Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 1(55), 2016 г.
Дидар Амантай шығармашылығы жайында З.Серікқалиұлы, Ә.Бөпежанова, Т.Әсемқұлов,
Б.Майтанов, т.б. көрнекті сыншы, әдебиеттанушылар арасында бірнеше пікірлер айтылып жүр.
Солардың бірі Зейнолла Серікқалиұлы: «Дидар Амантайұлы, сөз жоқ, диалогқа әбден ысылып
қалған. Езіп отырып алатын мылжың әңгімелер емес, астармен, емеурінмен көп нәрсені ұқтыра
салатын сауатты қайырымдар жеткілікті-ақ» [27, 148 б] деп жазушы шығармаларына әділ бағасын
берді.
Дидар Амантайдың тәуелсіздік жылдар жазылған тағы бір әңгімесі «Ештеңе жазылатын емес».
Бұл әңгімеде рухани жадаулық, жалғыздық, мағынасыздық мәселе көтерілген. Бұл бүгінгі қоғамның
ащы дерті екені аян. Сондықтан да жазушы осы мәселелер төңірегінде ой өрбіткен. Әңгіменің басты
кейіпкері жас жазушы Дияр.
А.Кемелбаева осы аталған «Ағаш үй» шығармасының баяндау жүйесі әрекет пен қиял, мақсат пен
күйінішті, ауыр мұңның азапты арпалысын қазақ прозасы үшін жаңа құрылымдық ажармен
бейнелейді. «Ағаш үй» әңгімесінде жазушы тілі бейнелеу құралдарына, эпитеттерге, метафораларға
бай. Эпитеттер де экспрессивті мәнге ие: ғажап, қара көздері, оюлы сандықшалар, сұр аспан, момақан
өңінен т.б. эпитеттердің стилистикалық жүгі бар. Эпитеттерді қолданушылық А.Кемелбаева стиліне
тән. Жаңа жер ашқан теңізшідей, жаңа туған нәрестедей, отша лапылдап жанған, қара мәрмәрдан
қашалғандай, жұдырықтай жүрегі т.б. теңеулер ерекше функцияға ие.
Жазушы қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Сондықтан көркем әдебиетте қоғамнан тыс тумайды.
Тәуелсіздік, нарық қоғамы жазушыларға сан-алуан тақырыптар ұсынып жатыр. Тек, оны әр қаламгер
өз көкірек көзімен тани алса керек. Ендігі айтпағымыз, Асқар Алтайдың шығармашылығы жөнінде
болмақ. Бұл есімнің бүгінгі қазақ әдебиетінде өзіне лайық орнын ойып алғаны рас. Алтай Асқар
қазақтың шұрайлы тіліне жөргегінен жарыған жазушы. Асқар Алтайдың соңғы жазылып жүрген
шығармашылығы қаламгерлер арасында үлкен пікір-талас тударып жүр. «Түсік» әңгімесі сөз жоқ,
формалық жағынан үлкен дайындықпен жазылған әңгіме. Басталуының өзі өте күрделі шығарма
екендігін аңғартады.
Нағыз жазушы уақыттың құлы болмақ емес. Әдебиет ілкідегі ізгі көркемдік мұратынан жаңылған
жоқ. Көркем әдебиет – өміршеңдікке талпыныс. Жазушылықтың серті де сол – өлмес пішіінге,
реалды мәңгілікке ұштасу. Абай да, Мұхтар да кең бауырын кеңістікке төсей алғандардан. Оралхан
мен Асқар да кеңістікте еркін шаба білгендерден. Ал Роза Мұқанова сол кеңістіктің саумалын қарпып
жұтқандардан. Жұпарға бөккендерден.
Қазақстанның тәуелсіз, егеменді ел болуы – біздің жаңа тарихымыздың басы. Ендігі жерде біз өз
тарихымызды бұрынғыдай көп ұлтты мемлекеттің құрамында емес, дербес зерттеп, ұлтымыздың
тарихтың ұзақ жолында ұтқаны мен ұтылғанын, жеткені мен жете алмаған тұстарын кең ашып,
бүгінгі егемендікке келуіміздің заңды жолын көрсетуге тиіспіз. Жалпы ұлтпен, ұлт мәдениетімен
бірге қайшылықты жолдан өткен біздің әдебиетіміздің тарихы да осындай талғаммен қайта қарауды
керек етеді.
Достарыңызбен бөлісу: