Халықаралық сыбайлас жемқорлық (шаруашылық қарым-қатынас саласында)



бет3/4
Дата14.03.2023
өлшемі23,64 Kb.
#74050
1   2   3   4
Байланысты:
сыбайлас

3-тапсырма
Жемқорлық мінез-құлықтарының тетігі – тұлға мен сыртқы ортаның өзара ықпалдасуы нәтижесінде орын алады. Қылмыс жасау тетігі әр сатысында сыртқы орта жауап беріп отырады, ал тұлға болса өз кезегіндегі осы жауаптарға қатысты шешім қабылдайды.
Жемқорлық мінез-құлықтың мотивациясы дегеніміз – мотивті заңға қайшы қылықтың жасаудың саналы түрткісі ретінде қалыптасу процесі. Бұл көрініске қарап отырсақ, жемқорлықтың ең бастауы, түбірі мотив сияқты болып көрінеді. Тіпті, қылымыстық құқықта қылмыс мотивін қарастырады және қылымыстық субьективтік жағының қосымша белгісі ретінде адамның мінез-құлқының ішкі түрткісі деп қарастырылады. Шыныда да, мотив ең бір әрекеттің бастауы болып табылады, дегенмен, ол да әлі беті жағы осы мотивтің қалыптасуының өзіне де бірнеше факторлар ықпал етеді. Олардың да белгілі бір жолдан өтетін тізбегі бар. Бұл тізбек тек қана жемқорлық мінез-құлыққа ғана тән емес, барлық заңды мінез-құлыққа тән. Мұқтаждықтар ең алғашқы және адаммен туа бітті мотивтің қайнар көзі болып табылады. Бірақ жалғыз ғана емес.


Жемқорлықтың мінез-құлықтарының тетіктері


Жемқорлық мінез-құлық тетігі дегеніміз – объективті шындықтың сыртқы факторлары мен жемқорлыққа бару шешімін детерминациялайтын, бағыттайтын және оның орындалуын бақылайтын ішкі, психикалық процестер мен жағдайлардың байланысы мен өзара ықпалдастығы. Әлеуметтік субъект ретінде адамда одан да басқа мотив көздері пайда болады. Олар - өмірлік жоспарлар мен проблемалық жағдайлар. Осы үшеуінен барып мүдде туындайды. Мүдде мұқтаждықпен тығыз байланысты. Мүдде категориясының әлеуметтік, философиялық және құқықтық мағыналары бар. Өз кезегінде мұқтаждық мүддеге айнала алады. Қарапайым мысалмен айтқанда «Қарным ашып тұр» –дегеніміз мұқтаждық та, «Қалай тамақ тауып жеймін?» –дегеніміз мүдде. Демек, мұқтаждық адам санасымен сезілген уақытта мүддеге айналады. Ол «өз мұқтаждықтарын қанағаттандыру жолындағы субъектінің объектіге қатынасы». Мүдде сонымен бірге, мұқтаждық, құндылық т.б. сияқты қоғам дамуының қозғаушы күштерінің қатарына жатады. Қоғам дамуының серіктемтері үшін әлеуметтік қайшылық және оны шешеуге ұмтылыс қажет. Осы қайшылықтарды шешуге ұмтылған әлеуметтік субъектілердің прогрессивтік әрекетіне түрткі болатын олпрдың мұқтаждық мүдделері және т.б. итермелеуші күштер. Маркстің сөзімен айтқанда «ескі мұқтаждықтарды қанағаттандырып болған соң жаңа мұқтаждықтардың туындауының өзі тарихи прцесс». Егнр мұқтаждықтар өспей, жаңасы туындамай, бір теңгейде қала берсе, онда адамзат әлі алма теріп, арба итеріп жүрген болар еді, немес әлі де homo sapiens-ке жете алма жануар тектес кейіпте қалған болар ма еді?!! «Егер де мұқтаждық ең алдымен, мұқтаждық затына бағытталса, мүдде мұқтаждықты қанағаттандыра алатын заттарды, құндылықтарды, игіліктерді тарату соларға байланысты болатын әлеуметтік қатынастарғағ институттарға, құрылымдарға бет түзейді». Гегельше айтсақ, «ештеңе де мүддеден тыс жүзеге асырылмайды». Ол мүдделер нақты шешім қабылдауға негі болатын мотивті қалыптсастыру үшін әлі де мүмкіндіктерге сүйенуі тиіс. Мүмкіндіктің философиялық ұғымы мүддеден де кем түспейді. Ол да жан-жақты. Ол тұлғаның қандай да бір өзгерістерді жасай алуы. Мысалға, заттан келетін мүмкіндік дегеніміз заттың объективтік шындыққа алып келетін өзгерісін тұлғаның өзіне таңуы, телуі. Ал жалпы әлеуметтік мүмкіндік болса, одан да кең өз әрекеттері мен дене қимылын қоса алғанда кез келген әлеуметтік өзгерістерді еркімен жасай алуы. Әлеуметтік мүмкіндіктер методологиядағы мүмкіндік пен шындық категорияларынан бастау алса да, бірдей емес. Себебі ол методологиядағы мүмкіндік – объективтік те /адамның еркі мен қплпуында шаруасы жоқ\, әлеуметтік мүмкіндік субъективтік: тек қана тұлғаға ғана тән, оның еркімен байланысы. Әлбетте, объективтік факторларды ысырып тастауға болмады, себебі кез келген адам өз еркі тілеген нәтижесіне қол жеткізе алмайды ғой /мүмкіндік жоқ\. Ары қарай өз жолымен дамып келген осы көздерді құндылық бағдарларына сүйене отырып, бағыттау керек, сон соң ғана осылардың нәтижесінде белгілі бір актіге деген мотив пайда болады. Мысалға, жемқорлық деген өте сан сапалы күрделі әрекетті алмай-ақ, қарапайым бір аққ актіден тұратын әрекетті алайық. Айталық, студент сабақ үстінде мұғалімнен далаға шығып келуге рұқсат өтінуі керек. Осы бір «Ағай далаға шығып келейінші» деген түрткінің қалыптасуына ең алдымен, мұқтаждық пен әйестік ықпал етеді, яғни не болмаса белгілі бір табиғи мұқтаждықтар /үйге телефон шалып келу, су ішіп келу\ немесе әуестіктер /дәлізде сенделіп жүріп қайту, өзге топтағы досқа барып әңгіме айтып келу т.б.\ ықпал етеді. Бірақ ол сұранбас бұрын проблемалық жағдайлармен де санасуы керек: ол ағай қатаң – ешкімді жібермейді, сұранғанды жақсы көрмеді, өткенде жасаған шалыс әрекетіме өш сақтауы мүмкін т.б. Сол сияқты демнің арасында іштей санада әуелден шынайы қалыптасып қалған өмірлік жоспарлар да жанасып өтеді:
Мен білім алу үшін бір минутты да жібермеймін деп өзіме уәде бергенмін, бос нарсеге әуес болма. Осылардың нәтижесінде олар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет