ХАЛЫҚТАР ГЕОГРАФИЯСЫ • БАҒЫТ ЖӘНЕ ЕЛДІ МЕКЕНДЕР • ҚАЛАЛАР МЕН АУЫЛДЫ МЕКЕНДЕР
7
Қосымша сұрақ
Аэропорттар, сауда орталықтары, гольф алаңдары, тазалау
орындары, электростанциялар мен үлкен масштабты
өндірістер әдетте қала шетінде орналасады, себебі мұнда жер
арзан әрі көп бос кеңістік бар. Жерді сатып алу бағасы мен
болашақта өнеркәсіпті кеңейту мақсатында жеткілікті жер алу
керек болғандықтан, жер – шектеулі фактор. Ұлыбританиядағы
Шеффилдте болат өндірісі өзен жайылмасы маңындағы
жайпақ жерде орналасқан, бұл болашақта зауыттар кеңісе,
бос кеңістік болу үшін жасалған.
С13. Қала шеті қалай дамиды?
Қараусыз қалған жерлер – ертеректе құрылыстар салынған орындар. Жабылған зауыттар немесе
бұзылған тұрғын үй құрылыстары қалалардың көпшілігінде бар. Бұл жерлердің негізгі артықшылығы –
олардың көпшілігі жол мен коммуналдық қызметтерге қосылғандығында. Кемшіліктерінің бірі – егер бұл
аймақ өнеркәсіп үшін қолданылып, ал жаңа үйлер тазаланбаған жерде салынған болса, өндірістен қалған
химиялық заттар мәселелер тудыруы мүмкін.
С14. Қараусыз қалған жерлер дегеніміз не?
Ауылдық жерде өмір сүретін жастар көбінесе қалада тұруды қалайды, олар ауыл өмірінің өте тыныш екендігін
және жұмыс орындары жетіспейтіндігін алға тартады. Олар оқуларын аяқтап, жұмыс іздей бастаған кезде жақын
маңдағы қалашыққа барып жұмыс істеуге мәжбүр болады, олар “миграциялық қадамдар” жасап, ақырындап қалаға
өз жолдарын ашады. Урбандалу – адамдардың ауылды жерлерден қалалар мен қалашықтарға қоныс аудару
процесі. Бұл ауылдық жерге өзінің теріс әсерін тигізуі мүмкін, оның ішінде халықтың қартаюын, жұмысқа орналасу
мүмкіндіктерінің азаюын атап кетуге болады.
• Кейбір қалалар неліктен жылдам өсуде?
Адамдар жұмыс іздеу мақсатында көшіп келіп жатқандықтан, әлемнің кейбір қалалары басқаларына қарағанда
жылдамырақ өсуде. Лос-Анджелес тәрізді үлкен қалалар 64 километрге (40 миль) дейін созылып жатыр,
жаңа келушілер саны да тоқтаусыз өсуде. Кейбір қалалар шетел инвестициясы әсерінен немесе шетел
инвестицияларын тарту үшін салық саясатын өзгерту әсерінен өсуде. Қалғандары, көбінесе кенже дамыған
елдердегі қалалардың халқы жас, олар қарт халыққа қарағанда табиғи түрде жылдам өседі және бұл топ сапалы
денсаулық сақтау мен білім беру қызметтерін қажет етеді.
Кейбір қоныстар оң емес себептер әсерінен де жылдам өседі. Сомали мен Кения шекарасы арасындағы Дабаад
шағын елді мекені Африка мүйізінде 2011 жылдың жазында болған аштық әсерінен жылдам өсуде.
Достарыңызбен бөлісу: