М.ШАХАНОВ ПОЭМАЛАРЫНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЗМ
Медетбаева Н.М.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» ББ 1-курс магистранты
Ғылыми жетекші:
Қамарова Н.С.
Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің профессоры,
Ақтау, Қазақстан
Аңдатпа.
Мақалада М.Шахановтың жазған поэмалары, әсіресе ұлт тағдырын қазақ
әдебиетінде өзіндік дара қолтаңбасымен танытқан поэмалары, поэмаларындағы
психологизм қарастырылады. М.Шаханов поэмалары арқылы қазақ поэмасының көркемдік
көкжиегінің кеңейгенін аңғарамыз.
Түйін сөздер:
поэзия, М.Шаханов, поэма, эпика, әдеби қаһарман, кеңістік, дәуір,
поэтика, стиль.
Ақын М.Шаханов шығармаларының iшiнде ұлт рухына, ел намысына соқпай
кететiндерi кем де кем. Өзiнiң жасында жырларымен-ақ ұлт санасын оятып, күңгiрт көңiлге
сәуле дарытқан М. Шаханов шығармалары елдiгiмiздiң керегесiн кеңейтiп, ертеңiмiзге жол
салатын бiрден-бiр құрал. «Қаншaмa кезеңнен бері үздіксіз дaмуды бaсынaн өткеріп келе
жaтқaн әдебиетіміз көркемдік дәстүрге бaй. Көркемдік дәстүрдің жaңғыруы суреткердің өмір
шындығынaн, aдaмзaт болмысынaн мәнді жaйлaрды тaуып, оны зор ізденіс, үлкен
шеберлікпен көркем дүниеге aйнaлдырa білуімен сaбaқтaс. Ал өмірдің шынaйы көрінісін
көркем бейнеге сaлып суреттеу қиял ұшқырлығынa, ой мен сезім түйсігінің зеректігіне
бaйлaнысты» [1, 161], - дейді ғалым С.Қалқабаева. Ғалымның пікірі М.Шаханов
шығармашылығына қатысты айтылғандай. Мұхтар ақынды жаңашыл ақын деймiз,
қоғамымызда елең алып жатқан өзектi мәселелер мен өмiр толғаныстарына терең берiлiп,
шиеленiстердi шешуге белсене бел буған ақынның ар намысы мен солмас рухы оның
жалынды жырларында көрiнiс тапқан.
М.Шаханов поэмаларының көбі психологизмге, терең жан күйлеріне құрылған.
“Дұшпан күлдiртiп айтар, дос жылатып айтар” дейдi халық даналығы. Халқының мiнiн
бетiне басып, қатаң сынға алу арқылы ақын елiн ойлануға шақырады. Космополит қазақтар
өлеңiнде ақын Ғабиден Мұстафиннiң мынадай сөзiн эпилог ретiнде алған “Бiз бұрын
ұлтшылдықпен күрескенбiз, ендi ұлтсыздықпен күресер жағдайға жеттiк.” Жалпы кейiнгi
кезде жарық көрiп жүрген өлеңдерiнiң бәрiнде ақын космополит қазақтармен, компьютер
басты жарты адамдармен, дiнсiз, дiлсiздермен күресiп жүргендей. Ұлт тiлiне терең көңiл
бөлiп өзiнiң жалынды да намыс атты шарпыған өлеңдерiнде ақын бүкiл халықты өз тiлiнде
сөйлеуге үндейдi.
Тiлiмiздi қорғауда iсiмiз бiрiкпей,
Санамыз сандалып, күшiмiз кiрiкпей
Тоталитарлық жүйеде жүргендей тосылудамыз.
Жерiмiздi қорғап жат қолдан,
Тәуелсiздiк үшiн мерт болған.
Бабаларымыздың даңқын, үмiтiн, сенiмiн басынудамыз?
Тiл кетсе ұлтымыздың жойылатынын бiлсек те
Мазмұнымызға нүкте қойылатынын бiлсек те,
Қамсыздар, қансыздар қатарына қосылудамыз [2, 74].
142
Осылай дей келе ақын өз ұлтын сынға алған. Ақын өлеңдерi нақты формулаға
бағынбаған, шығармаларында ырғақ, мелодия басым. Ақын өлеңдерiн биiк шатқалдан
гүрiлдеп атып жатқан сарқырамаға теңеу орынды сияқты. Мазмұны терең, оқыған адамды
иiрiмiне тартып әкетер құдiреттi күшке ие. Ақын шығармаларында жеке қолданыстағы
сөздер де кездеседi: “космополит”, “космодәуiр”, “рухсыздық”, негалистер т.б. терең мәндi
сөздердi орынды қолдану арқылы өз межесiне жетудi көздейдi. Ақын “Тiлсiз. Рухсыз
толыққанды тәуелсiздiк жоқ”,-дейдi, яғни болашақта егемендi елiмiздiң тәуелсiздiгiн нық
ұстап тұру үшiн бiлiмi мен ұлтына деген сүйiспеншiлiк пен рухты қатар алып жүретiн
азаматтарды қалыптастыруды көздейдi. Дәл қазiргi кезде қазақ халқы аса күрделi проблемаға
маңдай тiредi дейдi ақын. Орыс пен батыс мәдениетiмен жете сусындаса да өз тiлiнде екi
ауыз сөйлем құрай алмайтындарды космополит қазақтар тобын құраушылар дей келе ақын
өз қолданысына енгiзген “космополит” терминiне түсiнiктеме берiп өтедi. Ақынның
жалынды жырларын тар шеңберде қарауға мүлдем болмайды. Олардың бәрiнде жеке бiр
ұлттық тағдыры, болашағы, тарихы жатыр, сонымен қатар саяси мазмұнға ие болған
өлеңдерiнiң кез келген адамға ой салары анық.
М. Шаханов қазақ поэзиясына жанрлық, стильдiк сипатта бiрқатар жаңалықтар
әкелген ақын Шаханов творчествосын бiр жанр ерекшелiгiне ғана сиғызып салу қиянат.
Оның шығармаларынан өмiр өнердiң бiр-бiрiмен жақындасуы ой, мақсат, болу өрнектерiнiң
бiр мүддеге шоғырланып, тұтасқан бүгiнгi өнердiң күрделi көрiнiсi жота көрсетедi. Сөйтiп
барып өнер алдына тосып отырған күрделi заман сауалы әлемдiк жаңалықтармен ұштаса
толғанады.
М. Шаханов дәстүршiл ақын. Мысалы “Отырар элегиясы”, “Әмiр-Темiр өсиетi”, “12-
3=?”, “Шың басындағы оқиға” атты поэмаларында адам жанының терең қатпарлары
суреттелген.
Ақын поэмаларының соғып тұрған жүрегi оның өн бойындағы қан тамырларының
жұмысын жақсартып тұр. Мөп-мөлдiр, әдемі лирикаларынан, шағын поэмалары мен
балладаларынан анық аңғартқан ақынның iзгiлiкке құштар, мөлдiрлiктi марапаттайтын,
үлкен ерлiктi, тым биiктiлiктi қалайтын сұңқар көңiлi осы шығармаларда бiраз троп табады.
Ақынның келесi бiр ерекшелiгi - өткiрлiгi. Батылдық алдымен поэзияға қажет. Шығармалар-
уақыттың өзiнен туған поэтикалық үлгi. Ақын шындыққа бүкпесiз қарай бiледi.
Сонымен қатар М. Шахановтың көркемдеу құралдары жаңа поэзияға жақын
эпитеттердi өзiнше жаңартты. Метафора өлеңнiң композициялық құрылысы, троптың
түрлерi, ең бастысы жаңа ырғақ әкеледi. Ақынның “Танакөз” поэмасынан үзiндi келтiрсек,
Иық бұрмай тек бiлiмнен басқаға
Қатар өстi екi бiрдей жас бала
Қатар өстi, ән салды,
Қатар тұрып, құба таңды қарсы ала [2, 43].
Бұл шумақтағы лиризм қатар тұрып, құба тоңда қарсы ала эпитет арқылы туып тұр.
Бұл жолдағы жалғыз эпитеттiң ролi ерен. Мұндағы ерекшелiк эпитеттi автордың қалай
пайдаланғанын сіздiң сезбей қалуыңызда. Егер сол эпитеттер “мен мұндалап” тұрса құны
болмас та едi, автор дараланбас едi, жасандылық басым болар едi.
Әлемдiк өмiрдiң жаңалығынан хабардар, зерек те сезгiш ақын шындықты өз атынан
емес, ұлттың ең озық дәстүрлерiн тiрiлте отырып, солардың атынан қозғайды. Оның берiтi
“өз сөзi” әлдеқашан ашылған, дәлелденген, өмiрде әлденеше сыналған сөз екенiн
көрегендiкпен пайдаланады. Махамбет пен Естайға, Шыңғысхан мен Ақсақ темiрге тiзгiн
ұстатуының осындай сыры бар. Сөйтiп ақын-өлең өнер қақпасын ашқанда бүкiл
халқымыздың қасиеттi қақпасын қоса ашуға тырысады. Ақын осынша ауқымды дүниелердi
жүйесіздiкке ұрынбай халықтық поэзияның дәрежесiнде қалып, жетегiне ерiп кетпей,
халықтық деген ұлттық ұғыммен тең түсiп, азаматтық жүрек, тегеурiндi талант арқылы
танытуы-жаңашылдығы.
“Жүздiң көркi-көз, ойдың көркi - сөз” деп Баласағұн айтпақшы, әрбiр жүзге көреген
көз, ой бiткенге сөз бiте бермесi анық. Мұхтар өлеңдерiндегi бiз тоқтал,ән пiкiрлер ақынның
143
эстетикалық толғаны тек субьектiнiң бүркуiнен жиылған тұйық көл емес, рухани кiр-
қоқысты ағынымен тазартып отыратын “Сарқымалармен” кiндiктес, яғни бiз қозғап отырған
эстетикалық мәселелердiң ғылыми негiзi бар процесс.
Келесi кезекте бiз ақынның бiраз поэмаларына көркемдiк тәсiл тұрғысынан
тоқталамыз.“Өркенниеттiң адасуы” романынан үзiндiлер. “Компьютер басты жарты
адамдар.” Ақынның жаңа стильдiк қолданысына енген осы бiр сөз өлеңнiң барлық сюжетi
мен компазициясына арқау болып тұр. Бұл үзiндi де ақын өз эмоциясын ирониямен өткiр
сынмен ұштастырады. Өлеңнiң негiзгi мазмұны рухсыздықпен күресу, болашаққа алаңдау.
Ақын өлең басында ой салар аңызды келтiре келiп өлеңнiң бастамасын шалдың бiр ауыз сөзi
арқылы ұғындырып тұрғандай.
Мейлi, мейлi, екi ұлынды қақса да уақыт арқадан
Нағыз ұлын бiреу ғана, ана екеуi жарты адам.
Ақынның “жарты адам” деп қолданып тұрғаны жеке стильдiк ерекшелiк болып
табылады.
Қайда барсаң көз алдыңда өнеге боп жарқылдап
Жарты ұстаздар, жарты бастық, жарты қыздар, жарты ұлдар [2, 147].
Ақынның бұл тiркестi қолдануы қазiргi замандағы компьютерлендiру процесiмен
тығыз байланысты. Осыған байланысты “Робот-түйсiк” деген жаңаша тiркес ойлап тапқан.
Ақын бұл жерде халықтың компьютермен сауат ашуына қарсы еместiгiн, тек бiлiм мен
рухты ажырамас қос қанат ретiнде қатар қаққанда ғана зор бiлiмнiң пайдасын көретiнiмiздi
ескертедi. Осы өлеңде қынның қолданған жаңа стильдiк мәндегi тiркестерi “монитор көз”,
“компьютер бас”, “қиратқыш күш”. Өлең неологизмдерге де бай.
Балығы озса мысықтар да жолбарысша көсiлмек.
Бес жүз қабат үй салу да емес бүгiн боз елес.
Ақшаң болса “маймылды” да бастық сайлау сөз емес.
Адамзаттың бар тағдырын елдi ақша шеше ме? [2, 113].
Бұл жолдарда ақын метафораны ұшқыр қолданып, сарказм мен кекесiнге құрылған
“маймылды бастық сайлау” тiркесi арқылы өз жанын күйзелткен сұраққа жауап берiп
тұрғандай. “Адамзаттың бар тағдырын ендi ақша шешеме?” риторикалық сұрау салу арқылы
ақын оқырман ойы мен бөлiскiсi келетiн тәрiздi. Шаханов өз өлеңiнiң астарлы мағынасын
Ньютон ашқан үшiншi заңмен дәлелдеп көрсеткен.
Ньютон ашқан үшiншi заң ненi үндейдi бiлдiк пе?
“Әрбiр қимыл қарсы қимыл тудырады тiрлiкте” [2, 88].
Ұрпақты бiр қауiп-қатерден сақтандыра отырып ақын өз оқырмандарын, өз халқын
рухсыздықпен бiрiгiп күресуге шақырады. Ақынның өз топшылауын байқаймыз.
Нарынқұм зауалы. Махамбеттiң соңғы сөзi. Бұл поэманың сюжет желiсi Махамбеттiң
өмiрiнiң соңғы күндерi туралы өрбейдi. Өлеңдегi трагедиялық образ-Махамбет. Ол өзiнiң
түсiн айту арқылы ақындық пен батырлықты дәрiптеп, өзiнiң ел болашағына деген зор
сенiмiн бiлдiредi. Автор өлеңдi Махамбеттiң өз аузынан сөйлеу арқылы оқырмандардың зор
ықыласын айтқан.
Мен сенемiн, күнi ертең
Пенделiктен тазарар деп ұлы өлкем.
Жә, қашанғы баққа зорлық мiнгеспек
Сенем, ертең оттыға отсыз күлмес деп.
Тек тұлпарлар ғана алатын бас бәйге
Есектердiң мойынында жүрмес деп [2, 45].
Өлең мазмұнын ерекше тереңдетiп тұрған-антонимдердiң стильдiк қолданысы: бақ
пен зорлық; отты-отсыз; тұлпар-есек. Басқалай қолданғанда бұл сөздер бiр-бiрiне қарама
қайшы емес, еркiн түрде айтылуы да мүмкiн. Бiрақ ақын бұларды жағымды жағымсыз етiп,
эмоциямен ұштастырып көрсету арқылы өз өлеңiн нәрлендiрiп тұр.
144
Туған елiм, Құдiретiмсiң аңсаған
Алдан жарқын Күн шыққаным
Кескiнiңдi көрмейiншi шаршаған
Пасыз ойлар тұншыққанын
Дулығаны қақ жарып гүл шыққанша
Жер астынан қарап жатар мен саған [2, 47].
“Дулығаны қақ жарып гүл шығу” сәттi қолданылған метафора, яғни жаугершiлiк
заман өттiп, бейбiтшiлiктiң келуi. Ақын Махамбеттiң монологы арқылы бүгiнгi күндi
жырлап отыр. Махамбет сынды ұлы ақынның тегеурiнiн, қаһары мен ойлылығын бүгiнгi
поэзия аспанына жiбек тордай жайып жiберуге ұтылысы бар. Iштей керемет жiгерлi өлең
жасаң оптимизмнен, тек жасампаздықтан тұрмайды. Олармен қоса әдемi арман, ойлы мұң,
үзеңгi қағыстырып, биiк мақсатқа бастайды, Сөйтiп лирикаға тән алау от пен лап етпе сезiм
өмiрi қызуы басылмайтын, алыстан көрiнгенмен еш өшпейтiн “мәңгiлiк отқа” айналды. Ұлы
махаббат оттары қосыла жанырасады. Арман мен арман қосылады. Монолог үлгiсiнде
көрiнiп отырған ақын сезiмi сенiмге айналып, сенiмi сезiмге ұласып, лирикалық толғаныс
тамыры осылайша тармақты жатыр.
Өлең шапшаңдық үдемелi жолмен өрiстейдi. “Менiң бассыз қалғандығым сенiң
бассыз қалғандығың болмағай”, деген сөз түйiнi толғаныс түрiнде ойлану, байыпты
бағдарлау сипатын танытса, ең соңғы шумақтарға “Дулығаны қақ жарып гүл шыққанша, жер
астынан қарап жатам мен саған” сөздерi арқылы ақын сезiмi шираған, ең жоғарғы нүктеге
көтерiледi. Жалпы ақын барлық өлеңдерiнде осы үдемелi әдiстi қолданады. Мысалы
ортадағы:
Нұрлы үмiтпен оянар деп ұлы өлкем
Күлiп жайсаң күн ғажайып
Ел намысы тарқар деп
Ақымақтар күрт азайып
Сұмдар қорқақ тартар деп [2, 67].
Бұлар мағыналық жағынан бiрiне-бiрi толықтырып тұрған сөйлемдердiң дыбысталуы
бiрдей. Тексте бiрыңғайластық туып тұр. Сандық жағынан сәл төмен мына бiр ыңғайлас
сөйлемдер де өлеңде бiрдей дыбысталады. “Ертең оттыға отсыз күлмес деп, есектердiң
мойынында жүрмес деп” Бұлар жоғарыдағы “тар-тар деп, тазарар деп” сияқтылардың бiр
варияциясы. Дыбысталуы бөлек болғанымен мағына бiреу. Ал, соңғы шумақтағы “күн
шыққанша”, “түн шыққанша”, “гүл шыққанша” дыбысталуы бiр болғанмен өзiнiң алдында
тұрған шумақтардағы бiз келтiрген мағыналас сөздерге қарсы мәндес, яғни жоғарыдағы
аталған барлық әдiлетсiздiктерге гүлдiң шығуын, күннiң шығуын қарсы қойып отыр.
Сонымен қатар барлығын да уақыт көтередi, қашан болса да әдiлдiк келедi. Деген
сенiм бар. Уақыттың ұлылығына бас ұру “Дулығаны қақ жарып гүл шыққанша” деген соңғы
жол соның бәрiнiң айғағы. Дамыту үлгiсiндегi өлеңнiң соңғы жолы аса ұтымды
шыққандықтан өлеңнiң тұтас тынысын айқындап тұр. Ең алдымен контексте бұл сөйлемнiң
символдық мәнi айрықша рол атқарады. Халқының үлкен болашағын аңсаған ақынның
жүрек жарды арманын аңғару қиын емес. Поэзияның көркемдiк тәсiл түрлерiн дамытуда,
жаңалауда Шаханов батыл қадам жасап тұр. “Дулығаны қақ жарып гүл шыққанша, жер
астынан қарап жатам мен саған.” Оқыс және тың тiркестер, жаңа мәндi тiркестер, мағыналық
жағынан да түрлiк жағынан да жұрт назарына найзағай отындай iлiктi. Махамбеттiң оның
күшiне түскен тегеурiк бүгiнгi ақындар арқылы осылай түледi. Өлеңде iшкi монолог үлгiсi
басым. Ерлер iсiнiң қиындығы, болашағы бұлыңғыр бола тұра қайыспас жiгер, ақынның
сенiмiн күшейтедi. Ақын бұл өлеңiнде аллергорияны да ұтымды қолданған.
Мен сенемiн күнi ертең
Пенделiктен тазарар деп ұлы өлкем [2, 12].
Осы және алдыңғы жолдардағы қулық, сұмдық, бақ, сор пенденiн. Мұнда жай ұғым
түрiнде тұрған дерексiз нәрселер кәдiмгiдей көзге көрiнер деректi нәрсеге ауыстырылады.
Жалпы өлең сюжетi – тұнып тұрған символ; бiр нәрсенi немесе құбылысты тура суреттемей
145
ұқсас құбылысқа құпия келiп, жасыра түсiндiру, яғни өлеңге философиялық астар беру. Көне
тарихи тақырыптарға қалам тартқан ақынның сөз қолданысында бiрқатар ерекшелiктердi
ұшыратамыз.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Қалқабаева С. Көркем шығарма поэтикасы.Алматы: Қазақ университеті, 2021.-257б.
2. Шаханов Мұхтар Өлеңдер мен балладалар. Поэмалар. Алматы: Өлке, 2019.–480 б.
Достарыңызбен бөлісу: |