Байланысты: XVIII ғасыр мен XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан001
Алым-салықтар. Басқарудың жаңа жобасын өмiрге бiрте-бiрте және ауыртпалықсыз енгiзу үшiн патша үкiметi барлық алым-салық түрлерiн өтеуге бес жылдық жеңiлдiк белгiледi. Бұл жылдар iшiнде ауруханалар мен мектептер салу үшiн ерiктi түрде төленетiн алым-салық қана жиналып келдi.
Жеңiлдiк мерзiмi өткеннен кейiн округтердiң халқы мал басының санына қарай 100 бастан бiр бас мөлшерiнде жасақ төлеуге мiндеттi болды. Бiрақ ондай салық түйе басына салынған жоқ. Өйткенi мұның өзi сауда керуенiн көбейту үшiн қажет едi. Алым-салық үшiн мал санағы үш жылда бiр рет өткiзiлiп тұрды. Жергілікті тұрғындар қосымша алым-салықтар төлемеу үшін малының санын жасыруға тырысты. Қазақтар жасақтан өзге шабармандар мен жолаушыларға көлiк жағынан көмек көрсетуге тиiс болды.
Қорытынды:
Осылайша отарлық шенеуніктік басқару аппараты жергілікті басқарушыларымен тығыз байланыса отырып, халықты тонап, соның есебінен жеке бастарының боюына қаржы жинады. Айта кетерлік жағдай, патша үкіметінің жікшілік-саяси реформалары қазақ мемлекеттігін жойып қана қойған жоқ, олар қазақ жерлерін Ресей империясының меншігі деп жариялады. Сөйтіп, көшпелі халықтың тіршілік көзі саналған жерлерге бекіністер салып, Ресейдің ішкі губернияларынан орыс, украин шаруаларын қазақ даласына қоныстандырды. Патша өкіметі 1889 жылы 13 шілдеде селолық адамдар мен мещандарды қазына жерлеріне өз еркімен көшіру туралы Ережені жасап, бекітті. Осыған орай XIX ғасырдың 70-жылдарынан басталған ресейлік шаруалардың қоныс аударуы 80- жылдарға қарай күшейе түсті. 1889 жылы Село адамдары мен мещандарды әазына жерлеріне қоныстандыру туралы Заң қабылданды. Осылайша орыс шаруаларының қазақ даласына қоныс аударуы заңдандырылды. XX ғасырдың бас кезінде шаруалар отарлауы пәрменінше күшейіп, қазақтардың 45 млн. десятинадан астам шұрайлы жерлері қоныстанушылардың қолына көшті. Қазақ халқы құнарлы жерлерден шөл және шөлейт аймақтарға ығыстырылып, дәстүрлі шаруашылығы дағдарысқа ұшырады. Патша өкіметінің Қазақстанда хандық мемлекеттілікті жоюға бағытталған әкімшілік - құқықтық реформалары өзінің тиімді нәтижесін бергендігін көруге болады. Біріншіден, қазақ халқын еркін билеп, отарлық қанауы және ұлттық езгіні күшейтумен көрсетті. Екіншіден, салық жүйесін енгізу арқылы халықтың жағдайын күйзеліске ұшыратты, ата-бабадан қалған жерлерін күшпен тартып ала бастады. Бұл көзқарастарға қарсы отандық тарих ғылымында жаңа методологиялық бағыттарға байланысты Қазақ хандығы сипатындағы алғашқы үлгідегі демократиялық басқару принциптеріне негізделген хандық мемлекет болып табылады деп көрсетуге болады. Бұл өзіндік далалық нормалар мен дәстүрлеріне байланысты өзіндік ерекшелігі бар мелекет болды. Хандық билік сұлтандар тобынан мұрагерлік жолмен сайланатын болды. Хан билігі нақты бір құқықтармен белгіленген және хан құқықтық тұрғыдан міндеттер атқаруға байланысты болған. Қазақ хандығының мемлекет деңгейінде өзіне тән белгілері болды.
SWOT-талдау
Реформаның күшті жақтары:
- Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуында белді орын алды;
- Өлкенің табиғи байлықтарын игеруге қолайлы жағдайлар қалыптасты;
- Әлеуметтік,шаруашылық өмірге капиталистік құбылыстар ене бастады;
- Көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан қазақтардың да күнделікті өмірі өзгеріске түсті;
- Кедейленген қазақтардың қалаларға,алғашқы өндіріс орындарына шоғырлануы.
Осы реформаның куәсі болған Абай Құнанбайұлы, Ыбырай Алтынсарыұлы сияқты ойшылдар оның теріс жақтарын өз шығармаларында талай мысқылдаған. Мысалы Абайдың « Күлембайға» арнаған өлеңі.
Реформаның әлсіз жақтары:
1. Қоғамның қайшылықтарын шеше алмады;
2. Реформа арқылы отарлық басқару, билік нығайтылды;
3. Халықты бағынышты жағдайда ұстайтын,үстем таптың саясатын бұлжытпай орындайтын әскери әміршілер Қазақстанда да өз күшіне енді;
4. Реформалар Қазақстанды Ресейге қосып алу үрдісінің толық аяқталғанын көрсетті;
5. Қазақстанның кең байтақ жері Ресейдің мемлекеттік меншігіне өтті;
6. Патша үкіметі енді қазақтардың құнарлы жерлерін кез-келген сылтаумен тартып ала беретін болды;
7. Қазақтарға болыс және ауыл старшыны деген ең төменгі дәрежедегі қызметтер ғана тиді;
8. Патша өкіметінің Қазақстанның табиғи бай ресурстарын оңды-солды емін-еркін пайдалануы бұл өлкені Ресей экономикасының қосалқы арзан шикізат көзіне айналдырды.
Мүмкіндіктері:
1. Бұл саясат XIX ғасырдың 20-жылдары қолға алынып, өз нәтижелерін бере бастады.
2. Жарғы бойынша «Сібір қазақтарының облысы» әкімшілік тұрғыда округ -болыс- ауыл жүйесі бойынша бөлінді.
3. Хандық билік толығымен жойылды.
4. Сібір қырғыздары туралы Жарғы» қабылдау хандық билікті жоюды және Орта жүздің Ресей империясының құрамына толығымен енгенін білдіреді.
5.1832 жылы Ақмола округтік приказы ашылды.
6. 1824 жылы Ресей үкіметі «Орынбор қырғыздары туралы Жарғы» қабылдады.
Қауіптері:
“Біздің қырғыз-қайсақ ордасында бастықтар көбейе түсті, сөйтіп кез келген сұлтан билеу тәсілін білуі болуы, солар арқылы халық арасында күңкіл көбейді, солар арқылы халық арасында өтірік-өсекті күшейту арқылы жасап, жер жерде бастықтардың көбейе түсуі себепті саяси түзелуге мүмкіндік бола қоймайды”
Сырдарияның төменгі ағысындағы жерлерде орналасқан қазақтардың көпшілігі хан ретінде Арынғазы Абылғазыұлын мойындады. Әйтсе де үкімет өз мүддесінде әрекет етіп, Арынғазыны 1821 жылы Петерборға алдырып, оны Калугаға айдауға жіберілді.
Кіші жүз территориясында сол уақыттарда қоғамдағы ықпалын жоғалтқан хандық билік жойылды. Хандық билікті жою айтарлықтай шиеленіссіз жүрді.
Жаңа Илек бекінісі мен Илек өзенінің бассейнін орыстардың басып алуы саяси жағдайды күрделендірді
1885 жылы Жәңгір хан қайтыс болғаннан кейін Ішкі Ордада хандық билік жойылып, басқару Уақытша Кеңестің қолына көшті.
Қазақстанда хандық билікті жойған патша өкіметі оны енді қайта қалпына келтіру әрекеттерін басып жаншуға күш салды