Халықаралық спорттық іс-шаралар кезінде саяси келіспеушіліктерге байланысты бойкот жариялауға болмайды деп есептейді



бет2/5
Дата20.01.2023
өлшемі24,64 Kb.
#62061
1   2   3   4   5
Байланысты:
бойкот спорт халыкаралық

1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже бұқаралық-спорттық іс-шаралар өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті, сондай-ақ қатысушылар мен көрермендерді эвакуациялау және хабарлауды қамтамасыз ету ережелері (бұдан әрі - Ереже) "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу кезінде Қазақстан Республикасы аумағында орындалуға міндетті қатысушылар мен көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі шараларын көздейді.
2. Осы Ереже Қазақстан Республикасы аумағында бұқаралық-спорттық іс-шараларды дайындауға және өткізуге тікелей қатысатын мына мемлекеттік ұйымдар мен мекемелер үшін міндетті болып табылады:
1) ішкі істер, денсаулық сақтау және өрт қауіпсіздігі мемлекеттік органдары;
2) жоспар бойынша бұқаралық-спорттық іс-шаралар өткізетін ұйымдар;
3) бұқаралық-спорттық іс-шаралар өтетін спорт ғимараттардың ұйымдары.
3. Осы Ереженің 2-тармағында көрсетілген ұйымдар мен мекемелер өз құзыреті шегінде бұқаралық-спорттық іс-шаралар өткізу кезінде қатысушылар мен көрермендердің қажетті қауіпсіздік жағдайларын қамтамасыз ету үшін ықпал етеді.
4. Бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізуді қамтамасыз етуге сондай-ақ, сауда, байланыс, тұрмыстық қызмет көрсету, радио хабарларын тарату ұйымдары және телекоммуникация қатысады, олар өздерінің қызметі шеңберінде бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізудің белгіленген тәртібін сақтауға ықпал етеді.
5. Бұқаралық-спорттық іс-шаралар тек спорттық ғимараттарда және мемлекеттік комиссия мен төрешілер алқасы пайдалануға ресми түрде рұқсат берген жерлерде, барлық қатысушылар ғимараттарды пайдалану, инженерлік жүйелер, спорттық-технологиялық жабдықтар мен мүліктер, сондай-ақ нұсқаулықтар, басқа нормативтік актілердің ережелерін қатаң сақтағанда ғана өткізіледі.
6. Меншігінде осы ғимараттар бар заңды және жеке тұлғалар спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу тәртібін реттейтін нұсқаулықтар әзірлейді. Онда қоғамдық тәртіпті сақтауды, көрермендер қауіпсіздігін, өрт қауіпсіздігін, жазатайым оқиғалар кезінде алғашқы медициналық жәрдемді және төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда эвакуация тәртібін қамтамасыз ететін шаралар көзделеді. Бұл нұсқаулықтар Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарына сәйкес құрылатын, облыстық (қалалық, аудандық) жергілікті атқару органдары жанындағы бұқаралық-спорттық іс-шаралардың өткізілуін бақылау комиссияларына бекітуге ұсынылады.
7. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалар, астана) және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органдарына сәйкес келетін жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен бірге спорттық ғимараттардың инженерлік қызметтерінің, жобалық және құрылыс ұйымдарының бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу кезінде қолданылатын спорттық ғимараттарды пайдалануда құрылыс конструкцияларының сенімділігі мен мықтылығын орнату, нормативтерге эвакуация жолдарының сәйкестігін, сондай-ақ өрт сөндіру қауіпсіздігін анықтау мақсатында жыл сайын техникалық тексеріс жүргізіледі. Тексеру нәтижелері бойынша облыстық (қалалық, аудандық) жергілікті атқарушы органдарының техникалық тексеріс актілері жасалады.
8. Осы ережелерде көзделген атқарушы органдарының бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу кезінде төтенше жағдайлардың туындауына себеп болған талаптарды орындамауы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа алып келеді.



Достарыңызбен бөлісу:

1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет