Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет161/204
Дата24.09.2024
өлшемі9,29 Mb.
#145421
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   204
Байланысты:
qazirgi zamangy bilim juiesi tendensialar innovasialar tehnologialar 2024

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.
Бастауыш білім беру деңгейінің 2-4-сыныптарына арналған "Қазақ тілі" пәнінен 
үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде) Қазақстан Республикасы Білім және 
ғылым министрінің 2018 жылғы 10 мамырдағы № 199 бұйрығына 12-қосымша 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 
115 бұйрығына 187-қосымша. 
2.
Мендаяхова Қ. Ауыз әдебиеті арқылы байланыстырып сөйлеуге үйретудің 
әдістемесі [Электрондық ресурс] : оқу-әдістемелік құрал / Қ. Мендаяхова. - Алматы 
: Отан, 2015. - 60 б. 
3.
Әбенбаев С.Ш.,. Құдиярова А.М, Әбиев Ж.Ә. Педагогика. -А., 2003. 


494 
ҚАРАПАЙЫМ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ТҮСІНІКТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
ДИАГНОСТИКАСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕЛІК ЖЕТЕКШІЛІГІ 
Муратова Нурбике Муратовна 
№4 «Балдырған» бөбекжай- бақшасы 
Ғылыми жетекші: Кадырова Айгуль Еркиновна 
Аннотация. 
Обеспечивается системность и целостность, эффективность учебно- 
воспитательного процесса, когда создаются элементы вычислительной деятельности, 
способы решения арифметических задач на основе государственных дошкольных программ 
воспитания детей дошкольного возраста. 
Ключевые слова: 
исчисление, математическая грамотность, пространство, содержание 
понятия. 
Abstract
. It ensures the consistency and integrity, the effectiveness of the educational 
process, when elements of computational activity are created, ways to solve arithmetic problems 
based on state preschool programs for the education of preschool children. 
Keywords: 
calculus, mathematical literacy, space, concept content. 
«Балалар бақшасында педагогтың міндеті, бір жағынан, балалардың алған 
білімдерін жүйеге келтіру және бұдан бұрынғы бүкіл тәрбиелеу және оқыту 
жұмысы нәтнжесінде балалардың жалпы өсіп жетілу дәрежесін зерттеу болса, 
екінші жағынан, баланың жеке басын қайта қалыптастыруды талап ететін, 
балаларды психологиялық жағынан дайындау болып табылады. Осы кезеңде 
балалардың сана-сезімі мен мінез-құлқында болашақ оқушының өзінің оқуына, 
өз тәртібіне жауапкершілігін түсінетіндей өзгеріс болуы керек. 
Сана әрбір жеке функцияның дамуында болып жататын жеке бір 
өзгерістердің қосындысы ретінде дамымай, өзінің ішкі құрылысы мен 
бөліктерінің байланысын әрбір жаңа кезеңде өзгерте отырып, бүтін бір нәрсе 
ретінде дамиды. Сананың дамуындағы әрбір функционалдық бөліктің тағдыры 
бүтіннің өзгерісіне байланысты болады, бірақ керісінше емес, деп жазды 
Л.С.Выготский, сананың мұндай функционалдық өзгерісі жеке адамның 
дамуындағы басты және ең елеулі нәрсе болып табылады». 
Берілген сандар арасындағы, сондай-ақ деректер мен ізделгендер 
арасындағы байланыстар көрсетіледі. Байланыстар арифметикалық әрекетті 
таңдауды анықтайды. Осы байланыстарды орната отырып, бала арифметикалық 
әрекеттердің мағынасын және «қосу», «азайту», «алу», «қалады»ұғымдарының 
мағынасын оңай түсінеді. 
Орта ғасырдағы шығыс ойшылдары Әбу-насыр Әл –Фараби, Әбуғали 
Ибн-Сина және т.б. балаларды тәрбиелеу барысында, олардың білімге 
қызығушылығын қалыптастырудың әдіс-жолдарын қарастырған. 
Е.И. Тихеева «Мектеп жасына дейінгі балаларды есептеуге үйретуге 
болмайды-деп жазды ол, бірақ дені сау бала алғашқы ондықты жеті жасқа 
дейін-ақ біліп алады. Ол осы жасқа лайықты, барлық сандық түсініктерді,өзі 
өмір сүріп жүрген ортадан алуы керек. Ол ойнап жүріп, жұмыс істей жүріп, 
өмір сүре отырып, егер бізден ересектер, мұндайда анық жет елеусіз 


495 
жәрдемшісі, оның жетекшісі болсақ, өз бетімен есептеуге міндетті түрде 
үйреніп отырады» 
Балалар бақшасында балаларға математикалық білім беру методикасын 
жасауда үлкен роль атқарған Ф.Н.Блехер. Оның «Балалар бақшасы мен нөлінші 
топтағы математика» деген кітабы есеп бойынша балалар бақшасына арналған 
бірінші оқу құралы және бағдарлама болды. 
Мектепке дейінгі балаларға есептеу және есеп туралы ұғымды оқытуда 
ойындар, көрнекіліктердің алатын орны ерекше. 
Топта есептеу бүтін затты тең бөліктерге бөлуге, сандарды жеке – жеке 
топтауға үйретуге балалардың ой - өрісін дамытуда алатын орны ерекше. Бүтін 
затты тең бөліктерге бөлуде балаларға тапсырмалар немесе ойындар, 
жұмбақтар, сұрақ – жауаптар арқылы жүргізуге болады. Мысалы, Асанда 6 
алма бар еді, ол Үсенге қолындағы алмасының екеуін берді. Сонда Асанда 
қанша алма қалды. (4) Стол үстінде 9 карандаш жатыр. Оны үш балаға теңдей 
бөлу керек. Сонда қаншадан тиеді. (3) деген сұрақтар қоюға болады. Жанып 
тұрған 4 майшамның екеуі сөніп қалды. Сонда неше майшам қалды? (2) 
Қолымда 5 алма, табақта 2 алма, қосқанда барлығы қанша алма? (7) Осындай 
жұмбақтар жасыруға болады. 
Мектепке дейінгі балаларға есептеу және есеп туралы ұғымды оқытуда 
есеп құрастыру және оны шығару сабағында балаларға суретті пайдаланып 
төмендегідей есептерді шығаруға болады. 
Математика сабағы балалардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін, 
интеллекттісін қалыптастырып дамытуды, математикалық тілдің элементтерін 
меңгеруді, «математикалық сауаттандыруды» басты мақсат етіп қояды. Осыдан 
қарапайым 
математиканы 
оқытудың 
мынандай 
мақсаттарға 
жетуді 
көздейтіндігі туындайды: 
Бағдарлама талаптарына сай мөлшер мен деңгейде білім, білік және 
дағдыларды игеру; 
-
баланың ақыл-ойының математикалық стилін, интеллектуалдық және 
ерік пен сезімге қатысты сапаларын дамыта түсу; 
-
меңгерген қарапайым математикалық білімдерін өмірде қолдануға жан- 
жақты дайындауды жүзеге асыру; 
Математика сабақтарында шығармашылық тапсырмаларды шешуге 
ерекше мән беріледі. Өйткені мұнда шығармашылық тапсырмалар өзінің 
мазмұнымен балалардың логикалық ойлауын және сөйлеуін дамытуға ықпал 
етіп, өз ойларын қысқаша әрі түсінікті етіп жеткізуге тәрбиелейді. 
Бастауыш мектепте оқушыларды оқытуда балаларың ақыл-ой 
белсенділігін жан-жақты етіп көрсететін, шығармашылық қабілеттерін 
дамытып отыруда оларды қызықтыратындай тапсырмалардың алатын 
орныерекше. 
Қызықты тапсырмаларды орындауда мектепке дейінгі балалардың өз 
бетімен жұмыс жасай білуін дамыту, танымдық қызығушылығын арттыру 
қазіргі кезде еліміздегі оқыту әдістерінің ең бір өзекті проблемасына айналды: 
а) бақылау арқылы әртүрлі белгілеріне (түсіне, пішініне, мөлшеріне) 
қарай ажырата алу білігі төмендегі: «бірдей», «пішіндері әртүрлі»тіркестерін, 


496 
сондай-ақ «ұзын-қысқа», «жуан-жіңішке», «кең-тар», «биік-аласа», «үлкен- 
кіші», «жоғары-төмен», «ең ұзын- ең қысқа», т.б. ұғымдарын игеру жүзеге 
асырылады; «Тез фигура құрастыр», «Не өзгерді?», «Екі бірдей фигураны тап», 
«Қандай?», «Геометриялық лото» сияқты балалар ойындарын қолдануға 
болады. Таратылатын материалмен (санау матер-иалдары мен қағаз парақтары) 
жұмыс: жолақшаларды (ұзындығы және ені бойынша) салыстыру; 
ә) кеңістік түсініктерді қалып-тастыру: жоғары, төмен, жоғарыда, 
төменде, сол жақта, оң жақта, солдан оңға қарай, алдында, артында, арасында, 
жанында, жоғары жақтан, төмен жақтан, ішінде, артынан, алдынан және т.б. 
б) уақыт жайлы түсінікті анықтау: ерте, кеш, алдымен, содан соң, одан 
соң, басында, соңында, таңертен, түсте, кешке, күндіз, түнде және т.б. Циклдік 
уақыт ұғымдарын бекіту: тәулік өзгеру (кеше, алдыңғы күні, бүгін, ертең, 
бүрсігүні) және жыл мезгілдерін (қыс, көктем, күз, жаз), сондай-ақ тәулік 
бөліктері (таңертен, күндіз, кеш, түн). Уақыт түсініктерін бейнелейтін 
«Бауырсақ», «Үйшік», «Шалқан», ертегілерін және «сиқырлы терезе» ойынын 
қолдануға болады. Оқулықпен жұмыс: уақыт аралығы жайындағы түсінік 
қоршаған ортада болатын қандай да бір мысалды келтіру барысында 
қалыптастырылады. Мысалы, өсімдіктің тұқымын себу, оның көктеуі, өсуі, 
гүлдеуі, және жеміс беруі немесе оқушының күн тәртібі. 
Математикалық ұғымдарды оқытудың мазмұны мен әдіс-тәсілдерін 
анықтаудың теориялық жағымен бірге практикалық та маңызы бар. Қазіргі 
ғылым мен мәдениеттің өркендеген кезінде, әсіресе математика ғылымының 
дамуы барысында оқушыларды математика ұғымдарын оқумен бірге өзінің 
ойын жеткізе білуге, оқыған математикалық ұғымдарды дұрыс тани біліп, 
қолдана алуға баулудың маңызды айрықша екендігі белгілі. 
Сондықтан балаларды математикалық ұғымдарды біліп қана қоймай, 
оның қолдану ерекшеліктерін тани алуға, оларды практикалық жұмыстарында 
қолдана алуға үйрету қажеттігі келіп туады. 
Нумерацияны оқып үйренгенде оқушылар мыналарды оқып меңгеріп 
алулары керек: 
-
біріншіден, санағанда әрбір сан алдыңғы санмен бірліктен, сондай-ақ 
сан мен бірліктен, қалай жасалатынын; 
-
екіншіден, әрбір сан қалай аталады және ол баспа және жазба цифрмен 
қалай белгіленетінін; 
-
үшіншіден, әр сан санағанда тікелей өзінің алдында тұрған саннан 
қанша үлкен және тікелей өзіне кейінгі саннан қанша кіші болатынын; 
-
төртіншіден, 1-ден 10-ға дейінгі сандар қатарында қандай орында 
тұратынын, оны санағанда қай саннан кейін және қай саннан бұрын айтатынын. 
Осыларды ұғынып біліп алу оқушыны сан ұғымын саналы түрде түсінуді 
жаңа сатыға көтереді; санды олар жеке өзін емес басқа сандармен өзара 
байланысты қарастырады, балалардың санның натурал қатары жөнінде түсінігі 
қалаытаса бастайды. 
Математикалық сауаттылықты қалыптастыра отырып, оның қырсырын 
толығымен 
түсіндіре 
жалпылау. 
Соған 
байланысты 
математикалық 
сауаттылықтың ең дұрыс та нақты айтылу мен жазылуын еске отырып, 


497 
математикалық ұғымдарға толығымен көңіл бөлу.Математикалық ұғым – мәнді 
белгілері көрсетілген пән, құбылыс туралы логикалық өрнектелеген ой. 
Оқытылатын ғылымның ұғымдарын игеру оқытудың негізін құрайды. 
Математикалық ұғым – біздің ойлауымызда шындықтың белгілі бір түрлері мен 
қатынастарының көрінісі болады. Ұғым ақиқат нәрсенің жалпы және елеулі 
белгілерін ғана бейнелейді. Егер олар болмысты шын бейнелейтін болса, онда 
ол үнемі дұрыс болады. Ұғымдардың анықтамасын берудің неғұрлым тиімді 
тәсілдерінің бірі – түрлік ерекшеліктері мен анықталатын ұғым түр есебінде 
енетін тегі көрсетіледі. Бұл тәсілдің схемалық түрі: анықталатын ұғым – түрлік 
ерекшелігі – тегі. Мысалы: Ромб (анықталатын ұғым) дегеніміз барлық 
қабырғалары тең (түрлік ерекшеліктері) параллелограмм (тек). Математикалық 
ұғымның мазмұны мен көлемі болады. 
Ұғым мазмұны – нәрселердің ұғым қамтитын елеулі белгілерінің 
жиынтығы.Ұғым көлемі – нәрселердің осы ұғым тарайтын жиынтығы. Мысалы: 
«Үшбұ-рыш» ұғымының мазмұны үш қабырға, үш төбе және үш бұрыш, ал көлемі 
«барлық мүмкін болатын үшбұрыштардың» жиыны. Математикалық ұғымдарды 
қарастыра отырып олардың ерекшеліктерін ескере отырып, математикалық 
сауаттылық ұғымдарды дұрыс ажырата білулерімен тығыз байланысты. 
Мектеп жасына дейінгі балаларға математикалық ұғымдармен және 
заңдылықтармен таныстыруда көбінесе ол мақсат үшін жиындарға операциялар 
қолдануды 
және 
сәйкес 
арифметикалық 
жазуларды 
пайдаланады. 
Арифметикалық ұғымдарды оқытып-үйрету есептердің жаңа түрлерін (қосу 
мен азайту амалдарының мән-мағынасын ашу; белгісіз қосылғыштарды, 
белгісіз азайғышты, белгісіз азайтқышты табу, т.б.) шығарумен байланысты. 
Математиканың мектепке дейінгі балаларға ұқсас мәселелер бар (мысалы, 
қосудың ауыстырымдылық қасиеті мен көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті) 
және қарама-қарсы мәселелер бар (мысалы, қосу мен азайту). Бұрын оқып 
үйренген материалға ұқсас материалмен таныстырғанда елерліктей ұқсас 
жақтарын айырып көрсете отырып, жаңа материалды оған ұқсас материал-мен 
таныстыру, яғни жаңа материалды ұқсас м а т ериалмен салғастыра айқындап 
ашуға болатындай етіп таңдап алу керек. Қарама-қарсы ұғымдарды айқындап 
ашуда жаттығуларды қарама-қарсы қою әдісін пайдалануға, яғни елеулі 
айырманы бөліп көрсетуге болатындай етіп, таңдап алу керек. Жалғастыру 
және қарсы қойып салыстыру әдістері қалыптастырылатын білімнің дұрыс 
қорытындылануына, шатастырылмауына көмектеседі. 
Сонымен, балаларды жаңа теориялық материалмен таныстырғанда 
(ұғымдарды енгізе отырып, қасиеттерді, байланыстарды айқындап аша отырып 
т. с. с.) мұғалім балаларды жаттығулар жүйесі арқылы жалпы тұжырым жасауға 
келтіреді. Жалпы қорытынды сөзбен айтылады: оқушылар тиісті қорытындыны 
тұжырымдап айтады, оқушылардың өздері қорытындыны тұжырымдап 
беруінің маңызы бар. Сонда мұғалім балалардың өздерінің бір тұжырымға 
келгендігін көреді. Онша жатық емес тұжырымдамалардан қорқудың керегі 
жоқ. Бірте-бірте тәрбиешінің басшылығымен келесі басқышта алған білімдерін 
қолдану процесінде тұжырымдамалар тиісті түрге келеді. 


498 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет