Халқымызға ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке



Дата02.12.2023
өлшемі3,98 Mb.
#132603
Байланысты:
Презентатция. Тәуелсіздік белгісі - ұлттық тенге .

  • Халқымызға ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Бұл мереке күнтізбеде “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі” туралы Конститутциялық заңының 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдауына байланысты тұрақты түрде аталып өтіледі.
  • Тәуелсіздік – біздің ұрпаққа берген үлкен бақыт, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік.Тәуелсіздік – біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз.
  • 1991 жыл Кеңес одағы ыдырағаннан кейін әрбір ел тәуелсіздігін жариялап, өзінің мемлекеттік рәміздерін қабылдады. Қазақстан өзінің Елтаңбасын, Туын, Әнұранын заңмен бекітті. Саяси егемендігін алған ел экономикалық тәуелсіздікке де ие болу қажет. Осы орайда барлық мемлекет бұрынғы Кеңес одағының рубльдік аймағынан шығып, өзінің ұлттық валютасын шығарды.
  • 1993 жылы 12 қарашасында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев “Қазақстан Республикасында Ұлттық валюта енгізу туралы” жарлық шығарды. Ұлттық валютаны “теңге”, ал оның жүзден бір бөлігін “тиын” деп атауды ұсынды.
  • Теңгенің де өз шығу тарихы бар. Ұлттық теңгені алғашқы үлгісін жасайтын арнайы жұмысшы тобын құрды. Тәуелсіз елдің ұлттық валютасын жасап шығарған Тимур Сүлейменов, Меңдібай Әлин, Ағымсалы Дүзелханов, Хайролла Ғабжалеловтар еді. Олар жұмыстарын Қазақстан мәдениетінің тарихы даму аспектілерін зерттеуден бастаған.
  • Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев: “Біз ұлттық ақшамызды бір-ақ рет және бір атаумен шығаруымыз керек. Екінші қайтара оның аты өзгермейді. Сондықтан оны әбден зерттеп барып, бір шешімге келуіміз қажет”, - деді.
  • Содан кейін бүкіл тарихты көтеріп, қазаққа қатысты еңбектер ақтарылып, ертедеқазақта теңге қолданған екен. Біздің академиктер: “орыстың “денги” деген сөздері сол теңгеден шығуы мүмкін” – деді. Себебі, ақша айналымы Ресейден бұрын Азияда болған. Біздің бұрынғы түркі мемлекеттері салтанат құрып тұрған кезеңде, одан кейін де теңге қолданыста жүрген. Сөйтіп, біздің болашақ валютамыз теңге деген атауға ие болыпты.
  • Теңгенің әлемдік биржада 2006 жылдан бастап төбесінде сызығы бар Т әрпімен белгіленіп келеді. Ұлттық банк жариялаған үлкен байқаудың қорытындысы бойынша осы символ үздік деп танылып, оны ойлап шығарушылар миллион теңге сыйақы алды
  • Ең алғашқы теңге партиясы Англияның ең көне әрі әйгілі “Харисон және ұлдары” фабрикасында басылып шықты. Теңгенің алғашқы партияларын сақтау үшін арнайы жер асты қоймалары дайындалған. Оларды төрт ИЛ-86 ұшақтары тасыды. Бір аптаның ішінде оларЛонданға 18 рет ұшып барып-қайтып келген. Жаңа валютаныңайналысқа енгізілуінің көрші елдерден құпия ұсталғаны сонша барлық құжаттарда Президент Резиденциясының құрылысы үшін құрал-жабдықтар тасылуда деп жазылған. Алғашқы теңгелер жер асты қоймаларынан елдің барлық банктеріне 8 күн ішінде жеткізілген. 1993 жылы қазан-қараша айларында Қазақстан рубль аймағынан толықтай шықты.
  • Қарашаның 12-сінде Президент Жарлығынан 3 күннен кейін теңге айналымға енді. Ескі ақшаны қазақстандық теңгеге айырбастау 1993 жылы 15 қарашада таңғы 8. 00 басталып, 20 қараша күні 20.00. аяқталды. Ұлттық банк алғашқыда 1 теңгені сол кездегі 1000 рубльге бағалаған. Кейі еліміздің саяси әлеуметтік, мемлекетаралық қатынастары ескеріліп 1 теңге 500 рубль болды. Ал бірінші айналымға енген 1 теңгенің АҚШ долларына шаққандағы құны 4,35 теңге болды.
  • 1992 жылы теңге дизайндағы бейнелер бекітілді. Ең алғашқы теңгемізде белгілі тарихи тұлғалардың портреттері, Алатау мен Көкшетау көріністері, Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің бейнесі, Маңғыстаудан табылған тастағы таңбалар пайдаланылды.
  • Теңге дизайнерінің бірі – Прага сәулет институтының түлегі, бірнеше халықаралық конкурстардың жеңімпазы Х. Ғабжалеловтың пікірінше, ақшада айтулы алғаш азаматтарының бейнесін берудің бірнеше себебі бар. Біріншіден, қосымша күрделі бедер – бейнелер банкноттарды қолдап жасаудан қорғайды, екіншіден тарихи тұлғаларымыздың суреттері біздің жас мемлекетіміздің өз тарихы мен болмысын танытады және қазақ ақшалрын әлемдегі басқа валюталардан даралап, айшықтап тұрады.
  • Қазақстанның ақша сарайы металл тиындарды шығаруға дайын болмағандықтан жедел турде қағаз түрінде шығарды, бірақ 1 жылдан соң оларды металл тиындарға ауыстырды. 1994 жылы қағаз тиындар жезден жасалған монеталармен алмасты. 1993 жылы құрылысы басталған банкнот фабрикасы 1995 жылы толық аяқталды. 19 мамыр 1995 жылы реммси ашылу рәсімі өтті. Бұл стратегиялық нысанға осынша көп журналистке кірүге алғаш рет рұқсат берілді. Нұрсултан Назарбаев осында басылып шыққан алғашқы миллион теңгені бүкіл Қазақстанға көрсетеді. 1995 жылы Алматыда өз банкнот фабрикамыздың тұсауы кесілді. Қазір Тәуелсіз Қазақстан төл валютасын басып шығарады. 2006-2011 жылғы банкнот фабрикасы ұлттық ақшаның түрлерін басып шығарады. Теңге 2006 жылы өз биенесін өзгертті. 2006 жылғы үлгідегі банкноталар біріңғай стильде орындалған, сүреттер бет жағында негізінен тігінен, сырт жағында көлденеңінен орналасқан. Тұтастай алғанда, дизайн Қазақстанның қазіргі биенесін көрсетеді. Барлық мемлекеттік нышандар, сәулет объектілерінің және елдің табиғат нышандарының бейнелері кіреді.
  • Банкноттардың бет жағында, ортаңғы бөлігінде “Астана-Бәйтерек” монументі қазіргі заманғы сәулеттің конструкторлық және инженерлік ойдың жетістігі, тәуелсіз Қазақстанның даму нышаны орналастырған. Банкноттың ортасында түрлі- түсті жолақтарда Қазақстан Республикасының әнұраны ноталарының фрагменттері бейнеленген, оларға номиналды сандық белгісі жазылған. “Бәйтерек” ескерткішінің сол жағында бір туспен Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы салынған. Оң жақ жоғары бөлігінде-мемлекеттік жалау бейнеленген. Банкноттың төменгі бөлігінде сенімді шынайлықты және әділеттілікті білдіретін классикалық геральдика ашық алақан бейнеленген. Оң жақ төменгі бұрышында тігінен номиналы 200,1000,2000,5000,10000 теңге деп жазылған.
  • 200 теңге. Басым түсі: сарғылт-жасыл. Мөлшері: 126х64 мм
  • 500 теңге. Басым түсі: көкшіл-сұр. Мөлшері:130х67
  • 1000 теңге. Басым түсі: сарғыш-қоңыр. Мөлшері: 134х70 мм
  • 5000 теңге. Басым түсі: күңгірт қоңыр-қызыл. Мөлшері: 142х76 мм
  • 10 000 теңге. Басым түсі: күгін-көк. Мөлшері: 146х79 мм


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет