Халықаралық патенттік классификациялау (хпк) туралы Страсбург келісімі, 1971ж



бет1/3
Дата29.12.2023
өлшемі20,17 Kb.
#144831
  1   2   3
Байланысты:
11 (1)


7 ШЫҒАРЫЛЫМДАРДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ПАТЕНТТІК КЛАССИФИКАЦИЯ ЖҮЙЕСІ, ПАЙДАЛЫ МОДЕЛЬДЕР, ӨНДІРІСТІК ҮЛГІЛЕР, ТАУАРЛЫҚ БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БЕЛГІЛЕРІ.

Патентті беруге, тауар таңбасын тіркеуге немесе өнеркәсіптік үлгіні қорғауға мәлімдемені беретін кез келген тұлға оның өнертабысы жаңа немесе мәлімделген немесе біреудің жеке меншігі болып табылатынын ұлттық немесе халықаралық деңгейде болсын анықтау керек. Осыны анықтау үшін мәліметтің көлемді массиві бойынша іздестіру жүргізу керек. Дүниежүзілік интеллектуалды меншік ұйымы (ДИМҰ) төрт шарттары (төменде көрсетілген) өнертабыстарға, тауар таңбаларына және өнеркәсіптік үлгілерге байланысты мәліметті іздестіруді жеңілдету мақсаттары үшін бейімделген индекстелген, басқарылатын құрылымдарға ұйымдастыратын классификациондық жүйелерді құрды. Техникада және коммерциялық тәжірибеде өзгерулерді және прогресті көрсету үшін ұдайы жаңартылатын осы классификациондық жүйелер тіпті сәйкес келісімдердің мемлекет-қатысушылары болып табылмайтын көптеген елдермен пайдаланылады.


ДИМҰ халықаралық классификацияны құрайтын төрт шарттардың әкімшілік функцияларын атқарады:

  • Халықаралық патенттік классификациялау (ХПК) туралы Страсбург келісімі, 1971ж.;

  • Халықаралық тауар және таңбаларды тіркеу үшін қызмет көрсету классификациясы туралы Ницца келісімі, 1957ж.;

  • Өнеркәсіптік үлгілердің Халықаралық классификациясын құрайтын Локарн келісімі, 1968ж.;

  • Таңбалардың бейнелеу элементтерінің Халықаралық классификациясын құрайтын Вена келісімі, 1973.



Халықаралық патенттік классификациялау (ХПК)
Өнертабыстардың алғашқы классификациялау жүйелері АҚШ – 1830ж., Ұлыбританияда – 1852ж., Германияда – 1877ж. басылды. Ресейде өнертабыстардың алғашқы классификациясы 1896 жылы енгізілді, 1913 жылдан бастап 1970 жылға дейін Ресейде, кейін КСРО германиялық классификация пайдаланылды, 1970 жылдан бастап Қазақстанда да пайдалана беретін ХПК енгізілді.
ХПК – функционалдық-салалық қағида бойынша құрылған айтарлықтай күрделі көп қырлы классификация. Бірдей техникалық ұғымдар ХПК немесе арнайы кластарда (салалық жатқызылуы бойынша), немесе функционалдық кластарда (әрекет ету қағидасы бойынша) орналасуы мүмкін. Бұл, сонымен бірге ХПК басқа да ерекшеліктер қатары онымен алғаш рет жұмысқа кіріскен маманда белгілі бір тематикалық сұраныстарға жауап беретін бөлімдерді таңдау кезінде қиыншылықтарды туғызады. ХПК бағдарлауды жеңілдету үшін оған алфавиттік-пәндік нұсқау (АПН) құрастырылды, онда ХПК бар барлық техникалық ұғымдар алфавиттік тәртіппен орналасқан.
Нұсқау классификацияның бөлімдерін іздеуді айтарлықтай жеңілдетеді, олар бойынша өнертабыстарды сипаттау қорында маманның мүддесі үшін керек мәлімет бөлінген. АПН жұмыс істеу кезінде ол ХПК алмастырмайтынын және патенттік қорларда тікелей іздеу үшін анықтамалық элемент ретінде пайдаланылуы мүмкін еместігін ескерту қажет. Сонымен бірге АПН патенттік құжаттарда болатын техникалық мәліметті тікелей жіктеу үшін пайдаланылуы мүмкін емес. Оның негізгі міндеті – маманға ізделінетін мәлімет орналасқан ХПК салаларын (кластарын, клас тармақтарын, топтарын, топшаларын) табуға көмектесу.
Страсбург келісімі техникалық салаларды сегіс бөліммен 67 мың бөлімшелерге жуық бөлетін Өнертабыстардың халықаралық классификациясын орнатады. Әрбір бөлімшеде араб сандарынан және латын алфавитінің әріптерінен тұратын белгі болады.
ӨХК сәйкес белгілері әрбір паттентік құжатта (басылған паттентік мәлімдеме және берілген патент) көрсетіледі, олардан 1 миллионға жуық жыл сайын сонғы он жыл ішінде беріліп отырған. Тиісті белгілер патенттік құжатты басатын өнеркәсіптік меншік бойынша ұлттық немесе аймақтық мекемелермен иеленеді.
Келісім жақтары болып 41 мемлекет болатынына қарамастан 80 астам мемлекеттің патенттік мекемелері, 4 аймақтық мекеме және патенттік кооперация туралы Шартқа сәйкес Халықаралық бюро ВОИС шынында ХПК қолданады.


ХПК бөлімдері
Халықаралық патенттік классификация А-дан Н-ға дейінгі латын алфавитінің бас әріптерімен көрсетілген 8 бөлімнен тұрады, сонымен бірге бөлімдердің тақырыптары оның мазмұнын жуықтап ғана көрсетеді.
А – Адамның тіршілік қажеттіліктерін қанағаттандыру
В – Әр түрлі технологиялық үрдістер. Тасу
С – Химия. Металлургия
D – Тоқыма. Қағаз
Е – Құрылыс. Тау-кен ісі
F – Қолданбалы механика. Жарықтандыру. Жылыту. Қозғалтқыштар және сорғыштар. Қару. Оқ-дәрі. Жару жұмыстары
G – Физика
Н – Электр
Әрбір бөлім бөлім индексімен және екі араб сандарымен көрсетілген және белгілі техника саласының тақырыбына сәйкес келетін кластарға бөлінеді.
Мысалы:
Бөлім Н – Электр
Кластары:
Н 01 – Электрлік жабдықтарының негізгі элементтері
Н 02 – Электр энергиясын өндіру, өңдеу және бөлу
Н 03 – Жалпы мақсатты электронды схемалар
Н 04 – Электр байланысының техникасы
Н 05 – Басқа кластарға жатқызылмаған электротехниканың арнайы салалары




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет