CBC және CFB шифрлау режимдерін салыстырмалы талдау жүргізу
Ақпарат жабу негіздері
Шифрмəтiн бойынша керi байланыс (CFB - Cipher Feed Вack)
Блоктық шифрдан ағындық шифр алу үшiн қолданылатын режім .Блоктың мөлшерi шифр блогының өлшемiне тең немесе кiшi болады. Бұл режімдi қолданғанда деректер былай өңделедi:
а) Q жылжыту регистрі болып табылады жəне алғашқыда ол C0 бастапқы мəнiмен толтырылады. Одан кейін Q мəнi шифрланады;
ə) шифрланған блоктың алғашқы k битi ашық деректер блогымен екi модулi бойынша қосылады;
б) Q солға қарай k позицияға жылжытылады, бұл биттердiң орны шифрмəтiн блогымен толтырылады да, қайта шифрланады, т.с.с.
Шифрмəтiн бойынша керi байланыс режіміндегi шифрлау сұлбасы а-суретте, ал кері шифрлау сұлбасы б-суретте көрсетілген. Бұл режімнiң негiзгi артықшылығы – деректер блогының ұзындығы кез келген болуы мүмкiн.
Шифрмəтiн бойынша керi байланыс режіміндегi шифрлау жəне кері шифрлау алгоритмнiң сұлбасы
Достарыңызбен бөлісу: |