Халық пен билік арасындағы сындарлы диалог 2-бет №11 (520) сейсенбі, 3 ақпан 2015 жыл



жүктеу 151 Kb.

Дата17.01.2017
өлшемі151 Kb.

Халық пен билік 

арасындағы сындарлы 

диалог

2-бет

№ 11 (520)  СЕЙСЕНБІ, 3 ақпан 2015 жыл        

“Намыс” әскери-

патриоттық клубы 

- шекарашылардың 

жас досы

3-бет

Қош бол, 

Әліппем!

4-бет

2010  ЖЫЛДЫҢ  1 ҚАҢТАРЫНАН  БАСТАП  ШЫҒАДЫ 

ҚАЗАҚСТАННАН 70-КЕ ЖУЫҚ 

СОҒЫС АРДАГЕРІ МӘСКЕУГЕ 

ПАРАДҚА БАРАДЫ

ҮШ АУЫЛДАҒЫ ӘКІМ КЕЗДЕСУІ

Қазақстаннан 70-ке жуық соғыс ардагері 9 мамырда Мәскеуде 

өтетін парадқа қатысуға мүмкіндік алып отыр. Бұл туралы 

бүгін «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орын-

басары Бауыржан Байбектің төрағалығымен өткен Ұлы 

Жеңістің 70 жылдығын атап өту мәселелеріне арналған 

селекторлық  жиында  ҚР  Сыртқы  істер  вице-министрі 

Самат Ордабаев мәлімдеді.

«Мәскеудегі парадқа біздің ардагерлердің қатысуы жөніндегі 

жұмыс бақылауға алынды. 70-ке жуық адам барады деп 

көзделіп отыр. Елшілік барлық ұйымдастырушылық іс-

шараларды өз мойнына алады. Қазір Қызыл алаңға үш 

адамға квота бар. Бұл квотаны Ресей Федерациясы бөлді. 

Бірақ біздің Ресеймен ерекше қарым-қатынасымыз ескеріле 

отырып, қазір үлкен жұмыс жүргізіліп жатыр. Көрші елдегі 

біздің елшіге тиісті тапсырма берілді», - дейді С.Ордабаев.

Вице-министрдің айтуынша, осындай міндет Қазақстанның 

Беларусь мемлекетіндегі елшісіне де тапсырылған.

Белоруссияның Минск қаласында Қазақстан, Ресей, Бе-

ларусь бас прокурорлары Асхат Дауылбаев, Юрий Чайка, 

Александр Конюктің үшжақты кездесуі болып өтті.

Тараптар  ортақ  экономикалық  кеңістік  жағдайындағы 

өзекті мәселелерді, оның ішінде халықтық сұраныстағы 

тауарлар айналымына қатысты, автомобильдерді заңсыз 

кіргізу және тіркеу, қосымша құн салығын заңсыз қайтару 

саласы, сондай-ақ Еуразиялық одақ қызметі аясындағы 

мәселелерді шешу бойынша сарапшылар тобын құру ту-

ралы талқылады.

Сұхбаттасушылар экономикалық интеграция тұрғысында 

ЕАЭҚ елдері қадағалаушы органдарының ынтымақтастығын 

тереңдету аймақтағы заңдылықты қамтамасыз ету, трансұлттық 

қылмысқа қарсы тұру, тұрақтылықты нығайту бойынша 

ортақ стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған басты 

біріктіруші фактор екендігін баса айтты.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Бас Проку-

роры Асхат Дауылбаев Минск қаласында өткен Сыбайлас 

жемқорлыққа қарсы тұру бойынша мемлекетаралық кеңес 

отырысының  бірінші  ұйымдастырушылық  отырысына 

қатысты. Форум жұмысына Армения, Беларусь, Қазақстан, 

Қырғызстан, Ресей, Тәжікстанның құзырлы органдарының 

өкілдері қатысты.

Кездесу барысында құқықтық тетіктерді жетілдіру және 

сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтардың 

алдын-алу, сондай-ақ олардың салдарын жою мәселелері 

кеңінен талқыланды. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша мемлекетаралық 

кеңес 6 мемлекеттің (Армения, Беларусь, Қазақстан, Қыргызстан, 

Ресей және Тәжікстан) басшыларымен құрылған ТМД-ның 

салалық ынтымақтастық органы болып табылады. Кеңес 

сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша шараларды 

ұйымдастыру  және  үйлестіруді,  оның  ішінде  сыбайлас 

жемқорлыққа қарсы ұлттық заңнаманы жақындастыру және 

үйлестіру, ақпарат алмасуға ықпалдастық ету, сондай-ақ 

Кеңеске қатысушы-мемлекеттер құзырлы органдарының 

өзара ынтымақтастығын нығайтуды жүзеге асырады.

БАҚ беттерінен

ҚАЗАҚСТАН, РЕСЕЙ ЖӘНЕ БЕЛА-

РУСЬ БАС ПРОКУРОРЛАРЫНЫҢ 

ҮШЖАҚТЫ КЕЗДЕСУІ

Ағымдағы жылдың 28 

қаңтарында  аудан  әкімі 

Г.Акулов  Степной  а/о, 

Белағаш а/о, Дмитриевка а/о 

тұрғындарына 2015 жылға 

алға қойған жоспарлары 

мен  бағдарламаларын, 

2014  жылы  істелінген 

жұмыстары жайлы есебін 

берді. Ең бірінші Белағаш 

ауылдық округіне барып 

тұрғындармен жүздесті. 

Белағаш ауылдық округінің 

әкімі  В.  Журин  ауыл 

тұрғындарын 2014 жылы 

істелінген жұмыстарымен 

таныстырып,  халықтың 

сұрақтарына жауап бере 

отырды. Белағаш ауылдық 

округінің  тұрғындары 

округтағы 

маңызды 

мәселелер  туралы  және 

ауылды  қалай  көркейту 

жайында сұрақтар қойды. 

алға қойған жоспарлары жайлы айта өтті.

  Есептік  кездесу  барысында  барлық 

Шелехово  ауылының  тұрғындарын 

толғандыратын «Шелехова орта мектебінің» 

жабылуы туралы сұрақ қойылды. Осы 

сұраққа  аудан  әкімі  Г.Акулов  –  «Мен 

сіздердің барлығыңызды түсінемін,бірақ 

бұл  менің  құзырымда  емес.  Елімізде 

орын  алған  дағдарысқа  байланысты, 

кейбір  мектептерді  жабу,  қосу  орын 

алады.  Ауданымыздың  мемлекеттік 

ұжымдарында  да  қысқартулар  болуы 

мүмкін барлық қызметкерлерге қысқарту 

жайлы хабарлама жасалды Мектептерді 

оқу жылының аяғына дейін ешкім жаппай-

ды. Егер еліміздің экономикасы орнына 

келген жағдайда, бұл мектеп жабылма-

уы мүмкін, бірақ осы күні орын алған 

жағдайларға байланысты, мен бірақ нәрсені 

айта аламын, біздің ауданымызда ғана 

емес,  барлық  облыстарда  да  осындай 

қысқартулар болуы мүмкін» - деп жауап 

қайтарды. Зенковка ауылының тұрғыны 

Г.Әлімбәкірова ауылдық дәрігерлік амбула-

тория ұжымының аға дәрігері Р.Ивкинаға, 

медбике М.Қонарбаеваға өзінің отбасына, 

ауыл тұрғындарына ДА қызметкерлері 

өздерінің қызметтеріне жауапты қараумен 

әр кезде баға жетпес көмек көрсеткендері 

үшін өз алғысын айтты.

Кездесудің соныңда ауылдық округ әкімі 

Г.Михайличенко «Алға» ш\қ басшысы 

М.Бергеневке, А.Шоринге, В.Голубевке 

және И.Шаталовқа алғыс хаттар берді. 

Осы  күнгі  жоспар  бойынша  Дми-

триевка  ауылдық  округінің  ауылдық 

клубында  аудан  әкімі  Г.Акулов  және 

ауылдық округ әкімі Ж.Жолдыбековтың 

тұрғындар алдындағы есеп беру кездесуі 

өз жалғасын тапты.

Кездесу  барысында  ауыл  әкімі 

Ж.Жолдыбеков  тұрғындар  алдында 

істелінген жұмысы жайлы есеп берді.

Одан кейін аудан әкімі Г.Акулов өткен 

жылғы атқарылған жұмыстары мен биылғы 

жылға қойылған жоспарлары жайлы айтып 

өтті. Аудан әкіміне тұрғындар көкейтесті 

сұрақтарын қойып, оған тұщымды жау-

аптар алды.  Ауыл тұрғындары әкімдер 

жұмыстарын қанағаттанарлық деп бағалап, 

жұмыстарына сәттілік тіледі.

Т.ҚАЛИБАЕВ, Ә.СҰЛТАНОВ

«Нұрлы жол» жаңа 

экономикалық саясаты 

жаңа сын-қатерлерге той-

тарыс берудің тиімді тетігі

«Нұрлы жол» экономикалық саясаты – жаңа әлемдік 

сын-қатерлерге  тойтарыс  берудің  тиімді  тетігі.  Бүгін 

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар 

қызметінде «Жаһандық сынақ уақыты: жаңа сын-қатерлер» 

тақырыбын арқау еткен дөңгелек үстел барысында Қазақстан 

стратегиялық зерттеулер институты директорының бірінші 

орынбасары Лейла Мұзапарова осындай пікір білдірді.

«Қазақстан дағдарыстың теріс ықпалына тойтарыс беру 

үшін ауқымды іс-шараларды қолға алып жатыр. Мәселен, 

Үкімет  сыртқы  және  ішкі  экономикалық  факторларға 

тұрақты түрде мониторинг жасап отырады. Сондай-ақ, 

Үкімет жағдайдың дамуына байланысты әрекет етудің 

түрлі  жоспарларын  әзірледі.  Оның  ішінде  мұнайдың 

әлемдік бағасы 40 долларға дейін төмендеген жағдайда 

экономиканы қолдау және дамыту жоспары бар», - дейді 

Л.Мұзапарова.

Оның айтуынша, Президент ұсынған «Нұрлы жол» жаңа 

экономикалық саясаты да жаңа сын-қатерлерге тойтарыс 

берудің тиімді тетігі.

«Өйткені,  біріншіден,  жаңа  экономикалық  саясаттың 

өзегі  инфрақұрылымдық  даму  жоспары  болып  отыр. 

Бұл жоспар мерзімі бойынша үдемелі индустриялық-

инновациялық даму бағдардамасының екінші кезеңімен 

тұспа-тұс келді. Ал, екіншіден, «Нұрлы жол» жаһандық 

дағдарысты  еңсеруге  мүмкіндік  беретін  жоспардан 

тұрады», - дейді ол.

Сарапшы  атап  өткендей,  Қазақстанның  стратегиялық 

жоспарының сәттілігіне 2007-2009 жылдардағы дағдарысқа 

қарсы тәжірибеміз кепіл болады. 

«Сол кезде Қазақстан экономикалық өсімнің оң қарқынын 

сақтап қалған, жұмыссыздыққа жол бермеген және барлық 

әлеуметтік міндеттерін орындаған аз ғана мемлекеттердің 

қатарында болды. Сондықтан, қазақстандық экономика 

алдағы дағдарысқа мейлінше дайындалып келді деп есеп-

теуге болады», - деп түйіндеді Г.Мұзапарова сөз соңын.



А.ӘБІЛЕВА

Тұрғындар әсіресе ауыл ішілік жолды 

жөндеу және қыс кезінде қардан 

тазалау, құрылыс мәселесі, ауылдағы 

пошта жайлы сөз қозғады. Аудан 

әкімі Г.Акулов ауданымыздың жет-

кен жетістіктері мен алға қойған 

жоспарларымен  халықты  таны-

стырып өткен соң осы қойылған 

сұрақтармен қозғалған мәселелері 

жайлы жауаптар қайтарылып, оларға 

шара қолданатынын айтып өтті. 

Осы халықпен жүздесуге аудандық 

мәслихат хатшысы У.Майжанов, 

аудан әкімінің аппарат басшысы 

С.Лазурин, аудандық мәслихат де-

путаты А.Құрамысовтар қатысты. 

Халықпен жүздесу Степной ауылдық 

округінде жалғасты.

Осы кездесуде ауылдық округ әкімі 

Г.Михайличенко 2014 жылғы округтің 

әлеуметтік-экономикалық дамуының 

қорытындысымен және 2015 жылға 

қойылған жоспарлар жайлы есеп 

берді.  Содан  кейін  Бородулиха 

ауданының әкімі Г.Акулов халық 

алдында атқарылған жұмыстарымен, 


ХАЛЫҚ ПЕН БИЛІК АРАСЫНДАҒЫ 

СЫНДАРЛЫ ДИАЛОГ

Аудан тынысы

2

№ 11 (520) 3 ақпан 2015 жыл

Халық және билік

Қазақстан  Республикасының 

Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы 

Назарбаевтың «Жергілікті атқарушы 

органдар басшыларының халық 

алдында есеп беру кездесулерін 

өткізу туралы» Жарлығын іске 

асыру мақсатында, міне, оныншы 

жыл қатарынан әрбір ауылдық 

және кенттік округте аудан әкімінің 

кездесулері  өтуде.  Бұл  біздің 

қоғамымыздағы демократиялық 

жаңарулардың одан әрі өрістеуіне, 

мемлекетте,  облыста,  ауданда 

өткізіліп  жатқан  әлеуметтік-

экономикалық  және  саяси  ре-

формалар  туралы  адамдардың 

хабардар болу деңгейін көтеруге 

мүмкіндік береді. Осы бағыттағы 

кездесулер биыл да өз жалғасын 

тауып отыр. Аудан әкімі Григо-

рий Иосифович Акулов биылғы 

жылға  жоспарланған  есептік 

кездесулерді ағымдағы жылдың 27 

қаңтарынан бастап іске асыруды 

бастады. Аудан басшысы барлық 

округтерді аралай жүріп, елдің 

мұң-мұқтажын тыңдай отырып, 

халықпен бетпе-бет жүздесіп, әр 

саладағы қордаланған мәселелерді 

бірлесіп шешу мақсатында атқа 

қонды.


Сонымен, аудан әкімінің алғашқы 

сапары Зубаир ауылдық округінен 

басталды. 27 қаңтар күні 10.00 

сағатта осы ауылдық округте есеп 

беру кездесуі ұйымдастырылды. Осы 

кездесуге аудан әкімінің орынбасары 

Р.Атаева, аудан әкімі аппаратының 

басшысы С.Н.Лазурин, аудандық 

мәслихат депутаттары Ю.Ковязин 

мен Г.Бақтыбаева, аудандық ішкі 

істер бөлімі басшысының орын-

басары Ж.Қошанаев, аудандық 

жер қатынастары бөлімінің бас-

шысы  З.Қожахметова,  тұрғын 

үй - коммуалдық шаруашылық, 

жолаушылар көлігі және автомо-

биль жолдары бөлімінің басшысы 

Р.Абдрахманов, аудандық ШҚ ӨЭК 

АҚ бас инжинері К.Сәрсембеков 

қатысты.


Есеп беру кездесуін округ әкімі 

О.Есенжолов ашты. Ол Зубаир 

тұрғындарының алдында 2014 

жылы атқарған жұмысы жайлы есеп 

берді. Өз баяндамасын: «Халықтың 

тұрмыстық жағдайын жақсарту 

бойынша жұмыс жасау – ауылдық 

округ әкімінің негізгі міндеті»,- деп 

сөз бастаған округ әкімі одан әрі 

2014 жылы атқарған жұмыстарға 

талдау жасады. «Жұмыстардың 

ең негізгі бағыттарының бірі – 

ауылшаруашылық құрылымдарымен 

жұмыс жасау. Округте барлығы 

48 шаруа қожалығы тіркелген. 

Олар 13066 гектар жерге егіс егеді. 

Округтегі ауылшаруашылығы жеке 

секторлар арқылы дамып отыр. 

Бізде  141  аула  бар.  Былтырғы 

жылмен салыстырғанда мал басы 

артты. 2014 жылы 2785 центнер 

ет, 9850 центнер сүт өндірілді. Бұл 

көрсеткіштер былтырғы жылмен 

салыстырғанда едәуір жоғары»,- 

деді Е.Есенжолов.

Округ әкімінің есебі тыңдалған 

соң сөз тізгінін аудан әкімінің 

орынбасары Р.Атаева алып, ау-

дан  әкімінің  атынан  «Бороду-

лиха  ауданының  2014  жылғы 

әлеуметтік-экономикалық даму 

қорытындысы және 2015 жылға 

арналған міндеттері» туралы ба-

яндама жасады.

Округ тұрғындары ауыл әкімінің, 

аудан әкімінің баяндамасын тыңдаған 

соң, оларды талқылауға қатысты. 

Халық 2014 жылы атқарылған 

жұмыстар туралы өз ойларын, 

пікірлерін айтты. Ауылдық округтегі 

Ақсақалдар алқасының төрағасы 

Қ.Құсманов Зубаир ауылында су 

құбырларын жүргізу мәселесін 

көтерді. Ауыл тұрғыны Б.Тукешов 

электр желілерін жөндеу мәселесін 

айтты. Зубаир орта мектебінің 

мұғалімі Х.Жүсіпов мал жайлы-

мы мәселесі бойынша сұрақтар 

қойды. Есептік кездесу барысында 

көтерілген осы мәселелерге осы 

мәселемен айналысатын бөлім 

басшылары тиісті жауаптар берді.

Зубаир орта мектебінің дирек-

торы Қ.Сазанбаев аудан әкімінің 

есебіне баға бере отырып, ауылдық 

округке, соның ішінде ауылдық 

мектепке  аудан  тарапынан 

көрсетіліп келе жатқан көмектер 

үшін ризашылық білдірді. Аудан 

әкімінің орынбасары Р.Атаева кез-

десу барысында көтерілген барлық 

мәселелерді қорытындылап, бұл 

мәселелердің барлығы жуық арада 

шешілетіндігін жеткізді. Ауыл 

әкіміне осы мәселелердің шешу 

бағытында іс-шаралар жоспарын 

жасауды және олардың орында-

луын бақылауға алуды тапсырды.

Зубаир ауылдық округіндегі кез-

десуден шыққан билік өкілдері ат 

басын Петропавловка ауылдық 

округіне бұрды. Осы округтегі Т.Аманов атындағы орта 

мектептің акт залында 12.00 сағатта кезекті кездесу 

өтті. Бұл кездесуге аудан әкімінің орынбасарлары 

Б.Аргумбаев, Р.Атаева, аудан әкім аппаратының бас-

шысы С.Лазурин, аудандық мәслихат депутаттары 

Ю.Ковязин мен Г.Бақтыбаева, аудандық ішкі істер 

бөлімі басшысының орынбасары Ж.Қошанаев, аудандық 

жер қатынастары бөлімінің басшысы З.Қожахметова, 

тұрғын үй - коммуалдық шаруашылық, жолаушылар 

көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы 

Р.Абдрахманов, «Қазсушар» басшысы А.Рахиманов 

қатысты.

Кездесуді дәстүр бойынша Петропавловка ауылдық 

округінің әкімі Ш.Әбділов ашып, ел алдында 2014 

жылы атқарған жұмыстары туралы есеп берді. Өзінің 

есептік  баяндамасының  барысында  округ  әкімі 

«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауыңдағы 

көлік, энергетика, индустриалдық және әлеуметтік 

инфрақұрылымдар, су тораптарымен және жылумен 

жабдықтау, тұрғын-үй инфрақұрылымын нығайту, 

кіші және орта бизнесті қолдау бағытындағы Елбасы 

ұсынған жоспарларға ерекше тоқталып өтті.

Округ әкімінен кейін аудан әкімінің есептік баяндамасы 

тыңдалды. Ауыл тұрғындары ауылдық әкім мен аудан 

әкімінің баяндамаларын зер сала тыңдап, соңынан 

өздерін толғандырып жүрген 

көкейкесті мәселелерді 

қозғады.  Атап  айтсақ, 

жаз және қыс кездерінде 

ауылдық округтегі жол-

дарды ұстау және жөндеу, 

ауыл ішіне жарық шам-

дар  орнату  мәселелері 

көтерілді.

Кездесу барысында ауыл 

тұрғындары  өздерінің 

барлық  сұрақтарына 

толық  жауаптар  алды. 

Олар округ және аудан 

әкімдерінің жұмыстарын 

қанағаттанарлық  деп 

таныды. Билік өкілдері 

тұрғындар қойған барлық 

сұрақтар  мен  айтқан 

ұсыныстар өз деңгейінде 

шешілетіндігін және бұл 

сұрақтардың бақылауға 

алынатындығын жеткізді.

Екі округте халықпен 

жүздескен билік өкілдері 

осы күнгі сапарларын Новопокровка ауылдық округінде аяқтады. 

Жергілікті уақыт бойынша 15.30 сағатта Новопокровка ауылдық 

округіндегі клубта тағы бір кездесу өтті. Бірінші болып сөз алған 

округ  әкімі  Т.Жаймұхамедов  2014  жылы  округтің  әлеуметтік-

экономикалық қызметінде қол жеткізілген жетістіктер туралы жан-

жақты әңгімелеп берді. Сондай-ақ ол биылғы жылы алға қойылған 

жоспарлар туралы ақпарат берді. Округ әкімінің есебінде округтегі 

барлық салалар қамтылды. «2014 жылы Новопокровка ауылында 

200 орынға арналған «Батима» кафесі ашылды. Қақпалар, қоршаулар 

және басқа да бұйымдарды өндіретін цех ашылды. Ауылдық клубқа 

толық жөндеу жасалды. Жасанды жамылғысы бар шағын фут-

бол алаңының құрылысы аяқталды. Округтегі діни нысандарға 

жөндеулер жүргізілді. Мемлекеттік тілді оқыту кабинеті ашыл-

ды»,- деді округ әкімі сөз арасында.

Округ әкімінің баяндамасынан кейін аудан әкімінің орынбасары 

Р.Атаева аудан әкімінің баяндамасын ұсынды. Ауыл тұрғындары 

баяндаманы ыждахатпен тыңдады. Аудан әкімінің баяндамасын-

да  да  қоғамдық-саяси  және  экономикалық  өмірдің  барлық  са-

ласы қамтылды. Баяндамалар аяқталған соң тұрғындар ауылды 

абаттандыруға,  дәрігерлік  амбулаторияның  құрылысына,  иесіз 

иттердің құрықталуына қатысты сұрақтар қойды. Бұл сұрақтарға 

аудандық мекемелердің басшылары толық жауап қайтарды.

Кездесу соңында округтегі Ардагерлер кеңесінің төрағасы Н.Яровой 

аудан басшылығына, жергілікті әкімдікке нәтижелі жұмыстары 

үшін алғыс айтып, алдағы уақытта белгіленген міндеттерді іске 

асыру үшін сәттілік тіледі.

 Ауданның үш округінің орталығында ұйымдастырылған осы 

кездесулер үстінде тұрғындар тарапынан қойылған барлық сұрақтар 

бақылауға алынды.

Зубаир, Петропавловка және Новопокровка округтерінде өткен осы 

кездесулер халық пен билік арасында сындарлы диалог жүргізуге 

мүмкіндік берді.

А.ТЛЕУҒАЗИН


Аудан тынысы

3

№ 11 (520) 2 ақпан 2015 жыл

Біз және қоғам

«НАМЫС» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ КЛУБЫ 

- ШЕКАРАШЫЛАРДЫҢ ЖАС ДОСЫ

Ағымдағы жылдың 22 қаңтарында ҚР мемлекеттік қызмет істері 

және  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  агенттігінің  Шығыс 

Қазақстан облысындағы тәртіптік кеңесінің отырысы өтті. Аталған 

отырыста Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу ту-

ралы» Заңнамасының талаптарын бұзған мемлекеттік қызметшілерге 

қатысты Жарма және Зырян аудандары прокуратурасының нұсқамалары 

бойынша қозғалған тәртіптік істер қаралды. 

Қараудың  қорытындысы  бойынша  тәртіптік  кеңес  мемлекеттік 

органдардың басшыларына:

- Жарма ауданы әкімінің орынбасары С.Жалелханды және аудан әкімі 

аппаратының қаржы-шаруашылық, жұмылдыру дайындығы және төтенше 

жағдайлар бойынша бөлімінің бас маманы Г.Есжанованы Қазақстан 

Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңнамасының 

талаптарын бұзғаны үшін сыбайлас жемқорлық заңнамасына сәйкес 

қызметiнен босату;

- Зырян ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолау-

шылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынба-

сары С.Шавринаны Зырян қаласының су құбыры желілерін қалпына 

келтіру жөніндегі келісім шартқа негізсіз қосымша өзгерістер енгізгені 

үшін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңнаманың 12-

бабы 1-тармағы 4 тармақшасына сәйкес лауазымынан босату жөнінде 

ұсыныстар жасады.

ТӘРТІПТІК КЕҢЕС ХАТШЫЛЫҒЫ

Тәртіптік  кеңес  лауа-

зымнан босату жөнінде 

ұсыныстар жасады

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ 

БАРЛЫҒЫМЫЗ БІРГЕ ЖЕҢЕ АЛАМЫЗ!

Адамгершілік-рухани білім мен тәрбие беру 

үрдісінде мектеп пен отбасының әрекеттестігі

Адамгершілікке тәрбиелеу

құралы – еңбек пен ата-ана

үлгісі (Ы.Алтынсарин)

«Отан отбасынан басталады», - демекші ата-аналар 

мен ұстаздар қауымы үшін жас ұрпақ тәрбиелеп, 

оны қоғам мүддесіне жарату кезек күттірмейтін 

мәселе. Осы мәселеге барлығымыз атсалыссақ 

алар асуымыздың биік болары сөзсіз. Бала – адам 

өмірдегі ең қымбаты, көз қуанышы. Бала – дер-

бес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, 

адамгершілік құндылықтар отбасында, мектепте, 

әлеуметтік ортада қалыптасады. Тәрбие үрдісінің 

бір тарауы отбасымен жұмыс десек, отбасынан 

басталатын  тәрбие  мектеп  өмірінен  жалғасын 

табады.

Қазіргі таңда еліміздегі оқу-тәрбие жұмысына 



байланысты болып жатқан жаңартулар білім мен 

тәрбие жұмысын қайта қарауды міндеттейді. Бүгінгі 

таңда тиянақты білім беру жүйесінде оқушылармен 

тәрбие жұмысын дамыту басты мақсат болып отыр. 

Осыған байланысты мектептің алдына қоятын ең 

басты мәселесінің бірі – өркениетті, прогресшіл 

бағыттағы азаматтық-адамгершілік қасиеті мол, 

сондай-ақ ұлттық тілін жоғалтпаған, өзге елдегі 

замандастарымен тең дәрежеде бәсекелесе алатын 

«Намыс» әскери-патриоттық клубы Петропавловка ауылындағы Т.Аманов орта мектебінде 

2014 жылы оқушыларға әскери-патриоттық тәрбие беру және оларды әскери қызметке да-

ярлау мақсатында құрылған. Клуб оқу жылы барысында «Оқушыларға әскери-патриоттық 

тәрбие  беру»  жоспары  негізінде  жұмыс  жасайды.  «Намыс»  әскери-патриоттық  клубының 

жетекшісі – алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Қ.Байболов осы 

ауылдағы «Ақсақал» шекара заставасының 2034 әскери бөлімімен бірлесе жоспар бойынша 

жұмыс атқарады.

Ағымдағы жылдың 20 қаңтарында «Намыс» әскери-патриоттық клубының жетекшісі Қ.Байболов 

2034 әскери бөлімнің қызметкерлерімен бірлесіп Т.Аманов орта мектебінің оқушылары үшін 

әскери патриоттық іс-шарасы өткізді.

Ақсақал  шекара заставасының бастығы Қ.Орынбасаров оқушыларды әскери қызметкерлердің 

күн тәртібімен, өткізілгелі отырған іс-шара жоспарымен  таныстырып өтті. 

Бородулиха шекара комендатурасы комендантының ТӘҚЖ орынбасары, капитан С.Исин,  

Ақсақал шекара заставасы бастығының тәртіптік-әлеуметтік құқық жөніндегі орынбасары, 

лейтенант О.Сапарғалиев, қызметтік иттердің жетекшісі, кіші сержант А.Жұмабеков, застава 

кезекшісі, кіші сержант М.Жұмабаев, застава радиотелефонисі, ефрейтор Қ.Арғынғазин өздерінің 

қызмет барысындағы жұмыстарын кезек-кезек көрсетіп шықты. Әскери қызметшілер өздерінің 

жұмыс барысындағы міндеттерін, әскери құрал-жабдықтарды көрсетті. Шекара комендатурасы 

комендантының  ТӘҚЖ орынбасары, капитан С.Исин әскери автокөліктерді, тайга шаңғысын, 

жер жыртқыш тракторды,  шаңғы жабдықтарын көрсетіп, оқушыларды бір таңғалдырды. Застава 

бастығының орынбасары, лейтенант О.Сапарғалиев заставаның іші-сыртын, застава аумағын, 

киім-кешек қоймасын,  материалдық койманы,  азық-түлік коймаларын көрсетті. Таныстыру 

барысында оқушылардың сұрақтарына жауабын беріп отырды.  Кіші сержант А.Жұмабеков  

өзіне  бекітілген  иттерді  көрсетіп,  иттердің  құрал-жабдықтарын  оқушыларға  түсіндірді 

және «Рада» мен «Интрига» атты иттер тұратын калашықты көрсетті. Із кесу қалашығында 

оқушыларға  шекара бұзылған жағдайда қандай іс-қимылдар атқарылатындығы көрсетілді. 

А.Жұмабеков иттерге қандай ас тағамдарын беретінін түсіндірді. Лейтенант О.Сапарғалиев  

шекара  бұзушының  іс-әрекетін көрсетіп, «Рада» атты қызметтік иттің көмегімен шекара 

бұзушыны ұстау оқу-жаттығуы ұсынылды.

Ефрейтор Қ.Арғынғазин  әскери-құрал жабдықтар - автомат пен жарықшақты гранаталардың 

материалдық  бөлігін,  радиациялық және  химиялық барлау құралдарын,  дозиметриялық 

бақылау    құралдары  мен  радиостанцияны,  тапанша  қаруын,  ПР  таяқшасын  таныстырды. 

Кіші сержант М.Жұмабаев застава кезекшісінің міндеттерін, «Ұрыс» пәрмені бойынша жеке 

құрамның іс-қимылын түсіндіріп берді. 

Оқушылар  шекара заставасы сақшысының нарядын атқарып көрді. Солардың ішінде 10 

-сынып оқушысы, курсант Ж.Нұрсағатов шекара нарядының барысында жақсы іс-қимылдар 

көрсетіп, застава қызметкерлерінің тарапынан алғыс алды.

Аталған іс-шарадан кейін оқушылар «Ақсақал  заставасының басшылығына және қызметкерлеріне 

шексіз ризашылықтарын білдіріп, болашақта Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне 

адал қызмет атқаратындықтарын жеткізді.

С.САБЫРЖАНОВА, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары 

биік, өрелі, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу.

Отбасы баланың, азамат болып өсуінің негізі 

болып табылады. Отбасының басты қызметі 

– бала тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – жалпы 

тәрбиенің ең басты бір бөлігі. Ата-ана және 

отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген 

күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, 

болашағын жоспарлайды және саналы азамат 

болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған 

баланың қажеттілігін толық қанағаттандыру, оны 

дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс 

реттеуге, салауатты өмір сүруге, адал болуға 

тәрбиелеу, жақсылықты үйренуге, жамандықтан 

жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени 

құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді 

қалыптастыру жатады.

Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі 

жас ұрпаққа – адамгершілік-рухани тәрбие беру. 

Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды 

қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. 

Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде 

көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда 

оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. 

Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, 

мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік 

құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті 

тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші рөл 

атқарады. Рухани-адамгершілік тәрбие – екі жақты 

үрдіс. Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, 

педагогтардың  балаларға  белсенді  ықпалын, 

екінші жағынан тәрбиеленушілердің белсенділігін 

қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым- 

қатынастарынан тұрады. Сондықтан белгілі бір 

мазмұнды іске асыра, адамгершілік ықпалдың әр 

түрлі әдістерін пайдалана отырып, педагог істелген 

жұмыстардың нәтижелерін, тәрбиелеушілерінің 

жетіктістерін зер салып талдау керек.

Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты 

үлкендер  арқылы  тәрбиеленеді.  Тәрбиелеу, 

білім беру жұмысының мазмұны мен форма-

лары  балалардың  мүмкіндігін  ескеру  арқылы 

нақтыланады. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу 

күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін 

жұмысты ұйымдастыру процесінде, ойын және 

оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады. Тәрбиешінің 

ең бастапқы формалары педагогтың балалармен 

мазмұнды қатынасында, жан-жақты іс әрекетінде, 

қоғамдық өмірдің құбылыстарымен танысу кезінде, 

балаларға арналған шығармаларымен, суретшілер 

туындыларымен  танысу  негізінде  іске  асады. 

Мұндай мақсатқа бағытталған педагогтық жұмыс еңбек 

сүйгіштікке, ізгілікке, ұжымдық пен патриотизм бастама-

сына тәрбиелеуге, көп дүниені өз қолымен жасай алуды 

және жасалған дүниеге қуана білуді дамытуға, үлкендер 

еңбегінің нәтижесін бағалауға тәрбиелеуге мүмкіндік жа-

сайды. Балаларда ортақ пайдалы жұмысты істеуге тырысу, 

бірге ойнау, бір нәрсемен шұғылдану, ортақ мақсат қою 

және оны жүзеге асыру ісіне өздері қатысуға талпыныс 

пайда болады. Мұның бәрі де баланың жеке басының 

қоғамдық бағытын анықтайды, оның өмірге белсенді 

ұстанымын бірте-бірте қалыптастырады.

Әр баланың жеке басын дамыту, оның рухани тұрғыдан 

дұрыс қалыптасуына қамқорлық жасау – бүгінгі күннің 

және алдағы күндердің талабы. Оған педагогтың күнделікті 

көңіл бөлуі талап етіледі. 

Руханилық жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткіші. 

Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, 

ар-ұят, өзін-өзі бағалау және адамгершілік сапалары да-

миды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады.

Рухани-адамгершілік тәрбие — бұл дұрыс дағдылар мен 

өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым-

қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. 

Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның 

мінез-құлқы мен іс әрекетін анықтайды.

Қорытындылай келгенде,біздің мектеп балалардың 

оқитын жері ғана емес екенін айтқым келеді. Бұл жер-

де балалар шығармашылыққа толы сәулелі, мағыналы 

өмір кешуі тиіс. Себебі әр баланың бойында ерекшелік 

пен талант оның кішкентай кезінен бастап қаланады.



Т.БЫКОВА, Краснояр ОМ 

өзін-өзі тану мұғалімі, психолог

Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттiк мiндеттердi 

атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген 

адамдардың, сонымен қатар коммерциялық және өзге 

де мекемелерде басқару функцияларын  атқаратын 

адамдардың  лауазымдық  өкiлеттiгiн  және  соған 

байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не 

мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн 

өзгеше  пайдалануы,  жеке  өзi  немесе  делдалдар 

арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен 

артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға 

жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен 

артықшылықтарды  құқыққа  қарсы  беруi  арқылы 

оларды сатып алуы.



Құрметті азаматтар!

Біздің  қызметіміз  сыбайлас  жемқорлықтың  кез 

келген көрінісіне төзбеушілік жағдайын туғызуға 

бағытталған.

Сондықтан біз Сіздермен бірлесе отырып, екіжақты 

тиімді, ұзақ мерзімді және ашық қызмет етуге аса 

көңіл бөлеміз.

Егер Сізге лауазымдық адамдардың заңда көзделмеген 

әркеттері туралы, заң бұзушылықтары мен теріс қылытары 

туралы белгілі болған жағдайда төменде көрсетілген 

байланыс телефондарына бірден хабарласуларыңызды 

сұраймыз.

Ақпараттарды алу барысында толығымен жасырындылық 

режімі сақталады.

ҚР Үкіметінің 23.08.2012 жылғы №1077 қаулысымен 

бекітілген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі 

туралы хабарланған немесе сыбайлас жемқорлыққа 

қарсы күресте өзге де жолмен жәрдемдескен адам-

дарды көтермелеу қағидаларына сәйкес бір реттік 

ақшалай сыйақы түрінде көтермелеу жүргізіледі.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының қолданыстағы 

заңнамасына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қолдау 

көрсеткен жағдайда жауапкершілікке тартылатындығын 

ескертеміз.



СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ДЕРЕКТЕРІ ТУ-

РАЛЫ СІЗ ҚАЛАЙ ХАБАРЛАЙ АЛАСЫЗ: 

1494 нөмірі арқылы Сall-centerге қоңырау шала аласыз;  

8(7232) 25-26-77 сенім телефонына немесе Қазақстан 

Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас 

жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс 

Қазақстан облысы бойынша департаментіне хабар-

ласа аласыз. Мекен-жайы: Өскемен қаласы, Лихарев 

көшесі, 2. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық туралы 

хабарламаны anticorruption@kyzmet.kz электрондық 

мекен-жайына жолдауыңызға болады.



ҚР Мемлекеттік қызмет

істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы

 іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша

департаменті

E-mail: borodulihapuls@mail.ru

Газет    аптасына  2    рет    шығады.  Жарияланған  материалдардағы  деректердің 

дәлдігі үшін автор жауап береді. Басылған материалдардағы пікір редакциянікімен 

сәйкес келмеуі мүмкін. Хаттар мен қолжазбалар қайтарылмайды. Жарнама мен 

хабарламаның дәлдігі үшін редакция жауап бермейді.

Газет “Шығыс-Ақпарат”

ЖШС - нің баспаханасында басылады.

Өскемен қ., Космическая 6/3

Көлемі 2 баспа табақ

Редакцияның мекен-жайы: 070400, ШҚО

Бородулиха ауылы, Тәуелсіздік к. N 69

Тел/факс 8(72351) 2 16 60 ТАП: 5786

Таралымы 4010 оның ішінде «Аудан тынысы»880

Директор-бас редактор 

Екатерина БОЙЧЕНКО 

«Аудан тынысы» - «Пульс района» ЖШС 

басқарушы органы «ШҚО ішкі саясат басқармасы» 

ММ болып табылады

Газет ҚР мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркеліп

аудандық «Аудан тынысы» - «Пульс района» газеттерінің 

тіркеу туралы N 12375-Г куәлігі (05.03.2012) берілген



Директор-бас редактордың орынбасары,

Мейрамгүл АТАЕВА

Аудан тынысы

4

№ 11 (520) 3 ақпан 2015 жыл

 Тіл - ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы - оның ана тілі. Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр 

ұлттың тілі - оның бақыты мен тірегі. Елбасы Н.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай 

отырып, «Мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» 

деген болатын. Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге 

еніп, қалыптасады. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып 

отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз 

шұбарлануының  қандайына  болса  да  қарсы  тұруы  тиіс.  «Ана  тілі  -  халық  боп  жасағаннан  бері  жан 

дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі», - деп Жүсіпбек Аймауытов 

айтқандай елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілік пен мақтаныш 

сезімі болуы керек. Себебі, қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Сауатты ұрпақ 

тәрбиелеу дегеніміз, өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ. Ал ана тілін жақсы 

білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті 

адам бола алмайсың. Тіл тағдыры - ел тағдыры екенін ешуақытта ұмытпайық. Әрбір адам өз ана тілін 

білуге және мемлекеттік тілді меңгеруге міндетті. 

  Е.МАУТҚАЗИНОВА, Новодворовка а/о 

АНА ТІЛІ - ҚАДІРЛЕП ҰСТАЙТЫН БАЙЛЫҚ

Қош бол, Әліппем!

МЕКТЕП ӨМІРІНЕН

Ұстаздық  қызметтің қыры мен сыры мол. Қазіргі таңдағы кез-келген мұғалім өз ісінің хас шебері болуға 

тырысады. Мемлекетіміздің болашағы - бүгінгі мектеп оқушылары. Бастауыш сынып оқушыларының 

қиялы әдеттегіден тыс ерекше.  «Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы», - демекші, Переменовка орта 

мектебінің  бастауыш сынып мұғалімі Мадина Мелдатқызы кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған 

оқушыларын төрт ай ішінде сауаттандырып, хат танытып, өздері оқып, жаза білер халге жеткізді. Енді 

әліппемен хоштасу үшін ата-аналарды арнайы шақырып, «Қош бол, Әліппем!» атты ертеңгілік өткізді. 

      Ертеңгілікті жүргізушілер 

Ернұр Елеусізов пен Арайлым 

Хамитова  ашты.  Олар  ортаға 

әліппемен хоштасқалы отырған 

балаларды  шақырды.  Әсем 

әуеннің сазымен ортаға келген 

1«а» сыныбының оқушыларын  

көрермендер қошеметпен қарсы 

алды.Оқушылар өз өнерлерін өлең 

жолдарымен бастады. Одан кейін 

қыздар «Көбелек», ұлдар  «Қамшы» 

билерін ұсынды. Ертеңгілік үстінде 

Әліппе,  Математика,  Ана  тілі 

сияқты кейіпкерлер қонаққа келді. 

Қонақтарға  арнап  1«а» сынып 

оқушысы Томирис  Қасымжанова  

«Оқуда озат боламын» атты ән 

тарту етті. Адина Оразғалиева 

«Рахмет саған, Әліппе!» атты   әсем  

шырқап, көпшілікті тамсандырды. 

Таланты балалар  санамақ айтып, 

көрініс көрсетіп, кешті одан әрі 

қыздыра түсті. «Жұмыла көтерген 

жүк – жеңіл»,- демекші, балалар қол ұстасып, «Дос болайық, бәріміз» атты әнмен кешті аяқтады.

Мереке соңында Мадина Мелдатқызы өз оқушыларына, олардың ата-аналарына ризашылық білдіріп, 

сәттілік тіледі.

М.ЖАСБОЛАТОВА, Переменовка ОМ бастауыш сынып мұғалімі

22 қаңтарда Коростели орта мектебінің бірінші сыныбында «Әліппемен қоштасу» атты ашық сабақ 

болды. Ашық сабақты бастауыш сынып мұғалімі А.Нүсүпова өткізді.

Бүлдіршіндер әліппемен қоштасты

Айжан Ильясқызы – білімді, қайсар, 

өз  ісіне жауапты жас маман. Ол 

оқушылармен және ата-аналармен  

жақсы қарым-қатынаста. Балалар-

мен тез тіл табысып кете алады. 

Мұғалімнің осы жолғы ашық сабағына 

бұрынғы түлектері, қазіргі  5 «а» 

сыныбының оқушылары көмектесті. 

Ашық сабақта қыздар «Көбелек» 

биін, ұлдар «Ковбой» биін билеп 

берді. Ойындар ойнатылды. Әндер 

шырқалды. Әліппе туралы тақпақтар 

оқылды. 


Жарты жылдық оқу мерзімі ішінде 

оқушылар оқуды, жазуды меңгеріп, 

басқа да қажетті көп  нәрселерді 

үйренді.  1-сынып  оқушылары 

өздерінің  алғашқы  ұстаздары  – 

Айжан  Ильясқызын  өте  жақсы 

көреді әрі сыйлайды.

Ата-аналар  да  мұғалімге  дән 

риза. «Осындай жас және дарын-

ды, өз ісінің маманы бола білетін 

мұғалімдер бізге өте қажет»,- дейді ата-аналар қуаныштарын жасыра алмай.

А.САЯКИНА, Коростели ОМ тәлімгері

АҚПАРГРАФИКА

Қазақстанның денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі осы 

жылдың 11 айы ішінде атқарылған жұмыстың қорытындысын шығарды. 

Осылайша, бейінді ведомствоның мәліметінше, елімізде ана өлімі 25%-ға 

төмендеген.

«Қазақстанда  2014  жылдың  11  айы  ішінде  ана  өлімінің  көрсеткіші 

өткен  жылмен  салыстырғанда  25%-ға  азайды»,  -  деген  дерек  келтірді 

ведомстводағылар. 2013 жылы бұл көрсеткіш 13,2%-ды құраған еді.

Министрліктен хабарлағандай, Жамбыл, Ақмола облыстарында және 

Астана қаласында ана өлімінің көрсеткіші орташа республикалық деңгейден 

жоғары. Ал Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында және Алматыда 

ана өлімінің көрсеткіші өзгелермен салыстырғанда төмен. 

Көп жағдайда ана өліміне жүктілік пен босанудың асқынуы себеп болған – 

64%, ал басқа жағдайларда әйелдер жүктілікпен байланысы жоқ аурулардың 

өршуінен көз жұмған. 

«Жүктілік пен босанудың асқыну жағдайларының жартысына жуығы 

созылмалы аурулармен байланысты болды», - деді министрліктен. 

Айта кетсек, биыл 11 ай ішінде елімізде сәби өлімі өткен жылмен салыстырғанда 

13%-ға төмендеген. Қостанай, Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан 

облыстарында сәби өлімінің көрсеткіші орташа республикалық деңгейден 

жоғары. Ал Астана мен Алматы қалаларында, Ақмола облысында аталмыш 

көрсеткіш басқаларға қарағанда төменірек екен.



«Аудан тынысы» ұжымы

ЕЛІМІЗДЕ АНА ӨЛІМІ 

ТӨМЕНДЕДІ

ҚАЗАҚСТАН -2050: МӘҢГІЛІК ЕЛ




©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал