Халық ЖӘне әдебиет



Pdf көрінісі
Дата06.03.2017
өлшемі1,14 Mb.
#7827

c

m

y

k

+

c

m

y

k

+

+

+

5

ХАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ

БЖ

АҚПАН,  2015 ЖЫЛ



Жанболат КЕНЖЕҒҰЛ,

ҚМУ ГӘФ журналистика 

мамандығының 2 курс студенті 

Қазақ деген халық қашаннан 

әлсізге демеу, мұқтажға қамқор 

бола  білген.  Осынау  аз  ғана 

мұсылман  халықтың  көңілі  кең, 

пейілі зор. Қалай құрмет етсеңіз 

де  аз  емес!  Көпке  қадірлі,  сый-

лы  ететін  де  қасиет  осы.  Ал 

бүгінде  оларға  деген  құрмет 

қандай  екенін  көпшілік  ой-

лап  көрдіме  екен?!  Айтай-

ын 


дегенім, 

қайталаудан 

танбайтын 

«көп 


ұлтты 

елдегі»  қазақ  жұрты  жайлы. 

Қазақстанда  қанша  өзге 

ұлт 


бар 

екендігін 

ресми 

жарияланған 



мәліметтерден 

алып  жазып  жүргеніміз  бол-

маса,  оларды  санап,  түгендеп  

жүруге  өз  басым  қызығушылық 

танытпас  едім.  Әрине  біздегі 

140  –  тан  астам  ұлт  өкілдерін 

ұйыстырып  басқара  білу  де 

аса бір шеберлікті талап ететіні 

анық. Осы жерде Қазақстандағы 

қазақтарды  бөлек  әңгіме  еткім-

ақ  келеді,  бірақ  амал  бар-

ма  біз  де  –  көптің    біріміз. 

Қазақтар  да  Қазақстандағы 

көп  ұлттың  бірі!  Жетекші  ұлт 

ретінде 

бағаланбайтынымыз 

тағы бар. Дәлірек айтқанда өзге 

ұлт  өкілдерінің  бізді 

бағаламайтыны. Әрине 

қазақ  тілін  меңгеріп, 

оны 

сыйлайтында-



ры  да  баршылық. 

Оларға  деген  құрмет 

үкімет  жақтан  асып 

түспесе  кем  болған 

жоқ,  болмайды  да.  

Бұл  жерде  ойлағаным 

ұлтараздық  тудырып, 

ірікті  сөз  тудыру  емес. 

Бүгінгі  жайды  азды-

кем  сөзбен  жеткізу. 

Жақында 

ғана 


есіктен 

енген 


2015  жылды  «Қой 

үстіне 


бозтарғай 

жұмыртқалаған 

за-

ман»  белгісі  болсын 



дегендей 

Қазақстан 

халқы 

Ассамблеясы 



жылы  деп  жариялаған 

едік.  Аталған  ассамблеяның  20 

жылдығын  атап  өтуді  осыдан 

бастадық.  Жылдың  алғашқы 

отырысы болып жатқан да елдің 

бір бөлігінде ұлт араздық дау ту-

ындап  кете  жаздады.  Көпшілік 

Сарыағаштағы  жағдайды  ай-

тып  отырғанымды  айтпасам  да 

түсінген болар. Бұндағы қателік 

кімнен  кетті,  шағын  тұрмыстық 

даудың  соңы  неге  адам  сенгісіз 

кісі  өлтіруге  алып  келді  де-

ген  сияқты  сұрақтарға  жауап-

ты  кімнен  аларымды  білмей 

қалдым.  Бақсақ  бұндай  жағдай 

бірінші  рет  орын  алып  отырған 

жоқ екен. Бұған дейін де әр жер-

де  қазақ  халқымен  арада  та-

лай  келіспеушіліктер  болғанын 

көзіміз  көріп,  құлағымыз  естіген 

болатын. Атап өтіп, жаза кетудің 

керегі  де  болмас.  Дегенмен  де 

өзге  ұлт  өкілдері  мемлекеттің 

негізін құраушы жұртты сыйлауға 

міндетті.  Тарихи  оқиға,  қысым, 

тағдыр  айдауы  деген  атаумен 

қазақ жеріне қоныс аударылған 

жұрт  қазақтың  қадір-қасиетін 

түсінетін  кез-келді  емес  пе! 

Неге  жоғарыдағыдай  дау-жан-

жал  ушығып  барып  басыла-

ды?  Түсінемін.  Кей  кезде  бір 

әкенің  балалары  да  керісіп 

қалатыны  бар.  Оның  жанында 

ұлттар тұтастығы қиын мәселе. 

Бұған  аса  сақтықпен  қараған 

жөн.  Халықтар  байланысы-

на  зер  салу  міндеті  меніңше 

Қазақстан  халқы  Ассамбле-

ясына  жүк.  Негізгі  атқаратын 

жұмыстары да осы мақсатта. Ен-

деше  бұл  ассамблея  өкілдеріне 

айға  қарап,  жұлдыз  санап 

жүргеннен  мардымды,  нәтижелі 

іске  білек  сыбана  көшкен  жөн.

Елбасы  артқан  сенімді 

мүмкін  сонда  ғана  ақтар! 

Әйтпесе  бұған  дейінгі  жи-

ырма  жылдық  жұмыстарын 

өз  елімнің  азаматы  ретінде 

жоғары  бағалай  қоймас  едім. 

Бастысы Сарыағаштағы жанға 

батқан  оқиға  ұлтараздық 

кикілжіңнің 

соңғысы 


бо-

лып  қалса  мұндайға  енді 

жол  берілмесе  екен  деп 

тілейміз.  20  жылдық    тарихы 

бар  Қазақстан  халқы  Ассам-

блеясы  елдегі  ынтымақ  пен 

бірлік,  татулық  пен  тұтастық 

кепіліне  айналар  сенімділік. 

Ел тұтастығын бірге сақтайық 

ағайын. Қазақ елі жасай берсін! 



Қазақстан халқы ассамблеясына – 20 жыл

Нұрзат ЖҮЗТАЕВА,

ҚМУ ГӘФ филология мамандығының 3 курс студенті 

2015  жылдың  15  ақпанында  Қостанай  әлеуметтік-

техникалық колледжі қабырғасында,  Қостанай қаласының 

«Жас  Отан»  жастар  қанаты  және  Қостанай  мемлекеттік 

университетінің «Ахмет ұрпақтары пікір-сайыс клубы, со-

нымен қатар Қостанай мемлекеттік педагогикалық инсти-

туты «Парасат» пікір-сайыс клубының ұйымдастыруымен 

Қазақстан  халқы  ассамблеясына  20  жыл  толуына  орай 

«Бір  ел  –  бір  тағдыр»  тақырыбында  қалалық  пікір-

сайыс  турнирі  өтті.  Бұл  сайысқа  Қостанай  мемлекеттік 

университеті, Қостанай мемлекеттік педагогикалық инсти-

туты,  Қазақстан  Республикасы  Ішкі  істер  министрлігінің 

Шырақбек  Қабылбаев  атындағы  Қостанай  акаде-

миясы,  Қостанай  гуманитарлық  колледжі,  Қостанай 

педагогикалық  колледжі,  Ы.  Алтынсарин  атындағы  да-

рынды  балаларға  арналған  мектеп-интернатының 

оқушылары  және Алматы қаласы Әл-Фараби атындағы 

қазақ ұлттық университетінің студенттері қатысты.

Қалалық  пікір-сайысты  өткізудегі    негізгі  мақсат  - 

"Қазақстан  халқы  ассамблеясына  биыл  20  жыл"  толуы-

на  орай  ел  тұрғындарының  өмірін  өзгерткен  бейбітшілік 

жобасын  талқылау  арқылы  ел  жастарының  азаматтық 

және  шығармашылық  белсенділігін  арттыру  болып  та-

былады.  Сонымен  қатар  мемлекетте  байқалатын 

өзекті  мәселелерді  көпшілік  алдында  талқылау  және 

сараптау  арқылы  жастардың  саяси  белсенділігін 

және  азаматтық  позициясын  жоғарылатуға  атсалы-

су,  отбасылық  құндылықтарды  насихаттауды,  өскелең 

ұрпақты  мектептік  және  отбасылық  тәрбиелеудің  үздік 

дәстүрлерін қайта дамыту. Турнир өткізудің мақсатымен 

қоса  оның  міндеттері  де  жоқ  емес,  яғни  мемлекеттің 

жалпы  гуманитарлық  әлеуетін  дамыту,  жасампаз 

дүниетанымы  мол  азаматты  тәрбиелеу,  адамгершілігі 

мол,  жан-жақты  дамыған  тұлғаны  қалыптастыру,  жа-

старды  қоғамдық  өзекті  мәселелерін  шешуге  тарту  бо-

лып табылады.

Турнир қорытындысы бойынша  үздіктер анықталып, 

алғыс  хаттарман  марапатталды  және  «Ахмет 

ұрпақтары»  интеллектуалдық  пікір-сайыс  клубының 

белді мүшесі Шәкәрім Серікбаев және «Парасат» пікір-

сайыс  клубының  экс-координаторы  Ратбек  Қазманның 

демеушілігімен ұйымдастырылған кубоктары АПФ және 

ЛД форматтарында бас бәйгеге салынған болатын.  

Турнир  қатысушыларын  басып  озып,  өзінің  жеке 

көзқарасын,  позициясын  нақтылай  түскен  команда-

лар ғана жеңіске жетті және олардың тізімі төмендегідей 

болған болатын:

1-орын:  "Ахмет  ұрпақтары"  ПК,  яғни  ҚМУ-дің  1  курс 

студенттері  Сүлеймен  Жұман,  Оразхан  Зейнолладан 

құралған "Тікелей эфир" командасы. 

2-орын:  Алматы  қаласы  Әл-Фараби  атындағы  қазақ 

ұлттық университетінің магистранты Дастан Қалиев, "Па-

расат" ПК, ҚМПИ-дің аға буыны Ратбек Қазман "Ұятсыз 

шалдар" тобы. 

3-орын: "Сөз тимесін" тобы Айжан Қосмаханова, Айбек 

Қосман. "Парасат" ПК, ҚМПИ-дің 3 курс студенттері. 

4-орын:  "Ахмет  ұрпақтары"  ПК,  ҚМУ-дің  1  курс 

студенттері    Алмагүл  Ақылбек,  Алмат  Бейсембай  "Ұят 

болмайды" командасы.

Үздік  спикер:  Дастан  Қалиев  (Өз  қалауымен  жолын 

Алмагүл Ақылбекке берді).

Финалист:  "Ахмет  ұрпақтары"  ПК,  ҚМУ-дің  2  курс 

студенті Абай Дүйсенғали.

Үздік төреші: "Парасат" ПК, ҚМПИ-дің 3 курс студенті

Қуаныш Бектұрғанов.

Бас ұйымдастырушы және төреші - Шәкәрім Серікбаев. 

Ұйымдастырушы - Нұрзат Жүзтаева.

Жастардың ой-өрістерінің дамуына бейжай қарамайтын, 

олардың  қызығушылықтарын  жүзеге  асыруға  мұрындық 

болып  демеушілік  жасайтын  азаматтарымыз  көбейсін. 

Жастар – болашақтың кілті.

Бір ел – бір тағдыр

9  ақпан  –  қазақтың  ақиық  ақыны, 

мұзбалақ  ақыны  атанған  Мұқағали 

Мақатаевтың  туған  күні.  Ақынның 

лирикаға  толы  әсерлі  өлеңдері  поэ-

зия  сүйер  жастардың  бірнеше  буы-

нын қамтып келе жатыр. Қазақ поэзия-

сында өшірмес із қалдырған Мұқағали 

өлеңдері әлі де үнін жоғалтпасы анық.

Ол  1931  ж.  9-шы  ақпанда  Алматы 

облысы,  қазіргі  Райымбек  (бұрынғы 

Нарынқол)  ауданының  Қарасаз  ау-

ылында  дүниеге  келген.  Ақынның 

туған күні жөнінде екі түрлі ақпарат 

бар.  Алайда,  құжаттар  бойынша 

ақынның  туған  күні  ақпанның  9-нда 

тойланады. Екінші ақпарат: ақынның 

анасы  Нағиман  апа  былай  деген: 

«Мұқағалиым  1931  жылы  наурыз 

айының  8-інде  дүниеге  келген  бо-

латын.  Жаңылысуым  мүмкін  емес. 

Себебі  балам  мынау  фәнидің  есігін 

ашқаннан біраз уақыттан кейін Нау-

рыз  тойы  болады,  наурыз  көже  жа-

саймыз деп күтіп отырғанбыз»-деген 

мәлімет  береді.  Балалық  шағы 

соғыспен  тұспа-тұс  келген  Мұқағали 

өлеңді  он-он  бір  жасынан  жаза  ба-

стайды.  Алғашқы  өлеңдері  аудандық 

газетте  жарық  көрген  шығармалары 

1960-1970  жылдары  үздіксіз  ба-

сылады,  бұл  жылдарды  ақынның 

қазақ  поэзиясының  биік  шыңына 

көтерілген  уақыты  деп  санауға  бола-

ды.  Ауыл  орта  мектебін  1948  жылы 

бітіріп,  өз  ауылында  комсомол,  кеңес 

қызметтерінде болған. Кейін аудандық 

газетте әдеби қызметкер, Қазақ радио-

сында диктор болған, «Қазақ әдебиеті» 

газетінде, «Жұлдыз» журналында поэ-

зия  бөлімін  басқарған.  Қазақстан  Жа-

зушылар одағында поэзия секциясын-

да  әдеби  кеңесші  қызметін  атқарған. 

Тырнақ  алды  туындылары  Нарынқол 

аудандық  «Советтік  шекара»  (қазіргі 

«Хан  тәңірісі»)  газетінде  1948  жылда-

ры жариялана бастаған. 1954 жылы бір 

топ  өлеңі  «Әдебиет  және  искусство» 

(қазіргі  «Жұлдыз»)  журналында,  одан 

кейін  бір  шоғыр  жыры  Ә.Тәжібаевтың 

сәт  сапар  тілеген  сөзімен  «Қазақ 

әдебиетінде» жарияланған. Аз ғұмыры 

ішінде бірнеше лирикалық жыр жинағы 

мен  дастандарын  ұсынған.  Жыр  ау-

дармасы 


саласында 

Шекспирдің 

сонеттерін, 

Дантенің 

«Құдіретті 

комедиясын»қазақшалады.  Ақынның 

«Саржайлау», 

«Сөнбейді, 

әже, 

шырағын»,  «Кел  еркем,  Алатауыңа» 



өлеңдеріне  сазгер  Н.Тілендиев  ән 

шығарған.

Сен мына - жанарымның ішіндесің,

Жанардың білесің ғой кешірмесін.

Ішіне жанарыңның сақта мені,

Біреулер көлеңкесін түсірмесін.

Сен менің - мына тылсым кеудемдесің,

Білесің, кеудеме ешкім тең келмесін.

Кеудеңе зынданыңа салып сақта

Біреулер көкпар қылып өңгермесін!

Сен мына тілімдесің, үнімдесің,

Білесің ғой тілімнің бүлінбесін.

Сен мені үніңе қос, тіліңе тұт

Үнім өшіп, үшкір тіл тілінбесін!

Сен мына - менің алып басымдасың,

Білесің ешкім де оны басынбасын,

Сен мені өз басыңмен бірге қорға

Біреулер зұлымдығын асырмасын!

Сен менің миымдасың!

Білесің, миым жатқа бұйырмасын.

Миыңның бір жеріне жасыр мені,

Қиылсын өмір солай... Қиылғасын!

Несіне асығады?!

Күн қайда асығады?!

Нендей күш күннің нұрын жасырады?!

Қызарып соңғы сәуле шашырады.



Күн түйе алмай барады шашын әлі.

Әлі талай жыр болып жазыларсың


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет