Резюме
История создания произведения С.Асылбекулы
А.Д. Ибраева – КазНПУ имени Абая, cтарший преподаватель кафедры казахского языка и
литературы, к.ф.н.
В статье расматривается проблемы творческого лаборатории писателя. Определение темы, сбор
материалов из разных источников, превращения жизненной правды в художественную правду,
поиски в изучении характера персонажа – все эти уровни произведения показывают свойственный
писателю художественный почерк. Сюжеты и герои здесь сопоставлялись с событиями в жизни
писателя, приключениями и людьми, знавшими его, рассматривается острота пера писателя,
прототипы героев, реальное время, при котором жили герои произведений, вопросы, ставшие темой
истории его написания. Анализируя эти вопросы, убедимся в том, что откуда берется идея и начало
событий, которые лежат на основе романа.
Ключевые слова: произведения, тема, художественная особенность, творческая лаборатория.
Summary
The history of creation S.Asylbekuly
A.D. Ibraeva –
KazNPU of the name of Аbay, Senior Lecturer of the Department of the Kazakh
language and literature, candidate of philological sciences
Input a word in the article the problem of the creative laboratory of the writer. Definition of the topic, the
collection of materials from different sources, transformations truth of life in the artistic truth, the quest to
explore the nature of the character - all these works show the typical levels writer artistic handwriting. Plots
and heroes were here compared with events in life of writer, by adventures and people, knowing him, the
sharpness of feather of writer, prototypes of heroes, real time, the heroes of works, questions becoming the
theme of history of his writing, lived at that, is examined. Analysing these questions, we will make sure in
that from where undertakes idea and beginning of events that lie on the basis of novel.
Keywords: artwork, theme, art feature art laboratory.
ӘӨЖ 821.512.122.09
«ШОРА БАТЫР» ЖЫРЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ ЖАЙЫНДА БІРЕР СӨЗ
(ҚАЗАҚ, ҚАРАҚАЛПАҚ, НОҒАЙ ЖЫРЛАРЫНЫҢ НЕГІЗІНДЕ)
С. С.Кәдірханова - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер
институты «6М021400 – Әдебиеттану» мамандығының 2 – курс магистранты,
sandugash_kadirkhanova@mail.ru
Мақалада батырлар жырының ғасырлар бойы сақталып, бүгінде өзектілігімен көрінген « Шора батыр»
жырының тарихи деректілігімен, мазмұнының тереңдігімен, көркемдігімен, сюжеттік желісінің
тартымдылығымен, құрылымының шымырлығымен, образдарының жарқындығымен тілдің шұрайлығымен
оқшау тұратын, шоқтығы биік туынды туралы баяндалады. «Шора батырдың» өзі тектес шығармалардан
зерттеу нысаны ретіндегі артықшылығын айқындайды.
Автордың зерттеуіне өзек болып отырған «Шора батыр» жырын жаңаша бағытта арнайы
қарастырудың өзектілігі де осы мақсаттан туындаған. Бұрын-соңғы әр түрлі талап тұрғысынан
тексерілген аталмыш жырдың ұлттық нұсқаларын қамти отырып, жыр жайында тың тұжырымдар мен
ой - пікірлер қорыту - бүгінгі ғылымның жаңаша талабы. Мақалада
«Шора батыр» жырының зерттелуі жайы қазақ, қарақалпақ, ноғай жырларының негізге алады.
Түйін сөздер: фольклор, жыр, нұсқа, сюжет, поэтика, қарақалпақ, ноғай, образ.
155
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 2 (56), 2016 ж.
Қазақ фольклорының тарихи сипаты басым көркем де құнды саласы – эпостық жырлар.
Қазақтың батырлық жыры көбінесе ерлікті, батырлықты дәріптеп ел қорғау, отаншылдық сарынға
құрылады.Қазақ халқы ауыз әдебиетінің мол саласы – эпосты жинау, жариялау, зерттеу жолында
бұрын – соңды жазылған еңбектер біршама бар. Әсіресе, Ш.Уәлихановтың, В.В. Радловтың, Ә.
Диваевың бұл тараптағы тексерулері мен терең түйінді сөздері айрықша ілтипат көрсетіп,
тоқталып өтуге лайық. Сондай -ақ бірсыпыра басқа да зиялы оқымыстылардың кейде молырақ,
қайсыбір кезде жол- жөнекей айтқан анықтамалары мен таныстырмалары да өз алдына бір төбе.
Эпос жөнінде ең алғаш пікір айтушылардың бірі – Ш.Уалиханов болды. Ол жалпы ноғайлы жырлары
туралы айта келіп, «Шора батырға» да тоқталады. «Шора батыр» жөніндегі ғылыми пікірлер кеңестік
дәуірдің Ұлы Отан соғысына дейінгі кезеңінде көбірек айтылды. Ноғай эпосын көп зерттеген ғылым
П.А.Фалев бұл жырлардың таралу ерекшеліктерінің бір мысалы ретінде «Шора батырдың» ноғай
вариантын келтіреді. Жырдың тарихилығы жөнінде де тың ойлар айтады.
М.Әуезов 1927 жылы Қызылордада жарық көрген «Әдебиет тарихы» атты еңбегінде «Шора
батырдың» Ә.Диваев жариялаған екі нұсқасын салыстыра отырып, олардағы эпикалық жаулардың
біреуінде «орыс», екіншісінде «қалмақ» болып айтылу себептерін нұсқалардың поэзия немесе проза
түрінде жариялауынан деп түсіндіреді. Және жырдағы батырдың Қазанға аттануы мотивінің тарихи-
әлеуметтік мәнін, эпостағы кейінгі дәуірлердің әр түрлі қоспаларын көрсетіп берген.1932 жылы
жарық көрген «Қазақ әдебиеті» атты оқулығында С.Сейфуллин де осы нұсқалар жөніндегі
М.Әуезовтің біршама пікірлерін қайталаған. Сәкен де Әуезов сияқты еңбегінің батырлар жыры
туралы тарауында әуелі шығармалардың мазмұнымен таныстыра келіп, соңынан оның ғылыми
талдауын беріп отырады. Ол мұнда Диваевтың поэзиялық нұсқасының қысқаша мазмұнын баяндап
өтеді.Ноғай нұсқалары жөнінде П.А.Фалевтен кейін толымды пікір айтқан ғалымдардың бірі –
Р.Бердібаев. Ол жалпы ноғай халық ауыз әдебиеті жөніндегі зерттеулерінің ішінде ноғайлардың
«Шора батырын» бірнеше рет тілге тиек етті [1,131].1969 жылы Мәскеуде жарық көрген «Ноғай
халық йырлары» деген жинаққа [2,11] және 1991 жылы Ноғай Ордасы мен «Едіге батыр» жырының
600 жылдығына орай шығарылған ноғай халқының батырлық жырлары жинағына [3,29] Ашим Шейх-
Али ұлы (Сикалиев) жазған алғы сөздерде «Шора батырдың» талдауына едәуір орын берілген. Жыр
және оның көркемдік сипатына шолу ноғайлардың орта мектеп оқулықтарынан да орын алды [4,21].
А.И.-М.Сикалиев өзінің ноғай эпосы туралы зерттеуінде өзге шығармалармен бірге «Шора
батырдағы» басты сарындарға кеңінен тоқталды [5,240].Жырдың қарақалпақ нұсқалары жөнінде
Қарақалпақстан ғалымы Қ.Мәмбетназаров «Ер Шора» дастаны хақында» деген мақаласында [5,312]
қарақалпақ нұсқаларына жалпы шолу жасайды. Ғалым жырдың жанрлық ерекшелігіне тоқталып, оны
зерттеудегі көкейкесті мәселелерді қозғайды.
«Шора батыр» жырының зерттелу хронологиясы
(қазақ, қарақалпақ, ноғай жырларының негізінде)
№
Қазақ әдебиетінде
Қарақалпақ әдебиетінде
Ноғай әдебиетінде
1
1895 жылы Диваев А. Шура-батыр:
(Киргизская былина) // Сборник
материалов для статистики Сыр-
Даринской области. Ташкент:
1979 жылы Мақсетов Қ.
Қарақалпақ
фольклоры.
Нөкис: Қарақалпақстан,
1969 жылы «Ногай халк –
йырлары» Москва: Наука
3
1927 жылы М.Әуезов «Әдебиет
тарихы» Қызылорда
1986 жылы Сағитов И.Т.
Қарақалпақ
халқының
қахарманлық эпосы. Нөкис:
Қарақалпақстан,
1980
жылы
Ногай
литературасы.
Учебник-
хрестоматия. 8 класс уьшин.
Уьшинши басылувы. Черкесск:
Ставрополь книга баспасы
Карашай-шеркеш боьлик.
4.
1932 жылы С.Сейфуллин «Қазақ
әдебиеті»
1995 жылы Мәмбетназаров
Қ. «Ер-Шора» хаққында сөз
// Еркин Қарақалпақстан
1994
жылы
Сикалиев
(Шейхалиев)
А.И.-М.
Ногайский геройческий эпос. –
Черкесск; КЧИГИ
156
Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 2(56), 2016 г.
5.
1935ж Б.Кенжебаев, С.Мұқанов
1993 жыл Шора батыр.
Дастан.
Болатбек
Ердаулетоатың орындауы
бойынша
6.
1942
жылы
Қ.Жұмалиев
авторлығымен мектеп оқулығы
2000 жылы Қарақалпақ
мемлекеттік
университетінде
Ж.М.Низаматдиновтың
«Каракалпакский народный
дастан
«Ер
Шора»
(историко - типологическое
сравнение)
7.
1964
жылы
Сейфуллин
С.
Шығармалар. 6 т.
8.
1987 жылы Р.Бердібаев. Қазақтың
батырлық эпосы.
9.
1998 жыл А.Мамытов «Шора
батыр жырының поэтикасы»
10.
1998 жыл Б. Қорғанбеков «Шора
батыр»
эпосы
және
ұлттық
варианттары (генезис, тұтастану,
тарихилық мәселелері)
«Шора батыр» эпосын тұтастай немесе ұлттық нұсқалар бойынша дербес зерттеу нысаны етіп
алған ғылыми еңбектер 1998 жылдан кейін жария етіле бастады. Жырдың өзге ұлттардағы нұсқалары
басты назарға алынып, оларды қазақ варианттарымен салыстырған диссертациялық еңбектер осыдан
кейін қорғалды. Олардың авторлары – сол ұлттардан шыққан зерттеушілер. Бірақ бұл зерттеушілер
түркілік нұсқалар түгелге жуық қамтылған біздің еңбекті, өкінішке орай, ескермеген. 1998 жылы
«Шора батыр» эпосы бойынша екі бірдей диссертация қорғалды. А.Мамытовтың кандидаттық
диссертациясында жырдың қазақ нұсқалары арқау етіліп, негізінен алғанда, мұндағы поэтикалық
үрдістер қарастырылған. «Шора батыр жырының поэтикасы» деп аталған. Мұнда автор эпостың бас
қаһарманы мен оның түптұлғасының ара қатынасын, сюжет құраушы мотивтер жүйесін, бейнелеу
және көріктеу құралдарын, формулалық түрлерін, өлең өлшемдерін сөз етеді. Б. Қорғанбеков қоғаған
екінші диссертацияда эпостың түркі халықтарындағы нұсқалары түгелге жуық қамтылған. «Шора
батыр» эпосы және ұлттық варианттары (генезис, тұтастану, тарихилық мәселелері) атты
дицертациялық жұмыста сан алуан ұлттық нұсқалары бар «Шора батыр» жырын тарихпен
сабақтастыра, тарихи – типологиялық тұрғыдан салыстыра зерттеген. Сондай-ақ, 2000 жылы
Қарақалпақ мемлекеттік университетінде Ж.М.Низаматдиновтың «Каракалпакский народный дастан
«Ер Шора» (историко - типологическое сравнение) атты диссертациясы қорғалған [6,78].Автор
«Шора батыр» жырын қарақалпақтың ұлттық құндылықтарының бірі ретінде көрсетіп, алты бөлімге
бөліп, дастанның идеясы, кейіпкерлері, сюжеті, тарихилығы туралы баяндайды. Бұл жөнінде түрік
ғалымы С.Екердің еңбекетерінен байқауға болады.[7,149]
Енді осы жерде айта кететін мәселе, Б.Қорғанбековтың зерттеу жұмысы мен Ж.Низамиддиновтың
жазған диссертациясын салыстыра қарағанымызда, кейін қорғаған Ж.Низамиддиновтың еңбегі тура
Б,Қорғанбековтың жұмысын қайталайтыны байқалды. Тура соның ізіне салынып жазылған жұмыс.
Ал еліміз егемендік алғаннан кейін халық тарихындағы Шора сынды тұлға туралы әдеби
мұралар, зерделі зерттеулер жарық көре бастады. Мұның бірден – бір дәлелі ретінде Р. Бердібаевтың,
Е. Мағауинның, Ж. Асановтың зерттеу еңбектері мен М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер
институтының ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев ұсынған «Мәдени мұра » мемлекеттік
бағдарламасының шеңберінде орындап жатқан «Бабалар сөзі» жүзтомдығын атауға болады.«Шора
батыр» жыры 45-51 томдарға енген.
Қорыта айтқанда, жырды әр кезеңде зерттеушілер әр түрлі тұрғыдан қарастырғанымен, жырдың
әлі де саралай түсетін жақтары бар екендігі негізделді. Жырдың зерттелуіне шолу жасай отырып,
бүгінде халықтық шығармалар қатарынан орын алатыны сөзсіз.
157
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 2 (56), 2016 ж.
1
Бердібай Р. Эпос- ел қазынасы.-Алматы: Рауан,1995.- 330-б
2
Бабалар сөзі: Жүз томдық. Батырлар жыры. / түсініктерін жазып, баспаға дайындағандар Б.
Қорғанбеков (жауапты шығарушы),45 т. Астана: Фолиант, 2006, 60 б.
3 Ыбыраев Ш., Алпысбаева Қ., Әлібек Т. Халық әдебиетін жинау, жүйелеу және сақтаудың
әдістемелік құралы. – Алматы: Кие, 2009.
4 Бабалар сөзі: Жүз томдық. Батырлар жыры. 34-35т. Астана: Фолиант, 2006,60б. 5.Болат
Қорғанбеков «Шора батыр » эпосы. -Алматы 2014,11-27-47-275б.
6 Низаметдинов Ж.М. Каракалпакский дастан “Ер Шора” (Историко-типологическое
сравнения). Автореф. канд. дисс. Нукус, 2000.
7 Екер. С Тurk ve kazak edebiyatida mersiye konularinin ortakliklari Абай атындағы ҚазҰПУ
Хабаршысы «Филология ғылымдары» сериясы № 2 (52),2015,277б.
8 Мәмбетназаров Қ. «Ер-Шора» хаққында сөз // Еркин Қарақалпақстан, 1995, 29 август.
Резюме
С. С. Кадирханова - Казахский Национальный Универсиет им. Аль-Фараби и Институт
Литературы и Искусство им.М.Ауезова «6М021400 – Литературоведение» 2 – курс магистрант,
sandugash_kadirkhanova@mail.ru
Несколько слов о исследование эпоса «Шора батыра»
(на основе казахского, каракалпакского, ногайского эпосов)
Статья посвящена исследованию эпоса « Шора батыр» в казахском, каракалпакском и ногайском
языках. Данное народное поэтическое произведение на протяжении веков не потеряло свою
ценность и актуальность по сей день. Оно также отличается своей исторической документальностью,
глубиной содержания, красотой и привликательностью сюжетов. Эпос «Шора батыр»
обослобляется от других произведений приветливостью образов и богатством языка.«Шора-
батыра», как объект исследования определяет преимущество подобных произведений.
Исследованию автора сердцевина «Шора-батыр», по-новому, возникших в направлении этой цели
мы специально актуальность рассмотрения. В последние проверенных с точки зрения различных
вариантов, включая требования национальной поэзии, поэзии мысли и выводы o эпосов обзоры
обобщения - требование науки сегодня по-новому. В статье рассмотрены текстовые различия и
сюжеты на основе казахского, каракалпакского, ногайского эпосов.
Ключевые слова: фольклор, эпос, вариант, сюжет, образ, поэтика, қаракалпак, ногай.
Summary
A few words are at research of epos of "Shor batur " (on the basis of Kazakh, karakalpak and
Nogai eposes).
S.S. Kadirkhanova - Kazakh National University the name of al -Farabi and Institute of Literature
and Art of M. Auezova
"6М021400 are literary Criticism"
sandugash_kadirkhanova@mail.ru
The article is sanctified to research of epos of "Shor batur " in the Kazakh, kara-kalpak and nogai
languages. This folk poetic work during centuries did not lose the value and actuality till today. It also
differs in the historical documentaryness, in depth maintenances, by beauty and attractive plots. Epos of
"Shor batur " of differ from other works by affability of characters and riches of language. "Shor batur " ,
as a research object determines advantage of similar works.To research of author core "Shor batur " , newly,
arising up in the direction of this aim we specially actuality of consideration.
Back in last tested from the point of view of different variants, including the requirements of national
poetry, poetries of idea and conclusions about epos reviews of generalization are a requirement of science
today newly. In the article text distinctions and plots are considered on the basis of Kazakh, karakalpak,
and Nogai eposes.
Key words: folklore, epos, edition, plot, charagter, poetics, karakalpak, nogai
158
Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 2(56), 2016 г.
УДК 82´1
МАҚТЫМҚҰЛЫНЫҢ ӨМІРШЕҢ ЖЫРЛАРЫ
Н. С. Қамарова -
Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар
және инжиниринг университеті, Филология ғылымдарының кандидаты, доцент
Бұл мақалада түркменнің классик ақыны Матымқұлы поэзиясының ерекшеліктері айтылады. Мақтымқұлы
поэзиясы мен Абайдың, Мағжанның өлеңдеріндегі ой мен образдар салыстырылады.
Көптеген тілдерге аударылған Мақтымқұлы жырлары – ауыз әдебиетінен нәр алып, халық даналығымен
сабақтасқан жаңа сипаттағы, мәні зор поэзия. Мақтымқұлының мұрасымен көршілес жатқан қазақ елі де
бұрыннан таныс екені белгілі. Ертеректе ел арасында ауызша таралып келген Мақтымқұлы жырлары кеңестік
кезеңде жеке жинақтар болып жарияланды. Мақалада Мақтымқұлы шығармаларын Ғ. Орманов, Ғ.Қайырбеков,
Д. Қанатбаев, С. Нұржан сияқты белгілі ақындардың тәржімалағаны айтылып, ақынның қазақша
аудармаларындағы өмір, адамгершілік туралы, отандық, азаматтық рухтағы жырлары талданады. Ақынның
философияға толы өлеңдері халық арасында нақылға айналып, терме болып ауыздан ауызға таралып келе
жатқаны да Мақтымқұлы мұрасының құндылығын айқындай түспек.
Түйін сөздер: Түркмен әдебиеті, Мақтымқұлы Пырағы, өміршең жырлар, Мақтымқұлы мен Абай,
Мақтымқұлы мен Мағжан, Мақтымқұлы жырларының аудармасы.
Біздер – көне түрік мемлекетінің ұрпақтарымыз. Оған мысалдар да жеткілікті. Қазақтың қаншама
дастан-жырлары нәзира үлгісімен басқа да түркі тілдес халықтарда кездеседі. Басқа түркі тілдес
халықты айтпағанның өзінде түркімен әдебиетімен байланысымыз тереңде жатыр. Түркмен әдебиеті
дегенде «Ләйлі-Мәжнүн», «Жүсіп пен Зылиха», «Ғариб пен Санам», «Көроғлы», «Тахир мен Зухра»
сияқты фольклорлық дастандар, Бурхонид-дин Синосий мен Саид Насмий (XIV ғасыр), Хилали
Чагатай, Бархудар (XVI – XVII ғғ.), Андалиб, Азадий (XVIII ғ.), Мақтымқұлы Пырағы (1733-1783),
Молла Непес Қадырбердіұлы (1810 – 1862), Кемине (1770 – 1840) сияқты түркімен жазба әдебиетінің
ірі өкілдері ойға оралады. Қытайда Құндзы (Конфуций), орыста Пушкин, өзбекте Науаи, қазақта
Абай қалай бағаланса, түркімен халқында да түркімен әдебиетінің іргетасын қаласқан майталман
ақындардың бірі де бірегейі, қазіргі түркімен әдеби тілінің қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес
қосқан ақын ретінде Мақтымқұлы да төрден орын алады. Халқының рухымен суғарылған өміршең
поэзиясы Түркменстанның ұлттық идеологиясының негізіне айналып отырған ақынның өлмес
өлеңдері бұл күндері әрбір түркіменнің жүрегінің түкпірінен орын алған. Мақтымқұлы түркімен
әдебиетінің классигі ғана емес, сонымен бірге түркілік құндылықтарды асқақтата жырлаған түркілік
өркениеттің аса көрнекті өкілдерінің бірі.
Әлемнің бірнеше тілдеріне аударылған Мақтымқұлы жырлары – ауыз әдебиетінен нәр алып,
халық даналығымен сабақтасқан жаңа сипаттағы, мәні зор поэзия. ХVIII ғасырдың өзінде-ақ
Ф.Шопенинг, А. Ходзо, А. Вамбери сиқты саяхатшы, зерттеушілер оның біраз өлеңдерін Батыс
Еуропада жариялаған. Мақтымқұлының асыл мұрасымен көршілес жатқан қазақ елі де ежелден
таныс. Бұрын ел арасында ауызша таралып келсе, кешегі кеңестік кезеңде ақынның таңдамалы
өлеңдері 1947, 1959, 1968,1983 жылдары жеке жинақтар болып жарық көрді. Мақтымқұлы
шығармаларын Ғ.Орманов, Ғ.Қайырбеков, Д.Қанатбаев, С.Нұржан сияқты белгілі ақындар
тәржімалаған.
«Мен өзім Мақтымқұлы жырларын бала кезімнен жаттап өстім, балалық шағым түркмен
даласында, түркмендер арасында өтті. «Қаратаудың басынан көш келеді, көшкен сайын бір тайлақ
бос келеді» деген қазақ әні мен «Дағлар башы думан-думан, ел гелйәр-а, Бибиджан» деген түркмен
айдымын қатар айтып, қоса шырқаушы ек» [1, 6], - дейді Мақтымқұлы ақын өлеңдерін аударушы,
белгілі ақын Д.Қанатбаев.
«Ауыз айтса» деген өлеңі:
.Кесір тағдыр есер болды,
Талауға сап бұл жаһанды [1, 105], -
деп басталып, ақыл-ой, адамның қадір-қасиеті, мінез-құлқына арналады. Шел қаптаған жанарлар,
ада болған армандар ақын тілімен өзгеше өрнек тапқан.
Түрме болды жалғыз серік,
Тіл күрмеулі, ауыз берік.
Бұл жалғаннан нені көріп,
159
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 2 (56), 2016 ж.
Құс ұясын құзға салды? [1, 105].
Түрмедегі адамның хал-күйі, бірдеңе айтуға дәрмені жоқ, тілі күрмеулі жан көз алдыңа келеді.
«Бұл жалғаннан нені көріп, Құс ұясын құзға салды?» деген жолдарда үлкен философиялық ой жатыр.
Шыныда ойланып көрдіңіз бе? Құс алыста ұшып, ұясын құзға салады. Бұл жалған дүние аласапыран
тірлік екенін ақын бұл өлеңде де дәлелдей түскен.
Өмір ұзақ, сапар ауыр,
Хан шаршаса – қапалы ауыл.
Бір жақсылық жаса, бауыр,
Жамандықпен бұзба сәнді [1, 105].
Ақын өмір сүрудің оңай емес, өмірдің мәні ізгі қасиеттерде екенін, сән-салтанатты жамандық
жасап бұзбай, жақсылықпен ғұмыр кешу керектігін айтып, берілген өмірді мәнді сүруге шақырады.
«Әркімнің бар өз сырласы, Жауыздың жоқ шын жолдасы» деген түйінді ой адамдарды жамандық
атаулыдан сақтандырып, бір-біріне шын дос, жолдас болуға үндейді.
Мақтымқұлы, жырды ұстан да,
Таба болма, кіл дұшпанға.
Иран, Тұран, Үндістанға,
Сапар шегіп, жүз жасалық [1, 105].
Ақын көп өлеңдерінде өзіне қаратып, өз атын атап, сөйлейді. Өмірдің мәнін терең ұққан ақынның
өзіне айтқанын сіз бен бізге айтқаны деп қабылдаймыз. «Сапар шегіп, жүз жасалық» деп ақын жасың
жүзге дейін жетсін деп емес, қанша ғұмыр сүрсең де артыңда өлмес ісің қалсын, жақсылықтарың мен
ізгіліктерің қалсын деген мағынада жырлап отыр.
Ақынның қай өлеңін алсаңыз да тұнып тұрған философия.
Пырағы бұзбас сөз шырқын,
Көнеді-ау бәрін көз шіркін...
Жыл өткен сайын қыз-қырқын
Ұят пен ардан тоналар [1, 83].
Өз заманындағы арсыздық, ұятсыздыққа да қынжылыс білдірген. Түркмен халқының абыз ақыны
Мақтымқұлының ақын Ғали Орманов аударған бұл термесін көпшілік біледі:
Биік таулар, бойшаңмын деп шіренбе,
Тасың құлап, сен де типыл боларсың.
Терең теңіз, тәкаппарсып шіренбе,
Суың кепсе, сен де бір шөл боларсың.
Үлгі тұтса тыңдаған жұрт сөзіңді,
Менменсімей төмен ұста өзіңді.
Данаға ерсең күндей ашар көзіңді,
Наданға ерсең қараңғы көр боларсың... [2, 5].
Бұл өлеңде адам өмірінде жиі кездесетін, тіршіліктің түпсіз тереңдерінен туындап отыратын
күрделі мәселелерді көтере отырып, философиялық түйіндер жасап отырады. Бұл фәни дүниенің
жалғандығын айта келіп, адамдарды аз ғұмырды мәнді өткізуге шақырады.
Мақтымқұлының өлеңдерін оқи отырып, Абай поэзиясының ұқсастықтарын, екі елдің ұлы
ақындарының сарындас әуендерін кезіктіріп отырасыз.
Мақтымқұлы:
Кешегі жүрген сілікпе,
Шығармақ өзін биікке.
Жақсының көзіне іліксе –
Бар болып шығар жоқ амал [1, 60], – десе,
Абай:
Болыс болдым, мінеки,
Бар малымды шығындап...
Күштілерім сөз айтса,
Бас изеймін шыбындап... [3, 102].
Мақтымқұлы:
Құшақ жайып қарсы алған,
Заман өтіп барады.
160
Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 2(56), 2016 г.
Базарлы шақ ән салған,
Қалай өтіп барады. [1, 129], деп қайғырса,
Абай:
Өмір, дүние дегенің,
Ағып жатқан су екен.
Жақсы-жаман көргенің,
Ойлай берсең у екен. Абай. [3, 180], - деп жырлайды.
Екі ақын поэзиясынан достықты, адамгершілікті, татулықты ту еткен, үндес өлеңдерінен
мысалдарды көп келтіруге болады.
Мақтымқұлы мен Мағжан өлеңдерінің үндестігін де көптеген өлеңдерінен байқауға болады.
Күн қанжары көк бұлтты тілгендей –
Жаңа иіліп туған айым сен сұлу.
Жағпар тонын жалтылдатып кигендей,
Аспаһанның ақ семсері сен сұлу [4, 5], -
деп басталатын «Сен сұлу» өлеңі Мағжанның осы аттас өлеңін еріксіз еске түсіреді:
Бiлем анық: жанға жайлы Май сұлу,
Жарқ-жарқ еткен майда найзағай сұлу.
Қызықты орман, көңiлдi еркiн кең дала,
Күмiс табақ көкте жүзген Ай сұлу [5, 113].
Мақтымқұлы:
Лебің зәмзәм – Әбілхаят дәрісі,
Тас бұлақтай сылдыраған сен сұлу [4, 5], - десе,
Мағжан:
Сылқ-сылқ күлiп сылдыр қаққан су сұлу,
Көлге қонып қаңқылдаған қу сұлу.
Бейне айнадай жарқыраған айдыннан
Күн шығарда көтерiлген бу сұлу [5, 113], -
деп жырлайды.
Мақтымқұлыда сұлуды айға, тас бұлаққа баласа, Мағжан Айды, сылдыр қаққан суды, күн
шығарда көтерілген буды символ етіп алған. Түркмен ақыны сұлуға арнаған өлеңін:
Мақтымқұлы, сырын жұрттан жасырса,
Тілін кестір жалған сөзге бас ұрса,
Өле-өлгенше біреу үшін аһ ұрса,
Бұл ғаріптің бар тірегі сен сұлу [4, 5], -
деп аяқтаса, Мағжан: ...Жүсіп пенен Зылихадай сен сұлу // ...Бақыттының маңдайында сен сұлу //
...Қызғалдақтай нұр шырайлы сен сұлу // деп әр шумақтың соңғы тармағына түйін жасаған. Ақын
желді де, жерді де, күнді де, түнді де сұлу дей келе:
Толып жатыр түрлi сұлу дүниеде,
Бәрiнен де маған, сәулем, сен сұлу! [5, 113], –
деп ой түйеді.
Мақтымқұлы:
Шашбауыңның сылдыраған үзбесі,
Қолға тимей құриды адам діңкесі... [4, 5], –
деп ғашық жанның өте нәзік сезімін дөп баса білген. Бұл сылдыраған шашбау тағы да Мағжанның
«Шолпы» өлеңін еске салады:
Сылдыр. Сылдыр. Сылдыр...
Қанымды қайнатты құрғыр... [5, 112]
Түркмен халқының ұлы ақыны Мақтымқұлының артында қалған мол мұрасы (көлемі он жеті мың
жолдай), ең алдымен, халықтық сипатымен ерекшеленеді. Негізінен Шығыс әдебиетіндегі ғазал,
шағын өлең түрлерінде жазған Мақтымқұлы поэзиясының тақырып аясы өте кең.
Құшақ жайып қарсы алған,
Заман өтіп барады.
Базарлы шақ ән салған,
Қалай өтіп барады.
161
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 2 (56), 2016 ж.
Шектім қайғы-қасірет,
Мынау неткен ақырет,
Түркстанда Хожа-Ахмет –
Аты өшіп барады... [1, 129].
Мақтымқұлы Пырағының «Өтіп барады» атты бұл өлеңінде ақынның жанайқайын естиміз.
Заманның өткінші екеніне бір налыса, сол замандағы адамдардың пиғылдарын жырға қосады.
«Түркстанда Хожа-Ахмет – Аты өшіп барады» - деуі, ол Хожа-Ахмет Ясауидың аты емес, ұлық
әулиенің ілімдерін, насихаттарының оқылмай жатқанын, дәріптелмеуін жан ұшыра жырға қосады.
Бір пенде жоқ сөз тыңдар,
Білімпазға болдым зар... [1, 129], -
деп ақын сөз ұғарлық жан жоқ екенін өкінішпен айтады.
Шыбын жаным шырқырап,
Дір-дір етіп тұр шырақ.
Қызыл тілде мың сұрақ,
Басты шатып барады... [1, 129].
Ақынның ақтарыла айтқан сырларынан шырқыраған жанын көреміз. Мың сұрақ мазалаған
ақынның замандастарына айтқан бұл өлеңінде реніш те, өкпе де, наз да, өкініш те көрініс тапқан.
Ақын елдің жүрегі болса, сол ел үшін ауырады, сол ел үшін шыбын жанын қоярға жер таппайды,
рухани дүниенің құрдымға кетпеуін тілейді. Мақтымқұлы Пырағының асыл сырлары бүгінде
маңызға ие.
«Қазіргі иткергіге түсе бастаған төл руханиятымыздың Темірқазығын – ұлық шайырлар
шығармалары арқылы айқындауды, сол арқылы жаттың жетегінде кете бастаған ұрпақ санасына сәл
де болса сәуле түсіруді мұрат тұтқан» [6, 6] қазақтың ақиық ақыны Светқали Нұржанның
аудармалары арқылы Мақтымқұлы Пырағының бұл өмірдің жалғандығын, пәнилігін әрдайым
ескертіп, таза, адал тіршілік жасауға үндегендігін байқауға болады. «Мифтахул жанан» (Жәннәттың
кілті) өлеңінде:
Ей, дәруіштер, ұғыңдар,
Жәннәттың кілті сабыр-дүр.
Сабырмен ғамал қылыңдар,
Жәннәттың кілті сабыр-дүр.
Сабырсыз – қанға былғанды,
Бәле кеп мың сан сынға алды.
Ашады сабыр зынданды,
Жәннәттың кілті сабыр-дүр.
Асығыс ісі – шайтаннан,
Рахым сабыр қайтарған.
Ғашықтан шыдам байқалған,
Жәннәттың кілті сабыр-дүр... [6, 67].
Бұл өлеңде адам мінез-құлқына тән байыптылық пен ұстамдылықты білдіретін асыл қасиет барда
жәннәттың кілті қолыңда екендігін меңзейді. Сабырлылықты адами кемелдіктің белгісі ретінде
жырлаған ақынның «Сайран ішінде» өлеңі де адамгершілікті, имандылықты ту еткен. Қасиетті Құран
сырларын уағыздау арқылы оқырмандарына ізгі қасиеттерді дәріптейді.
Түркмен әдебиетінің классигі, ғұлама философ, ғалым Мақтымқұлы 1783 жылы небәрі 50 жасында
дүниеден озса да, артына мол мұра қалдырған.
Жырдың пырағы тәрізді болған оған замандастары «Фраги» деген лақап ат таққаны – бөлек аңыз.
Ақынның көптеген өлеңдері әлемдік поэзияның озық үгілерінің қатарына жатқызылады.
Мақтымқұлы Пырағының өлеңдерінде он сегізінші ғасырдағы түркмен халқының тұрмыс-тіршілігі,
арман-аңсарлары, дүниетанымы шынайы көрініс тапса да, бүгінгі күнге дейін маңызын жоғалтқан
жоқ. Мақтымқұлының өміршең жырлары әлемдік поэзия айдынында ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып
қалары сөзсіз.
1
Мақтымқұлы. Таңдамалы. (Түрікмен тілінен аударған – Д.Қанатбаев), Алматы: Жазушы,
1983. –
144 б.
2
Мақтымқұлы Пырағы. Боларсың. (Түрікмен тілінен аударған – Ғ.Орманов). Егемен
Қазақстан, 18 қыркүйек, 2014 жыл.
162
Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 2(56), 2016 г.
3
Абай. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. 1-том. Алматы: Жазушы, 1995. - 336 б.
4
Мақтымқұлы. Сен сұлу. (Аударған Ғали Орманов) «Егемен Қазақстан», 2 ақпан, 2013 жыл.
5
Жұмабаев М. 3 томдық шығармалар жинағы. 1-т., Алматы: Білім, 1995 - 256 б.
6
Әулиелер әуезі. (Қазақ тіліне аударған – С.Нұржан) – Алматы: Эффект, 2009 – 88 б.
7
Абай. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. 2-том. Алматы: Жазушы, 1995. - 384 б.
Достарыңызбен бөлісу: |