Халық педагогикасының қазіргі қызметі Орындаған: Сайфназар Саида



бет3/6
Дата31.12.2021
өлшемі0,76 Mb.
#21626
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Халық педагогикасының қазіргі қызметі

Халық педагогикасы – тәрбие көзі


Халқымыз қашан да бала тәрбиесіне ерекше мән берген. Сәби дүниеге келгеннен бастап, оның өсіп, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына, ақыл-ойының жетілуіне назар аударған. Шыр етіп дүниеге келген күннен бастап тәрбиенің негізін қалаған халық ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән берген, бесіктегі балаға үн қатып, тілге тартқан. Бұл – тәрбиенің басы. Мұндай тәрбие – халық педагогикасы болмақ. Халық педагогикасы – қазақ халқының сан ғасырдан бері баланы бағып-қағып, өсіріп, өнегелі азамат етіп шығару жөніндегі жинақталған тәжірибесі. Халқымыздың тәлім-тәрбиелік мәдениетінің бастауы, түп-төркіндері сонау есте жоқ, ескі замандарда жатыр. Олардың із-сорабын қазақтың бай ауыз әдебиетінен, сонау Орхан-Енесейден басталатын көне түркі ескерткіштерінен, тарихи жазба мұралар мен осы күнге дейін тұрмыс-тіршілігіміздің орын алып келе жатқан салт-дәстүрлерімізден табамыз. 

 «Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы» деп, атадан-бала мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді келер ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелеуді армандап: «Шыншыл, әділетті, иманды болу – атадан-бабадан келе жатқан дәстүріміз» деп сол дәстүрді бұзғандарға ат-шапан айып тартқызған. Мәселен, атасы немересін алдымен елінің құтты қонысымен таныстырған. Жылдың әр мезгілінде елдің қайда, қалай көшетінін, суды қайдан ішетінін, жеті атасын, елдегі даңқты адамдардың ерлік хикаяларын, ауыл-аймақтағы жер-су атауларын баласының санасына сіңіре білген. Адамды жақсы ететін де, жаман ететін де – тәрбие. Сондықтан жеткіншек ұрпақ өз халқының рухани қазынасымен, ұлттық мәдениетімен, салт-дәстүрімен неғұрлым тереңірек сусындап өсуі керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет