Хамза Есенжановтың «Ақ жайық» трилогиясындағы тарихи тұлғалар Бүгінгі баяндамамды Әлихан Бөкейхановтың «Қазақ тарихы – қазақ әдебиетінде»



бет3/4
Дата06.01.2022
өлшемі18,95 Kb.
#12544
1   2   3   4
Әбдірахман Әйтиевке қатысты тарихи жағдаймен, біз романның бірінші, екінші кітабынан танысамыз. Онда Әбдірахман жаңа құрылған Совдептің мүшесі, Аңқаты өзенін жайлаған елге үгітші, ақ казактарға қару жеткізбек болған жасақты тұтқындаушы, жалынды төңкерісші ретінде бейнеленеді. Трилогияда: “Сөйлеуге әңгімесі сай, әңгімесіне ақылы сай, біз сияқты кедейлерді елеп, бірінші рет ақыл айтқан жампоз,-деп халық сүйсінген тұлғасы және “Абылаевсыз да есебін табармыз. Ал, кәне қаруларыңды тастаңдар,-деп Әбдірахман тамағын кеней түсіп”- деген күрескер бейнесімен романнан көрінген Әбдірахман Әйтиев өміріне тоқтала кетсек.

Орал обылысының жалынды большевигі Әбдірахман Әйтиев 1886 жылы наурыз айында Орал обылысының Қараоба болысының Сүгірбай ауылында кедей шаруаның жанұясында туған. Әбдірахманның әкесі өте кішіпейіл, ауылға сыйлы адам болған. Тұмыс жағдайының ауырлығынан күні-түні шаруашылықпен айналысып, өз еңбегімен күнелтіп отырған.

Әбдірахман жеті жасынан бастап әкесіне көмектесіп, байдың малын бағады. Ерте көктемнен басап күздің соңына дейін отарды Жайық, Аңқаты өзендерінің, Шалқар көлінің жағалауына жайып, бағады. Он сегіз жасына қараған шағында бір кластық Қараоба орыс-қазақ мектебін бітіргеннен кейін Әбдірахман одан әрі оқуға қаржысы болмағандықтан, салық жинаушы инспектордың аудармашысы, іс жүргізушісі, кейін ауылдық және болыстық хатшы болып қызмет атқарған. Ә.Әйтиев еңбек адамдарының қандай қиын жағдайда өмір сүргенін көріп түсіне бастайды. Айнала қаптаған заңсыздық, жемқорлық, пара алу, ұрлық-қарлық, шенеуніктер мен байлардың дөрекіліктері. Сонымен бірге оның келешекке сенімі, бостандық пен жарқын өмірге жетуге деген үміті арта түседі. Көп азапты көрген халық қалаларда жұмысшылардың ереуілдері мен бас көтерулерін жиілетіп, оның күші 1905 жылы арта түсті. Орал да шетте қалған жоқ. Қаланың жұмысшылары, кедейлері, демократияны құптаған интеллигенция митингілерге жиналып, наразылық шеруін ұйымдастырды. Осы 1905-1907 жылдары Ә.Әйтиев қаланың большевиктерімен жақындасып, байланысады. Сол жылғы қыркүйек айында еңбекшілер оны тұңғыш рет обылыстық Кеңестің құрамына сайлайды, ал 1918 жылғы наурызда ол обылыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары және Қорғаныс комиссары болып сайланады.

1919 жылы Халық Комиссрлары Кеңесінің Председателі В.И.Ленин қол қойған қаулы бойынша Ә.Әйтиев Қырғыз (Қазақ) өлкесін басқару жөніндегі Әскери-төңкерістік комитеттің мүшесі болып тағайындалады. Азамат соғысы аяқталаннан кейін Әбдірахман Қырғыз (Қазақ) Әскери-төңкерістік комитеттің Ішкі істер комиссары, Республиканың ішкі істер халық комиссары, Республиканың ішкі істер халық комиссары және басқа да қызметтер атқарды. Әдірахман Әйтиев 1936 жылы Жамбыл қаласында қайтыс болады.

1918-19 жылдары ақ гвардияшылар мен алашордашыларға қарсы кескілескен күрес жүргізіп, халық ісі үшін өмірін құрбан еткен жалынды большевиктің енді бірі



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет