158
Сабыр Адай шығармашылық асыл арқауы ұлт рухының болмыс-бітімімен қабат
өріліп, бірегей тұтастыққа ұласып кетуі бүгіндері өлеңді кие
тұтқан қара орман халықтың
бөлінбес ырысы сынды қастерлі құбылысқа айналды. Әр өлеңі әнге сұранып тұрған,
толғаулары жыраулар сарынымен үндес, қара өлеңнің өрісін кеңітіп, тұлпар қанат бітірген,
эпикалық кең тынысты поэмалары арқылы алаш тарихының алып панорамасын сомдаған
ақын бүгіндері алдыңғы буын ағаларындай ұлтының ар-намысы үшін үн қататын қайраткер
қаламгерге айналды.
Ақын «Бұл қазақтың кімі бар?!.» өлеңінде былайша толғанады:
Бұл қазақтың кімі бар?!.
Жастары бар – жалынды!
Таланты бар тағдырлы, бастары бар дарынды.
Бұл қазақтың кімі бар!?.
Ерлері бар – қылышты.
Дер кезінде қадірін ердің білген дұрыс-ты.
Бұл қазақтың кімі бар !?.
Аруы бар – ақ бесік!
Ақ бесікте іңгәлап аршыландар жатты өсіп.
Бұл қазақтың кімі бар!?.
Алласы бар – аппақ нұр.
Калимасын қарт айтып, жас дұғасын жаттап тұр.
Бұл қазақтың кімі бар!?.
Тәңір сүйген, құл қалған!
Қыз-қызғалдақ, ұл-балдан!
Қыздан – қыдыр, кетпесін де ұлдан – мән! [1, 531].
Ақын бұл қазақтың кімі бар деп толғана отырып, жалынды жастарқылышты ерлер, ақ
бесікті ару бар деп марқаяды. Аузында Алласы бар ұл мен қыздың өсіп келе жатқанына
қуанады.
Нағыз көркем сөз шеберлеріне тән басты қасиет – шыққан тегінің асыл қасиетін
бойына сіңіріп, соны өнер тілінде ұлықтай білу. Бірақ ұлықтай білу деген беталды жел сөзге
ерік беріп, дәлелсіз дәріптей беру емес. Шынайы дарын иесі өзін де, өзіне тағдыр сыйлаған
ортаны да, сол ортаның өзгеге ұқсамайтын еректігі
мен даралығын тани да, таныта да біледі.
Ұлттық рух – патриотизмнің маңызды элементтерінің бірі.
Бұл
ұлттың
ішіндегі жеке адамның асыл белгісі мен қасиеті, өз халқына деген сүйіспеншілігін
көрсетеді. Ұлт мүддесін қорғаушылардың бірі қайсар ақын Сабыр Адай – жан-
тәнімен түгелдей өз халқы мен еліне арнаған үлкен жүректі азамат.
«Жүрегімде әр қазаққа орын бар!» өлеңінде:
Қайталадым, осы сөзден танбадым,
Қуып келем қос үрейдің қаңбағын.
Жаратылған күдік пенен үміттен,
Суға кеткен жандай талды қармадым.
Батыр бабам, қорым біткен ерлерім,
Дүниенің дүбірлеткен шеңберін.
Жүрегімде әр қазаққа орын бар –
Жан отымсың жарқыраған сен менің.
Намыс баққан елден сұра бақытты,
(Жолдас қылма жолға шықсаң жасықты.)
159
Ұлтқа тұлға қылғанменен оңбассың,
Уызында жарымаған пасықты [2].
Жырларымен оқырман жүрегін жаулаған бұлбұл көмей ақынның қоғамдағы
буырқанған әлеуметтік кеселдерді бетің-жүзің демей өткір сынайтыны оның азаматтық ашық
көзқарасын білдіреді.
Ақын тәуелсіздікті талмай толғайтын, ерлікті тынбай жырлайтын елдіктің жампоз
жыршысына айналды. Тәуелсіздікпен бірге томағасы сыпырылған
сұңқардай саңқылдаған
ақынның тынысы кеңейді, өрісі ұзарды.
Жақсының бойы-жан ізгі.
Жаныма нұрын тамызды.
Айбалта бірақ неғылсын,
Атадан қалған аңызды.
Қабыртқа тұсы ашылып,
Ақ құмдар қалды басылып.
Тамырдан шауып талқан ғып,
Сексеуіл жатыр шашылып.
Бел берді міне беріктім,
Күлі де шықты көріктің.
Боз қаңбақ боздап жөнелді,
Үстінен аттап өліктің.
Сексеуіл сертке құл еді,
Серттесіп мың жыл тұр еді [1, 339],
деп жырлаған ақын қазақтың ұғымындағы бұрынғы Отан, ел, жер сияқты қасиетті
ұғымдарды жаңаша жырлады. Әсіресе елдіктің бекем қазығына айналған айшықты
астананың сәулеті шайырға шабыт қосты. Халықтың ауыз әдебиет үлгілерімен тұшынып,
сусындап өскен, жыраулар поэзиясын бойына терең сіңірген арқалы ақын елдік пен ерлікті
арқау еткен тарихи тақырыптарды, «байтақ жердің бір сүйемін жауға бермеген» батырларды
көсіле жырлайды.
«Жаудың малы секілді» өлеңінде:
Қарға күлді,
Қара суық есірді,
Намазшам мен күтіп алдым бесінді.
Төрт құбыла түгел обыр, жебірмен,
Қазақстан – жаудың малы секілді [1, 340], -
деп налиды. Ақын «қарға күлді, қара суық есірді» жолдары арқылы бейнелі сөзбен ой
тастайды,
жебір
қоғамға
ызасын
білдіреді.
Ақын
өз
ойын
бүкпелемей,
Қазақстан жаудың малы секілді кім көрінген жебірге жем болып жатқанын да қайсарлықпен
айта білген.
Көрнекті ақын Сабыр Адайдың ерлік пен тектілікті арқау еткен, қасиетімізді ұлықтап,
қастерлімізді құрметтеген жырлары рухымызды асқақтатып, елдік санамызды орнықтыруға
оң ықпал ете берері анық.
Мұрагер жүрсе ізіңде,
Тілегің қабыл болғаны.
Тіл қатпайсыз, Сіз мүлде
Тек Сізге аян, ол жағы!?
Амандық-саулық , ел тыныш,
Айтқанға оңай бәрі де.
Ағатай алғын кел тыныс,
Сол жарасар кәріге [1, 338].
Ақын мұрагер туралы өлеңінде баяғының жырауларынша ой толғаған. Сабыр
Адайдың «Әр қазақ – менің жалғызым», «Маңғыстау – көздің қарасы», «Алтынзер» тағы да
басқа көптеген авторлық өлеңдері қазір өлең сүйер оқырманның көкейінде жүр.
160
Сабыр Адай – тәуелсіз Қазақстанның арлы, рухты, намысты ақыны. Өткір тілді азулы
ақынды ХХІ ғасырдың Махамбеті десек, артық айтқандық емес. Оның өлеңдерін әр қазақ
жатқа оқиды. Бұл оның озықтығын, өз заманынан аса туғандығын білдіреді. Ол өлеңдерімен
бар қазақтың
бойынан ұлттық намысты, рухты оятады. Сабыр Адайды халқы сыйлайды,
құрметтейді. Оның шығармашылығы қашанда жоғары бағасын алып отыр және болашақта да
жоғары бағасын ала береді де. Өлеңді пір тұтқан Сабырдай ақыны бар қазақ – бақытты
халық. Ақынның рухты жырлары халқы барда мәңгі жасайды.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Адай С. Алтынзер. Өлеңдер. Алматы: Арыс, 2016. – 776 б.
2.
Адай
С.
«Жүрегімде
әр
қазаққа
орын
бар!»
https://adebiportal.kz/kz/news/view/sabir_adai_zhuregimde_r_kazakka_orin_bar__2776https://adeb
iportal.kz/kz/news/view/sabir_adai_zhuregimde_r_kazakka_orin_bar__2776
Достарыңызбен бөлісу: