Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік конференцияның ЕҢбектері



Pdf көрінісі
бет30/53
Дата24.03.2017
өлшемі5,62 Mb.
#10256
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   53

 
Әдебиеттер  
1.
 
Жизнь  и  деятельность  представителей  казахской  национальной  интеллигенций  в  Туркестане  (Сборник 
документов и материалов). Часть І. Шымкент, 2004,- 178-стр. 
2.
 
Тҧрар 
Рысқҧловтың 
110 
жылдығына 
арналған 
халықаралық 
ғылыми 
конференцияның 
материалдары//Тҥркістан: «ХҚТУ» баспасы, 2005, -272 бет. 
3.
 
ЦГА Узр, ф.Р-34, оп.1, д 2119, л.15. 
4.
 
Ауэзова В. Первые годы //кітапта: М.Ауэзов в воспоминаниях современников. Алматы: «Жазушы», 1997, -
432 стр. 
5.
 
Мҧқажанова Р. М.О.Әуезов және Семей. Алматы: «Дарын», 2004, -196    бет. 
6.
 
Әуезов М. Халық әдебиеті туралы// Жас қайрат, 1924, №3,4. 
7.
 
Әуезов М. Әдебиет ескілігін жинаушыларға// Қазақ тілі, 1925, 23-кӛкек. 
8.
 
Нҧрғали Р. Әуезов және алаш. Алматы: «Санат», 1997, -432 бет. 
ҚАЗАҚ ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ САЛТ-ДӘСТҤРЛЕРІ МЕН ӘДЕП-ҒҦРЫПТАРЫ 
 
Қосанбаев Қ.  
М. Әуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент, Қазақстан  
 
Резюме 
Обычаи и традиции в философии казахских степей 
 
Summary 
Customs and traditions in the philosophy of the Kazakh steppes 
 
Тегінде  қазақ  халқы-әдемілікке,  сҧлулыққа,  сӛзге,  шешендік  ӛнерге  жаны  қҧмар  халық.  Сӛз  мәйегі 
саналатын  мақал-мәтелдердің  қадым  заманнан  қаймағы  бҧзылмай  есен-сау  жетіп,  бҥгінгі  ҧрпақтың  асыл 
мҧрасына айналуының ӛзі «кҥн сӛнгенше сӛнбейтін» жаратылысы мен болмыс-бітімі бӛлек, тәубешіл һәмм 
тәңіршіл  халқымыздың  бекзаттығынан  хабар  берсе  керек-ті».  «Тҥгел  сӛздің  тҥп  атасын»  Майқы  биден 
тарататын  дана  халқымыз  «артық  сӛздің  қадірімізді  алатындығын»  жайдан-жай  айтпаған  болар.  Демек, 
тәрбиенің  тҥп  –  тамырын  дала  философиясына  негіздеген  ата  бабаларымыз  сӛзге  де  ерекше  мән  беріп, 
даналық қасиеттерді жастардың бойына сыналай сіңіріп, тәрбиелеп отырған. 
Адам  болмысына  қазақтың  даналығын  дарытып  әдептілікке,  имандылыққа,  ҧлтжандылыққа 
тәрбиелеу басты орында болды. 
«Жҥзден біреу шешен, мыңнан біреу кӛсем» дейтін «қарға тамырлы» қазақтың тамаша тәмсілінен сӛз 
қадірін  ҧғынуда,  шешендікті  бағалауда  ҥлкен  талғам  болғандығын  аңғаруға  болады.  Шындығында, 
халқымыздың салт-дәстҥрі мен әдет-ғҧрпы, тіл мәдениеті мен шешендік ӛнері дала философиясының, яғни 
даналыққа қҧштарлықтың негізі болды. 
Ҧл мен қыздың мінезі қандай болуы  тиіс  дегенге  де  халық мақалы  тҧжырымды  нҧсқау берген.  «Ақ 
жҥрген адам азбас», «Аққа қҧдай жақ» деген мақалдың ӛзі халқымыздың адамгершілікті, ар-ҧятты, иманды 
бәрінен  жоғары  қоя  білгендігінен  болса  керекті.  Расында  да  бҧл  принциптер  мен  сан  ғасырлар  бойы 

164 
 
ҧлтымыздың  санасына  сіңіп,  «балталаса  да  бҧылмастай»  болған  бҧл  байландар  халықтың  болашағын 
меңзейтін даналықтың кӛзі екендігі даусыз. 
Дала философиясында ерекше орын алатын «Адам аласы ішінде, мал аласы сыртында» деген нақыл 
сӛздің ӛзінен-ақ кӛпшілік ортада ӛзін-ӛзі ҧстаудың ережелері мен жӛн-жосықтары болмысымыздың ӛзегіне 
айналғанын байқауға болады. 
«Қоғамдық  болмыс  қоғамдық  сапаны  белгілейді»  -  дейді  К.Маркс.  Дархандығы  мен  даналығы 
астасып  жатқан  ӛзіндік  болмысымен  бҥтін  бӛлек  ерекшеленетін  қазақ  халқының  бай  рухани  мҧрасы 
жаһандану дәуіріндегі ақпараттық майданда басты қорғаныш қҧралына айналуы  тиіс. «Кісі болар баланың 
кесесінен  белгілі,  ат  болатын  қҧлынның  мҥшесінен  белгілі»,  «Кісі  болар  баланың  кісіменен  ісі    бар,  кіс 
болмас баланың кісімен ел несі бар», «Болар бала он бесінде баспындер», «жақсы адам – ел ырысы», «Ырыс 
алды  -  ынтымақ»,  «Бірлік  болмай,  тірлік  болмас»  деген  мақалдарда  татулық  пен  ізгілікті  ту  еткен, 
тыныштық  пен  бейбітшілікті  сақтаудыкӛздейтін,  «қой  ҥстіне  бозторғай  жҧмыртқалайтын  заманды» 
аңсайтын,  Жерҧйығын  бәрінен  жоғары  қоятын халқымыздың философиялық  белгілі бір шеңберде шектеп, 
реттеп  отыратын  әдет-ғҧрыптар,  дәстҥрлі  салт-санадан  бӛлек  ырымдар  жҥйесінде  ӛз  міндетін  атқарып 
отырған. 
Философия  ғылымдарының  докторы,  профессор  Бейсенов  Қ.Ш.  ӛзінің  философия  тарихы  атты 
еңбегінде  қазақтың  ырымдарына  сілтеме  жасаған.  Таңдай  жеген  бала  шешен  болар.  Ҧршықтың  жібі  ҥзіле 
берсе, ҧзатылған қыз келеді. 
Таңертеңгі дастарханнан дәм татпағанды жҧбайы тастап кетеді. 
Адамның алақаны қышыса, олжа келер. 
Оң қабақтың тартуы – қуаныш, сол қабақтың тартуы – ӛкініш. 
Оң қҧлақ шуласа – жақсы, сол қҧлақ шуласа – жағымсыз хабар жетер. 
Ҥйіңе қарлығаш ҧя салған адамның дәулеті артады. 
Тілін тістесе, ҥйге ашыққан қонақ келеді. 
Тҥсінде пышақ ҧстаған адам ҧлды болады. 
Тҥсінде ӛлген адам ҧзақ ӛмір жасайды. 
Ӛз  кезегінде  ырымдар  жҥйесі  адамдардың,  жас  ҧрпақтың  тәрбие  ісіне,  мінез  –  қҧлқын 
қалыптастыруда  зор  ықпал  жасайды.  Мысалы,  «Отқа  тҥкірме»,  «Кҥлді  шашпа»,  «Ысқырма»,  «Кӛк  шӛпті 
жҧлма»,  «Бҧлақтың  кӛзін  аш»,  «Ымыртта  суға  барма»,  «Малды  басқа  ҧрма»,  «Қасқырдың  атын  атама», 
«Ҥйге  кірген  жыланды  ӛлтірме»,  «Беліңді  таянба»,  «Босағаны  керме»  сияқты  тиым  салу  жоралғылары 
ырымдар жҥйесін қҧрайды [1]. 
Дала  философиясының негізгі  мәселелерінің біріне  кісілік  пен әдептілікті айқындау  жатады.  Жақсы 
адам  –  рухани  адам.  Ақылды  адам,  ӛзіндік  ойы,  ӛзіндік  мақсаты,  ӛзіндік  бағыты  бар  адам  кез  келгеннің 
жетегіне еріп кетпейді. Сондықтан жоғарыда тілге тиек етілген ырымдардан адам болу ҥшін қайда жҥрсе де 
ӛзін  тізгіндеп  ҧстауды  ҥйренуі  керектігін  тҥйсінеміз.  Жақсы  адам  ата  салтын,  ата  дәстҥрін  ардақ  тҧтқан 
адам, ылғи да жеке басымен қоса отбасының да берекесін ойлап жҥреді. Бақытты болу, асыл мҧратқа жету 
жақсы  қасиеттерсіз  жҥзеге  аспайды.  Кісі  –  ӛз  бақытының  қожасы.  Ақылдылық  ашумен  бірге  жҥрмейді. 
Міне, дала философиясы осыны меңзейді [2]. 
Дала философиясы, ҧлттық әдеп жҥйесі сонау кӛшпелілер мәдениетінен нәр алады. Ол қазіргі заман 
талаптарына  сәйкес  жаңара  тҥскенімен,  бастапқы  негізін  сақтап  келеді.  Қазақ  халқы  –  ақын  халық.  Қазақ 
халқы  –  шешен  халық.  Оның  қиыннан  қиыстыра,  тӛтеннен  тӛге  сӛйлейтін,  тапқыр  да  ақылды,  бейнелі  де 
бедерлі,  аталы  да  баталы,  нақыл  қанатты  ойлары  жӛнінде  ӛзіміз  де  ӛзгелер  де  бҥгінгі  кҥнде  таңдай  қаға 
айтудамыз. Расында да, біздің халық ӛзінің от ауызды, орақ тілді, қара қылды қақ жара әділ билік айтатын 
шешен–билерін  ханнан  бетер  қадірлеп,  сыйлап,  олардың  айтқан  кесімді,  бітімді  сӛздерін  жадында  сақтап 
келген.  «Тӛле  би  былай  депті»,  «Қаз  дауысты  Қазыбек  би  айтыпты»,  «Әйтеке  би  айтқан  сӛз  екен»  деп 
ауыздарынан тастамаған. Әсілі қазақтай сӛзге шебер, тҧспалдап айтуға шебер халық жер бетінде аз шығар... 
Жҧмбақтап  қисынды  сӛйлесу  қазақ  даласында  кең  тараған;  ...Бірде  Қазыбек  пен  Тӛле  би  тҧспалдап 
сӛйлескен екен. 
– Алысыңыз қандай? – деп сҧрапты Қазыбек би. 
– Алысым жақсы болды. 
– Тәттінің қандай болды? 
– Тәттім шырын болды. 
– Ниетіңіз қандай?  
– Шҥкір, несием ӛніп жатыр. 
 
Қазыбек  ауылына  келген  соң,  әкесі  оның  қасына  ерген  серіктерінен:  «Балам  Тӛле  бимен  не  деп 
сӛйлесті»  деп  сҧрағанында:  Екеуі  былай  десіп  әңгімелесті,  бірақ  мәнісіне  тҥсіне  алмадық,  –деседі  олар. 
«Олары несі екен» – деп қарт әке де тҥкке тҥсінбей таң қалады. Сонда жҧмбақ сырды Қазыбектің ӛзі айтып 
береді. 
– Тӛкеңнің «алысым жақын болды» дегені – қос жанарын айтқаны. 
«Тәттім шырын болды» дегені – ҧйқысының қашқанын білдіргені. 
«Шҥкір,  несием  ӛніп  жатыр»  дегені  –  балаларының  жақсы  бағып,  жақсы  кҥтіп  отырғанын 
тҥсіндіргені», дейді [3]. 

165 
 
Шешендік ӛнерін, дала философиясын біз қазір де жоғары бағалаймыз. Қазіргі жаңа ӛмірімізде оның 
мәніде  артып  отыр.  Сондай–ақ,  бҥгінгі  кҥні  бҧрынғы  қасау  идеология  шырмауынан  арылған,  шынайы 
ҧлттық қҧндылықтар мен ҧлы мҧраттарды қастерлейтін, дала  философиясын дәріптейтін, ата салтын ардақ 
тҧтатын тҧтас бір жаңа толқын ӛсіп жетілді. 
Қазақ халқының ӛз алдындағы ҧлттық санасы мен дҥниетанымы жаңарып, ӛзін–ӛзі тану, ӛзін басқаға 
таныту,  ӛзінің  бай  ежелден  қалыптасқан  тарихы  мен  ҧлттық  дәстҥрлерін  қҧрметтеу,  ҧлы  тҧлғалары  мен 
ойшылдарын  бҥкіл  дҥниеге  таныту,  бай  рухани  және  мәдени  қазынасын  әлемдік  ӛркениетпен  ҧластыру 
міндетін  біртін–біртін  жҥзеге  асыру  ҥстінде.  Егеменді  елдің  іргесінің  берік  болуы  ҥшін,  ел  еңсесін  
биіктетуде, ҧлт рухын  кӛтеруде бабалар аманатының, дала философиясының берері, тағылымы кӛп–ақ. 
Қорыта айтқанда,дала философиясы, тәлім–тәрбиенің екі жақты ӛнері, кӛп қырлы, кӛңілге сындарлы 
тәсілдерді ӛрнектеудің мектебі. 
 
Әдебиеттер 
1.
 
Бейсенов Қ.Ш. Философия тарихы. Шымкент 2005, 371б. 
2.
 
Ә.Нысанбаев, Ж.Молдабеков Қазақ халқының философиялық мҧрасы. Том 9. Астана 2007, 400 бет. 
3.
 
Қазақтың би –шешендері, Алматы 1993, 225б. 
 
 
ӘОЖ 630*721. 
 
БІРІҢҒАЙ ЕУРОПАЛЫҚ ІШКІ НАРЫҚ ПЕН ЕУРОПАЛЫҚ ВАЛЮТАЛЫҚ ОДАҚ 
ҚҦРЫЛУ ҤРДІСІНДЕГІ ГЕРМАНИЯНЫҢ РӚЛІ 
 
Мажинбеков С.А., Кӛбей Ғ. 
М. Әуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент, Қазақстан 
 
Резюме 
В данной статье рассматривается роль Германии в процессе создания Европейского валютного союза и 
внутренного рынка единой Европы. 
Summary 
In  given  article  considered  the  role  of  Germany  in  the  creation  process  of  the  European  currency  union  and 
interior market union of Europe. 
 
Бірегей Еуропалық кеңестік, адамдардың қҧрлық территориясы бойынша еркін жҥріп  – тҧру идеясы 
бҧрыннан айтылып жҥрген болатын. Ол жоғары да тӛменде де қолдау тапқан. Бҧл идеяға тарихи жағдайлар 
да, еуропалық саяси конъюктура да қолайлы болды. Бірнеше онжылдықтар бойы елдердің ынтымақтастығы 
нығайып,  экономика,  сауда,  қорғаныс,  қауіпсіздік,  сыртқы  сауда  салаларында  интеграциялық  ҥрдістер 
дамып,  бҧл  тҥптен  келгенде  бірлескен  мәлімдемелерге,  шарттар  мен  шешімдерге,  ең  бастамасы  –  нақты 
істерге алып келеді. 
Шенген  шартының  тамыры  Бенилюкс  және  Герман  Федеративтік  Республикасы  елдері  кӛлік 
министрліктерінің  Нойшатада  1984  жылдың  31  мамырында  жасаған  шартымен  байланысып  жатыр.  1984 
жылдың  25  маусымында  Еурокеңес  Фонтеблода  Ынтымақтастықтың  ішкі  шекараларында  кедендік  және 
полицеилік  рәсімдері  алып  тастау  принципінде  келісті.  Осыдан  бір  ай  ӛткенде  Германияның  бҧрынғы 
канцлері  Гельмут  Кольдың  бастамасымен  Франция  мен  Германия  арасындағы  шекаралардағы  бақылауды 
алып тастау жӛніндегі Саарбюркен келісімі болды. Олардың ҥлгісі Бенилюкс елдерінде қолдау тауып, оның 
шеңберінде  ішкі  шекаралардағы  бақылауларда  жойылды.  Олар  Франциямен  және  Германиямен 
келіссӛздерге  кірісті.  Бҧл  бойынша  Еуропалық  ынтымақтастыққа  мҥше  болып  табылмайтын  елдердің 
азаматтарын  қоса  есептегенде,  барлық  адамдардың  жҥріп  –  тҧру  еркіндігін  толық  жҥзеге  асыру  мен  орын 
толтыру  шекараларының  бӛлінбес  байланысы  белгіленеді.  Мҧнымен  Еуропа  ынтымақтастығының  барлық 
елдері бірдей келіскен жоқ. Сондықтан Франция, Германия, Бельгия, Нидерланды және Люксембург ілгері 
келіп, ӛздері ҥшін осындай ереже жасады. 1985 жылдың 14 маусымында Люксембургтың Шенген қаласында 
ортақ шекараларда бақылауда кезең  – кезеңімен алып тастау жӛніндегі тиісті шартқа  қол қойылды. Ӛзінің 
сипаты  жағынан  саяси  болып  табылатын  қҧжаттың  33-бабы  ішкі  шекараларсыз  ортақ  кеңістік  идеясын 
жалпы тҥрде кӛрсетіп берді. 
Шенген  негізінен  қатысушы  мемлекеттердің  ҥкімет  аралық  келісімдеріне  және  1993-1999 
жылдардағы  нормативтік  –  қҧқықтық  актілерге  негізделген  Шенген  келісімінің  басшы  органы.  Атқару 
комитеті тҥріндегі саяси – заңдық жҥйе болып табылады. 
Шенген ережелері, Атқару комитетінің шешімдері мен мәлімдемелерінің тек оған қатысушы – елдер 
ҥшін ғана  кҥші  болды.  1992  жылы  Еуропа  Одағын қҧрған және  ынтымақтастықтың барлық салаларын ҥш 
тірек  мыналар:бірінші  –  Еуропалық  қауымдастық,  екінші  сыртқы  саясат  және  қауіпсіздік  саласындағы 
саясат, ҥшіншісі – баспана беру мен миграцияны қоса есептегендегі заң мен ішкі істер. Одақ ӛзінің бірнеше 
маңызды міндеттерін де ҧсынды. Олардың арасында ішкі шекараларсыз кеңістік қҧру жолымен әлеуметтік – 

166 
 
экономикалық  прогреске  еңбекпен  қамтудың  жоғары  дәрежесіне  қол  жеткізу,  экономикалық  және 
валюталық  одақ  қҧру,  халықаралық  аренада  Одақтың  ӛзіндік  бейнесін  қалыптастыру,  Одақ  азаматтығын 
енгізу  арқылы  азаматтардың  қҧқықтары  мен  мҥдделерін  қорғауды  кҥшейту,  еркіндік,  қауіпсіздік  және 
заңдылық  кеңістігі  ретінде  Одақты  сақтау  және  дамыту  мәселелері  бар.  Осы  мақсатта  адамдардың  еркін 
жҥріп – тҧруы шекараларда бақылау, баспана беру, иммиграция, қылмыстың алдына алу және онымен кҥрес 
шараларын  бірлікте  жҥргізілуі  қарастырылған.  Маастрихт  шарты  еуропалық  бірлестіктегі  ҥлкен  қадам 
болып, оны сапалық жағынан кҥшейте тҥсуге айтарлықтай ықпал етті. Сонымен қатар бҧл шарт бір жағынан 
бірінші,  екінші  жағынан  екінші  және  ҥшінші  тіректер  ҥшін  шешімдер  қабылдаудың  тҥрлі  механизмдерін 
енгізеді [1]. 
 Ішкі  және  сыртқы  саясат,  валюталық  экономикалық  одақ,  терроризмен  кҥрес  салаларындағы 
еуропалық интеграция эстафедесын  Амстердам шарты алады. Амстердам шартының заң және  ішкі істерге 
арналған  баптары  Еуропалық  Одақтың  қҧрылтай  шартына  барынша  тҥбегейлі  ӛзгерістер  жасады.  Бҧлар 
жалпы  халықаралық  саясат  және  қауіпсіздік  саясатымен  қатар  Еуропалық  Одақ  ҥшін  басымдыққа  ие 
болады. 
Еуропалық  Одақ  шеңберінде  тауар,  қызмет,  капитал  және  еңбек  кҥшінің  бірыңғай  ішкі  нарығы 
қҧрылды.  Бҧл  нарық  ортақ  экономикалық,  әлеуметтік,  қаржы,  валюталық  саясатты  кӛздеді.  Яғни,  сауда 
кедергілерін  жою  нәтижесінде  шығынды  азайтты.  Нарық  кӛлемін  ӛсіріп,  ӛнім  бәсекелестігін  жақсартты, 
ӛндіріс факторларын тиімді пайдалану ҥшін қолайлы жағдай жасады. Еуропалық интеграцияның Германия 
ҥшін  артықшылықтары  анық:  ЕО-тың  қҧрылу  кезінен  бастап  бҥкіл  дамуы  барысында  Германияның 
позициялары  халықаралық  аренада  тек  кҥшейе  берді.  Елдің  экономикасы  бҧрын-соңды  болмаған  жоғары 
қарқынмен  дамыды.  Германияның  ҧлттық  шаруашылығы  әлемде  ҥшінші  орынға  шықты.  Әрине, 
экономикалық  интеграцияны  әрі  қарай  жҥргізу  қҧралдары  ӛзгерді.  Маастрихт  келісім-шарты  жалпы 
нарықты  кеңейтумен  қатар  бірыңғай  ішкі  нарықтың  әлдеқайда  дамыған  сипатын  жасады.  Ҧлттық 
мемлекеттердің ӛзара қызмет тҥрін де ӛзгертті. Экономикалық саясатқа „ортақ саясат және қызмет― тҥсінігі 
қосылды.  Бҧл  саясаттың  жҥзеге  асырылатын  облыстар  саны  он  ҥштен  кем  болмады.  Атап  ӛтетін  жайт, 
экономикалық  интеграция  Маастрихттен  кейін  ӛте  кҥшті  қҧралға  ие  болды.  Бҧл  Экономикалық  және 
валюталық одақ еді.  
1999  жылдың  1  қаңтарынан  бастап,  ӛз  кезегіне  сәйкес,  ЕО  органдарындағы  координатор  қызметін 
атқара  бастады.  ГФР-ң  жаңа  ҥкіметі  басты  назарын  Еуропалық  интеграция  ҥрдісінің  кеңейтілу  мен 
тереңдетілуіне аударды. Сонымен қатар, ЕО демократизациясы мен Еуропарламент рӛлін кҥшейтуге ҥлкен 
кӛңіл бӛлді. 
Жаңа кабинет ГФР-ң интеграциялық саясатының негізіне келесі мәселелерді шешуді қарастырды: 
 
жҧмыссыздықпен кҥресу; 
 
еңбекпен қамтамасыз етудің еуропалық Пактісін қабылдау; 
ГФР ҥкіметінің приориттерінің қатарында: 
 
ортақ еуропалық валютаны енгізу
 
ЕО елдерінің экономикалық, қаржы және әлеуметтік саясатын реттеуді кҥшейту; 
 
салық, әлеуметтік және экологиялық салаларда міндеттейтін антидемпингтік нормаларды қабылдау 
болды [2]. 
Әсіресе, басты акцент Германияның еуропалық саясатта қоршаған ортаны қорғауда қамтамасыз 
етуіне байланысты қойылды. 
ГФР ЕО  бюджетіне  ең  кӛп  мӛлшерде тӛлем тӛлеуші.  Оның ҥлесіне  бҥкіл соманың ҥштен бір бӛлігі 
жатады, яғни басқа екі ірі мемлекеттің (Франция мен Ҧлыбритания) тӛлемдерін қоса санағанда тең келеді. 
Ал,  елдің  ішкі  айналымына  тҥсетін  қаражат  мӛлшері  ҥш  есе  аз.  Сондықтан,  ЕО-та  тӛрағалық  мерзімде 
герман  ҥкіметі  жаңа  қаржылық  ҥлестің  жасалуына  біршама  жӛндеулер  енгізіп,  ЕО  шеңберінде  қаржылық 
ауыртпалық мҥмкіндігінше теңестіруді кӛздеді. 
Германиядағы  ҥкімет ауысуы  және Еуропадағы  саяси  жағдайдың  жаңаруы ендігі  жерде,  Еуропалық 
әлеуметтік  саясат  және  жҧмыспен  қамтамасыз  ету  саласындағы  саясатты  жҥргізуге  мҥмкіндіктер  жасады. 
Жҧмыссыздықпен кҥрес, бҧдан былай, еуропалық шеңберде талқыланатын мәселе болды. 
Бірыңғай  ішкі  нарық  шеңберінде  1990ж.  бастап  1993ж.  дейін  ГФР  экономика  министрлігі  «Еуро-
фитнес» бағдарламасын дайындап шығарды. Оның міндеті кіші және орта кәсіпорындарға ЕО шеңберіндегі 
бірыңғай  ішкі  нарық  жағдайына    бейімделіп  кетуіне  кӛмектесу.  Бҧл  бағдарламаның  шеңберінде  салалық  
және  қҧрылымдық    зерттеулер  жҥргізуге  қаржы  бӛлу,  оның  ішінде,  кеңес  беру,  ақпараттық  кӛмек,  ҧсақ 
компанияларға  кӛрме  ҧйымдастыру  сияқты  шаралар  кӛзделді.    Сыртқы  сауда  палаталарының  эксперттері 
ҧсақ  және  орта  мекемелердің  басшыларын  басқа    батысеуропалық  фирмалармен    ынтымақтастығын 
нығайтуда  қолдау кӛрсетті. 
Бірынғай ішкі нарықты қҧрудағы жҧмыстың негізгі бағыттары: 
 
Кедендік  кедергілерді  жою.  ЕО  мҥше-мемлекет  арасындағы  кедендік  алымдар  жойылғаннан  соң 
тауар  қозғалысына  кедергі  болған  тек  кедендік  қҧжаттарды  толтыру  еді.  Бҧл  біршама  жеңілдетілген 
болатын. 1988 ж. 1 қаңтарында осыған дейін қолданылған 150 тҥрлі ҧлттық формулярдың орнына енгізілген 
Бірыңғай  әкімшілік  қҧжат  бҧл  қиын  ҥрдісті  біршама  жеңілдеткен  болатын.  Ал,  1993  ж.  1  қаңтарында  бҧл 
процедурада жойылды. Осыдан кейін ЕО мҥше-мемлекеттер арасында жҥк тасымалын тоқтататын ешқандай 

167 
 
кедергі  қалмады.  Бҧл  ЕО-  ның  бҥкіл  территориясында  ішкі  кедендік  шекараларды  жоқ  етуге  мҥмкіндік 
берді. 
 
Техникалық  кедргілерді  жою.  Тауар  ӛткізу  жолында  және  кедендік  одақ  қызметтерінде  басты 
кедергілердің  бірі  тҥрлі  ҧлттық  техникалық  стандарттар  еді.  Бҧл  стандарттар  ӛндірушілерді  бірқатар 
модификациялар  енгізуге  итерді.  Ӛндірушілерді  ӛз  ӛнімдерін  ЕО-ң  басқа  елдерінде  ӛткізу  ҥшін  оларға 
бірқатар  модификациялар  енгізуге  итермеледі,  ал  соның  нәтижесінде  ӛндіріс  шығындарын  ӛсті. 
Стандарттардың  ӛзара  айырмашылықтарының  есеп  алғанда  оларды  ЕО  бҥкіл  территориясында  жҥзеге 
асатынбіркелкі  нормалармен  ауыстыру  мҥмкін  емес  еді.  Сондықтан  Европалық  кауымдастық  бҧл 
проблеманы екі тҥрлі жолмен шешуді бастады: бірнеше негізі нормаларды сақтау шартымен) стандарттарды 
ӛзара  қабылдау;  қауымдастықтың  қауіпсіздік  және  денсаулық  сақтау  саласында  бірыңғай  талаптарына 
негізделген  ҧлттық  стандарттарды  прогрессті  тҥрде  жақындастыру.  Бҥкіл  ЕО  территориясында  сатыла 
алатын және тауардың барлық стандарттарға сәйкес екендігін білдіретін «СЕ» таңбасы енгізілді [3]. 
 
Фискальді  кедергілерді  жою.  Жанама  салық  салу  деңгейлеріндегі  айырмашылықтар,  оың  ішінде 
НДС, ЕС ішкі шекараларында тауар қозғалысы  басты  кедергі еді. Бҧл салада  да  тҥрлі ҧлттық режимдерге 
байланысты  ауыстыру  тәсілінің  орнына  жақындастыру  тәсілі  қолданылады.  Әсіресе  қиынға  соққаны  НДС 
деңгейлерін  жақындастыру  болды-бҧл  ҥрдіс  қазірге  дейін  созылды.  Акциздік  жинақтар  деңгейлерін 
жақындастыру  біршама  оңай  болды:  бірыңғай  нарық  шеңберінде  жинақтар  соңғы  кезеңде,  яғни  тауардың 
соңғы  тҧтынушыға  жеткенде  жиналатын.  Акциздік жинақтардың  унификациялануы  азаматтардың ЕО-ның 
бір елінен екінші еліне ӛткендегі пошлинасыз сауданы мәнін жойды. Сондықтан бҧл жҥйе 1999 ж. жойылып, 
ал пассажирлердің пошлинасыз тауарларды алу тек ЕО елдері мен ҥшінші елдер арасында сақталды. 
 
ЕО-ң басқа мҥше-мемлекеттерде жҧмыс істеу қҧқығы. ЕО мҥше-мемлекет азаматтары жҧмыс іздеу 
және жалданып жҧмысқа тҧру қҧқығы берілді және де олар еңбек ақысы, жҧмыс шарттары және кәсіподақ 
қҧқықтарымен тең қҧқылы болды.  
 
ЕО-ң басқа мҥше-мемлекеттерінде негізделу қҧқығы. Бос мамандыққа ие тҧлғалар ЕО-ң кез-келген 
мҥше-мемлекетінде  негізделуге  қҧқық  берілді.  ЕО-ң  бір  елінде  алынған  білім  алу  және  кәсіптік 
квалификациялану туралы қҧжаттар ЕО-ның кез-келген басқа мемлекетінде қабылдануға тиіс болды.   
 
Қаржылық нарық ашу және капиталдардың кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ету. 
 
Мемлекеттік  сатып  алу  қҧқықтарын  ашу.  «92  жобасын»  жҥзеге  асыру  барысында  Еуропалық 
комиссия ҧсынысымен әлеуметтік қамтамасыз ету, тҧрғын ҥй беру тәртібі, білім туралы дипломдарды ӛзара 
тану,  еңбек  шарттары,  денсаулық  қорғау  және  еңбек  қауіпсіздігіне  деген  талаптар  салаларында  ҧлттық 
заңдарды  жақындастыру  бағдарламалары  қабылданды.  Әлеуметтік  хартияны  қабылдау,  ал  кейіннен  оның 
негізгі бӛлімдерін негіз болатын келісім-шарттар мәтіндеріне қосудың ӛте зор маңызы болатын. 
Бірыңғай  ішкі  нарықты  қҧру  айтарлықтай  экономикалық  пайда  әкелуге  тиіс  еді.  Европалық 
комиссия  тапсырысымен  дайындалып,  1988  ж.  баспаға  шыққан  Чеккини  докладында  келесі  нәтижелер 
болжамдалды. 
 
ЖІӚК-4,5%-ға ӛсуі (200 млрд. экюге жуық). 
 
Жҧмыс орындарының 1,8 млн мен 5 млн.-арасында ӛсуі. 
 
Бағалардың тӛмендеуі (4,5% бен 6,1% арасында). 
 
Сауда балансының 1%-ға жақсаруы. 
 
Тҧтынушыларға тӛмен бағаға тауар ауқымын кеңейту мҥмкіндіктерін жасау [4].  
Баяндама    ғаламдану  әсерлері  мен  әлемдік  нарықтардағы  бәсекелестіктің  кҥшеюін,  БІН-ғы 
мемлекеттер, аймақтар және салаларға тең бӛлінбеген пайда мен циклдық тербелістерді есепке алмады. 
Соған қарамастан БІН-ты қҧрудағы артықшылықтар сыртқы экономикалық факторлардың кері әсерін 
қайтаруда  жеткіліксіз  болды.  90-жылдар  ЕО-ң  әлемдік  нарықтағы  бәсекелестікке  жарамдылығының 
кемуінің  және  тҧрақты  экономикалық  қҧлдырауының  кезеңі  еді.  Бірақ  та  сандық  экономикалық 
кӛрсеткіштер БІН-ң қҧрылуының тарихи маңыздылығын жоққа шығара алмайды: 
 
Жалпы заңдармен, институттармен және саясатпен кҥшейтілген кедендік одақтан жалпы нарыққа ӛту 
ҥрдісі  аяқталды.  Сол  арқылы  1957  ж.  Рим  келісім-шартымен  қойылған  барлық  мақсаттар  іске  асырылған 
болатын. 
 
Американдық  нарықтың  40%-ға  және  жапониялық  нарықтан  3  есе  ҥлкен,  әлемдегі  ең  ірі  нарық 
қҧрылған болатын. Әзір ол жеткілікті тҥрде біркелкі болмағанымен, белгілі бір жетістікке жеткен болатын 
және енді дамуы бір бағытта болады. БІН-тың консалидациялануы және нығаюы [3].  
Экономикалық  және  валюталық  одақтың  қҧрылуы.  1979ж.  13  наурызда  Батыс  герман  канцлері 
Гельмут Шмидт және француз президенті Валери Жискар д'Эстен ҧсынысымен Европалық валюталық жҥйе 
қҧрылып, батысеуропалық елдердің валюталық ынтымақтастығының жаңа кезеңі басталды. Оның негізінде 
экю  тҧрды  [5].  Ол  барлық  мҥше-мемлекеттердің  валютасының  ӛзіндік  бір  «қоржынын»  қҧрады.  Ҧлттық 
валюталардың  бағамының  ауытқуы  экюге  сҥйеніп  отырды.  Европалық  валюталық  жҥйе  13  жыл  бойы  ӛте 
сәтті қызмет атқарып келді. БІН-тың қҧрылуының аяқталу кезеңінде ендігі кезде бірте-бірте Экономикалық 
және валюталық одаққа ауысу кӛзделді. 
«1989  ж.  сәуірде  Экономикалық  және  валюталық  одақ  қҧрудың  дәл  осы  жоспары  ҧсынылды:  оны 
1989  ж.  Жак  Делордың  басқаруымен  ЕО  мҥше-елдерінің  орталық  банктерін  басқаратын  комитет  ҧсынды. 

168 
 
Делор жоспары 1989 ж. Мадрид саммитінде мақҧлданды. Сӛйтіп, 1990 ж. 1 шілдеде ЭВО-қа ӛтудің І-кезеңін 
бастау туралы шешім қабылданды» [6]. 
Экономикалық және валюталық одақ ӛз қызметін 1999 жылдың 1 қаңтарында бастады. Ол кезде оның 
қҧрамына  11  мемлекет  кіретін.  ЕО-дың  15  мемлекетінің  ішінде  тек  Ҧлыбритания,  Дания  мен  Швеция 
еуроны  енгізуден  бас  тартты.  Греция  конвергенция  критерийлеріне  толық  сәйкес  болмағандықтан,  бҧл 
Одаққа  кіре  алмады.  2001  жылдан  бері  Греция  Экономикалық  және  валюталық  одақтың  толыққанды  он  
екінші  мҥшесіне  айналды.  Экономикалық  және  валюталық  одақ  –  бҧл  ЕО-ның  экономикалық 
интеграциясын аяқтауға бағытталған қадам. 
Еуропалық  Экономикалық  және  валюталық  одақтың  тарихы  1968ж.  ҧсынылған  «Вернер 
жоспарынан»  бастау  алады.  Бҧл  жоспар  ЭВО-ты  қҧруға  бірте-бірте  бет  бҧру  болып  саналады.  1979ж. 
Еуропалық валюталық жҥйе енгізілді: ол қатысушы елдердің валюталары ҥшін тҧрақты айырбастау бағамын 
анықтады.  1989ж.  «Делор-жоспары»  және  1992ж.  Маастрихт  келісім-шартымен  Еуропалық  Экономикалық 
валюталық одақ пен ӛз валютасының қҧқықтық негізін салды. 
1990  жж.  аяғында  ЕО  шеңберінде  Германияның  алдына  қойған  мақсаты  –  жҧмыспен  қамтамасыз 
етуде  еңбек  пактісіне  қол  қою;  «Кҥн  тәртібі  2000»  сәйкес,  еуропалық  деңгейде  ауылшаруашылық 
саясатында  неміс  ҥкіметі  тҥбегейлі  ӛзгерістер  жақтаушысы  болды.  Германия  жҧмыс  орындарын  арттыру 
және  ӛмір  деңгейін  жақсартуда,  әр  адамға  ӛз  потенциалын  дамыту  ҥшін  мҥмкіндік  береді,  қоғамның 
әлеуметтік  бӛлінісі  мен  кедейшілікке  қарсы  кҥресуде,  экологиялық  тҧрақтылық  пен  болашақ  ҧрпақ  ҥшін 
жауапкершілікті  материалдық  прогресспен  ҥйлесімді  жҥргізу;  нашақорлық  пен  қылмыскерлік  сияқты 
қоғамның  біртҧтастығына  қауіп  тӛндіретін  проблемалармен  кҥресу;  және  Еуропаны  ең  тартымды  ҥлгіге 
айналдыру ГФР-ң  заман талабына сай міндеттері болып табылады.  
Германия  әлеуметтік  мемлекетті  жоюды  емес,  оны  ықшамды  модернизациялауды  кӛздейді. 
Сондықтан бҧл мақсаттың кейбір маңызды элементтерін қарастырып ӛтейік. 
Әлемдік  деңгейдегі  бағаға  бейімделу  неміс  шаруаларына  тиімсіз  болған  жерде,  Еуропалық  және 
қосымша  деңгейде  оларға  қаржылай  кӛмек  кӛрсетілді.  Ортақ  валюта  –  еуропалық  интеграция  жолындағы 
маңызды қадам болды. Алайда, ол одақтың тек қаңқасы ғана еді. 
Германия  шынайы  тәуелсіз  банкті  қҧру  арқылы  дамуға  жолын  кеңейте  отырып,  бірде-бір  рет  баға 
тҧрақтылығының  бағамынан  ауытқыған  жоқ.  Халық  шаруашылығының  жағынан  қарастырсақ,  ӛз  игілігін 
қамтамасыз етуде қаржы тәртібін кеңірек шеңберді ҧстану қажеттілігі туындады. Бҧл ел, ӛзіміз білетіндей, 
экспортқа тәуелді. Осылайша, Еуропалық валюталық тәртіп реформасы» оның ӛзінің ӛмірлік мҥддесіне сай 
болды.  Әсіресе  Германияның  қайта  бірігуінен  кейін,  оның  мҥдделері  кеңейе  тҥсті.  Ол  монетарлық, 
экономикалық,  саяси  жағынан  жалғыз  қала  алмады.  Екінші  жағынан,  бҧл  ел  бҥкіл  Еуропада  монетарлық 
тәртіпті  сақтап  отыру  ҥшін  ӛте  кішкентай  болды.  Бҧрыңғы  кезде  қақтығысқа  әкелетін  «жартылай 
гегемония» енді ӛзіндік бір артықшылыққа айналды. Осы тҧста, Германияда неміс маркасының стандартын 
тағы да бірталай уақытқа дейін сақтап отыруды армандады. 
Тек  алға  жҥруге  шешім  қабылдаған  Германия  саяси  басшылығының  тарихи  еңбегін  бҧл  жағдай  тек 
жағымды  жағынан  кӛрсетті.  Ал,  Бундесбанк  еуроның  техникалық  тҧжырымдамасын  және  еуро  жҥйесін 
дайындауда ӛзінің ҥлкен ҥлесін қосты. Сонымен қатар соңында қабылданған шешімдерге қатысты саясатқа 
деген сыйластығын білдірді.  
Еуро  мен  саясат  арасындағы  ӛзара  байланыстың  негізгі  аспектісін  келесі  сҧрақпен  айқындауға 
болады.  «Ортақ  еуропалық  валюта  ҥшін  жауапкершілікті  кім  алып  жҥреді?»  Оған  жауапкершілікті  Еуро-
жҥйесі  алып  жҥретіні  анық.  Маастрихт  келісім-шарты  бойынша  валюталық  мәселелер  баға  тҧрақтылығын 
қадағалап отыратын тәуелсіз мекеменің қҧзырлығында жатады. 
Бірақ  тәуелсіз  орталық  банктің  ақша  саясаты  ҥлкен  саясаттан  бӛлек  жҥре  алмайтындықтан  бҧл 
қҧзырлықты толық сипатқа ие деп атау  қиын. Еуроның енгізілуі іс  жҥзінде еуро  аумағының мемлекеттері 
арасындағы ӛзара тәуелділікті нығайта тҥсті.  
Еуро  –  бҧл ӛзінің ЖҦӚ-ң кӛлемі бойынша  екінші, ал сауда кӛлемі бойынша  әлемде бірінші  орынға 
шыққан  валюта.  Еуро  аумағы  осылайша  әлемдік  экономиканың  сәтті  жҥруінде  ҥлкен  жауапкершілікті  ӛз 
мойнына  артып  отыр.  Аталмыш  саладағы  саясат  пен  еуро  арасындағы  арақатынасқа  тән  ерекшелік  ӛзара 
байланысты екі себеппен анықталады.  
Нарықтық-экономиканың бәсекелестік дамуына ықпал ететін сенімді шаралар ӛнім ӛндіру нарығында 
және ашық саудада бәсекелестікке серпіліс  береді. Сол себептен, нарық кҥшін қамтамасыз ететін шеңберлік 
шарттар  экономикалық  жетістіктер  ҥшін  шешуші  маңызы  бар  және  еңбекпен  қамтамасыз  ету  саясатының 
алғышарты болып табылады. 
Еуропаның  басым  бӛлігінде  бҥгінгі  таңда  жҧмыссыздық    деңгейі  жоғарылап  кетті.  ЕО  әрі  қарай  да 
әлемдік  сауда  либерализациясының  шешуші  кҥші  ретінде  болуы  керек.  ЕО  ӛнім  ӛндіруінің  деңгейінің 
жоғарылауына кӛмектесетін шеңберлік шарттарды кҥшейтуде ішкі нарық жетістіктеріне сҥйенуі қажет. 
Тҧрақты  экономикалық  ӛсуге  кӛмек  кӛрсетуге  бағытталған  салық  саясаты.  Қазіргі  социал-
демократтар,  салық  реформалары  мен  салықты  тӛмендету  белгілі  бір  деңгейде  олардың  жоғары  қоғамдық 
мақсаттарын жҥзеге асыруда да септігін тигізетінін мойындайды.  
Осылайша,  коорпорациялардан  тҥсетін  салықтың  тӛмендетілуіне  инвестицияларды  тартатыны 
байқалды. Инвестициялардың ҧлғаюы, ӛз кезегінде, экономикалық қызметті кеңейтіп, ӛндіріс потенциалын 

169 
 
жоғарылатады. 
Еуропалық интеграция мен қатар жҥрген валюталық жҥйелердің әрі қарай даму ҥрдістерін қарастыра, 
осы тҧстағы Германияның рӛлін атап ӛткен жӛн. 
Еуропалық  Экономикалық  валюталық  одақ  –  ЕО  мҥше-мемлекеттері  ҥшін  қажет  қҧрамдас  бӛлік 
болып табылады. «Еуро бізге бағалар мен қызметтердің сәйкестенуіне қол жеткізуге кӛмектеседі»,-деп атап 
ӛтті канцлер Г.Шредер. Ол ӛзінің ҥкіметтік мәлімдемесінде «біз «еуроның» немісше сӛйлегенін емес, марка, 
франк және  шиллинг ӛз  еуропалық валюта  ретінде сезінгенін қалаймыз»  деді.  Қорытындылай келе  саясат, 
ақша және еуропалық интеграция арасындағы ӛзара тығыз байланыстың қаншалықты зор екенін атап ӛткен 
жӛн. Жалпы алғанда, еуро-экономикалық интеграция динамикасы туындатқан саяси ҥрдіс нәтижесі еуроның 
енгізілуі  ҧзақ  ҥрдістің  аяқталғанын  білдіріп  қана  қоймай,  сонымен  қатар  жаңа  ҥрдістердің  бастауы  бола 
алады. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет