Халықаралық Ғылыми -практикалық конференция ақпараттық хат



Дата15.05.2023
өлшемі74,88 Kb.
#93207
Байланысты:
қаз. Ақпараттық хат




ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ” КЕАҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ -ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ


АҚПАРАТТЫҚ ХАТ


САНАДАҒЫ ЖАҢҒЫРУ: «ӘЛЕМ» БЕЙНЕСІНІҢ РУХАНИ МҰРАЛАРДА БЕРІЛУ СИПАТЫ


Құрметті әріптестер!

Сіздерді 2022 жылдың 11 қазан күні Алматы қаласы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде өтетін Халықаралық ғылыми - практикалық конференцияға (офлайн - онлайн форматта) шақырамыз.


Халықаралық конференцияның басты мақсаты – «Әлем» туралы ұғым-түсініктің жалпы түркілік және қазақ руханияты мұраларындағы берілу сипатын талдау, жаңа Қазақстан құру жолында азаматтардың тарихи санасы мен ұлттық санасын жаңғырту, рухани құндылықтар жүйесінің «Әлем» концептісінде көрініс табуын және Адам + Табиғат+ Қоғам бірлігінің адамзат дамуына, мемлекеттің кемелденуіне әсерін, адам бойындағы саналылық, кісілік, сүйіспеншілік, береке- бірлік, татулық пен тұрақтылық, достық, бақытқа ұмтылушылық қасиеттердің бұрынғы және бүгінгі құндылықтарға айналуын анықтау. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» жолдауында Отаншылдық рухтың арқасында ел тәуелсіздігін сақтап қалғанымыз жайлы мәселені көтерді. Отаншылдық рухтың түп қазығы саналатын саяси жаңғыру болмаса, елімізді орнықты дамыту, ауқымды әлеуметтік-экономикалық өзгеріс жасау мүмкін еместігін, елімізде азаматтық белсенділікті жандандыру қажеттігіне тоқталды. «Мемлекет пен қоғамның саналы әрі сындарлы серіктестігіне жол ашуымыз қажет.  Біз үшін ең маңыздысы – әр азаматтың Тәуелсіздік игілігін сезіне алуы. Оның басты көрінісі – елдегі бейбіт өмір, қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштық. Сондай-ақ, халықтың тұрмыс сапасының жақсаруы және жастардың болашаққа нық сеніммен қарауы» дей келіп, қоғамның қажеттілігі мен сұранысына негізделген кешенді жаңғырту бағдарламасының маңызды екенін айтты. Азаматтық қоғамда басты құндылық адам. Жаңа Қазақстан моделін жасауда әрбір кешенді зерттеулер мен жаңғырту бағдарламалары бүгінгі қоғам адамының бойында асқан жауапкершілік пен жоғары саналылықты қалыптастыруға бағытталуы керек.

Жолдауда: «Жаңа Қазақстан дегеніміз – егемен еліміздің болашақтағы бейнесі. Өз елінің ертеңіне сенбеген халық мықты мемлекет құра алмайды. Бұған тарихтан талай мысал келтіруге болады. Біз келешегіміз кемел боларына және жарқын болашақты өз қолымызбен жасай алатынымызға сенеміз. Мемлекет пен қоғамның өзара сеніміне және құрметіне негізделген жаңа саяси мәдениетті қалыптастырамыз. Адал еңбек, озық білім және үздік тәжірибе әрдайым жоғары бағаланады. Мен жаңа Қазақстанның осындай ел болғанын қалаймын. Бабалар аманатына адал болып, оны ұрпаққа табыстау – мен үшін киелі парыз», - делінген. 


«Әлем» бейнесінің рухани мұраларда берілу сипаты» деген тақырыпта өткізілетін бұл халықаралық конференция Жолдауда айтылған осы мәселелерді қозғап, келешекте мемлекет құрушысы болып табылатын қазіргі жастардың білімі мен мәдениетін, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды бағалау критерийлерін ашып көрсетуді мақсат етеді.
Бұл іс-шара ИРН АР09260204 «Көне түркілер дүниетанымындағы концептілер жүйесі» жобасының шеңберінде өтеді.


КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ:
1.Жаңа Қазақстан құрудағы тарихи және ұлттық сананы жаңғырту мәселесі
2.Рухани құндылықтар жүйесінің «Әлем» концептісінде көрініс табуы
3.«Әлем» концептісінде қамтылған Адам+Табиғат+Қоғам бірлігі тұжырымдарын оқыту тәсілдері.
Халықаралық конференцияны өткізу күні: 11 қазан, 2022 жыл. Баяндамалар 2022 жылдың 1 қарашасына дейін электронды түрде ұсынылуы керек.
Өткізілу формасы: офлайн және онлайн, ZOOM платформасында
Өтетін орны: Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Гоголя 114, 215- аудитория
Идентификатор: 824 2481 3164
Коды: 622734
Сілтемесі: https://us06web.zoom.us/j/82424813164?pwd=UGVsdUNyamFvUHYwTjVKSkJGeGJJdz09
Басталу уақыты: 14:30
Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, түрік, ағылшын тілдері. Баяндама мәтіндері кітапта тегін жарияланады Баяндамашыларға университет ректорының Алғыс хаты, ал қатысушыларға Сертификат табысталады.
Байланыс құралдары: Қосымова Гүлбану- 87015773509, email: gkosym@inbox.ru; Қалиева Нұргүл - 87472877910, email: nurgulkalieva@mail.ru


Қосымша


Мәтін көлемі – 5 беттен аспауы тиіс. Редакторы – WORD, 12 шрифт. Мәтіндер TIMES NEW ROMAN қарпімен жазылуы қажет, 12 кегль, интервал – 1 (бір). Беттің астыңғы және үстіңгі жақ өлшемдері – 2 см., оң жақ өлшемі – 1,5 см., сол жақ өлшемі – 3 см. Абзац – 1,25. Мақалаға бет сандары қойылмайды.
Мақаланың электронды нұсқасы қабылданады. Сілтеме жасалған әдебиеттер мақала ішінде реттік саны бойынша тік жақшаға алынып [1, 25 б.], мақала соңында сол ретімен беріледі. Талапқа сай орындалмаған мақала қабылданбайды.


Мақаланы рәсімдеу үлгісі:


МАҚАЛА ТАҚЫРЫБЫ


Автордың аты-жөні
Жұмыс / оқу орны
Мемлекет, қала


Түйіндеме (баяндама қазақ тілінде болса, онда түйіндеме орыс, ағылшын тілдерінде, ал орыс тілінде болса, онда түйіндеме талаптарға сәйкес қазақ, ағылшын тілдерінде берілуі қажет).
Кілт сөздер: (5-тен аспау керек)

Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін


Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет