оған мынадай бастапқы бағыттар таңдалған: «Лингвистикалық журналистика»,
«Экологиялық журналистика», «Этнографиялық журналистика», «Әлеуметтік журналистика» т.б.
Құрылған жүйе бітірушілерге еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуға жәрдемдеседі, озық
жетістіктерге және әлеуметтік пікірлестікке баулиды, сонымен қатар, жақсы білім қорын иеленіп
қана қоймай, жаһанданып жатқан әлеуметтенуге жылдам бейімделуге бағыттайды. Аталған барлық
өзекті бағыттар әлеуметтік құбылыстарды жан-жақты қарастыратын журналистиканың ерекшелігіне
бағынып қана қоймай, қоршаған ортаның экономикалық, әлеуметтік, экологиялық мәселелерінің
арақатынасын ашатын маңыздылығымен де ерекше. Сондықтан бұл бағдарламаны оқу қажетті
рухани құндылықтарды, әрекеттерді ашумен де айшықталады.
Бағдарламаның
мақсаты:
o
оқушының
интеллектуальдық
жетілуіне,
әлеуметтік
тиімділікке
ұмтылуына,
шығармашылығын іске асыра білуіне жағдай жасау;
o
салалық бағыттағы білім берудің медиа мәдениетін қалыптастыру және мамандық таңдау
ізденістеріндегі белсенділігін реттеу;
o
журналистік шеберлік негіздерін үйрету.
Перспективті мақсат – оқушыларды қалалық, облыстық және республикалық мерзімді
басылымдармен қызметтік байланыста болуға даярлау және журналистиканы мүмкіндігінше болашақ
мамандығы ретінде таңдауына жәрдемдесу.
Бағдарламаның мақсатына жету үшін төмендегі
міндеттер жүктеледі:
Достарыңызбен бөлісу: