Хабаршысы №4(5), 2010



Pdf көрінісі
бет14/19
Дата06.03.2017
өлшемі2,24 Mb.
#8223
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

 
 
 
 
САБАҚТЫ ҦЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ 
  
Пазилова Б. А.-  аға оқытушы (Алматы қ., ҚазмемқызПУ) 
 
Жоғары  білім-қоғамның  әлеуметтік  және  экономикалық  жағынан      дамуының 
шешуші    факторы    болса,  білімді  де  білікті  маман-қоғамның  ең  негізгі 
құндылығы.Осыған  орай  білім  берудің  басты  мақсаты-студенттердің  шығармашылық 
ойлауын,  рухани  мәдениетін,  интеллектуалдық    дамуын  оқу  пәндерінің  мүмкіндігі 
арқылы  қалыптастыру  ,  соның  негізінде  студентті  және  тұлға,  білікті  маман  ретінде 
тәрбиелеу  болып  отырғаны  белгілі.  Мақсатымыз  айқын,  ал  нәтиже  қандай?  Нәтиже 
маманның  кәсіби  әрекетінде  игерген  білімін  кез-келген  жағдайда  қолдана  білу 
қабілетінен, яғни алған білімінің сапасынан байқалады. Ондай қабілетті  дамыту үшін 
жоғары мектеп білім беруді жан-жақты жетілдіру, оқу мен тәрбиені кешенді жүргізу, 
студенттің ӛз бетімен білімін толықтыру, ғылым мен мәдениеттің жетістіктерін тиімді 
пайдалана  білу  іскерліктерін  қалыптастыруға  үлкен  мән  береді.Осыған  орай  оқу 
бағдарламалары мен оқу-әдістемелік құралдардың мазмұнын заман талабына сай құру, 

 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
 Хабаршысы № 4(5), 2010 
 
109 
оқыту технологияларын оқу үрдісіне енгізу арқылы білім сапасын кӛтеру, білім беруді 
ұйымдастырудың  тиімді  формаларын  іздестіру  сияқты  жұмыстар  жүргізіліп  келеді. 
Бұл  орайда  ең  негізгі  мәселе  -  оқытушының  кәсіби  шеберлігі,  оқытудың  теориясы 
туралы  білімі,  технологиялық  білімі,  пәндік  білімі,  сол  білімін  ӛзінің  педагогтік 
әрекетінде  тиімді  пайдалана  алуы  маңызды  рӛл  атқаратыны  белгілі.  Себебі  оқытушы 
студентке білім беріп қана қоймайды, білім алудың жолын, әдіс-тәсілін үйретеді, білім 
алушыларды  ӛз  бетімен  ғылыми  -  шығармашылық  ізденіске  бағыттайды,  олардың 
кәсіби маман ретінде жан-жақты қалыптасуына мүмкіндік жасайды. Бұл - оқытушыға 
қойылатын негізгі талап. Ал оқытушының бәрі осы талап биігінен кӛріне ала ма деген 
мәселенің  ойландыратыны  заңды.  Оқытушының  кәсіби  шеберлігі  теориялық 
материалды  еркін  менгеруі  оны  тиімді  жеткізе  білуінде.  Оқытушы  тек  бір  саланың 
маманы  ғана  емес,  оқу  үрдісін  ұйымдастырушы  ретінде  де  кӛрінуі  керек.  Оның  бір 
кӛрінісі-материалдық  сипатына,  сабақтың  мақсатына  қарай  тиімді  әдіс-тәсілдерді 
дұрыс  таңдау,  оны  тиімді  пайдалана  алу,  студенттердің  танымдық-ізденімпаздық, 
рухани  шығармашылық  қабілетін  оята  білу.  Демек,  маман  дайындаудың  сапасы 
оқытушылардың  теориялық,  әдістемелік  және  ғылыми  деңгейіне  тікелей  қатысты. 
Оқытушының  бойында  мұндай  қабілеттің  бар-жоқтығын  қалай  тексеруге  болады? 
Осыған орай оқытушының оқыту ісіне педагогикалық бақылау жүргізудің маңызы зор.  
Оның  басты  мақсаты-оқу-тәрбие  жұмысының  теориялық  және  ғылыми-
әдістемелік деңгейін, маман дайындаудың сапасын кӛтеру. Тексеру, бақылау қызметін 
(оқу-тәрбие  үрдісінің  жай-күйін,  мазмұнын,  білім  беру  талабына  сай  болуын,  әдіс-
тәсілін,  ұйымдастыру  формасын),  педагогикалық  қызмет  (оқу-тәрбие  жұмысының 
тәжірибесін талдауға, жүйелеуге, тиімді жақтарын оқыту үрдісіне енгізуге, келешекке 
болжамдар  жасауға  мүмкіндік  береді),  тәрбиелік  қызмет  (ӛз  ісіне  жауапкершілікпен 
қарауға, 
ӛзіне-ӛзі 
талап 
қоюға, 
оқытудың 
тиімді 
жолдарын 
ізденуге), 
ұйымдастырушылық  қызмет  (сабақты  оқу  жоспарына,  оқу  бағдарламасына  сай  ӛтуді, 
уақытты  дұрыс  пайдалануға,  студентті  қызықтырудың  жолдарын  қарастыруға 
мүмкіндік береді) атқарады. Білім берудегі нәтиже екі жақтың білім алушы мен білім 
берушінің  бірлескен  әрекетіне  тікелей  байланысты.  Яғни  студенттің  игерген  білімін 
тексеру  олардың  бойында  оқуға,  білім  алуға  деген  үлкен  жауапкершілік,  берілген 
тапсырманы  дер  кезінде  орындау,  ӛз  уақытын  дұрыс  пайдалана  білу,  ӛз  білімін 
толықтырудың  тиімді  жолдары  мен  әдістерін  іздену  сезімдерін  қалыптастырады. 
Әсіресе,  ғылым,  сол  арқылы  келетін  білімнің  мәнін  түсіну,  оның  қоғам  ӛмірінде 
атқаратын  рӛлін,  келешек  мамандығына  терең  білім  мен  біліктіліктің  қажеттілігін, 
соған  орай  жақсы  маман  болып  шығуға  әрекет  жасауға  тырысу  ӛте  маңызды.  Бұл 
орайда  негізгі  білім  алатын  пәннің  ғылыми  негізі,  оны  игертетін  оқытушының  білімі 
мен біліктілігі үлкен рӛл атқарады. Осыған орай студенттің білімін тексеру (ол жүйелі 
жүргізіледі)  оқытушының  педагогтік  әрекетін  тексеріп,  бақылап  отыру  қажет.  Оқу 
үрдісіндегі  тексеру  жүйесінде  студенттің  білім  алуы  негізгі  орынды  алады.  Мұндағы 
басты ұстаным-әр студенттің оқу әрекетін жоғары талап деңгейінде ұстап отыру. Осы 
мақсаттан  кафедра  мұғалімдері  жоспарлы  түрде  ашық  сабақ  ӛткізеді.  Ал  оны  жан-
жақты  талдау  үшін,  яғни  оқытушының  жұмысын  ӛз  деңгейінде  бағалау  үшін  белгілі 
бір меже болуы тиіс. 
Оқыту үрдісіне педагогикалық бақылау 3 түрлі бағытта жүргізіледі:  
оқытушының сабақты ұйымдастыруы, пәннің мазмұнын жеткізу және әдістемелік 
шеберлігі. 
Оқытушының  сабақты  ұйымдастыруын  бақылауда  мынадай  мәселелерге  кӛңіл 
бӛлінеді:  
-сабақтың  сабақ  кестесіне  сай  және  ӛз  уақытында  басталуы  (тақырыптың  аты, 
ӛтілген орны, сабақтың түрі); 
-оқытушының  сабаққа  дайындығы  (қажетті  құрал-жабдықтары,  оқу-әдістемелік 
кешені, кӛрнекілігі);  

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник № 4(5), 2010             
 
110 
-студенттердің сабаққа дайындығы (қажетті құрал-жабдықтары); 
-студенттердің конспекті жазуын қадағалауы
-уақытты дұрыс пайдалануы; 
Тексеру  барысында  теориялық  материалдың  (лекция)  мазмұнына  қатысты  
мынадай мәселелерге кӛңіл бӛлінеді: 
-сабақтың тақырыбының бағдарламаға сәйкес келуі, мақсатының дұрыс қойылуы; 
-тақырыптың  толық  және  жан-жақты  ашылуы,  ой  қорытуы,  мақсатына  жетуі, 
студенттердің материалды саналы және терең игеру деңгейі; 
-дидактикалық  ұстанымдардан:  ғылымилық,  бірізділік,  жүйелілік,  кӛрнекілік, 
проблемалық ұстанымдар мазмұнына сай қолданылады ма, қайсысы тиімді болды
-студенттердің әрекеті, белсенділігі,тақырыпқа қызығушылығы; 
-сабақтың құрамы мен типінің дұрыс таңдалынуы; 
-сабақтың  ғылыми-теориялық  деңгейі  (ғылыми  зерттеулерді,  ғылымдағы  соңғы 
жетістіктерді пайдалануы); 
-сабақтың  кәсіби  бағыттылығы,  теорияның  практикамен,  келешек  мамандығы 
мен байланысы; 
-оқу материалын жеткізудегі логикалық бірізділігі; 
-ӛткен материалмен, басқа пәндермен байланысы; 
Сабақты ӛткізу әдістемесі жағынан мына мәселелерге кӛңіл бӛлінеді: 
-сабақтың тиімділігін кӛтеруде оқытудың жаңа технологиясы оның элементтерін, 
озат тәжірибе, оқытудың актив әдістері мен тәсілдерін пайдалануы;  
-сабақтың  құрылымы  (мақсат  қоюы,  негізгі  мәселені  бӛліп  ала  білуі,  оны 
мағыналық жағынан басқа бӛліктермен байланыстыра алуы); 
-сабақта  қолданылған  әдістің  тиімділігі  және  оның  дидактикалық  мақсатқа 
жетуге әсері; 
- пәндік білім, оған студенттердің қызығушылығын туғызу іскерлігі, дәрісхананы 
басқара алуы, кері байланыс, білім алушылардың белсенділігі; 
-сабақтың құрылымдық элементтеріне қарай уақытты тиімді пайдалана алуы; 
-оқытушының сӛйлеу мәдениеті, сӛзінің мәнерлігі, әсерлілігі; 
-студенттердің сӛйлеу мәдениетіне мән беруі; 
-сабақтың мазмұны мен ӛткізу әдістемесінің тәрбиелік міндетті шешуге әсері; 
-мәдени қарым-қатынас деңгейі; 
-студенттердің  қойған  сұрақтарына  оқытушылардың  берген  жауабының 
мазмұндылығы, нақтылығы, олардың білімі мен іскерлігін дұрыс бағалауы; 
-студенттердің  практикалық  және  әдістемелік  дағдысын  қалыптастыруға  кӛңіл 
бӛлінуі; 
-игерген білімді бекіту әдістемесі; 
-дәрісхананың ерекшелігін ескеру, білім алушылармен жеке жұмыс; 
-сабақта  қолданылған  технологиялық  құралдар,  оның  материал  мазмұнын 
игеруде тиімділігі. 
қытушының  сабағына  талдау  осы  межелердің  нәтижесіне  қарай  бағаланады. 
Нормативті құжаттарда бағалау туралы арнайы айтылмайды. Алайда, оқытушылардың 
сабақ  беру  шеберлігі  теориялық  білімі,  студенттерді  бағалай  алу  қабілеті  бәрінде 
бірдей  емес.Сондықтан  олардың  оқыту  әрекеті  сараланып  бағалануы  тиіс  деп 
ойлаймыз.     
                                                           
ТҮЙІНДЕМЕ 
Мақалада сабақты ұйымдастырудың тиімді жолдары кӛрсетіледі. 
 
РЕЗЮМЕ 
В статье рассматривается полезные методы организации урока

 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
 Хабаршысы № 4(5), 2010 
 
111 
 
ҚЫЗДЫҢ СӚЙЛЕУ ӘДЕБІ 
 
Пірімқұлова Б.З – мұғалім (Актобе қаласы №33 мектеп) 
 
Қыздың  сӛйлеу  әдебі  ғылымның  нысаны  болмақ  керек.  Адамзат  баласы  дүние 
есігін  ашқаннан  бері  қоршаған  ортаға  әсер  ету  үшін  қоғам  мен  табиғаттың  даму 
заңдылықтарын зер сала зерттей, тынымсыз тану үстінде ол туралы  ілім-білім жүйесі   
-   ғылым   қалыптасты.    
"Ана тілі дегеніміз — сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың баяғысын 
да,  бүгінгісін  де,  болашағын  да  танытатын,  сол  халықтың  мәңгілігінің  мәңгілік 
мәселесі. Ана тілін тек ӛгей ұлдары ғана менсінбейді, ӛгей ұлдары ғана аяққа басады. 
Ана тілін ұмытқан адам ӛз халқының ӛткенінен де, болашағынан  да қол үзеді " дейді 
кӛркем сӛздің хас шебері Ғабит Мүсірепов. 
"Ана  тілі"  ұғымында  екі  түсінік  бар:  бірі  -  тар  мағынада  алғанда  ананың  сӛз 
саптау салты, тілдік ерекшелігі,е к і н ш і с і — кең мағынада ұлттың тілі. 
"Ана тілі" ұғымы ғылымда кездесетін "әйел тілі" ұғымымен мәндес. Біз мынандай 
анықтама ұсынамыз: Әйел тілі - тілдік бірліктің вербальдық жіктелуі (тілдік) және ым 
тілі  амал-тәсілі  (тілдік  емес)  құбылысының  атауы,  соның  ішінде  тек  қана  әйелдерге 
қатысты тілдік қолданыстар мен хабарлауға кіретін, сондай-ақ әйел жынысымен әдепті 
сӛйлесуге болатын тіл. 
Ана туралы қазақ кӛсемсӛздің хас шебері Баубек Бұлқышев былайша толғайды: 
...Ананың  тілі,  ананың  махаббаты,  анасының  тілегі  тіл  жетпес  жатқан  бір  теңіз 
емес пе? Па шіркін, ананың айналып-толғанғаны кімнің есінен кетеді! 
Шырылдап  жерге  түскеннен-ақ  сенің  ең  бір  жақының,  ең  бір  досың,  ең  бір 
ұстазың  бар.  Ол  -  ана:  қара  жерді  баспай  жатып,  есіңді  білмей  жатып,  тырмысып 
жабысатының, шырылдап уанбай жылап сенің іздейтінің - ана. Сен жан болып дүниеге 
келдің.  Сенің  іздейтінің  бір-ақ  жан.  Ол  -  ана.  Ол  саған  бәрінен  қамбат.  Сен  үшін  ол 
жалпақ дүниеден де үлкен. Сондықтан да сен бір-ақ жанды білесің. Ол — ана. 
Міне,  анаға  деген  махаббат  сенің  құндақта  жатқан  күніңнен-ақ  басталады. 
Ананың  жолы  басқа.  Ана  деген  сӛздің  ӛзі  ыстық.  Ана  десе  толқымайтын  жүрек, 
тасымайтын қан, сезбейтін сезім болуы мүмкін емес! 
Мен  білетін  қазақ  әйелі,  қазақпын  дейтін  қарт,  кӛз,  қара  баланың  анасы,  сенің 
жүрегің нәзік, сенің махаббатың балаға тіл жеткісіз биік. 
Қазақ  ақ  тілек,  ақ  ниет,  ақ  пейілді  анаға  байланыстырады.Алып  -  анадан. 
Қонақжайлылық  дәстүріміз,  бар  жақсылық  әйелдерден  бастау  алады.  Әйел  жӛнінде 
қазақтың  не  бір  қанатты  сӛзі  бар.Әйел  бейнесі  қазақ  мақал-мәтелдерінде  шебер 
суреттеледі."Әйел-тіршіліктің  түп  тамыры",  "Әйел  жолы  жіңішке"  дейді  халқымыз. 
Қазақстанда кӛп балалы әйелдер "Алтын алқа", "Күміс алқамен" марапатталады. Қазақ 
халқының  менталитет,  гендерлік,  тұғырда  дараланады,-  қызын  ар  деп,  ұлын  нар  деп 
білген [1]. 
Халқымыз қызын мәпелеген, жан-жүрегі елжіреп, мейірімі түсіп тұрған. "Гүл ӛссе 
- жердің кӛркі, қыз ӛссе - елдің кӛркі", "Қыз емес, қыздың аты - қызыл алтын,  Кӛрінер 
толған айдай жүзі жарқын", "Шешесін кӛріп, қызын ал" дейді халқымыз. Ер-тұрманы 
әшекейлі сұлу Жорғаларды қызға мінгізген, ең құнды затты қыздың жасауына қосқан. 
Аталарымыз  қыздың  нәсібі  болады,  ол  үйдің  тӛріне  шықсын  деп,  қызды  тӛрге,  ең 
сыйлы  орынға  отырғызған.  Қыз  алдында  дӛрекі  сӛйлемеу  -  қазақтың  ежелгі  дәстүрі. 
Бірақ  халқымыз  қызды  тым  еркіне  жібермеген.  "Қызға  қырық  үйден  тыйым,  қала 
берсе, қара күңнен тыйым  дегені - соның дәлелі. 
Айтып-айтпай немене, тілдің ұрпақтан ұрпаққа ұласуы келінге байланысты. Ата-
енемен жақын болған,  күйеу мен  қайнағаға іззет кӛрсететін, қайын сіңілі мен сыйлас 
келіннің  сӛзі  де,  ісі  де  ұрпаққа  үлгі.  Қазақ  келінін  аса  құрметтеген.  Оны  ӛз  қызы 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник № 4(5), 2010             
 
112 
арқылы тәрбиелеген. Әдетте "Қызым, саған айтам, келінім, сен тында" деп құлаққағыс 
еткен. 
Қазақтың  ұлы  ағартушысы  :  әрі  этнографы  Ыбырай  Алтынсарин  ӛзінің 
лингвистикалық  еңбектерінде  әйел  тілін  этнографиялық  шығармашылығында  келін 
тілін  арнайы  сӛз  қылады.  Қазіргі  ауылдық  жердегі  ескі  дәстүрмен  тәрбиеленген 
келіндер  атасының,  қайнағасының,  әжесінің  қайнысінің  аттарын  атамай,  еркелетіп  ат 
қою  дәстүрін  сақтап  келеді.  Бұл  -  ӛз  алдына  жеке  сӛз  ететін  мәселе.  Ал  қыз  сӛзінің, 
сӛйлеу әдебі жӛні мүлде басқа. Қазақ қызы - әлемдік әйел затының құрамдас бір бӛлігі. 
Әйел  -  қыз  емес,  бірақ  оның  қызға  деген  ықпалы  зор.  Қыздың  тілі  анасына  қарап 
шығады. Шешесі тілге келгенде шерменде болса, қызы қайтіп анасынан ӛнеге алсын! 
Екі  түрлі  анадан екі  түрлі қыз ӛседі.  Ала тілінде сайраған қазақ қызы мен орыс тілді 
қазақ қызы — екеуі екі түрлі әлем. 
 (Мӛңке би) бӛгде тілді ұлға шықса, бір жӛні болар-ау, тек екеуі бірдей жатұлттық 
боп, "ұл ұрымға, қыз қырымға" кетсе - қасірет шегу сонда болар! 
Қыз  деген  —  басына  үкі  тағып,  үлпілдеп  ӛсіп,  ерке  күн  кешкен,  ӛзге  босағаны 
аттамаған, етегін жел ашпаған бүлдіршін. 
Қазақ қызды сыйлап, ерекше құрметтеген. Қызды,   қайталап   айтамыз,    тӛрге   
отырғызған.   Қазақ эпосында, мысалы, былай дейді: 
Түрегеп күйеу іззет қып, 
Қыздарға тӛрден жай берді. 
Гүлбаршын сұлу айдай боп, 
Қысыр емген тайдай боп, 
Оң жағына барды енді.[1]. 
Қазақта кӛшті қыз бастаған. 
Кӛшкенде кӛштің кӛркі - кӛгершінім...-, дейді ескі жырда. 
Даудың түбін қыз бекіткен. 
Судың түбін шым бекітеді, 
Даудың түбін қыз бекітеді,-дейді [2].  . Қызды олжа деп сӛйлеу де кездеседі: Қыз 
деген ердің олжасы, 
Әлі  жеткен  алады,  -  дейді  Алпамыс  жырында  [3].  Қызды  алдымен  жеңгесі 
мәпелеп, қадірлеген. 
Асан Қайғы: Қадірін жеңге білмесе, 
Қыздың  аты  -  қыз.  "Кеткен  қыз  шиден  тысқары".  Ерге  шықпастан  оң  босағада 
босанған қыз - қыз емес, қырқын. 
Біздің қазақ дұрыс айтады: "Қызды кім айтпайды, қымызды кім ішпейді". Қызды 
әлемнің қанша халқы болса - соның бәрі жақсы кӛреді. Кімнің болса да жаны сүйетіні 
қыз,  қыз  болғанда  да  пәктігі  сақталған  қыз  және  бұл  -  кездейсоқ  емес,  анығы  сол  - 
мұның ӛзі телегония тиімділігі атты ғылымға құрылған. 
Бұл қағиданың иесі - XIX ғасырда атақты Чарльз Дарвиннің досы, Лорд Мортон 
кейін  Феликс  Ледантек  ӛзінің  "Жеке  адам,  эволюция,  ұрпақ  жалғастығы  және  жаңа 
дарвинстер"  деген  еңбегінің  "Телегония  немесе  алғашқы  айғырдың  әсері"  атты 
тарауында әйелдің ұрпағының қандай болмағына ол тӛсектес болған бірінші еркектің 
ықпалы  зор  болатынын,  ұрпақтың  генефондын  баланың  ӛз,  әкесі  емес,  сол  алғашқы 
еркек қалайтынын мәлімдеді. Алғашқы еркек белгілі бір әйелдің пәктігін бұзу арқылы 
оның: келешекте туатын барлық балаларының генетикалық әкесі болатынын ескертті. 
Себебі алғашқы жанасқан еркектің шауһатының табы бір бұрышта мәңгі қалып, кейін 
әсерін  тигізеді  екен.  Бұрынғы  еуропалық  ел  басқарғандар  алғашқы  түн құқығы  деген 
артықшылықты пайдаланып, асылдандыруға атсалысқан. 
Қазақстан тарихында әйел әрқашан үлкен роль атқарған. Қазақ эпостары мен ауыз 
әдебиетінде  қазақ  әйелдерінің  жанқиярлығы  мен      мейірбандығы      әрдайым   
жырланып,  әлемдік      қауымдастық      тарапынан      құрмет      пен      сенімге  бӛленген.   
Томирис      /Тұмар/,      Қарашаш,      Домалақ      ана,  Айшабибі  сияқты  қазақ  халқының 

 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
 Хабаршысы № 4(5), 2010 
 
113 
тарихында  есімдері  қалған  әйелдердің  даналығы  байырғы  қазақ  жерінде 
мемлекеттіліктің  қалыптасуына  ықпал  етті.  Одан  кейініректегі  тарихи  кезеңнің 
кейіпкерлері:              Ұлы      Отан      соғысына      қатынасушылар  М.Мәметованың, 
Ә.Молдағұлованың,  Қазақстанда  әйелдер  қозғалысын    ұйымдастырушылар  Сара      
Есованың, А.Оразбаеваның,  М.Бегалиеваның,  ӛнердегі әйелдер және мәдениет    пен   
ғылым   қайраткерлері   К.Байсеитованың, Л.Базанованың есімдері кӛпке мәлім. [2]. 
Әрбір  ғұрып  пен  салт-жораның  қоғамдық  ӛмірді,  қарым-қатынасты  реттеуші, 
үйлестіруші  құбылыс  екенін  ескерсек,  осы  тұрғыда  ӛмірлік  мәселелерді  шешуде, 
ұйымдастыруда қазақ әйелдерінің орны айрықша болып келген.  
Қазіргі танда дәстүрлі ұлттық сана-сезімге сай ұлттық идеологияның қалыптасуы 
аса  маңызды  болып  отырған  кезеңде,  әрбір  мәселенің  жалпыдан  жалқыға  деген 
қағидасынан  гӛрі  жалқыдан  жалпыға  қарай  бағытталғаны  аса  маңызды  болмақ.  Осы 
тұрғыда,  халқымыздың  сан  ғасырлар  тезінен,  ӛмір  тәжірибесінен  ӛткен  дәстүр 
жалғастығын  ұстана,  білгеніміз  тұрмыстық  санадан  да  әлдеқайда  маңыздырақ. 
Егемендіктен  кейінгі  кезеңдерде  қалыптасқан  тарихқа,  ұлттық  мұраға  жаңаша 
кӛзқарастармен келу ӛзекті болып отырған тұста философия, этнология, мәдениеттану, 
дінтану,  педагогика,  психология,  социология  сынды  ғылым  саласы  мамандарының 
әйел-ана-бала-ұрпақ  мәселелері  бойынша  зерттеу  жұмыстарының    берер  игі 
нәтижелері әлі алда екендігі сӛзсіз. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.Мүсірепов (Мүсірепов F. Күнделік. Алматы, 1997, 181-бет) 
2..Қазақ эпосы. Алматы, 1958. 250-бет). 
3.  Қазақстан Реснубликасы Орталық  Мемлекеттік Мұрағаты. 41 қор, 1 тізбе, 256 
іс, 645 парақ. 2. ОзРОММ. 461 қор, 1 тізбе, 1788 іс, 1-3 парақ. З.ОзРОММ. 461 қор, 1 
тізбе, 1886 іс, 403 парақ. 
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Мақалада  ұлттық  салт-дәстүр  мен  әдебиеттің  қыздың  сӛйлеу  әдебін 
қалыптастырудағы рӛлі қарастырылады. . 
 
РЕЗЮМЕ 
Данная  статья  о  воспитании  девочек  на  основе  народных  традиции  и  о  роли 
литературы  и  искусства  в  формировании  личности.  О  роли    исторических  личностей  
Томирис, Карашаш, Домалак ана, Айшабибі и др...воспитании девочек. 
   
 
 
 
ТҤЙІНДІ ҚҦЗЫРЕТТІЛІКТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ  
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
 
Рысқұлбекова А.Д. –аға оқытушы (Алматы қ., ҚазмемқызПУ) 
 
ХХІ ғасырдың оқыту жүйесінде меңгерілетін білімнің түпкі нәтижесі ең тұғырлы 
мәселеге  айналды.  Бастауыш    сатыдағы  білім  мазмұнын  жаңарту  біліми  кеңістікті 
оқушыға  жеке  тұлғалық  тұрғыдан  ұйымдастыруды  қамтамасыз  ететін  деңгейде 
ӛзгертумен  қатар,  оқу  пәндері  бойынша  түйінді  құзыреттіліктерін  қалыптастырудың 
басымдылығы берілетін білім мазмұнына да ӛзгеріс енгізудің қажеттілігі артуда.  
Біздің  ертеңгі  болашағымыз  бүгінгі  күннен  асып  түсуіне  ықпал  етіп,  адамзат 
қоғамын алға қарай жетелеуші құдыретті күш тек білімге ғана тіреледі. Заман талабы 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник № 4(5), 2010             
 
114 
тұрғысынан  жеке  тұлғаны  дамытудағы  қоғамның  рухани  және  адамгершілік 
құндылықтарын қалыптастыруда білім беру саласы – баса назар аударарлық мәселе.  
Бүгінгі  таңдағы  тасқындаған  ӛмір  тағы  да  бір  табиғи  заңдылықты    яғни, 
еліміздегі  оқу-білім  мазмұнын  әлемдік  деңгейге  кӛтеру,  жас  ұрпаққа  бұрынғыдан  да 
табанды, сапалы да ықпалды білім беруді талап етеді. 
Қазіргі  мектептер  бала  үшін  болашақтағы  әлеуметтік  және  азаматтық 
жетістіктерге  жетудің  негізі  болу  үшін  іс-әрекетке,  құзыреттілікке,  тұлғаға 
бағдарланған оқытудың тәсілдеріне негізделген жаңа мектептерді құруға кӛшуде. 
Мұндай  мақсатқа  жетуде  жалпы  білім  беру  жүйесі,  оның  ішінде  үздіксіз  білім 
беру жүйесінің ең маңызды да күрделі сатысы – бастауыш мектеп үлкен орын алады. 
Жалпы 
білім 
беру 
мазмұнының 
жаңартылған 
негізіне 
«түйінді 
құзыреттіліктер» негізге алынған. Яғни, білім беру мазмұнын жаңартудағы маңызды 
мәселелердің бірі ретінде түйінді құзыреттіліктерді іріктеу болып табылады, немесе 
оқыту  үрдісінде  барлық  оқу  пәндерін  үйрену  үрдісінде    оқушылардың  түйінді  
құзыреттіліктерін қалыптастыруға негізделеді.  
Стандартта «түйінді құзыреттілік интегративті жаратылысқа ие, ӛйткені, ол ӛзіне  
бірыңғай  немесе  біртектес  біліктер  мен  білімдердің  қатарын  ӛзіне  сіңіріп,    әрекетте 
(ақпараттық,  құқықтық  және  т.б.)  және  кең  ауқымды  мәдениетке  релевантты 
қатынасы» ретінде белгіленеді [1].  
12 жылдық жалпы орта білім беру стандартында айтылған мақсат міндеттерге сай 
білім берудің мынадай нәтижелері  белгіленген:  
тұлғалық – қалыптасқан мінез-құлық нормалары мен құндылық бағдарларының 
жүйесі; 
-  әрекеттік  –  әмбебап  әрекет  тәсілдері  ретінде  қалыптасқан  түйінді 
құзыреттіліктер;  
академиялық – білім беру саласы бойынша меңгерген білім, білік, дағдылары.  
Стандартта  түрлі  ӛмірлік  жағдайларға  қажетті  әмбебап  іс-әрекет  түрлерін 
меңгеруін  анықтайтын,  нақты  білім  ортасының  құзыреттілікке  бағдарланған  білім 
парадигмасына кӛшуге ерекше екпін берілген. Білу мен әрекет ете білу біліктілігі – бұл 
білім  беру  нәтижесінің  түрлі  әдістер  арқылы  тексеріліп,  қалыптасуын  білдіреді.  Бұл 
құзыреттілік ұғымының мәнін түсінумен анықталады. 
Сонымен  қатар  осы  стандартының  мазмұны  әр  оқушының  жеке  ерекшелігіне 
қарай  білім  нәтижесі  түріндегі  құзыреттер  жиынтығын  игеруге  бағдарланып 
белгіленген. 
Онда  білім  беруден  күтілетін  нәтиже  проблеманың  шешімін  табу,  ақпараттық 
және коммуникативтік деп аталатын негізгі құзыреттіліктер түрінде берілген [2]. 
Түйінді  құзыреттердің  сапасы  ретінде  олардың  кӛпфункциялылық,  пәнүстілік, 
кӛпӛлшемділік  сияқты    ӛзіндік  белгілері  бӛліп  кӛрсетіледі.  Олардың  пайда  болуы: 
абстрактылы  ойлау,  ӛзіндік  ой  қозғау,  ӛзін-ӛзі  бағалау,  сыни  ойлауды  дамытумен 
байланысты.  
Құзыреттілік  мәселесін  зерттеуде  білім  философиясының  педагогикалық 
шынайылықты  шешуші  мән-мағынасы  мен  қарама  –  қайшылықтарын  ӛзгертудің 
тұжырымдық  тәсілдері  қарастырылады.    Білім  философиясы  мәселесі  ежелгі 
философтардың  іргелі  тұжырымдары  мен  бүгінгі  білім  философиясындағы  ӛзіндік 
бағыттарын  (Б.С.  Гершунский,  Э.Н.  Гусинский,  В.В.  Краевский,  К.Ж.  Қожахметова, 
А.Қ.  Құсайынов,  Н.Д.  Никандров,  Н.Н.  Нұрахметов,  Ш.Т.  Таубаева,  М.Ж.  Жадрина, 
Ү.Б. Жексенбаева, т.б.) зерттеп, қалыптастырудың жолдарын ұсынған.  
Қазіргі  білім  моделінің  уақыт  талабына  сай  келмеуі  білім  беру  жүйесіне 
ӛзгерістер  енгізуді  қажет  етіп  отыр.  Осы  мәселенің  басты  себептеріне  байланысты 
білім  мазмұнына  ӛзгерістер  енгізу  мен  оқу  мерзімін  ұзарту  мәселелеріне  байланысты 
жүргізген  (Е.В.  Бондаревская,  А.П.  Валицкая,  М.Ж.  Жадрина,  В.В.  Краевский,  В.П. 

 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
 Хабаршысы № 4(5), 2010 
 
115 
Беспалько,  В.А.  Сластенин  т.б.)  зерттеулерінде  білім  кеңістігіне  түбегейлі 
ӛзгерістердің қажеттілігі атап кӛрсетіледі.    
Құзырет, құзыреттілік, түйінді құзыреттілік ұғымдары тәжірибеде ӛз орнын таба 
білген  ұғымдарға  айналып,  оның  теориялық  тұрғыда  жүйеленіп,  зерттелуіне  деген 
қажеттілік  туындап  отыр.  Бұл  ұғымдар  тұлға,  қызмет  ұғымдарымен  тікелей 
байланыста  ӛзіндік  психологиялық,  педагогикалық,  әлеуметтік-философиялық 
еңбектерде жан-жақты қарастырылады.  
Құзыреттілік оқу нәтижесінен бастау алғанымен, қызметтік, тұлғалық әрекеттерді 
ӛз  бетімен  ұйымдастырып,  адамның  ӛзіндік  даму,  ӛсу  дәрежесіне  дейін  дамуы 
мүмкіндіктері  болып  табылады.  Құзыреттіліктің  педагогикалық  тұрғыдағы  мәні  мен 
жаңа білім жүйесіндегі орнын анықтап, жүйелеу қажеттілік екені сӛзсіз.  
  Нәтижеге  бағдарланған  білім  парадигмасы  қазіргі  ӛркендеген  қоғамды 
қамтамасыз  ететін  әрбір  жеке  тұлғаның  даралық  қасиеттерін  дамытуды  кӛздейді. 
Қазақстан 
Республикасында 
2015 
жылға 
дейін 
білім 
беруді 
дамыту 
тұжырымдамасында  пәндік  білімнен  нәтижеге  бағдарланған  білім  жүйесіне  кӛшудің 
құрылымдарын  анықтауда  құзыреттілікті  білім  сапасына  қатысты  зерттеудің 
педагогикалық теория мен практикадағы кӛкейкестілігін арттыра түседі [2].  
Оқушының  құзыреттілігін  қалыптастыру  күрделі  әрі  кӛп  қырлы  мәселе.  Бұл 
философияда,  педагогикада,  психологияда,  әлеуметтануда  т.б.  кӛптеп  зерттелуде. 
Кешенді  зерттеу  аталған  ғылымдардың  бұл  мәселені  шешудегі  мүмкіндігін  шектеу 
емес, керісінше сол салалардың нәтижелерін саралай пайдалана отырып, оқушылардың 
түйінді  құзыреттіліктерін  қалыптастырудың  маңызын,  мазмұнын,  құрылымы, 
қалыптасуы  мен  мен  дамуының  шарттылығы  мен  мүмкіндіктерінің  тұтас  сипатын 
педагогикалық, психологиялық тұрғыда ашып кӛрсету.     
А.В.  Хуторскойдың  анықтауы  бойынша  түйінділер  санына  жеті  құзыретті 
қатыстыруға  болады,  олар:  құндылық-мағыналық,  жалпымәдени,  оқу-танымдық, 
коммуникативтік,  әлеуметтік-еңбек,  тұлғаның  ӛзін-ӛзі  кемелдендіру  және 
ақпараттық[3].   
Бір  қатар  авторлардың  кӛзқарастары  бойынша    түйінді  құзыреттерге      білім, 
іскерліктің жиынтығы  мен  іс-әрекетті орындаудың әдістерін қамтый келе 
 
құрамында:  
қажеттілік,  жарамдылық, қанағаттылық, жетістік секілді  әр текті  кӛрсеткіштер орын 
алатынын іскерліктердің негізі ретінде қарастырады. 
Түйінді құзыреттіліктер деп біріншіден қоғамның әр бір мүшесінің бойында бар, 
екіншіден  түрлі  жағдайларда  іске  асыруға  болатын  құзыреттерді  айтуға  болады. 
Сондықтан,  түйінді  құзыреттер  жан-жақты  және  түрлі  жағдайларда  қолданылатын 
құзыреттер [4]. 
Түйінді құзыреттіліктер шынайы және әлеуметтік маңызы бар ақиқат нысандарға  
–  техникалық  құралдар,  ақпаратты  тасымалдау  құралдары,  табиғат  пен  мәдени 
құбылыстарды, қоғамдық, саяси, немесе басқа да үдерістерге жатады. 
Нақты  зерттеу  нысанына  қатысты  білім  беру  іс  тәжірибесі  және  эмоционалды-
құнды қарым-қатынастар оқушының іс-әрекеті барысында педагогикалық бейімделген 
әлеуметтік тәжірибе ретінде танылатын білім беру мазмұны болып табылады. 
Олай  болса,  білім  беру  мазмұнына  ақиқатты  тану  ғана  емес,  зерттеуді  қажет 
ететін  нақты  нысан  ретіндегі  сол  болмыс  енеді.  Бұл  нысандар  арқылы    оқушыларда 
түйінді  құзыреттер тізімінде жүйеленген білім, білік, дағды және іс-әрекет тәсілдерін 
қалыптастыратын білім беру іс-әрекеті ретке келтіріледі. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. – Астана 2008. 
2.
 
ҚР 12 жылдық білі беру тұжырымдамасы. Ресми басылым. 2006 
3.
 
ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы.-2002 
4.
 
Хуторской  А.В.  Ключевые  компетенции:  технология  конструирования// 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник № 4(5), 2010             
 
116 
Народное образования.-2003. №5. 
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Мақалада  түйінді  құзыреттіліктерді  қалыптастырудың  педагогикалық  негіздері 
қарастырылады. 
 
РЕЗЮМЕ  
В  статье  излагаются  формирования  ключевых  компетенции  школьников 
начального класса в процессе обучения ориентированного на результат. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет