Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 1 (55), 2016 ж.
кезі, шапақ кезі, шаңқай кезі, екінді кезі, бесін кезі - біздегі қайсысы?» - дейді. Осы мысалдардан
жазушының «уақыт» туралы философиясын, оның қазақ танымындағы өлшемі ретінде дініміздегі
намаз уақытын алғанын байқаймыз. Енді, тікелей «Бесін» кітабына енген, 1968 жылы жазылған
«Бесатар» повесінде бірінші жақпен баяндалатын «Сәруар» және «Сәруар, 1916 ж., 8-шілде, бесін»
деп аталатын соңғы бөлімінде: «Ақсайдан күн ауғанда өткенбіз, ал
қазір болса шөбін жұлсаң сүт
тамар Керегетастың аңғарына бесін тұна бастаған екен», «
Қазір ойлап қарасам, үндемегенім ақыл
болды ғой деймін; себебі менің сауал атып, оның жауап лақтырғанынан Төреханның жалғызының
байлауға қалған басынан жүген-ноқтаның сыпырылып қалуы кәдік-ті. Крейгель себебі,
міні тәулік
жарымнан асып барады, менен жүген ноқтаны сыпырып емес, маған бұғалық салумен әлек» - деген
жолдар келеді. Бұл тараулар басқа тараулардан ерекше бірінші жақпен және әлдеқашан болып өткен
оқиға ретінде баяндалады. Ал жоғарыдағы сөйлемдерді, филологиялық талдау жасамай-ақ, сәл зер
салып оқитын болсақ
осы шақтабаяндалып отырғанын байқамыз. Біз білетін суреткер – ең алдымен
уақыт перзенті, өз ортасының, қоғамының жыршысы болғандықтан, Асқар Сүлейменов те «Бесін»
концептуальды-символы арқылы өз дәуіріндегі отарлық жүйенің бетпердесін ашып беріп,
отарландырудың-орыстандырудың жалғасып жатқанын жеткізіп отыр. Себебі, жазушы бұл
шығармасын ХХ ғасырдың
бесінінде, яғни ғасыр межесі «
тәулік жарымынан асып бара жатқанда»
жазды. (Осы орайда, автор бірінші жаққа да басқаша, жаңаша қырынан келгенін ескеру қажет, бірақ
бұл жайлы тағы бірде жеке тоқталамыз). Асқартанудың алғашқы қадамы, көрнекті жазушы Ғабит
Мүсіреповтің «Кітап аты - «Бесін», авторы - Асқар» мақаласында: «Берілген көріністерінде мән бар,
серпін бар – әлденелерді астыртын аңдата кету бар», - деуі де тегін болмаса керек. Осылардан келіп
шығып Асқар Сүлейменов әдебиеті, тарихшы Мәмбет Қойгелді ағамыз айтқандай: «Алашордашылар
бастаған қарсылық әдебиетінің жалғасы, ұлттық рухани тәуелсіздік әдебиеті» екені дәленденеді. Бұл
тұрғыда да Алашордашылар әдебиеті мен Асқар Сүлейменов шығармаларының рухани сабақтастығы
туралы жүйелі ғылыми еңбек жасалуы керек сияқты. [2]
Қазақ тарихынан бәрімізге етене таныс 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс А.Сүлейменов
шығармашылығында, яғни атақты «Бесатар» повесінде
ұлттың өзін-өзі тануы деңгейінде тамаша
айшықталды. Кең байтақ қазақ елінің «босағасын келін болмай, кесір боп» аттаған 1916 жылдың
шілдесін А.Сүлейменов былайша суреттейді: «Қазығұрттың ұшар басындағы аз ғана қарды
тілшелеп қана тыншитын ұлы шілде ... сол бір жылы: сары сәскеден қоңыр бесінге, қара құтпаннан
құлан иек сәріге дейін шатқал-шатқал, қойнау-қойнау тынық ауасын таңынан айырып тарс-тарс
бердеңке түтеді; уыз көкке шылқып тойған елік пен жемге бөккен кекілік өрісі мен ұясынан безді;
құндыз түгі жаңада ғана тоғытып, түйе жүн жұмсақ ноқтаға жаңада ғана көндіге бастаған серек құлақ
көп құлын мол нөпірмен қуғынға түсіп, сөгілмеген қолтығын зорланып сөкті; ашысы аз балаусалы
өңірдің ақ май жүзген ақ қымызы жаңғақ тегенеде сапырусыз қалды; қара аршадан қу мойындап
жонған сары ожауды қаңғыбас оқ қақ жарды, оқ жауға қаңғып тисе, азаматтың жұлынын іздеп келіп
үзіп жатты, бердеңкенің өңменінен балқып шыққан жалғыз оқ кәрілі-жас бұғананы қырқып қана
суыды».
Міне, Асқардай сөз зергері соққан қазақ даласының болмысы өзіндік уақыты мен кеңістігінде көз
алдыңызға тұра қалады.
«Ащысы аз балауса өңірдің ақ май жүзген ақ қымызы» деп жазушы қымыздың дәмі мен
құнарлығының әр өңірдің шөптерінің қасиетімен байланыстылығын айшықтайды. Қазығұрттың
қымызы Сарыарқаның қымызынан басқаша болады. Жаңғақ тегене дегені – қымыз сапыратын тегене
жаңғақ ағашынан жасалатынын ескертуі. Яғни, жаңғақ – жеңіл әрі мықты ағаш.
«Бесатар» осындай авторлық кіріспеден басталады. Бұл – өте тартымды және шиеленісті, көңіл
аударарлық бастау. Өйткені жазушы қолданған әдемі сөздер жүректен шығып, жүрекке жетеді, таң
қалдырады, таңдай қақтырады, апырай бұдан әрі не болады екен деген қисынды сауал тудырады. Осы
таңырқау, таңқалыс, толғаныс шығарманың өне бойында үнемі тереңдеп отырады. Жазушының
шеберлігі оқиғаны баяндау, өрбіту барысында бірде-бір толастамай, тоқтамай, өзінің шарықтау
шегіне жете береді, үдей түседі. Ол 1916 жылы 7 шілдеде сәскеде «қазақ атаулыны ылғи да
табанында тауып үйренген ақ патшаның жас офицері және де погонын көргесін, көп шапан қалайша
дір етпес екен деген күшікей үмітке малданған» өркөкірек, көрсоқыр Иноземцевтің үңгірге
қамалуынан басталып, 8 шілдеде бесінде Крейгельдің оғынан жер жастанған Голоножкин мен
өмірінің сын сәтінде де Қаралам деп жан ұшырған Сәруардың соңғы демі үзілуімен аяқталады. [3, 12]
Демек, оның қайнар көзі де ұлттық дүниетанымда, ұлттық философияда, салт-дәстүрде, сана-
сезімде. Байқап қарасақ, оның әрбір шығармасында бұл ерекшеліктер айқын көрінеді. Мысалы,
150