Қазіргі тіл білімінде алтай тілдерінің туыстығын дҽлелдейтін зерттеулер
азайып, «алтаистика» деген ҥлкен бір сала тоқырауға ҧшырады. Оның екі тҥрлі
себебі бар деуге болады: 1) алтай тілдерінің туыстығы туралы пікірлердің екіге
53
жарылуы, яғни болжам тҥрінде қалуы; 2) қазіргі жастардың іргелі ғылымдарға
бармауы. Сондықтан, біз, ҿткен ғасырлардың зерттеулеріне сҥйенуге мҽжбҥр
боламыз. Кезіндегі ірі ғалымдар Х.Педерсон, Г.Рамстедт, А.Рясянен, В.Иллич-
Свитыч т.б. алтай тілдері бір моногенезден тараған туыс тілдер десе, тағы бір
алыптар Б.Коллиндер, В.Котвич, Ю.Немет, А.Щербактар алтай тілдеріндегі
ортақтық ҧзақ уақыт кҿрші отыру барысында пайда болған сҿз алмасу ғана деп
шешеді.
Тіл білімінде, ең алдымен, алтай-орал тілдер семьясының туыстығы туралы
болжам пайда болғанын, оны алғаш ҧсынған Сібірде айдауда болған швед
офицері И.Табберт-Страленберг екенін жақсы білеміз. Бҧл пікірді В.Шотт,
Г.Винклер, А.Боллер, А.Алквист, В.Банг сияқты ғалымдар да қолдағаны мҽлім.
Кейін алтай жҽне орал тілдер семьясы жеке-жеке қаралатын болды. Ҿйткені
орал, алтай тілдері арасындағы байланыс типологиялық ҧқсастық, генетикалық
емес деген кҿзқарас қалыптасты. Барлық зерттеулер алтай-орал тілдеріне ортақ
300-дей ғана лексикалық ортақтық табумен шектелді.
Ал алтай тілдер семьясының ішіндегі ҿзара ҧқсастық ҽлдеқайда басым.
Мҽселен, «Тҧңғыс-мҽнжҥр сҿздігінде» һалган «аяқ», моңғол тілінде
һалаған/һалақан «алақан», тҥркі тілдерінде алақан «алақан», корей тілінде пхаль
«қол», паль «табан» сҿздері бҽріне ортақ тҥбір ме, ҿзара алмасқан кірме сҿз бе,
ажырату ҿте қиын. Сондай-ақ тҧңғыс тілінің ҿкілі эвенк тілінде һим «таңба»
«белгі» сҿзі моңғол тілдерінде (қалмақ, бурят тілдерінде) ім «таңба», «белгі»
мағынасын береді де, тҥркі тілінің бір бҧтағы қазақ тілінде ен «таңба», «белгі»
тҥрінде қолданылады. [1;30].
1.Тҧңғыс-мәнжҥр тілдерінің топтастырылуы
Алтайтанушы-ғалымдардың кҿпшілігі тҧңғыс-мҽнжҥр тілдерін алтай тілдер
семьясынан ерте ажырап кеткен тілдер деп таниды. Сондықтан алтайлық
тектілден мҥлдем алыстап, флексияны жоғалтып, аналитикалық даму жолына
тҥскен дейді. Енді бір ғалымдар тҧңғыс-мҽнжҥр тілі мен моңғол тілінде ортақ
лексемалар кҿп, ал тҥркі тілдерімен ортақтық аз екенін атап кҿрсетеді. Мысалы,
тілші-ғалым Э.В.Севортян тҧңғыс-мҽнжҥр тілінде 10 пайыздай тҥркі сҿздері бар
дейді.
Тҧңғыс-мҽнжҥр ҿзара жақын, туыс бірнеше ҧсақ тілдер тобы. Орта жҽне
Шығыс Сібірде, Охот теңізі жағалауында, Амур ҿзені бойында, Солтҥстік-шығыс
Қытайда, Шыңжан-Ҧйғыр автономдық ауданында, Моңғолияның Барги
ауданында таралған. Жалпы саны 11-ге жететін тілдердің бесеуі нақты
дараланған: эвенк (солон жҽне негидальмен қоса), эвен, удэгей (орочпен қоса),
нанай (ульча жҽне орокпен қоса), мҽнжҥр (чжурчжень ҿлі тілімен қоса).
Бҧл тілдерге агглютинативті морфологиялық тип, фузиялық қҧбылыстар
тҽн. Аналитизм белгілері, ҽсіресе, мҽнжҥр тілінде айқын кҿрініс береді.
Демеуліктер кең қолданылады. Чжурчжень тілінің жазба ескерткіштері ХІІ-ХVІ
ғасырларға жатады. Моңғол алфавиті негізінде жасалған мҽнжҥр жазуы 1599
54
жылдан бастау алады. Ал Ресейдегі тҧңғыс тілділер 1936 жылдан бастап орыс
графикасында жазып келеді.
Тілдердің генетикалық байланыстарын іздегенде олардың зерттелу дҽрежесі
маңызды рҿл атқарады. Компаративистік тҽсілмен қарастырылатын тілдер
неғҧрлым толық зерттелген болса, одан шығатын нҽтиже де соғҧрлым шындыққа
жақын келеді. Алтай тілдері біршама толық зерттелді, бірақ тҥбегейлі емес.
Олардың ішінде ең кҿп қарастырылғаны да, таралу аймағының (ареалының) кеңі
де тҥркі тілдері. Қалай болғанда да, біз тҧңғыс-мҽнжҥр тілдерінің топтастырылу
мҽселесіне тоқталмақпыз. Топтастырудың ҿзі генетикалық байланысқа
жетелейтін бірден-бір соқпақ болып табылады.
1.1 Л.И.Шренктің топтастыруы
(1826-1894) – Ресейдің зоолог, геолог,
этнолог ғалымы. 1850 жылы Дерпт университетін бітірген соң, философия
магистрі дҽрежесінде Сібірді зерттеу жҧмыстарына жіберіледі. Ол 1855 жылдары
Сахалин аралына дейін зерттеу жҧмыстарымен барады. Негізінен ботаника,
зоология жҽне этнографиялық зерттеулер жҥргізеді. 1861 жылдан ҿмірінің
соңына дейін Император Академиясында ғылыми жҧмыспен айналысады. 1888
жылы академик атағын алады. Ғылымға алғаш рет «палеоазиат халықтары»
деген терминді енгізеді. Л.И.Шренк антропология, зоология, география,
этнография салаларынан қҧнды ғылыми еңбектер жазып қалдырады. Ғалымның
қҧрметіне сахалиндегі бір таудың аты, бір жыланның аты жҽне бір кҿбелектің
аты ғалым есімімен аталады.
Тҧңғыс-мҽнжҥр тілдерінің ең алғашқы классификациясын жасауға
Л.И.Шренк талпыныс жасады. Ол Амур ҿзені бойындағы тҿрт тҧңғыс тайпасын
бҿліп кҿрсетті:
1. Даур жҽне солон – моңғол тілінің ҽсері кҥшті ықпал еткен тҧңғыс
тайпалары.
2. Мҽнжҥр, гольд жҽне ороч – тҧңғыс-мҽнжҥр тілдерінің оңтҥстік бҧтағы.
3. Орочон, манегир, бирар жҽне кили.
4. Ольч, орок, негидаль жҽне самагир [2;24].
Сонымен нанай тайпасы (гольдтер) бҧл топтастыруда мҽнжҥр, ороч
тайпаларымен бір топқа жатқызылады. Ал 1920-шы жылдарға дейінгі
топтастырулардың барлығы дерлік тҧңғыс-мҽнжҥр тілдерін оңтҥстік (мҽнжҥр)
жҽне солтҥстік (тҧңғыс) деп бҿліп келген болса, нанай тілі бірде оңтҥстік, бірде
солтҥстік топқа ене беретін. Профессор В.И.Цинциус мҧндай бҿліністер нақты
принципке сҥйенбей жасалғандықтан, кҿмекші қҧрал дҽрежесінде ғана деп
бағалайды.
1.2 В.А.Аврориннің топтастыруы
Валентин Александрович Аврорин (1907-1977) – Ресейдің тілші-ғалымы.
Тҧңғыс-мҽнжҥр тілдерінің, оның ішінде нанай тілінің маманы болған. КССРО
ҒА корреспондент-мҥшесі.1930 жылы Ленинград мемлекеттік университетінің
тарих-этнография факультетін бітірген. 1956 жылы докторлық диссертациясын
55
қорғаса,
1964
жылы
корреспондент-мҥше
болды.
Кейін
Новосібір
университетінде қызмет істеді. В.А.Аврорин тҧңғыс-мҽнжҥр тілдерін тең
дҽрежелі ҥш топқа бҿлуді ҧсынады:
1. Солтҥстік тҧңғыс (эвенк, негидаль, солон, эвен тілдері).
2. Оңтҥстік тҧңғыс (нанай, ульч, ороч, орок, удэгей тілдері).
3. Мҽнжҥр (мҽнжҥр жҽне чжурчжен ҿлі тілі) [3;12].
1.3 О.П.Суниктің топтастыруы
Орест Петрович Суник (1912-1988) – тҧңғыс-мҽнжҥр тілдерінің маманы,
ғалым.Филология ғылымдарының докторы (1962 жылы). Ульч тілінің алфавитін
жасаған. 1957-1987 жылдары Тіл білімі институтының Ленинград бҿлімін
басқарған. Профессор О.П.Суник Аврориннің топтастыруын қатты сынап, оның
принципсіздігін жҽне ҥш топқа бҿлу аздық ететінін ескертеді. Ол алдыңғы екі
топты дербес топтар бола алмайды дейді, ҿйткені оңтҥстік тҧңғыс тілдері
мҽнжҥр тіліне ҿте жақын келетінін атап кҿрстеді. О.П.Суник былайша бҿледі:
1. Тҧңғыс бҧтағы:
1.1 Эвенк тармағы (эвенк, солон, негидаль, эвен).
1.2 Нанай тармағы (нанай, ульч, ороч, орок, удэгей).
2. Мҽнжҥр бҧтағы:
2.1 Мҽнжҥр жазба тілі
2.2 Чжурчжень ҿлі тілі
2.3 Сібе диалектісі [4;19]
Осы соңғы топтастыруды (О.П.Суниктің топтастыруын) негізгі деп тануға
тура келеді, себебі мҧнда тҧңғыс-мҽнжҥр тілдерінің таралу аймағы, ҧқсастығы
барлығы ескеріліп жасалған. Мҽселен, мҽнжҥр тілі Қытайды мҽнжҥрлер билеп
тҧрған уақытта (1644-1911 жж) ауызша да, жазбаша да дамыса, қазіргі кезде
жоғалып бара жатқан тілдер қатарынан орын алды. Қазіргі Ішкі Моңғолияда
(Қытайда) 11 млн-дай мҽнжҥр халқы бар, алайда олар қытай тілінде сҿйлейді.
Бҧл Қытайдың кез келген елді, тілді тез арада ассимиляциялап жіберетін қабілеті
бар екенін тағы да дҽлелдейді. Ал мҽнжҥр тілінің негізінде жатқан чжурчжен тілі
ХІІ ғасырда дҽуірлеп тҧрса, қазір ҿлі тілдер қатарында саналады.
Осы топқа жататын сібе диалектісі ғана аз-мҧз сақталып қалған. Қытайдағы
Шыңжан-ҧйғыр автономиялық ауданында 83 мыңдай сібелер тҧрады жҽне ҿз
тілдерінде шығатын газет, радиолары бар. Сібелерді (жалпы мҽнжҥрлерді)
қазақтар «қара қытай» немесе «шҥршіт» деп атағаны белгілі.
Тҧңғыс тілдерінің де жағдайы осыған ҧқсас. Мҽселен, ең ірі деп саналатын
нанай тілінің ҿзінің халі мҥшкіл. Ол да басқа ҧсақ ҧлттар сияқты Ресейдің
қҧрамына сіңіп бара жатыр. Ресейде 11 883 нанай халқы бар болса, олардың ҿзі
Хабаровск ҿлкесіне шашырай орналасқан. Жеке нанайлардан ғана тҧратын елді
мекен жоқ. Бҧл, ҽрине, тілдік қарым-қатынасты азайтып, оның жоғалуына алып
келетін бір фактор. Екіншісі таза нанай тіліндегі балабақша, мектептердің
болмауы дер едік. Нанай тілінде сҿйлесетіндер олардың 60-70 жастағы ҥлкендері
ғана. Егер олар ҿмірден озып, қайтыс болса, нанай тілінде сҿйлейтін ҧрпақ та
56
қалмауы мҥмкін. Орыс тілі нанай тілін қоғамның барлық саласынан ығыстырып
шығарды. Ол тілді сақтап қалуға енді мҥмкіндік қалған жоқ десе де болады.
Тҧңғыс-мҽнжҥр тілдері алтай тілдер семьясынан ерте ажырап кеткенімен,
Сібірдегі тҥркі, моңғол тайпаларымен аралас-қҧралас ҿмір сҥрді. Тілдік араласу
мҥлдем жоғалып кетпегендіктен, олардың лексикасында ортақ элементтер
кездесіп отырады. Ал академик А.М.Щербактың айтуынша, қазіргі
компаративистикада фонетика мен лексикадан гҿрі морфологиялық сҽйкестіктер
маңызды дейді. Алайда тҥркі-моңғол-тҧңғыс тілдеріне ортақ морфологиялық
кҿрсеткіштер ҿте аз кездеседі. Қолда бар морфологиялық ортақтықтар тҥркі-
моңғол-тҧңғыс тілдерінің бір ататілден тарағанын дҽлелдеуге жеткіліксіз.
Академиктің пікірі бойынша бҧл пареллелдердің кҿпшілігі тҥркі-моңғол, моңғол-
тҧңғыс тілдерінің ҧзақ уақыт араласуынан пайда болған. Морфологиялық
элементтердің бір-біріне ҿтуі, кҿбінесе, қостілділік кезінде мҥмкін болады.
Мҽселен, бҧл қҧбылыс қазіргі ҿзбек-тҽжік тілдерінен байқалады. Мҧнда ҿзбек
тілінің сҿзжасам аффикстері тҽжік тіліне молдап енген.
Алтаист-ғалымдар Г.И.Рамстедт, Б.Я.Владимирцов, Н.Поппе, М.Рясянен,
В.И.Цинциус, Н.А.Баскаков, О.П.Суник, Б.Базылхандар алтай тілдерінің
генетикалық туыстығына шек келтірмейді. Мҽселен, В.И.Цинциус алтай
тілдерінің қазіргі кезде жеке-жеке біршама толық зерттелгенін айта келіп,
оларды салыстырмалы-лексикалық жҽне этимологиялық тҧрғыдан қарастыруға
ҽбден болатындығын атап кҿрсетеді [1;23]. Мысалы, тҧңғыс-мҽнжҥр тілінде –
паран, эвенкі тілінде - Һаран, негидаль тілінде – хайан «тҧрғын ҥй, тҧрған жер,
ошақ» мағыналарын берсе, моңғол тілінде – Һаран, аран, арад, қалмақ тілінде –
арн «адам, халық» мҽнін береді. Ал кҿне тҥркі тілінде – аран «ат қора», шағатай
тілінде – аран «сарай», қырғыз тілінде – аран «халық» ҧғыдарын туғызады.
Тіптен алшақ жатқан корей тілінде – парам «ҥйдің қабырғасы» деген сҿз екен.
Бҧл мысалдар сҿздің ататілден бері келе жатқан ортақтығын кҿрсетпей ме?! Рас
М.Рясянен қырғыз тіліндегі аран «халық» таза моңғолизм деп табады.
Қырғыздар Енисей бойында тҧрғанда енген сҿз болуы керек.
2. Моңғол тілдерінің топтастырылуы
Моңғол тілдері алтай макросемьясының тҥркілерден кейінгі бір ірі
тобына жатады. Бҧл тілде сҿйлейтін адамдар саны 6,8 млн болса да,
таралуаймағы біраз жерді қамтиды. Атап айтқанда аумағы ҚХР-дың солтҥстік
аймақтарынан Дон, Еділ ҿзендеріне дейін созылады. Моңғол тілдеріне зерттеу
жҥргізіп, классификациясын жасаған ғалымдар кҿп емес, алайда оның басы
моңғолтанушы-ғалым Б.Я.Владимирцовтан басталады.
2.1 Б.Я.Владимирцовтың топтастыруы
БорисЯковлевичВладимирцов (1884-1931) – Ресейдің шығыстанушы,
моңғолтанушы ғалымы, академик. Моңғолдың тіл білімі мен ҽдебиетінің, тарихы
мен этнографиясының білгір маманы болған. Буддизм дінін қабылдаған.
1909
жылы Санкт-Петербург университетін қытай-мҽнжҥр тілдерінің маманы ретінде
57
аяқтайды. Ҿзі оқыған университеттің моңғол, қалмақ тілдері кафедрасында
жҧмысқа кіріседі. 1911 жылы магистр дҽрежесін алғаннан кейін, Батыс
Моңғолияның Қобда аймағына аттанады. Мҧнда, негізінен, дербет жҽне байыт
тайпаларының тілдерін зерттейді. Ғалым Моңғолияда 1915 жылға дейін болып,
диалектілерді, эпостарды, шаманизм, буддизм діндерін жан-жақты зерттейді.
Б.Я.Владимирцов Санкт-Петербургке оралған соң, университетте дҽрістер
оқи жҥріп, ҿз зерттеулерін жалғаcтыра береді. 1918 жылы профессор, 1929 жылы
академик дҽрежелеріне ие болады. 1931 жылы ҿмірден озған ғалым артында 70
шақты қҧнды ғылыми еңбектер қалдырады. Олардың ішінде «Работы по истории
и этнографии монгольских народов», «Работы по литературе монгольских
народов», «Работы по монгольскому языкознанию», «Восточная литература»
сияқты классикалық ғылыми еңбектер де бар.
Моңғолтанушы-ғалым Б.Я.Владимирцов моңғол тілдерін алғаш зерттеген
ғалымдардың бірі болып табылады. Ол ҿз топтастыруын алтай тілдер
семьясындағы моңғол тілінің алатын орнын кҿрсетуден бастайды (Владимирцов
Б.Я. Грамматика письменно-монгольского языка. М., 1929.):
Алтай ататілі
Жалпы моңғол-тҥркі
Жалпы моңғол Жалпы тҥркі Жалпы тҧңғыс
Моңғолдың жазба тілінің негізінқалаған кҿне моңғол сҿйленісі
Орта моңғол сҿйленісі: ХІІ-ХІV ғ. моңғол сҿйленісі
Жаңа моңғол сҿйленісі: халха сҿйленісі
Алайда Б.Я.Владимирцов алтай тілдерінің туыстығын дҽлеледеуге
агглютинация қҧбылысы мен сингармонизм жеткіліксіз деп табады. Негізгі
дҽлелдерді морфологиядан іздестіру керек екенін атап кҿрсетеді. Ал, біз, алтай
тілдерінің ҿзара туыстығын ол тілдердің генеологиялық топтастырылуы арқылы
іздестірдік.Енді Б.Я.Владимирцовтың тікелей моңғол тілдеріне жасаған
топтастыруын келтірелік. Бҧл ХХ ғасырдың басында жасалған топтастыру екенін
ескертеміз.
І. Батыс бҧтағы
1. Ойрат сҿйленісі («наречие» деп береді)
А. Еуропа ойраттары: 1)Астрахан дербэттері (Большедербэт, Бузава);
2) Астрахан торғауыттары (Орал қалмақтары, Орынбор қалмақтары)
В. Қобда ойраттары: 1) Қобда дербэттері (Халха дербэттері); 2) Байыт
(Халха байыттары); 3) Алтай торғауыттары; 4) Алтай ҧранхайлары; 5) Захач
(Халха захачтары); 6) Дамбы ҿлеуіттері; 7) Мыңғат.
2. Ауғанстан моғолдарының сҿйленісі
ІІ. Шығыс бҧтағы
58
3. Бурят сҿйленісі:
А. Байкалға дейінгі буряттар (солтҥстік): 1) Тҿменгіудэлік; 2) Аларлық;
3) Балағандық; 4) Тункиндік; 5) Эхирет-Булгаттық; 6) Кудиндік; 7) Қапсалдық; 8)
Унгиндік; 9) Идиндік.
В. Забайкал буряттары (оңтҥстік): 1) Кудариндік; 2) Селеңгілік (Оңтҥстік
селеңгілік); 3) Цонголдық; 4) Баргузиндік; 5) Хорилік (агиндік).
4. Баргут-бурят сҿйленісі.
5. Дагур сҿйленісі.
6. Оңтҥстік моңғол сҿйленісі: 1) Солтҥстік-шығыс; 2) Оңтҥстік-шығыс;
3) Харачин; 4) Чахар; 5) Ордос.
7. Халха сҿйленісі:
А. Халха: 1) Урга халха (Дариганга) 2) Шығыс халха 3) Батыс халха (Халха-
сартуыл, Халха-косогол).
В. Хотогойт (Хотогойт-халха).
2.2 К.Ахановтың топтастыруы
Аханов Кҽкен (1928-1978) – тілші-ғалым, филология ғылымдарының
докторы (1966), профессор (1969), ҚазССР ҒА корреспондент-мҥшесі
(1975).Шығыс Қазақстан облысы, Ҧлан ауданы, Бозанбай ауылында туған.
ҚазМУ-дың филология факультетін бітірген. Жалпы тіл білімі, лексикология,
грамматика салаларынан ғылыми еңбектер, оқулықтар жазған.
К.Аханов «Тіл білімінің негіздері» (Оқулық, 3-бас. – Алматы: «Санат», 1993.
– 496 бет.) атты оқулығында моңғол тілдерінің топтастыруын береді: «Моңғол
тілдерінің қҧрамына мына тілдер енеді: халха-моңғол тілі (жазуы бҧрын моңғол
алфавитіне,ал 1945 жылдан орыс алфавитіне негізделген; (Моңғол Халық
Республикасында); бурят тілі (Бурят автономиялы республикасында, Иркутск
мен Чита облыстарында, Моңғолия мен Қытайда); қалмақ тілі (жазуы орыс
алфавитіне негізделген; Қалмақ автономиялы республикасында, Астрахань,
Ростов, Волгоград облыстары мен Ставрополь ҿлкесінде, Қытайда)» [1;487-488
б].
Профессор К.Ахановтың «Тіл білімінің негіздері» атты атақты оқулығында
моңғол тілдері туралы осы шағын мҽліметтен басқа ештеңе берілмеген. Моңғол
тілдерінің ірі-ірі ҥш орталығын ғана санамалап ҿте шығады. Жалпы оқулықтың
ішіндегі «Тілдердің генеологиялық классификациясы» деген бҿлімі асығыс, аз
жазылған бҿлімдердің бірі. Кҿлемді оқулыққа бҧл кемшілік ҿз кҿлеңкесін тҥсіріп
тҧрғаны анық.
№1 кесте. К.Ахановтың моңғол тілдерін топтастыруы
Тілдер
Таралуы
1 Халха-моңғол тілі
Моңғол Халық Республикасында
2 Бурят тілі
Бурят автономиялы республикасында, Иркутск мен Чита
облыстарында, Моңғолия мен Қытайда
3 Қалмақ тілі
Қалмақ автономиялы республикасында, Астрахань, Ростов,
Волгоград облыстары мен Ставрополь ҿлкесінде, Қытайда
59
2.3 Г.Д.Санжеевтің топтастыруы
Санжеев Гарма Данцаранович (1902-1982) – бурят халқынан шыққан тілші-
ғалым. Ресейдің Иркутск губерниясындағы Балаған уезінде дҥниеге келген.
Иркутск мемлекеттік университетінің педагогика факультетін бітірген. 1924
жылы Ленинград Шығыстану институтының моңғол тілі бҿліміне оқуға тҥседі.
1931 жылы аспирантураны аяқтап, Москвадағы Шығыстану институтына
жҧмысқа кіріседі. 1954 жылдан СССР ҒА Шығыстану институтына қызмет етеді.
Ғалым бурят, моңғол тілдері, ауыз ҽдебиеті жҿнінде кҿптеген қҧнды ғылыми
еңбектер жазды.
Г.Д.Санжеевтің моңғол тілдерін топтасыру үлгісі:
Солтҥстікмоңғол тобы:
1. Моңғолдың ескіжазба тілі (ХІІІ-ХVІІ ғ)
2. Ортамоңғол тілі (ХІІІ-ХVІ ғ)
3. Бурят тармағы
4. Ішкі Моңғолияның қазіргі ҽдеби тілі (Қытайда)
Орталықмоңғол тобы:
1. Қазіргі моңғол тілі (халха-моңғол; шығыс, орталық жҽне оңтҥстік
диалекті; ордос диалектісі).
2. Бурят тілі (Ресей-Моңғолия-Қытай).
3. Хаминган тілі.
Батысмоңғол тобы:
1.Ойрат-қалмақ тілі
2. Ойрат ҽдеби тілі
3. Қалмақ тілі
4. Моңғолия мен Қытайдағы ойрат диалектісі
Оңтҥстікмоңғол тобы:
1. Шира-югур тілі
2. Монгор тілі
3. Баоан-дунсян тілі
Моғол тобы:
1.Ауғанстандағы моғолдар тілі
Қидан тобы:
1. Қидан тілі
2. Дағур тілі
Басқа кӛне тілдер:
1. Сяньби тілі (ІІ-ІV ғ)
2. Табғач диалектісі
Моңғол тілдерінің ішінде ҥш ірі тілдің шоғырын байқауға болады. Олар –
халха-моңғол, бурят жҽне ойрат (қалмақ) тілдері. Қалғандары осы ҥш тілден
тармақталып кетеді. Осылардың ішінде тҥркілерге жақын келетіні ойрат тілдері.
Біз «алтай гипотезасындағы» қарама-қарсы екі пікірді қолдауға немесе
терістеуге дҽрменсізбіз, ҿйткені ортақ сҿздердің туыстығын немесе кірмелігін
анықтауға қазіргі ғылымның шамасы жетпей отыр. Дегенмен алтай тілдері,
60
ҽсіресе тҥркі, моңғол, тҧңғыс-мҽнжҥр тілдері, бір ататілден тараған туыс тілдер
деген болжамға қосыламыз.
ҼДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.Алтайские этимологии. Сборник научных трудов. - Ленинград: «Наука»,
1984.- 224 с.
2. Шренк Л. Об инородцах Амурского края. Т.1. СПБ, 1883.- 342с.
3. Аврорин В.А. Языки и фольклор народов сибирского Севера. - \
Ленинград: «Наука,1966.- 241с.
4.Суник О.П. Очерки по синтаксису тунгусо-маньчжурских языков.
Ленинград: «Наука, 1947.-123с.
5.Закиев М.З. Глубокие этнические корни тюркских народав. - Астана:
Кантана Пресс, 2011. - 400 с.
6. Старостин С.А., Бурлак С.А. Сравнительно-историческое языкознание.
М., 2005. — 432 с.
7. Дьячок М.Т., Шаповал В.В.Генеалогическая классификация языков.
Новосибирск, 2002. - 32 с.
ҼОЖ821.512.122.09
БҾКЕЙХАНОВ А А., ҼЛІМХАН А.Ҽ.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Ҿскемен қ., Қазақстан
ЛИНГВОЕЛТАНЫМ БАҒЫТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Тіл – ҽрбір халықтың рухани жҽне материалдық мҽдениетінің, тарихының,
бҥкіл бітім-болмысының жарқын айнасы. Ҿйткені ол мҽдениеттің қҧрастырушы
бір бҿлігі, сонымен қатар, тіл мҽдениетті танытудағы негізгі қҧрал, себебі біз ол
арқылы мҽдениетті меңгереміз. Тіл мҽдениеттің жалпы сипатын танытады.
Негізгі ақпаратты сақтайды, жинақтайды, таратады. Осыған байланысты тіл
ҽрбір этникалық қоғамдастықта этностың мҽдени ерекшелігін танытатын фактор
ретінде, мҽдениеттің тіл арқылы ҧрпақтан ҧрпаққа жетуін қамтамасыз етеді.
Осылайша, ҧлтты бір тҧтастырып, бҥтіндігін сақтайды. Мҽдениет арқылы
тілімізде этномҽдени ақпараттар қалыптасады. Олар рухани мҽдениет жҽне
материалдық мҽдениет формасында таралады. Қандай да болмасын заттың атауы
оны
тек
атап
қана
қоймай,
сонымен
бірге
оны
танытады.
Лингвомҽдениеттанымдық тҧрғыдан алғанда, тіл тек қарым-қатынас жҽне
танымдық қызмет атқаратын қҧрал ғана емес, сондай-ақ ҧғым – тіл – мҽдениет
жиынтығынан қҧралатын, тҧтас дҥние жҿніндегі мол мағлҧмат беретін ҧлттық
мҽдени код, қор, мҽдени ақпарат кҿзі ретінде танылады.Қайсыбір мҽдениетте
болмасын ҧлттық нышан орын алады, мҧны тілдік жҥйеден анық байқауға
болады. Тіл адам мен мҽдениетті жалғастырушы дҽнекер бола алады. Тілде
халықтық рух мен мҽдениет белгісі болады [1].Тіл – адам қоғамының ең негізгі
қатынас қҧралы. Тілдің қоғамда атқаратын қызметінің мҽніне орай оны
61
қоғамның кҥресі мен дамуының қҧралы, ҧлттық мҽдениеттің формасы деп атауға
болады [2].
Ҽр халықтың басынан кешкен тарихы, бҥкіл рухани, мҽдени байлығы,
болмысы, дҥниетанымы, ҿмір тіршілігіне, кҥнделікті тҧрмысына қажет
бҧйымдары, ҽдет-ғҧрпы, салт-санасы, талғамы, т.б. сол тілде таңбасы емес,
дҥниенің тікелей бейнесі емес, оның біздің сана-мызда тілдік шығармашылық
процесс нҽтижесінде туған бейнесі, яғни «дҥниенің тілдік бейнесі» ҧғамыз.
Осыған байланысты профессор А.Салқынбай: «Ҽлем бейнесінің бҥкіл кҿрінісі
мен қоғамдық сана қалыптастырған ҧғымдарын бейнелейтін тіл – адамзат
танымының феномені. Тіл – тек қарым-қатынас қҧралы ғана емес, адамзат
дҥниетанымы мен сананы қалыптастырып, дамытуға қызмет ететін кҥрделі
қҧрылым. Тіл ҧлттық мҽдениеттің қҧрамды бҿлігінің бірі болып қана қоймайды,
бҥкіл мҽдениет пен танымның негізі саналады. Мҽдениет тіл арқылы жҥйеленіп,
қалыптасып дамиды. Тілдің қоғамдағы рҿлі қарым-қатынас жасау сипатымен
ғана шектелмейді, адам ойының, санасының жетілуі мен дамуына да ықпал
етеді» [3], – дейді. Бір мҽдениеттің аясында ҿмір сҥретін адамдар тілде сҿйлеп,
ортақ қҧндылықтарға бағынады, наным-сенімдерді ҧстанады. Мҽдениет,
сондықтан да адамдардың жалпы белгісі емес, оларды біріктіретін фактор болып
табылады.
Сҿз – сҿзсіз нақты заттың, қҧбылыстың атауы, алайда, сҿз зат пен
қҧбылыстың жай ғана таңбасы емес. Сҿз ҿзі ҿмір сҥретін уақыт пен орта туралы
айта алады.Білім берудің бір тармағы ретіндегі тілдіңҽдістемесін меңгертуде
елтаным жҽне лингвоелтаным ҧғымдары қатар ҽрі сабақтастықта пайдаланылып
жҥр. Бҧл ретте елтаным мен лингвоелтанымның айырмашылығы неде деген
сҧрақ туындайды. Тілі ҿмір сҥретін елдің мҽдениетімен танысу антикалық
дҽуірдің ҿзінде маңызды болатын. Классикалық тілдерді діни мҽтіндердің негізі
ретіне оқыту мҽдениетке қатысты пікірлерсіз жҥзеге аспайтын. Тіпті XIV
ғасырдағы тірі тілдерді оқытуда ауызша сҿйлеуді дамытудың қатарында сол
елдің реалийлерін де меңгерту басты назарда болды. Ҽсіресе, бҧл неміс
лингводидактикалық мектебіне тҽн болатын. Шет тілін оқытуда ел мҽдениетін де
қатар оқыту орыс тіл білімінде «страноведение» деген атауға ие болса,
Германияда – kulturkunde, яғни мҽдениеттану деп атау қалыптасқан. Америкалық
білім беру орталықтарында тіл мен территорияға байланысты арнайы пҽн
«Language and area» ҿткізілсе, Францияда «тіл мен ҿркениет» - «langue et
civilisation» ҧғымы кеңінен қолданылады, ал Ҧлы Британияда «linguacultural
staduies» теориясы қабылданған.
Білім беру ҥдерісінде мҽдениетті оқытудың екі жолы бар: жалпы танымдық
жҽне философиялық.
Жалпы дҽстҥрлі шет тілін оқытуда «Елтаным» кешенді оқу пҽні ретінде
қалыптасқан. Ҽдетте, оқытылып отырған тілді қолданатын негізгі ел туралы
мҽлімет елтанымның шеңберінде қамтылады. Соның ішінде, жалпы мҽдениеті
(ҽдебиет, кино, музыка, сҽулет ҿнері, би т.б.), тарихи оқиғалары, географиялық
ақпараттары, атақты аудандары сияқты ел ҿміріндегі ерекше аталатын
ақпараттар кешенді тҥрде оқытылады.
62
Ал «лингвоелтаным» тіркесі ҿзі айтып тҧрғандай, бір жағынан тілді ҥйретсе,
екінші жағынан, сол тілді тҧтынатын ел туралы бағыт. Дҽстҥрлі елтаным мен
лингвоелтанымның айырмашылығын нақты анықтап алу керек. Қандай тілді
оқытуда болмасын, елтаным ҧзақ уақыт бойы оқытылып келе жатқан қоғамдық
пҽн, ал лингвоелтаным филологиялық пҽн ретінде тілді оқытудан бҿлек
қарастырылмайды, тілді ҥйретуде практика тҥрінде тілдік бірліктердің
семантикасын оқытады.
Аталған филологиялық жол екі тҥрлі міндетті атқарады, біріншіден, тілдік
бірліктерден мҽденитанымдық ақпаратты бҿліп алу, бҧл жағдайда негізгі нысан
мҽдениет болып саналады. Бҧл ҽдіс орыс тілін шет тілі ретінде оқытуда ҧзық
жылдар бойы қолданылып келді. Екіншіден, тілдік бірлікті сол тілді жҽне
мҽдениетті иеленушілердің санасындағы бейнеге ҧқсас етіп қабылдату жҽне
оқыту.
Олай болса, лингвоелтанымның басты мақсаты – мҽдениетаралық
коммуникация актісінде қарым-қатынас қҧзіреттілігін қамтамасыз ету.
Лингвоелтаным бірнеше мҽселелерді шешуді қамтамасыз етеді, соның ішінде
мҽтінді бара-бар қабылдаудың филологиялық мҽселелерін атау керек, себебі ол
тек лингводидактиканың ғана емес, аударматанудың да лингвистикалық негізі
болып табылады.
Сондай-ақ лингвоелтанымдық бағыт тілдің ҽлемеуметтік сабақтастығын
зерттеудің орталық бағыттарының бірі. Тілдің ҽлеуметтік сабақтастығын
зерттеудің аталған бағытының ҿкілдері, ең алдымен, сҿз мағынасына назар
аударады. Ғалымдардың айтуынша, сҿздер ақиқаттағы реалийлердің таңбасы,
сондықтан олардың семантикасынан кейбір «экстралингвистикалық»
мазмҧндарды бҿліп алуға болады, бҧл мазмҧн тікелей немесе жанама тҥрде сол
тілде кҿрінетін мҽдениетті танытады. Олай болса, мағына арқылы лексикалық
бірлік пен тілдік емес ақиқат арасындағы байланыс жҥзеге асады.
Лингвоелтанымдық бағыттың дҥниеге келуі, бірінші жағынан тіл мен
мҽдениет арасындағы мҽселелерді шешумен байланысты болса, екінші жағынан
таза прагматикалық алғышарттардың негізінде, яғни қарым-қатынас қҧралы
ретінде шет тілін осы тілде кҿрініс тапқан ел мҽдениетімен тығыз байланыста
меңгертумен байланысты қалыптасты.
Ҽлемдік лингвистика сҿз семантикасындағы мазмҧнның ҽлеуметтік
шарттастығын, сондай-ақ «тіл мен мҽдениет» мҽселесініңжалпы теориялық жҽне
ҽдістемелік аспектісін зерттеуге Н.Г.Комлев, О.С. Ахманова, Е.М. Веращагин,
В.Г.Костомаров, Т.Д.Томахин сияқты тілші ғалымдар ҥлес қосты.
Мҽселен, Н.Г.Комлев ең алғаш лингвистикаға мағынаның мҽдени-тарихи
бҿлшегі деген ҧғымды енгізді, ол белгілі бір қауымдастыққа тҽн ақиқаттағы
затты немесе қҧбылысты кҿрсетуші сҿз тек оны білдіріп қана қоймайды, оны
жасайды дейді. Сондықтан оның семантикасында сол сҿз ҿмір сҥретін ортаның
ҽлеуметтік фонын кҿрсетін бҿлшектер ҿмір сҥреді.
«Cҿз-таңбаның «ішкі» мазмҧны барын, яғни сҿз-таңба ҿзінен бҿлек басқа
нҽрсені кҿрсететінін мойындасақ, мҽдени бҿлшектің барын мойындауға
міндеттіміз» [4].
63
Сҿздегі мҽдени бҿлшекті білу шет тілін жетік меңгерудің маңызды шарты
болып табылады, алайда, сҿздегі мҽдени-тарихи бҿлшек анағҧрлым кең шеңберді
қамтуы мҥмкін, ал маңыздысы тілді қарым-қатынас қҧралы ретінде меңгеру
екендігін ҧмытпаған жҿн. О.С. Ахманованың кҿрсетуінше, кез келген
коммуникативтік актіні жҥзеге асырудың маңызды шарты – «тілдік қарым-
қатынастың негізі болып табылатын тыңдаушы мен сҿйлеушінің реалийлер
туралы екі жақты білімі», бҧл лингвистикада «аялық білім» деген атауға ие
болды [5].
Лингвоетанымның негізгі нысаны ретінде аялық білімді ҿз еңбектерінде
Е.М.Верещагин мен В.Г.Костомаров қарастырады. Орыс тіл біліміндегі
лингвоетанымның қалыптасуы осы екі ғалымның есімімен байланысты.
Ғалымдардың пікірінше, лингвоелатанымды лингводидактиканың бір бҿлшегі
ретінде ғана қарастыру қате пікір. Ҽрине лингвоелтанымдық бағытта қол жеткен
жетістіктер, ең алымен, шет тілін ҥйретумен байланысты екендігін жоққа
шығаруға болмайды, бҥгінде бҧл кеңінен қолданылады.
Лингвоелтанымдық бағыттың теориялық іргетасын қалаған Е.М. Веращагин
мен В.Г. Костомаров қазіргі таңда лингвистер, психологтар мен
психолингвистер,
ҽлеуметтанушылар
мен
ҽлеуметтік
лингвистикамен
айналысатын ғалымдардың қызығушылығын тудырған тҥрлі мҽселелерді алғаш
реті қозғаған болатын [6].
Жоғарыда аталған «аялық білім» аз зерттелген сҿздің семантикалық бҿлшегі
ретіне лингвоелтанымда қарастырылады, осылайша лингвоелтанымның
лингвистикалық зерттеу бағыты туады. Аялық білімді объективтендірудің бір
ҽдісі ретінде психолингвистикада кеңінен қолданыс тапқан ассоциативтік
эксперимент пайдаланылады. Осы ғылымның зерттеу аясында коммуникативтік
актінің қҧрылуындағы қоғамдық жҽне тҧлғалық байланыс мҽселесі
қарастырылады.
Т.Д. Томахиннің кҿсетуінше, лингвоелтанымның негізгі зерттеу нысаны
аялық білім болып саналады, онда білгілі бір тілдік жҽне этникалық
қауымдастықтың мҥшелері орын алады, сондықтан да осы бағыттың шеңберінде
қарастырылатын кейбір мҽселелер ҽлеуметтік лингвистиканың да сҧрақтарын
шешеді [5]. Олай болса, лингвоелтанымның зерттеу шеңберінде қарастырып
жҥрген мҽселелер айтарлықтай бҧл бағытты кешені ғылым ретінде қарастыруға
мҥмкіндік береді.
Е.М.Верещагин мен В.Г. Костомаров аялық білімнің барын ғылыми тҥрде
қарастырған алғашқы ғалымдар, олар лексикалық семантиканың жинақтаушы
қызметін, тілдің кумулятивтік қызметін ашты, осылайшы тілдік бірліктерді
адамзаттың ҽлеуметтік қызметінде қол жеткізген білімін сақтаушы «қор» ретінде
қарастырды. «Егер Ф. Де Соссюрдің тҧжырымына сҽйкес жалпы «language»
ҧғымынан алынатын «language-parole» дихотомиясын ескерсек, сҿйлеуге (речь)
коммуникативтік, ал тілге кумулятивтік қызмет тҽн» [6].
Е.М.Верещагин мен В.Г. Костомаровтың ерекше ҥлесі аялық білімнің
лингвистикалық табиғатын ашуында. Олар кҿптеген мысалдар келтіре отырып,
сҿз семантикасы тек бір ғана лексикалық ҧғыммен шектелмейтіндігін кҿрсетті.
64
Эквивалентті сҿздің ҧғымдық шеңбері басқа салада ҿз семантикасын кеңейтеді.
Сҿздегі білім бҿлшектенеді, себебі семантиканы қҧраушылардың жиындығын
немесе семантикалық ҥлестерді (СҤ) мынадай лексикалық аяларға бҿлуге
болады: егер сҿздің барлық мазмҧн жоспарының барлық семантикасынан
тҥсінікті СҤ-ді алып тастағанда, олар тҥсініксіз семантикалық ҥлестерден
тҧратын болады.
Демек, лингвоелтанымдық зерттеулер ҧлттың ғасырлар бойында
жинақтаған, бҥгінгі санасында сақталған, келешек буынға берілетін
қҧндылықтарды жинақтаушы қор – лингвоелтанымдық сҿздік ҽр ҧлттық тілде
қҧрастырылуы керек жҽне ҽр елдің ҧлттық тілдік саясатында қолға алынуы қажет
мҽселе екендігін кҿрсетіп отыр.
Лингвоелтану – тіл ҥйретуді негізге ала отырып, сол ҥйреніп отырған ел
туралы деректер беру бағыты. Лингвоелтанымның басты мақсаты – тҥпнҧсқа
мҽтіндерді жҽне серіктесінің сҿзін қабылдай отырып, мҽдениаралық қатысым
актісіндегі коммуникативтік қҧзіреттілікті қамтамасыз ету. Елтанымдық бағытта
тіл ҥйретудің негізгі тапсырмасы ҥйреніп отырған халықтың ҧлттық мҽдени
ерекшеліктерінен нақты кҿрініс беретін тілдік бірліктерді меңгерту болып
табылады.
Демек, лингвоелтаным, бір жағынан, тілді ҥйретуге бағытталса, екінші
жағынан, ҥйреніп отырған ел туралы мҽліметтер береді. Линвгоелтанымның
негізгі объектісі сол ел емес, ҥйреніп отырған елдің аялық білімі, яғни
жинақталған тҥрде мҽдениеті, мҽдениетанымы қарастырылады. Сондықтан
елтаным мен лингвоелтанымының арасындағы айырмашылықты қарастыруда
мына жайттарға ерекше кҿңіл бҿлу қажет: елтаным қай тілде болса да қоғамдық
ғылымдардың пҽні ретіне қарастырылса, ал лингвоелтаным филология пҽндеріне
негізделе отырып, тілді оқытуда тілдік бірліктердің мағынасын ашатын, аялық
білім беруге бағытталған пҽн болып есептеледі. Сонымен, лингвоелтанымның
басты мақсаты – мҽдениаралық қатысым актісінде қатысымдық қҧзіреттілікті
қамтамасыз ету, ең бастысы сҿйлеушінің негізгі ойды жҽне тҥпнҧсқа мҽтіндерді
қабылдауы. Лингвоелтаным кҿптеген проблемаларды, соның ішінде мҽтіндердің
ерекшелігін филологиялық тҧрғыдан шешуді қамтамасыз етеді.
Лингвоелтанымның басты мақсаты – тіл ҥйренушінің тҥпнҧсқа мҽтіндер
негізінде ақпараттарды қабылдай отырып, қатысымдық қҧзіреттілігін
қаматамасыз етуі. Лингвоелтаным тілдік тҧлғалардың кҿмегі арқылы қазақ
халқының ҧлттық ерекшелігін, ҧлттық мҽдениетін ҥйренуге жол ашады. Ҧлттық
ерекшеліктер мен ҧлттық мҽдениет ерекешілктерінен хабардар беретін тілдік
бірліктерді ҥйрету жҽне ҽлеуметтік сҧрыптаудың қажеттілігі кҿркем
шығармаларды оқуда, баспасҿз қҧралдарынан, кино жҽне видеокҿріністерді
кҿруден, ҽн тыңдаудан жҽне т.б. байқалады.
Сонымен, лингвоелтаным – бҧл қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқыта
отырып, еліміздің қоғамдық жҽне мҽдени ҿмірінен хабардар ететін ҽлеуметтік
лингвистиканың дидактикалық аналогы деуге болады.
65
ҼДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Ҽкімішова Ж..Ҽ. Тіл-мҽдениет феномені мҽселесі. Алматы, 2008.
2. Қазақ Совет энциклопедиясы 11 том, 1997 Бас редакторы М.Қ.Қаратаев. -
257 б.
3. Салқынбай А. Тарихисҿзжасам. Алматы:Қазақуниверситеті, 1999.
4. КомлевН.Г.Компоненты содержательной структуры слова. Москва:
Наука,1969.– 92с.
5. Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов. - Москва: Советская
энциклопедия, 1969. – 608c.
6. Верещагин Е.М., Костомаров В.Г. Лингвострановедческая теория слова. -
Москва:Рус.яз.,1980. – 320с.
7. Верещагин Е.М., Костомаров В.Г. Язык и культура: Лингвострановедение
в преподавании русского языка как иностранного.3-е изд., перераб. и доп. – М.:
Рус. яз., 1983. – 269с.
8.
Томахин
Т.Д.
Фоновые
знание
как
основной
предмет
лингвострановедение. Ин.яз.в школе, №11, 1980. – 9-12 с.
ҼОЖ 811.512.122.27
БОЛАЕВА А., ҼЛІМХАН А.Ҽ.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Ҿскемен қ., Қазақстан
ЖАЛҚЫ ЕСІМДЕРДІҢ МАҒЫНАЛЫҚ ҚЫРЛАРЫ
Тілдегі жалпы есімдерден ҿзіндік ерекше табиғатымен дараланатын жалқы
есімдерді қарастыратын ономастика ғылымының зерттеушілер тарапынан
айрықша кҿңіл бҿлініп, кҥні бҥгінге дейін нақты шешімін таппай, ҽлі де зерделей
тҥсуді талап етіп отырған кҥрделі мҽселелерінің бірі – онимдер семантикасы
болып табылады. Жалқы есімдердің семантикалық мҽселелері жайлы жазылған
еңбектер қаншалықты мол десек те, ҽлі де нақты анықталмаған даулы
тақырыптар қатарынан саналатынын жоққа шығара алмаймыз. Авторлардың
аталған бағытта жазылған туындыларын барлай қарасақ, «жалқы есімдердің
мағынасы», «семантикасы», «лексикалық мағынасы», «лексика-семантикасы»,
кей жағдайларда «атаулар уҽжі» мен «жалқы есімдердегі ақпарат», тіпті
«онимдер этимологиясы» терминдері, анықтамалары мен тҥсініктері бірінің
орнына бірі жҧмсалып, семантика мҽселесінің тҿңірегіндегі ҽр тҥрлі кереғар ой-
тҧжырымдардың туындауына себеп болған.
Ономаст ғалымдардың жалқы есімдердің семантикасы жайлы жазылған
пікірлері мен ойларына шолу жасап кҿрейік. Зерттеушілер тарапынан оңды
қабылданып келген ономастиканың теориясы мен ҽдістемесі жайлы еңбектің
авторлары 1970-жылдардың ҿзінде сҿз мағынасының кҥрделі қҧрылым екендігін
ескере келе, жалқы есімдердің апеллятив-негіздерінің семантикасын –
атаулардың жасалуына негіз болған тілдік бірліктердің лексикалық мағынасы
деп таныған[1; 117]. Ономаст А.В.Суперанская атаулар семантикасын олардың
таңбалық табиғатымен байланысты мҽні, мағынасы тҧрғысынан қарастырған [2;
250], ҽрі атаулар семантикасы қҧрамына экстралингвистикалық ақпараттың,
66
адамның референтке қатысын анықтайтын объективті, субъективті, ҽлеуметтік
факторлар мен эмоциясы да енетіндігін атап кҿрсетеді [2; 323].
Антропонимдердің семантикасы жайлы ойларын ҧсынған мақаласында
М.Э.Рут онимдер семантикасының бір шешімін таппау себебін зерттеушілердің
жалқы есімдердің барлық тҥрлерінің семантикасын бірден ашып, анықтау
мақсатын кҿздегендіктерінде деп тҥсінеді[3]. Барлық уақытқа жҽне барлық
зерттеу нысандарына сай келетін, ортақ, ҽмбебап зерттеу ҽдістері мен
классификациялардың болмайтынын ескеретін болсақ, ҽрине М.Э.Руттың
кҿзқарасымен ҽбден келісуге болады.
Топонимдер семантикасына келер болсақ, жер-су атауларының кҿпшілігі
сол жердің сын-сипатына, қасиетіне қатысты екені белгілі.
Ономаст ғалымдардың біразы географиялық атауларды лексика -
семантикалық тҧрғыда таптастыруда тҿмендегі жіктеуді қҧптайды:
1)
Объектінің физика – географиялық сипатын кҿрсететін атаулар;
2)
Адамдардың шаруашылық, тҧрмыстық іс-ҽрекеттері мен қоғамдық
қатынастарын кҿрсететін атаулар [4; 175 - 176].
Аталмыш классификацияны қҧптаушылар «лексика – семантикалық
классификацияға назар аударудың ең басты мҽні топонимдерді лексикалық
тҧрғыдан топқа бҿле отырып, мҽн-мағынасын ашу, олардың адамның іс-ҽрекет,
тҧрмысы, қоғамдық ҿмірімен байланысын анықтап білу болып табылады» [4; 175
- 176] дейді.
Ал антропонимдер жайлы бҧлай айта алмаймыз. Қандай есімді мысалға
алсақ та, сол есімнің иесін білмей тҧрып, ол адам жайлы ешбір нақты дерек біле
алмаймыз. Тілімізде сипаттама есімдер қойылады, дегенмен, тек есімді естіп
қана Алтынайдың – сары, Ақнҧрдың – аққҧба адам екеніне немесе Қаламқастың
қасының қиылып тҧрғанына сенімді бола алмаймыз. Есім арқылы адамның
жынысын да нақты анықтау мҥмкін емес. Ҿйткені, Бақыт, Ардақ, Бейбіт, Айзат
сынды аттардың ҧлға да, қызға да қойылуы ҽбден мҥмкін. Сонда есім – таңба
ретінде таңбаланушы туралы ешбір ақпарат бере алмайды. Есімнің
мағынасының, есімге негіз болып тҧрған апеллятивтердің мағынасының есім
иесіне байланысы болмайды. Есім нақты бір «адамға» қатысты болған жағдайда
мағынаға ие болады.
Б.Тілеубердиев еңбегінде: «Жалқы есімнің семантикасы деп негізінен
экстралингвистикалық сипаттағы оның қҧрамдас компоненттерінің тіркесімін
ҧғынамыз, жалқы есімнің семантикасы ақпараттан жинақталады, ал ақпарат
тілдік, сҿйлеу жҽне арнайы ономастикалық функциялардан, стилистикалық жҽне
эстетикалық маңыздылықтардан қҧралады», - деген анықтамаға сҥйенген [5; 73].
Сҿздік қордағы лексемалардан экстралингвистикалық факторлар ҽсерінен
пайда болған атаулар нысанаға даралық сипат береді. Адамдар ҿздері ҿмір
сҥрген ҽлеуметтік ортаның, қоршаған дҥниенің ерекшеліктерін ескере отырып,
ҿздерінің танымы тҧрғысынан атау беріп отырған. Кез келген атау ҿзара
сабақтасып жатқан «таңбалаушы - таңбаланушы – таңба» ҥштігінің нҽтижесінде
дҥниеге келеді де, бҧл ҥрдісте таңбалаушы, яғни тілдік ҧжым ҿз танымы
деңгейінде таңбаланушы денотаттың ҿзіндік белгісі, сипаты, даралығын ескере
67
отырып атау береді. Номинациялық акт барысында пайда болған атаудың ҿзін
беруші қоғамдық ортаның, тілдік ҧжымның ҿмір тҽжірибесінен алынатындығы,
ҽрі адамның ҽлемді тану, қабылдау туралы тҥсінігімен де сабақтасатындығы
белгілі. В.А.Маслова ҧғым, тҥсініктің мазмҧны іспетті болып келетін тілдің
концептілігі туралы былай жазады: «... тілдің иесі - белгілі бір концептуалды
жҥйенің иесі. Концептің тҿркіні менталды негіздерге тіреледі. Ҽрбір
концепте ҽлем жайындағы адам ҥшін аса маңызды білімдер тоғысқан,
сонымен бірге, мҧнда мҽнсіз кҿріністер ысырылып тасталады. Концептер
жҥйесінде адамның ҽлем туралы ойлауына негізделетін, адамның ақиқат
туралы тҥсінігі, оның ерекше концептуалды «суреті» кҿрініс беретін
ҽлембейнесі (ҽлемді тану, ҽлемді қабылдау) қалыптасады» [6; 41].
Қазақ халқы «жақсы сҿз –жарым ырыс» дегендей ҿз ҧрпағына заманына
орай, қоғами ортаның дҥниетанымына орай ҽдемі, кҿркем есімдер қойып
отырған. Сол кҿркем есімдердің иелері де, кҿбіне қоғамдық ортаның
қабылдауында «атына заты сай келіп» отырады. Мысалы:
«...Сол Беркімбайдың ҽкесінің нағашысы – жаппас Есімбек дейтін болды...
...Мал мен басы бірдей, қҧдай тілегін берген бір адам: ортан қолдай тҿрт ҧлы
болды – шетінен қасқыр. Сол тҿрт ҧлдың ортасында бҧлаңдап ҿскен Шҧға дейтін
қызы болды. Шҧға десе Шҧға. Шҧға, ҿй, шіркіннің ҿзі де келбетті-ақ еді...
аққҧба, талдырмаш, кҿзі қап-қара, осы, ҥріп ауызға салғандай еді. Ажары қандай
болса, ақылы да сондай. Жеңілдік дегеннің не екенін білген бала емес. Сҿйлеген
сҿзі, жҥрген жҥрісі қандай, бір тҥрлі паң еді-ау, шіркін... Бҧл кҥнде ондай қыз
қайда»[7; 8].
Кҿріп отырғанымыздай, Шҧға есімі нақты бір кейіпкердің аты ретінде оның
болмыс-бітімін ашып тҧрса, керісінше есім иесінің жағымды сипаты есім
семантикасын да аша тҥскендей. Қазақ тілінің сҿздігінде: «шҧға – майда тҥкті,
биязы жҥн мата»[8; 742], - деген тҥсінік берілген. Қазақ халқының қабылдауында
шҧға - ҽдеміліктің, биязылықтың символы іспетті.
Қоғамдықҧжым мҥшелерінің тілдік қатынаста атауларды қолдану
ерекшелігінің, яғни «сҿйлеуші-тыңдаушы» арасындағы қызметінің маңызын
ашып-айқындаудың қажеттілігі – жалқы есімдердің кҿпқырлы лингво-
логикалық қҧрылымдар екенін дҽйектейді.
«Сҿйлеуші –тыңдаушы» қатынасында сҿйлеушінің жалқы есімді қабылдауы
екі адам арасындағы ҿзара қарым-қатынасқа байланысты жҥзеге асады.
Сҿйлеуші жалқы есімді ҿз мақсатына байланысты қолданғанда атауға ҿз
тарапынан эмоция-экспрессиясын, физиологиялық-акустикалық айтылым
ерекшелігін т.б. қосады. Ал тыңдаушы осы есім арқылы сҿйлеушінің ойын,
пиғылын сол қалпында қабылдамай, ол сҿзді ҿзіне белгілі кҿзқарастар елегінен
ҿткізіп барып қабылдайды.
Сонымен, жалқы есімдер мағынасы тілдегі жеке сҿздерден қалыптаса келіп,
олардың мағынасы мен атауды берген қоғамдық ортаның ҽлем туралы
танымына, ҽрі экстралингвистикалық факторларды ескеретін кҿпқырлы, кҥрделі
мҽселелер қатарынан табылады.
68
ҼДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.
Теория и методика ономастических исследований.-М.: Издательство
ЛКИ, 2007.- 256с.
2.
Суперанская А.В.Общая теория имени собственного.- М.: Издательство
ЛКИ, 2007.- 368 с.
3.
Рут М.Э. Антропонимы: Размышления о семантике// Известия
Уральского государственного университета. №20 (2001). Гуманитарные науки.
Выпуск 4.
4.
Орталық Қазақстанның жер-су аттары. – Алматы: Ғылым, 1989. – 256 б.
5.
Тілеубердиев Б. Қазақ ономастикасының лингвоконцептологиялық
негіздері. - Алматы: Арыс, 2007. - 280 бет.
6.
Маслова В. А. Введение в когнитивную лингвистику. - М., 2007. -
с.294.
7.
Майлин Б. Шҧғаның белгісі / Повестер мен ҽңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1974.-
607 бет.
8.
Қазақ тілінің сҿздігі / Жалпы ред. басқарған Т.Жанҧзақов.- Алматы:
Дайк-Пресс.- 776 бет.
ҼОЖ 81:35.077.55
ДҤЙСЕНБІ Д., САРБАСОВА А.Е.
Қ. Жҧбанов атындағы АҾМУ, Ақтҿбе қ., Қазақстан
ПУБЛИЦИСТИКАДАҒЫ СҾЗДІ АЖАРЛАУ ТҼСІЛДЕРІ
Сҿзді кҿп білетін адамның барлығы жазушы емес. Сол сҿзді игере отырып,
сҿз қорын молайтып, тіл мен сҿзді ҽдеби шығармада суреткерлік шеберлікпен
қолдана білу қажет. Ҽдеби тіл-жай тіл емес. Кҿркем тіл, демек, сҧлу сҿз. Ҽдеби
тіл ҽрқашанда адамның ішкі жан дҥниесінің кілтін табушы қҧрал. Ол адамның
ішкі жан дҥниесіне ҽсер етіп, оны эмоциямен ажарландырып, материалдық
дҥниені сезіне білуге ықпалын тигізеді. Сҿздің қҧдіреті туралы ғҧлама-
ойшылдарымыз талай айтып ҿтті ғой. Тіл кҿркемдігі мен сҧлулығы жасанды
бояуда емес, сҿздің шынайылығы, табиғилығы мен қарапайымдылығында. Бҧдан
басқа сҿз эстетикалық тҧрғыдан да ҽсер етіп, адамның жан дҥниесін сҧлулыққа
тҽрбиелеп, адалдыққа бағыштайды [1,214].
Публицистиканың негізгі функциясы - қоғамдық пікірді қалыптастыру
жҽне сол арқылы халық санасына ҽсер ету, бағыт сілтеу болса, публицистикалық
туынды қоғамдық пікір мен халық санасына рациональды, эмоциональды
қҧрылымдық элементтері арқылы ықпал етуі қажет. Публицистика
шығармашылықтың логикалық жҽне эмоциональды ҽсер етудегі ҽмбебап қҧрал
болып саналады. Публицист қарапайым баяндаудан бастап, оқиғаны ақпаратты
тҥрде жеткізе отырып, адам бойына ҿмірдің шынайылығын дҽріптеп, ҽрекет
етуге ой қалдырып, ықпал етеді. Публицист образдылықтан гҿрі,
эмоциональдылықты кеңінен қолданады. Ҿйткені, публицистика сезімге
тҧрақты, дҽйекті тҥрде ҽсерін тигізуге мҥмкіндігі бар. Публицистің негізгі
мақсаты- қоршаған ортадағы болып жатқан оиғаны шынайы тҥрде мҽлемдеп,
69
ҿзінің ойын ашық тҥрде хабарлау. Ең алдымен публицистің ҽр сҿзі тек ҿз
орнында ғана тҧруға тиіс. Сонда бір сҿйлемдегі ҽрбір сҿз бір-бірін
жалғастырушы сҽуледей болып, ҽрбір сҿздің бҧрынғы мағынасы жаңамен
ауыстырылып, шындықтың беті мҿлдір судай айқара ашылатын болады. Ал
мағынасы терең, мазмҧны мҿлдір дерек ҽрқашанда оқырманның жҥрегінен орын
алатыны сҿзсіз. Сондықтан да публицистикадағы деталь, адам психологиясы
жҽне ішкі мінезі, оқиға болған жер, жаңалықтың жариялануы сияқты белгілер
баяндау жҥйесінде эмоцианальды элементті алып келеді. Сҿйтіп оның ҽсер
етушілік белгісін арттырады. Осыдан келіп оның айқындаған мазмҧнын,
оқырманға ҽсер етудің нҽтижелілігін ҽртҥрлі формада: юмор жҽне сатиралық
бояулар, патетикалық элемент, полемикалық жалын арқылы кҿрсетуге болады
[1,102]. Публицист
жай ғана деректі шолып, шолтаң еткізіп, шорт кесе
алмайды. Ол ҽр оқиғаны терең сезініп қана қоймай, ҽділ шешім беруі тиіс.
Сондықтан, публицист кҿңілге толғау, сҿзіне терең мҽн беріп, ойға ойлау сала
отырып керемет ҽдеби ажарлауларды қолдана жазады. Сол себепті, қайсыбір
публицист жазушыны алатын болсақ оның ҽр сҿзінен, ҽр сҿйлемінен
ажарлаудың, қҧбылтулардың іздерін кездестіреміз. Ондай ажарлауларға: теңеу,
эпитетті жатқызамыз.
Эпитет – заттың, қҧбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтайтын
суретті сҿз. Эпитетсіз тіпті айтарыңды анықтау, суреттеп отырған нҽрсеңді
нақтылау қиын [2,218]. Эпитет – сҿз алдына келіп анықтауыштық мҽнге ие
болады, анықталатын мҥше кҿбінесе бейнелі сҿздің қызметін атқарады.Эпитеттің
кҿркемдік тҥрлері тҧрақты қолданысы да авторлық қолданысының ең кҿп
кездесетін тҥрі ғылыми публицистикалық жҽне кҿркем ҽдебиет стилінде екені
белгілі. Кез келген суреткер дҽстҥрлі эпитеттерді еркін пайдаланады жҽне
оларды дерлік образдылық элемент ретінде жҧмсайды.Эпитет қай стильде
кездессе де екі мақсатта қолданылады. Біріншісі анықталатын мҥше ретінде,
екіншісі кҿркемдік бейнелі мағынада қолданылады. Публицистикалық стильде
эпитет ҿзінің тура мағынасында келіп ҿзімен тіркескен сҿзді анықтап белгілі
образ ҥшін алынып жҧмсалады. Олар тҧрақты тавтологиялық эпитеттер болып
саналғандықтан дайын тілдік бірліктер ретінде жҧмсалады. Публицистикалық
стиль
қоғамдық
ҿмірінің
сан
алуан
мҽселелерін
қамтитындықтан,
дҥниетанымдық-философиялық кҿзқарастар туралы ой-толғам, пікір, сҧхбат
сияқты тақырыптар негізгі мҽселе болғандықтан, оның тілдік жҥйесінде дерексіз
ҧғымдарды білдіретін сҿздер кҿп кездеседі. Сондықтан кейбір ҧғым атауларын
тҥрлендіріп айту ҥшін эпитетті сҿздерді жиі қолданылатын тҽсілдер болып
табылады. Мысалы:
Балтағожин, жарықтық, шағын ғана Достарыңызбен бөлісу: |