Басқарудың жаңа жүйесiн енгiзу. Басқарудың округтiк жүйесi ен- гiзiлетiн болды. Сөйтiп, жаңа округтер құрылды. Округтер болыстарға бөлiндi, ал болыстар ауыл әкiмшiлiктерiнен тұрды. Әр округте 15–20 болыс, әр болыста 10–12 ауыл, ал әр ауылда 50–70 үй болатын болды. Сыртқы округтегiлер Сiбiр қырғыздары (қазақтары. – авт.) облысына бiрiктiрiлдi. Жаңа әкiмшiлiк бiрлiгi орасан зор аумақты алып жатқан Омбы облысының құрамына кiрдi. Томск және Тобыл губерниялары мен Омбы облысы Батыс Сiбiр генерал-губернаторына бағындырылды. Оның орталығы Тобыл қаласында орналасты.
Округтердi сайланып қойылатын аға сұлтандар, болыстарды болыстар, ал ауылдарды – ауыл старшындары басқарды. Болыс сұлтандары мен ауыл старшындары әкiмшiлiк, шаруашылық және полицейлiк қызметтердi қоса атқарды.Әр округте аға сұлтан басқаратын Округтiк приказ (мекеме)құрылды. Оның құрамына Омбы облыстық басқарма бастығы тағайындайтын ресейлiк екi заседательжәне сайланып қойылатын екi «құрметтi қазақ» қатысуға тиiстi болды. Iшкi күзет Сiбiр казактарынан iрiктелдi. Басқарудың жаңа тәртiбi мен әскер күшiнiң енгiзiлуi аға сұлтандар билiгiне шектеу қойды. Аға сұлтанның билiгi елде тек сөз жүзiнде ғана қалды.
Сыртқы округтердегi сайлау тәртiбi.Ауыл старшындарын көшпелiлердiң өздерi сайлайтын және оларды бұл лауазымды қызметке округтiк мекеме бекiтетiн. Сайлау үш жылда бiр рет өткiзiлiп тұрды.
Сұлтандардың қатарынан сайланатын болыстар өздерiнiң қолындағы өкiмет билiгiн балаларына мұра етiп қалдыру құқығын иелендi. Билiктiң ауысуы жоғарыдан төмен қарай жүргiзiлдi. Кейiнгi кездерде болыстық қызметке сұлтан емес, қарапайым қазақтардың да сайлануына рұқсат етiлдi. Бiрақ ондай адамдардың патша үкiметiне сiңiрген еңбегi зор болуы тиiс едi. Сол арқылы патша үкiметi Шыңғыс әулетiн билiк құрылымынан бiрте-бiрте шеттете бастады.Аға сұлтанды тек сұлтандардың өздерi, ал оның екi заседателiн билер мен старшындар ғана сайлайтын. Аға сұлтандар үш жылға, ал олардың заседательдерi екi жылға сайланатын. Аға сұлтандар облыстық бас- қарма бастығының бекiтуiнсiз өз өкiлеттiгiн жүзеге асыруға кiрiсе алмайтын. Бұл далада билік етіп кел- ген Шыңғыс ұрпағын құрмет тұтатын қазақтардың қарсылығына ұшырамас үшін жасалды. 1854 жылдан бастап аға сұлтандыққа шыққан тегi Шыңғыс әулетi емес адамдар да сайлана алатын болды.
Округтiк приказдың негiзгi мiндеттерi. Округтiк приказдың қатаң белгiленген мiндеттерi болды. Атап айтқанда, округтегi халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету; халыққа бiлiм беруге қамқорлық жасау; тұрмыстық жағдайлар мен шаруашылық жұмыстарын жақсарту; қарақшылық тонауға, барымтаға және өкiмет билiгiне бағынбау әрекеттерiне тыйым салу; өз бетiмен кетiп, озбырлық жасауға жол бермеу; тергеудi және сот iстерiн әдiл жүргiзу; дiни наным-сенiмдерге байланысты мәселелерді шешу; сауда керуенiнiң жүрiс-тұрысын бақылау және олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету; сондай-ақ жасақ (алым-салық) жинау. Округтiк приказ, сонымен қатар егiншаруашылығын дамытуға да қамқорлық жасауы тиiс болды.
Округтiк приказдың басты қызметiнiң бiрi сот iсiн жүргiзу едi.Бiрақ бұл өте тиiмсiз болып шықты. Округтiк соттарға шағымданып келушiлердiң қатары сирек болды. А. Гейнстiң айтуынша, «приказдардың сот жүргiзу iсi ұзақ уақытқа созылып, еш нәтижесiз аяқталды. Ал билер соты даулы мәселенi жылдам және әдiлдiкпен шешiп отырды. Сондықтан билер сотына қазақтар ғана емес, сонымен қатар әртектiлер мен казактар да үлкен құрметпен қарады».