Халлиолла бауыржан



Pdf көрінісі
Дата01.01.2017
өлшемі362,6 Kb.
#954

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

1. 



БАЙМҰХАМЕДОВ  НЫҒМЕТ

 

2. 

ЕСЛАМҒАЛИҰЛЫ МҰҚАДЕС

  

3. 

ЖҰМАҒАЛИЕВ АБДОЛЛА

 

4. 

МЫРЗА ӘЛІ ҚАДЫР

  

5. 

ТІЛЕКОВ ЖӘРДЕМ

  

6. 

ХАЛЛИОЛЛА БАУЫРЖАН

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


БАЙМҰХАМЕДОВ HЫҒMET 

             (1904-1969) 

 

Баймұхамедов  Нығмет  Батыс  Қазақстан  облысы,  Жымпиты 



ауданы  №1  ауылда  туған.  1925-1927  жылдары  Орал  педагогика 

техникумында  оқиды,  кейінірек  Қазақтың  Абай  атындағы  қазақ 

педагогика институтының филология факультетін  бітірген

Ол ұзақ 



жылдар  бойы  Совет  және  кәсіподақ  ұйымында  жұмыста  болды. 

Содан  кейін  Абай  атындағы  мемлекеттік  академиялық  Опера  және 

балет  театрының  әдебиет 

бӛлімінің 

меңгерушісі,  Құрманғазы 

атындағы Ӛнер    институтының әдеби редакторы болды. Алғашқы 

әдеби еңбегі  —  «Атыс» пьесасы (1937). 

«Еңбек  epi»  (1939),  «Әсия  тастар»  (1949),  т.б.  пьесалар 

жазды.  Шекспирдің  «Ромео-Джульеттасын»,  А.Чеховтын,  «Шие  бағын»,  опера    

либреттоларын    аударды. Оның   аудармасы   арқылы   Абай атындағы Опера және балет 

театры сахнасында     «Евгений Онегин»,  «Демон»,  «Қарғаның мәткесі»,  «Чио-Чио-Сан»,     

«Даиси» және басқа опералар қойылды. 

«1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысындағы 

epлігi 


үшін медалiмен марапатталған. 

 

 



Әдебиеттер: 

Баймұхамедов  Нығмет:  ӛмірдерек  //  Батыс  Қазақстан  облысы:  энциклопедия.-Алматы, 

2010.-171 б. 

Баймұхамедов  Нығмет:  ӛмірдерек  //  Қазақстан  жазушылары:  анықтамалық  /  Құраст.: 

С.Қамшегер, Қ.Жұмашева.-Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2009.-81 б. 

 

 



   

   ЕСЛАМҒАЛИҰЛЫ МҰҚАДЕС 

(1946-2004) 

 

Жазушы, 


Қазақстан 

Жазушылар 

одағының 

мүшесі, 


Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Мұқадес Есламғалиұлы 

1946  жылы  Батыс  Қазақстан  облысының  Сырым  ауданы,  Жосалы 

ауылында дүниеге келген. 

1962 жылы Бұлдырты орта мектебін бітіріп, Орал педагогикалық 

институтына  түскен.  1967  жылы  институтты  бітірген  соң  Орал 

облыстық радио және теледидар комитетіне 1979 жылға дейін жұмыс 

жасады. 

1979  жылдан  Алматы  қаласының  «Жалын»  баспасында  аға  редактор,  «Қазақ 

әдебиеті»  газетінде,  «Тамаша»  ойын-сайық  отауында  бас  редактор  қызметтерін  атқарды. 

Сондай-ақ «Денсаулық» журналында да қызмет атқарып, «Жазушы» баспасында жетекші 

редактор болды. 

Кейіннен Қазақстан Жазушылар одағында қызмет істеген. 

Тұңғыш  әңгімелері  1964  жылдан  бастап  облыстық,  республикалық  газет-

журналдарда жариялана бастады. 

Жазушы  қаламынан  «Аққу  сазы»  (1977),  «Екінші  тыныс»  (1982),  «Қайырлы  таң» 

(1984),  «Екі  басқа  дүние»  (1986),  «Пробный  камень»  (1990),  «Толқын  мен  ағын»  (1992), 

«Ӛз  жүрегіңе  үңіл»  (1996),  «Тұман  ішіндегі  кӛш»  (2000)  атты  прозалық  шығармалары 

жарық кӛрді. 

Сондай-ақ  «Сан  қилы  сауал»,  «Әбілхайыр  хан»,  «Әйтеке  би»,  «Ғұмырнамалар  мен 

ғибратнамалар» (2001) атты тарихи-танымдық кітаптар жазды. 

Мұқадес Есламғалиұлының республикалық баспасӛз беттерінде әр алуан тақырыпта 

екі жүзге жуық мақалалары, эсселері, кӛркемсӛздері жарық кӛрді. Сонымен бірге Абай, М. 



Әуезов  туралы  тұңғыш  естеліктер  мен  екі  жүзге  жуық  қаламгерлердің  кітаптарына 

жауапты редактор, рецензент болды. 

2001 жылы «Тұман ішіндегі кӛш» романы үшін «Алаш» әдеби сыйлығына ие болды. 

 

Әдебиеттер: 

Есламғалиұлы  Мұқадес:  ӛмірдерек  //  Батыс  Қазақстан  облысы:  энциклопедия.-Алматы, 

2010.-253 б. 

Есламғалиұлы  Мұқадес:  ӛмірдерек  //  Қазақстан  жазушылары:  анықтамалық  /  Құраст.: 

С.Қамшегер, Қ.Жұмашева.-Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2009.-147-148 б. 

 

***** 

Есламғалиұлы М. Әйтеке би: тарихи-философиялық дилогия.-Алматы, 2003.-376 б. 

Есламғалиұлы М. Ғұмырнамалар мен ғибратнамалар.-Алматы, 2001.-216 б. 

Есламғалиұлы М. Дүбірлі дала: повестер мен әңгімелер.-Орал, 2009.-304 б. 

Есламғалиұлы М.Ӛз жүрегіңе үңіл: роман, повесть және әңгімелер.-Алматы,1996.-448 б. 

Есламғалиұлы М. Сан қилы сауал: ойтолғақ.-Алматы, 1995.-86 б. 

 

 

ЖҰМАҒАЛИЕВ АБДОЛЛА 

(1915-1942) 



 

       


Ақын  Абдолла  Жұмағалиев  1915  жылы  3  сәуірде  Батыс 

Қазақстан  облысы,  Сырым  ауданы,  Жусалы  ауылында  дүниеге  келген. 

1934  жылы  Орал  қаласындағы  педагогикалық  институттың  әдебиет 

факультетіне  түскен.  1936  жылы  оқуын  Алматыдағы  қазақ 

педагогикалық  институтында  жалғастырған.  КазПИ-дің  әдебиет 

факультетінде  оқып  жүріп,  әрі  Алматының  белгілі  ақындарымен 

танысып, ол әдебиет дүниесімен араласты. Сол жылдары Абдолла ӛзін 

біржола  ӛлең  жолына  бағыттады.  1936  жылдан  жұртшылыққа  ақын 

ретінде  таныла  бастаған.  Ақынның  ӛлеңдері,  поэмалары  республикалық,  облыстық 

басылымдарда  жарияланып  тұрды.1937-1938  жылдары  әдеби  журналдарда,  «Лениншіл 

жас»,  «Социалистік  Қазақстан»  газеттерінде  Абдолланың  бірқатар  ӛлеңдері  басылды. 

1939  жылы  Абдолла  Қызылордада  мұғалім  болып  істеді,  сондағы  облыстық  газетке 

бірнеше  ӛлеңдерін  шығарды.  1938-1939  жылдары  Қызылорда  сауда  техникумында 

оқытушы,1939-1941  жылдары  Қазақстан  мемлекеттік  кӛркем  әдебиет  баспасында 

редактор  қызметтерін  атқарған.  Оның  шығармалары  ӛршіл  пафос  пен  нәзік  те  сыршыл 

лиризмге толы. «Токио», «Шығыс қызы», «Асан қайғы» атты поэмаларын шығарды. 

         Ұлы  Отан  соғысы  басталғанда  Абдолла  майданға  аттанады.  Жалын  жүрек  ақын 

жаулармен арпалысып, Отан үшін, ұрпақ болашағы үшін ерлікпен мерт болады. Абдолла 

ерлігі  жайлы  Қасым  Аманжолов  «Ақын  ӛлімі  туралы  аңыз»  поэмасын  жазды.  Абдолла 

Жұмағалиев 

Лермонтовтың, 

Низамидің, 

Тоқтағұлдың, 

Байронның 

жекелеген 

шығармаларын қазақ тіліне аударды. 

      

Абдолла Жұмағалиевтың ӛмір жолы мен ақындық  ӛмірбаянының басталуы туралы 



қазіргі  қазақ  совет  әдебиетінің  ақсақалы  Әбу  Сәрсенбаев  пен  бейнелі  тілмен 

айтқанда,ақындар  әулетінің  ақ  жаулықты  анасы    Мәриям  Хакімжанова  естелік 

шығармаларында, ӛлең-жырларында барынша терең, барынша мазмұнды айтып келеді. 

     


Ал,  Абдолла  ақынға  ӛлең  мен  ӛлмес  ескерткіш  орнатқан  Қасым  Аманжолов 

Абдолла  ӛлеңді  жан-тәнімен  сүйген  жан.  Ол  әйтеуір  жариялана  берсін  деп  бұтып-

шытудан  аулақ  болған.  Ӛлең  ӛнерінің  қыры  мен  сырын  терең  білуге,  аз  жазса  да  ,саз 

жазуға талпынған.  



 

 

Әдебиеттер: 

Жұмағалиев Абдолла: ӛмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.-Алматы,  

2002.-289-290 б. 

Жұмағалиев  Абдолла:  ӛмірдерек  //  Қазақстан  жазушылары:  анықтамалық  /  Құраст.: 

С.Қамшегер, Қ.Жұмашева.-Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2009.-171 б. 

 

***** 

Жұмағалиев А. Таңдамалы ӛлеңдер.-Алма-Ата: ҚМКӘБ, 1945. 

Жұмағалиев А. Ӛлмес ӛмір дастаны: ӛлеңдер мен поэмалар.-Алматы, 1985.-328 б. 

Жұмағалиев  А.  Ӛшпес  жалын:  ӛлеңдер,  дастандар,  аудармалар.-Алма-Ата:  «жазушы», 

1985. 


 

 

МЫРЗА ӘЛІ ҚАДЫР 

(1935-2011) 

 

1935  жылы  5  қазанда  Орал  облысының  Жымпиты  кентінде  туған. 



1958  жылы  Қазақ  мемлекеттік  университетінің  филология 

факультетін  тамамдаған.  Еңбек  жолын  сол  кезде  жаңадан  ашылған 

балалар  журналы  "Балдырғаннан"  бастаған.  "Жұлдыз"  журналы 

редакциясында  поэзия  және  сын  бӛлімінің  меңгерушісі,  жауапты 

хатшы,  бас  редактордың  орынбасары,  1968-1973  жж.  "Жазушы" 

баспасында  қазақ  поэзиясы  бӛлімінің  меңгерушісі,  кейін  Қазақстан 

Жазушылар одағында поэзия секциясының кеңесшісі болған. 

Тұңғыш  туындысы  1954  жылы  "Пионер"  журналында  жарияланды. 

Содан  бергі  уақыт  ішінде  40-тан  астам  жыр  жинақтары  мен  әдеби-сын,  ән  ӛлеңдері  мен 

прозалық  кітаптары:  "Кӛктем"  (1959),  "Данышпан"  (1961),  "Сабақ",  "Ой  орманы"  (1965), 

"Дала  дидары"  (1966),  "Бұлбұл  бағы"  (1967),  "Ақ  отау"  (1968),  "Күміс  қоңырау",  (1970), 

"Домбыра"  (екі  кітап,  1971  және  1974),  "Кеш"  (1973),  "Жерұйық"  (1976),  "Қорамсақ", 

"Кӛкпар",  "Қызыл  кітап",  "Алақан"  (1981),  "Саз  сиқыры"  (1982),  "Күндер-ай"  (1984), 

сондай-ақ  тоқсаныншы  жылдары  таңдамалы  шығармаларының  бес  томдығы,  ал  2001 

жылы "Қазығұрт" баспасынан 15 томдығы шыққан. Бірнеше пьесасы сахнада қойылған. 

Ӛлеңдері кӛптеген шетел тілдерін аударылған. Ол Овийдің, Румидің, Гейненің, Гюгоның, 

Лермонтовтың,  Есениннің,  Расул  Ғамзатовтың,  Межелайтистің,  Петифидің,  т.б. 

жырларын қазақ тіліне аударған. 

        1966  жылы  "Ой  орманы"  жинағы  үшін  Қазақстан  Ленин  комсомолының  сыйлығы 

берілді.  1980  жылы  "Жерұйық"  жыр  кітабы  үшін  Қазақ  КСР  Мемлекеттік  сыйлығының 

лауреаты атанды. Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстан Республикасының Әнұраны 

жаңа мәтіні авторларының бірі. 2001 жылы Тәуелсіз "Тарлан" сыйлығын алды. 

 

Әдебиеттер: 

Мырза Әли Қадыр: ӛмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.-Алматы, 2002.-

406 б. 

Мырза  Әли  Қадыр:  ӛмірдерек  //  Қазақстан  жазушылары:  анықтамалық  /  Құраст.: 



С.Қамшегер, Қ.Жұмашева.-Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2009.-286 б. 

 

***** 

Мырза Әли Қ. Ақ отау: Ӛлеңдер.-Алматы,1968.-176 б. 

Мырза Әли Қ. Күміс қоңырау: Ӛлеңдер, мысалдар, жұмбақтар.-Алматы, 1970.-376 6. 

Мырза Әли Қ. Кӛш: Ӛлеңдер.-Алматы, 1973.-318 6. 

Мырза Әли Қ. Жерұйық: Жыр кітабы.-Алматы, 1976.-184 6 . 

Мырза Әли Қ. Алақан немесе Орта Азия отаулары.Қонақкәде кітабы.-Алматы,1977.-160 6.    


Мырза Әли Қ. Домбыра: Ӛлеңдер.-Алматы, 1979.-351 б. 

Мырза Әли Қ. Қорамсақ: Ӛлеңдер.-Алматы,1980.-192 б. 

Мырза Әли Қ. Кӛкпар: Ӛлеңдер.-Алматы, 1981.-176 6. 

Мырза Әли Қ. Күндер-ай : Ән ӛлеңдерінің жинағы.-Алматы, 1984.-160 6. 

Мырза Әли Қ. Үш томдық шығармалар жинағы: Ӛлеңдер мен поэма.-Алматы, 1989. 

Мырза Әли Қ. Қылыш пен қанжар: Ӛлеңдер кітабы.-Алматы, 1991.-288 6. 

Мырза Әли Қ. Мәңгі майдан: Ӛлеңдер.-Алматы, 1992.-384 6. 

Мырза  Әли  Қ.,  Баянбай  Қ.  Ӛлеңдер,  ертектер,  мысалдар,  мазақтамалар,  жұмбақтар, 

жаңылтпаштар.-Алматы, 1993.-496 6. 

Мырза Әли Қ. Биік баспалдақ: Ӛлеңдер.-Алматы, 1993.-106 б.   

Мырза Әли Қ. Ғибратнәмә: Әлқиссалар.-Алматы, 1993.-92 б. 

Мырза Әли Қ. Екі томдық шығармалар жинағы.-Алматы, 1995.-Т1.- 432 б. 

Мырза Әли Қ. Екі томдық шығармалар жинағы.-Алматы, 1995.-Т2.- 400 б. 

Мырза  Әли  Қ.  Үкілі  үзінділер:  Тартымды  тармақтар  мен  шырайлы  шумақтар.-

Алматы,1996.-144 6. 

Мырза Әли Қ. Алаштың арманы: Жыр жинағы.-Алматы, 2001.-256 б. 

Мырза Әли Қ. Ғибратнәмә.- Алматы, 2001.-496 б.   

Мырза Әли Қ. Жазмыш: [ақындар және ақындық қасиет туралы дара кӛзқарас].-Алматы, 

2001.-464 6. 

Мырза Әли Қ. Таңдамалы шығармаларының кӛп томдығы: 12т.Т.1.-Алматы,2002.-  

Мырза Әли Қ. Алтын омырау: Ӛлеңдер.-Алматы, 2003.-160 б. 

Мырза  Әли  Қ.  Иірім: [XX  ғ.  ӛмір  сүрген  қазақ  ақын  жазушылар  туралы].-Алматы,2004.-

360 б. 

Мырза Әли Қ. Шырғалаң: Жаңа ӛлеңдер кітабы.- Алматы, 2004.-336 6. 



Мырза Әли Қ. Таңдамалы. Екі томдық шығармалар жинағы.-Алматы, 2005.-Т.1.-424 б. 

Мырза Әли Қ. Таңдамалы. Екі томдық шығармалар жинағы.-Алматы, 2005.-Т.2.-432 б. 

Мырза Әли Қ. Даналық дариясының бір сағасы: [Қадыр Мырза Әлидің 70 жасқа 

толған  мерейтойына  арналған]  /Батыс  Қазақстан  облыстық  мәдениет  басқармасы.  БҚО 

тарихи-ӛлкетану музейі.-Орал, 2005.-16 б. 

Мырза Әли Қ. Таңдамалы жинақтар. Екі томдық жинақ: Ӛлеңдер.-Алматы, 2006. 

Мырза Әли Қ. Егізжолдар: Нақылмана.-Алматы, 2008.-320 б. 

Мырза Әли Қ. Ой-ӛріс: Ӛлеңдер, нақыл сӛздер.-Орал, 2009.-320 б. 

 

 

 ТІЛЕКОВ ЖӘРДЕМ 



(1911-1980) 

 

Жерлес  жазушымыз  Жәрдем  Тілеков  1911  жылы  23  қараша 

күні Жымпиты ауданының Аралтӛбе ауылында дүниеге келген. Орал 

педагогикалық  институтының  үш  курсын  бiтіріп  Жәрдем  Тілеков 

Қызыл  Армия  қатарына  әскери  міндетін  орындауға  аттанды.  Біраз 

жыл  Орал  облыстық  «Екпінді  құрылыс»  газеті  редакциясында 

мәдениет  бӛлімінің  меңгерушісі  болған.  Осы  кезде  ӛлең-жырлары 

газет бетінде жиі жарияланып тұрған. Бұдан кейінгі 1937-41, 1946-57 

жылдары  Орал,  Атырау,  Семей  облыстары  бойынша  Қазақстан 

Жазушылар одағының жауапты хатшысы қызметін атқарды. 

Жердем Тілеков Отан соғысына қатысқан жазушы, майданда әскери тілші болған. 

1943  жылдан  бастап  1973  жылға  шейін    ол  «Жазушы»  баспасының  проза 

редакциясын меңгереді, «Жұлдыз» журналы редакторының орынбасары болады. 

Ж.Тілеков  кӛптеген  поэмалар,  повестер,  романдар  жазған.  Солардың  ішінде 

«Атырау  толкыны»  (1938),  поэмасы  «Қайнар»  (1953)  пoвeci  «Жоңғар  даласында»  (1959) 

романы. 


Жәрдем  Тілековтың  «От  кешу»  (1969ж.)  романы,  «Хинган  асуынан  асқанда» 

(1971),  «Сақа  солдат»  (1972)  повecтepi  қазак  халқының  Ұлы  Отан  соғысында  кӛрсеткен 

батырлығы туралы. 

Жәрдем Тілеков тек жазушы болып қана қоймай, белгілі аудармашы да болған. Ол 

А.П.Чеховтың  әңгімелерін,  В.Веретенникованың,  Д.  Соколовтың  кітаптарын  қазақшаға 

аударған. 

Қызыл  Жұлдыз  орденімен,  үш  медальмен,  Қазақ  КСР  Жоғарғы  Кеңесінің  Құрмет 

Грамотасымен марапатталған. 

Жәрдем Тілеков 1980 жылы қайтыс болды.  

 

Әдебиеттер: 

Тілеков Жәрдем: ӛмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.-Алматы, 2002.- 

497-498 б. 

Тілеков  Жәрдем:  ӛмірдерек  //  Қазақстан  жазушылары:  анықтамалық  /  Құраст.: 

С.Қамшегер, Қ.Жұмашева.-Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2009.-402 б. 

 

***** 

Тілеков Ж. Екі томдық шығармалары.-Алма-Ата: «Жазушы»,1981. 

Тілеков Ж. Ақсұр ат: ӛлеңдер.- Алма-Ата: ҚМКӘБ,1948. 

Тілеков Ж. Жаңа жүк: әңгімелер.- Алма-Ата: ҚМКӘБ,1953. 

Тілеков Ж. Жоңғар даласы: роман.- Алма-Ата: ҚМКӘБ,1959.  

Тілеков Ж. Қайнар: повесть.-Алматы, 1953.-227 б. 

Тілеков Ж. Қалам мен қару: әңгімелер.-Алма-Ата: Жазушы, 1965.- орыс тілінде 

Тілеков Ж. От кешу: роман және повестер. Алма-Ата: Жазушы,1967. 

Тілеков Ж. Сақа солдат.-Алма-Ата: «Жазушы», 1975. 

Тілеков Ж. Сырым батыр: поэма.-Алма-Ата: ҚМКӘБ,1946. 

Тілеков Ж. Темір Масин: очерктер.-Алма-Ата: «Қазақстан»,1966. 

Тілеков Ж. Хинган асуынан асқандар: повесть.-Алма-Ата: «Жазушы,», 1971. 

Тілеков Ж. Шалғай шепте: повестер мен әңгіме. -Алма-Ата: ҚМКӘБ,1962. 



 

 

ХАЛИОЛЛА БАУЫРЖАН 

(1979) 


 

Халиолла  Бауыржан  Ергенұлы  1979  жылы  Сырым  ауданы,  Қособа 

елді-мекенінде  дуниеге  келген.  Мектепте  оқып  жүрген  кезінен  ӛлең 

шығарып,  ән  айтумен  кезге  түскен.  Алғашқы  балғын  жырларын 

мектептегі  әдебиет  үйірмелерінде  оқып  жүрді.  Әл-Фараби  атындағы 

мемлекеттік 

университетінің 

журналистика 

факультетінің 

түлегі.     

Бауыржан облыстық, республикалық ақындар айтыстарының  бірнеше рет 

жеңімпазы. 

1994  жылы  мектептің  70  жылдығы  мен  С.Сейфуллиннің  100  жылдығына  арнап 

«Сәкеннің 100 жылдығына» деген, 1996 жылы  «Жүрек жанры»,  «Ғашыктың сӛзі»,  «Әже 

алақанына»  т.б.  топтама  ӛлеңдері  жарияланды.  Ж.Жабаевтың  мерейтойындағы  облыс 

оқушыларының айтысына қатынасып, I-орынға ие болды. Облыс ақыны Ж.Набиуллиннің  

60 жасқа толу мерейтойына арналған ақындар мүшәйрасында «Айқайлағым келеді бip кек 

қысып»  атты  ӛлеңі  үшін  I-жүлдені  жеңіп  алды.  Бауыржанның  «Туған  тіл»,  «Мектеп 

бітіргенде»  «Шолпан  жұлдыз»  сияқты  ӛлеңдері  мектеп  кештерінде  оқылып,  кӛпшілік 

қошеметіне ие болып жүр. 

Ж.Жабаевтың  150  жылдық  мерейтойына  арналған  облыстық  акындар  айтысына 

қатынасып, Ш-орынды женіп алды. 



2005-жылы Атырау қаласында ӛткен республикалық ақындар айтысынын 11-орын 

жеңімпазы. Осы жылы Орал қаласында ӛткен «Елбасы жолдауы - елдіктің арқауы», 2006-

жылы  Астана  қаласында  ӛткен  «Ана  тілім  -  тағдырым»,  Орал  қаласында  ӛткен  М. 

Мерәліұлының 165 жылдығына арналған халықаралық айтыстардың, 2007 жылы Алматы 

облысында  ӛткен  Сарыбай  бидің  асында  және  осы  жылы  Ақтау  қаласында  ӛткен  Адай 

атаның асындағы айтыстардың Бас жүлдегері. Сондай-ақ, 2012-жылы Қызылорда облысы, 

Шиелі  ауданында  ӛткен  Будабай  батырдың  175  жылдығына  арналған  республикалық 

айтыстың Бас жүлдегері. 

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасында ӛткен «Айтыс-Қазақстан чемпионаты» ұлттық 

теле-шоуына қатысып, ел кӛңілінен шыға білді. 

Ақтау  қаласында  ӛткен  Қ.Кәрімжанұлы  атындағы  республикалық  ақындар 

айтысында II орынды иеленді. 

«Жұмбақ  қыздың  жанары»,  «Нәзік  бұлт  кешіп  барады»  атты  жыр  жинақтарының 

авторы. Бауыржанның  кӛптеген әлеуметтік тақырыптардағы мақалалары республикалық, 

облыстық баспасӛз беттерінде жарияланып тұрады. 

 

Әдебиттер: 

 

Ақжайық  айтысының  айтулы  ақындары:  [Бауыржан  Халиолла]//  Айтыс  –  асыл  мұра  / 



Облыстық халық шығармашылығы орталығы.-Орал, 2013.-13 б. 

 

***** 

Халиолла Б. Жұлдыз жауған жарық түн: ӛлеңдер.-Орал, 2012.-118 б. 



Халиолла Б. Жұмбақ қыздың жанары: ӛлеңдер.-Алматы, 2011.-47 б. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет