Хабаршы вестник bulletin «Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»



Pdf көрінісі
бет298/375
Дата06.01.2022
өлшемі4,16 Mb.
#11773
1   ...   294   295   296   297   298   299   300   301   ...   375
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 1 (55), 2016 ж. 
сыныптарда  поэзиялық шығармаларды оқытудың ұстанымдарын айқындап, мектеп бағдарламасында 
оқу материалын сұрыптаудың негізгі қағидаттарын көрсетеді. Мәселен, «ҮІ-класта Абайдың  
«Жазғытұры»  деген пейзаждық өлеңінен оның  абстрактілі түйіндеуге, ішкі сезім толқынына, сол 
сезім арқылы терең этикалық ғибратқа құрылған «Әсемпаз болма әрнеге» деген  лирикасының бұрын 
берілуі орынсыз. Дәл осындай жай Ы.Алтынсарин өлеңдерінің орналасуынан да ұшырасады» - дей 
келіп, өлеңді мектеп бағдарламасы мен оқулықта берудің рет, тәртібінде әдістемелік жүйе болу 
керектігін,  шығарманың жанрлық ерекшелігіне қарай ұсыну керектігін орынды ескертеді. Автордың 
пікірінше  өлеңнің жанрын таныту үшін әуелі пейзаждық, портреттік, суреттемелік үлгілерін 
таныстырып, содан соң  күрделі әлеуметтік мәселелерді қозғаған тақырыптық өлеңдерді ұсыну 
керектігін айтады. Осылайша оқыту үдерісін оңайдан күрделіге қарай негіздей құру ұстанымдарын 
танытады.    
 
Мектеп практикасында лирикалық шығарманы оқыту әдістемесін жетілдіру қажеттігі күннен 
күнге айқындалу үстінде. Өлең мәтінінін оқуда шығарманы көркем қабылдау мен терең тану 
мүмкіндіктерін туғызбай, жалаң ңасихат пен  таңырқау мен тамсанудың орын алуы бүгінгі 
сабақтарда да жиі ұшырасатыны жасырын емес. Әдіскер-ғалым шығарма табиғатын, жанрлық қырын 
терең тани отырып, бүгінгі әдебиет пәнін оқытуда өзекті болып оттырған біраз жайды сол тұстың 
өзінде айқын таныған.  Соның бірі мәтінге интерпретация жасай оқыту қажеттігі. Автор: «...сабақты 
жалаң «түйіндеуге» құрсақ, сөзуарлық, жалпылық бел алып, әдебиеттік оқудың басқа міндеттеріне 
көңіл бөлінбейді. Өлеңнің басты әсері оның эмоциялық-сезімталдық, эстетикалық мәнінде десек, ал 
идеялық, тәрбиелік мәні тексті тікелей оқып талдаудан, содан нәр алудан  келіп тууға тиіс», деген 
пікірді өлең мәтінін оқытудың нақты жүйесін ұсынумен кеңейте түседі.  Прозалық  шығарма мен 
өлең мәтінін талдауда екі түрлі жүйені ұсынады. Прозалық шығармаға талдау→жинақтау әдісі 
ұсынылса, өлеңді оқытуда жинақтау →талдау→жинақтау әдісінің тиімділігін  көрсетеді. Автор 
алғашқы жинақтауға өлеңнің жазылу тарихы мен авторына қатысты әңгімені жатқызады. Лирикалық 
шығармалардың жанрлық ерекшеліктерін түсіндіре келе, «лирикалық шығарманың эстетикалық 
әсерін сақтау үшін, поэтикалық мәтінге прозалық түсініктеме  жасамаңыз, граматикалық жаттығу 
бермеңіз деген кеңес айтамыз» дейді. Өлең мәтінін оқытуды мазмұндаудан   бастамай, 
композициялық талдаудан бастау керектігін, өлеңнің  әрбір бөлшегінің қызметі мен суреттеу, 
образдау тәсілдерін анықтау, талдау оның идеясы айқындаудың ретті жолы екендігін ашып көрсетеді. 
Мектеп бағдарламасында  белгілі бір автордың шығармаларын сол тақырыптар бойынша 
қалыптастырылатын әдеби-теориялық білімге сәйкес жүйелеп беру оқу үдерісінің оңтайландырып, 
білімді мазмұнды ететінін анық.  Мақаланың құндылығы сонда, автор бір мақала көлемінде-ақ 
лирикалық шығарманы оқытудың жүйесі мен әдістемелік жолын айқындап бере білген. Автордың 
әдістемелік жүйесі әдебиетті оқытудың бірден бір тиімді амал-тәсілі ретінде танылып,  тұрақтанған. 
Осылайша әдебиетті оқыту әдістемесінің дәстүрлі жүйесін құруға негіз болғанын атап айту орынды. 
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесін пән ретінде жоғары оқу орындарында оқытылғанымен, көпке 
дейін арнаулы оқу құралдары мен оқулықтары болған жоқ еді. Бұл міндетті атқарға алғашқы оқу 
құралының авторы да Ә.Қоңыратбаев болды. Автордың «Әдебиетті оқыту методикасы» атты оқу 
құралы 1966 жылы жарық көрді [7]. Қазақ мектептерінің 9-10 сынып мұғалімдеріне көмекші құрал 
ретінде ұсынылған оқу құралының қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің негізгі ұстанымдары мен 
жүйесін танытуға тигізген ықпалы мол болды. Әдебиеттің қысқаша тарихын оқитын жоғары 
сыныптар үшін лекциялық әдісті түсіндіре келе, әдебиет пәніне арналған  шолу түріндегі лекция,  
монографиялық лекция, әдеби-теориялық лекциялар,  жинақтау лекциялары, талдау формасындағы 
лекциялардың ерекшеліктерін, мақсат міндеттерін, құрылымы мен өткізілу әдістерін көрсетеді. Оқу 
құралының  әдістемелік бағасы  әдебиет сабағында мәтінге жасалатын талдауды кең қамтуымен де 
айқындалады. «Шығарма және оны талдау» деп аталатын бөлімінде автор  талдау сабақтарының 
формаларын айта келе, жазушы және оның стилі, шығарма образдарына талдау,  кейіпкерге 
мінездеме жасау жолдарын,  шығарманың композициясы мен  сюжетін талдау, шығарманың тілін 
талдау жолдарын танытады. 
 
«ҮІІІ-Х кластарда оқушы тексті лекциядан бұрын үйде толық  не бөлімі бойынша оқып келуге 
тиіс. Бұл сабақ міндетін жаңартады. Әдетте методиканың бұл шарты орындалмай жүр. Соның 
салдарынан  ҮІІІ-Х кластарда да текст класта, үйде жеке бөлімдері бойынша оқылып, мазмұндалып, 
Ү-ҮІІ кластардағыдай әдебиеттік сабақтарына ұқсап жүр. Бұған тағы бір себеп — оқушылардың 
дайындығының төмендігі. Кейбір мұғалімдер үлкен романдарды да жеке бөлімдері бойынша  
талдауға, дәлірек айтқанда, мазмұндауға  бейімделген. Дұрысында, жоғары кластарда, тарихи  курс 
190
 


Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 1(55), 2016 г. 
методикасында қандай үлкен роман болмасын ол әуелі үйде алдын ала оқылып, лекция бағдарлаушы 
әңгіме, талдау сол негізде жүргізілуі тиіс. Басқаша айтқанда  ҮІІІ-Х кластарда текске тұтас талдау 
жүргізіледі”-дейді [4]. 
Автордың ұсынған әдістемелік жүйесі бүгінгі мектеп практиксында қолданылып жүрген  басты 
әдістемелік бағыт болып есептеледі.  
Орта  буын  сыныптарға  арналған    әдістемелік  оқулықтар,      әдебиеттік  оқу  сыныптары 
оқулықтарына  жазылған  әдістемелік  нұсқаулар    да  Ә.Қоңыратбаевтың  авторлығында  жарық  көрді. 
Әр  сыныпқа  арналған  әдістемелік  нұсқауларда  да  автор  әдеби  мәтінді  терең  тану  арқылы  әдеби 
білімді жүйелей алу талаптарына ерекше мән береді. 
 
Ғылымда  дәлелденген  жай  әдебиетті  зерттеп  терең  таныған    адам  ғана  оны  оқытудың  толағай 
жолын  толғап,  таным  түйсігімен  түйіндей  алатыны  байқалады.  Бұл  ретте  Ә.Қоңыратбаев  сияқты  
әдебиеттің  бірнеше  саласын    терең  зерттеген  ғалымның  қазақ  әдебиетін  оқыту  әдістемесімен 
шұғылдануы  осы  сала  үшін  үлкен  олжа.    Қазақ  әдебиетін  оқу  әдістемесіне  жаңа  әдіскер-ғалымдар 
қосылып,  жаңа  әдістемелік  ізденістер  мен    еңбектер  жазалып  жатыр  дегенмен  де,  бүгінгі  қазақ 
әдебиетін оқыту әдістемесі Ә.Қоңыратбаев сияқты ғалымның салып кеткен  сара жолынан ұзап кете 
алған жоқ. Себебі ғалымның әдістемелік  жүйесі  әдебиеттану ғылымының терең тамырларынан нәр 
алып,  педагогика,  психология,  физология  ғылымдарымен  астасқан,  санадан  сіңіп,  жүрекке  жол 
тартқан, көркем шығарма мен оқушы әлемін тұтастырған бірегей жол екендігі анық.  
 

Қоңыратбаев Ә . Шолпанның ақындығы А., ҚМКӘБ, 1956. 

Қоңыратбаев Ә . Қазақтың « Қозы Көрпеш» жыры туралы. А., ҚМКӘБ, 1956, 1959. 

Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасының очерктері, 1962. 

Жолдыбайұлы  М.,  Қоңыратбайұлы  Ә.,  Қаратайұлы  М.  Әдебиет  хрестоматиясы.  (төрт  жылдық 
мектепке арналған)  - Алматы: 1934 жыл.   

Қоңыратбаев  Ә.  Мектепте  Абайдың  мысал  өлеңдерін  оқыту  туралы.  «Халық  мұғалімі»  журналы, 
1946 жыл. 

Қоңыратбаев Ә. ҮІ класта лирикалық өлеңдерді оқыту. «Қазақ тілі мен әдебиеті» 1959 ж, №4.  

Қоңыратбаев  Ә.  Әдебиетті  оқыту  методикасы  «Қазақ  мектептерінің  ІХ-Х  класс  мұғалімдері  үшін 
көмекші құрал) Алматы: Мектеп,  1966 жыл. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   294   295   296   297   298   299   300   301   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет