Хабаршы вестник bulletin «Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»



Pdf көрінісі
бет258/375
Дата06.01.2022
өлшемі4,16 Mb.
#11773
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   375
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 1 (55), 2016 ж. 
(Ю.Г.Рочев,  А.Сафаров)  ендi  бiреулер  ойыннан  тыс  фольклорға  (В.А.Василенко,  Р.Ф.Ягафаров) 
жатқызып  жүр.  Әрине,  бұл  жерде  зерттеушiлердiң  қай-қайсысының  да  болмасын  дәйектемелерiн 
жоққа шығару өте қиын. Жанрлық синкретизм, яғни түрлi белгiлердiң тоғысып келуi фольклорға тән 
құбылыс.  Оның  iшiндегi  ең  басты,  негiзгi,  айқынырақ  белгiлердi  бөлiп  көрсету,  әрине,  оңай  емес. 
Ғалымдар  пiкiрiндегi  ауытқушылықтар  да  осыдан  туындап  жатыр.  Бiздiң  ойымызша,  бұл  топтағы 
өлеңдерге  тән  негiзгi  белгi  –  ойындық  элементтiң  басымдығы.  Оған  бұл  шығармалардың  диалогқа 
негiзделiп құрылуы, балалардың кезектесiп орындауы, бiр-бiрiнен жауап күтiсiп, өзара сөз жарысына, 
ой жарысына түсу, сол сөз ойындарынан күлкi, қызыққа кенелiп, өздерiнше рухани қанағат табуы. 
Бұл  ойындар  өлеңге,  ұйқасымды сөзге  негiзделiп құрылады.  Рольдi  ойындарда  балалар  әлдеқандай 
затты,  түрлi  ойыншықтарды  ермек  етсе,  мұнда  халық  арасында  ұрпақтан-ұрпаққа  ауысып  келе 
жатқан  өлең  сөздер  ойыншықтың,  ойын  құралының  қызметiн  атқарады.  Сондықтан  оларды  өлең-
ойындар (песни-игры) деп атаған жөн. Сонымен бiрге, бұл орайда пiкiр таластарға жетелейтiн тұстар 
да  жоқ  емес.  Мәселен,  жаңылтпаш,  жұмбақ  тәрiздi  жанрлардың  шығу  тегi,  алғашқы  функциялары 
мүлде басқа мақсатты көздеген. Бiз оның балалар репертуарына көшкеннен кейiнгi жаңа функциясын 
негiзге  алдық.  Сонымен,  өлеңдi  сөз  бен  ойды  ермек  етуге  негiзделген  бұл  өлең-ойындардың 
құрамына  мынадай  жанрлық  түрлердi  топтастыруға  болады.  Тәжiкелесу,  жаңылтпаш,  жұмбақтар, 
балалар айтысы. 
Балалардың  күнделікті  тірлігінде  кең  тараған  ермек  өлеңдердің  бір  түрі  –тәжікелесу(поддевки). 
Олардың көлемі әр түрлі, көбінесе, ұйқастырылған тақпақ түрінде келеді. Мазмұнында балалардың 
бір-бірін  келекелеп,  қағытқан  әзілі  жатады.  Тәжікелесулердің  жасанды  диалогқа  негізделген 
тәжікелесулер(«-қасық деші – қасық – аузың сасық, -жәшік деші –жәшік –сенің әкең піркәшік» т.б. ), 
табиғи     диалогқа    негізделген    тәжікелесулер («-немене – тегене -төмен қарай дөңгеле», «-мынау 
қандай ағаш? –қайың –сыбағаң дайын» т.б.), тәжіке-жұмбақтар(«-белі бүкір алысқа түкір –мылтық –
аузыңа  жүн  тық,  -даусы  тырау-тырау,  денесі  қырау-сұрау  –  тырна  –бас  салып  тырна»),  тәжіке-
сауалдар(-ақ па, қара ма? -ақ –бетіңе батпақ жақ –қара-басыңа шықсын жара –ат па, айғыр ма? Ат – 
арам  қат  –  айғыр  –  міне  алмай  қайғыр),  алдамшы  тәжікелесулер(-ананы  қарашы  –қараттым, 
қараттым, қарғаның саңғырығын жалаттым, -алдадым, алдадым, қара суды жалдадым) деген түрлері 
бар. Тәжікелесудің сөздің мағынасын бұра сөйлеуге құрылған дәстүрлі формалары да бар.  
Баланың  ойлау  қабілетін  дамытуда,  тілін  ширатуда,  дүниетанымын  дамытуда    жаңылтпаштың 
маңызы зор. Жаңылтпаштарды жаттап, жаттыға айту арқылы баланың ана тілін ардақтау, сөз қадірін 
білу сезімі қалыптасып, ойы қиялы дамиды, тәлім-тәрбие алады [4,39]. 
Жаңылтпашта    ырғақтың,  аллетерациялық,  тәсілдің  болуы  заңды  құбылыс.  Қазақ  тіліндегі 
жаңылтпаш жанры туралы   аз-кем айтылып қалатыны болмаса,   осы уақытқа дейін аталған жанрдың 
құрылысы мен жасалу жолдары, тәсілдері туралы әлі зерттелмей келеді. 
Жаңылтпаштардың шумағы құрылысына қарай қос тармақты, үш тармақты, төрт тармақты және 
көп тармақты болып келетіндігі белгілі. 
                     
Қызыл сиялы қалам сенде, 
                     
Көк сиялы қалам менде. 
                     
Қызыл сиялы ол алты теңге, 
                     
Көк сиялысы ол жарты теңге. 
Жаңылтпаш  шумақтарында  тармақтардың  үнемі  ұйқасып  келуі  шарт  емес,  теңдес  мағыналы 
дербес жаңылтпаштар бірыңғай буын-бунақта тұрып-ақ үш тармақты шумақ құрай алады. 
Бір қыз кесте тікті, 
Кестесін түсте тікті, 
Кеште тікті. 
Адамның  ой-өрісін,  алғырлығын,  білімін  сынау  мақсатында  нақты  бір  зат  немесе  құбылыс 
тұспалдап  сипатталатын  шағын  әдеби  жанрдың  түрі-Жұмбақ.  Ғалымдар  Жұмбақтың  әуелгі  тегі 
тыйым сөздермен және табумен төркіндес [4,47] деп есептейді. Бағзы дәуірлерде адамдар айналадағы 
өктем  күштерден  сақтанғандықтан,  өзара  шартты  сөздермен,  астарлы  тіркестермен  тілдескен. 
Жұмбақ  кейінгі  даму  барысында  табу  мен  тыйым  сөздерден  жіктеліп,  бөлініпшыққан. 
Қазақ
 
жұмбақтары  ежелгі  дәуірде  туып,  қазіргі  кезеңге  дейін  ұзақ  даму  жолынан  өтті.  13  ғасырдың  2-
жартысы  мен  14  ғасырдың  басында  құрастырылған  қыпшақ  тілінің  сөздігі  “Кодекс  Куманикусте” 
көптеген  Жұмбақтар  берілген.  Ондағы  Жұмбақтардың  құрылымы,  табиғаты  қазіргі  қазақ 
Жұмбақтарына  ұқсас.  Мысалы,  Сенде,  менде  жоқ,  Сеңгір  тауда  жоқ,  Өтеберіктастажоқ, 
Қыпшақтажоқ  (құссүті).  Сонымен  қатар  Махмұт  Қашқаридің  “Түрік  тілінің  сөздігінде”  де  қазіргі 
158
 


Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 1(55), 2016 г. 
қазақ  Жұмбақтарының  алғашқы  үлгілері  кездеседі.  Қазақ  халқы  Жұмбақты  адамдардың  білім 
деңгейін, парасатын аңғартатын үлкен өнер деп есептеген, сондықтан жар таңдаған жастар, ақындар, 
ел ішіндегі шешен, би, т.б. данагөй, қадірменді адамдар бір-біріне Жұмбақ жолдап, ақыл-ой сынасып, 
таным  салыстырған.  Жұмбақ  қара  сөз  түрінде  де,  өлең  түрінде  де,  ақынды  қайтыс  түрінде  де 
кездеседі. Жұмбақ бейнелі суретпен айтылады. Мысалы, “Ай далада ақ отау, аузы-мұрны жоқ отау” 
(жұмыртқа), “Отқа жанбас, суға батпас” (мұз). Заттың сапасына (“Бауыздасаң, қанорнына су ағар” – 
қауын),  қызмет-қимылына  (“Жанды  сағат  айқай  салад”  –  есек)  қарай  құрылатын  Жұмбақтар  көп. 
Кейде Жұмбақ тікелей ашық сұрау түрінде айтылады. Жұмбақ шешендік сөздермен де (“Ағат деген 
немене?  Сағат  деген  немене?”),  мақал-мәтелдермен  де  (“Сырты  жылтырауық  болғанмен,  іші 
қалтырауық”) жанасымды. 
Қорыта айтқанда балалар фольклорындағы ойын өлеңдерін жаттап, ойын барысында айту арқылы 
баланың  ана  тіліне  деген  құштарлығы  артып,  ойлау  қабілеті  шыңдалады.  Сондай-ақ  баланың 
аңғарымпаздығы,    алғырлығы  ұштала  түседі.  Бұлар,  бір  жағынан  баланың  ойлауын  жетілдірсе,  
екінші жағынан сөздік қорын да молайта түседі. Ойын өлеңдері өз ұлтын,  өз  мұрасын мақтан етуге 
үйретеді. Ойын өлеңдері баланың дүниетанымын,  тілін дамытып, кішкене кезден бастап мақсатты іс-
әрекетке  үйретеді.  Сонымен  қатар  балалар  фольклорындағы  ойын  өлеңдерінің  жанрлық  сипаты 
ауқымды қызметке ие. 
 

Ш.Ахметов. Қазақ балалар әдебиеті тарихының очеркі. А. 1965. 

К. Ісләмжанұлы. Рухани уыз. А.,2008 

Русская литература  для детей. М. Изд. центр. Академия. 1998. Под  

ред. Т.Д.Полозовой. 

Қ.Ергөбек. Арыстар мен ағыстар. 1 том. А. Өркениет. 2003. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет