Хаттама №4 022 жылдың 10 қазан күні аудандық әдістемелік кабинеттің экспертттік комиссияның отырысы өткізілді. Қатысуға тиісті Қатысқаны – Күн тәртібінде



бет3/8
Дата16.05.2023
өлшемі122 Kb.
#93438
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Хаттама

Төрайымы: А.Кенжегалиева


Хатшысы: Қ.Ахинбасов


Хаттама № 4

2022 жылдың 10 қазан күні аудандық әдістемелік кабинеттің экспертттік комиссияның отырысы өткізілді.


Қатысуға тиісті - 3


Қатысқаны – 3
Күн тәртібінде:

1. Казталов ауданы, Қоныс ЖОББМ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагогикалық өтілі – 13 жыл, бірінші санатты Асқарова Гүлнұр Кәрібайқызының «Қорытынды аттестаттау дайындығына арналған үлгілік тапсырмалар жинағы» тақырыбындағы іс-тәжірибесін қарап, облыстық сараптама кеңесіне ұсыну.




Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Г.Асқарованың жұмыс үлгісімен таныстырылды.

Жарыс сөз: Б.Мырзағалиева - А.Оразбаева атындағы ЖОББМ-нің педагог-зерттеуші санатындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Гүлнұр Кәрібайқызының оқыту қазақ тілінде жүретін және жаратылыстану – математика бағытындағы мектептің 11-сыныбына арналған «Қорытынды аттестаттау дайындығына арналған үлгілік тапсырмалар жинағы» әдістемелік көмекші құралымен таныстық. Біріншіден, бұл іс-тәжірибенің мақсаты-оқушылардың оқылым дағдыларын жетілдіру, мәтін бойынша берілген тест тапсырмасына, ашық сұраққа дәлел келтіре отырып дұрыс жауап беруге үйретуге бағытталған. Өз тәжірибесінде кездескен қиындықтарды шешуге және жаңашыл әдіс –тәсілдермен облыс көлеміндегі педагогтармен бөлісуге, нәтижесінде қорытынды аттестаттауға дайындық жұмыстарын күшейте отырып, оқушылардық білім, білік дағдыларын арттыратын іс-тәжірибесін облыс көлемінде тарату үшін облыстық сараптама кеңесіне ұсынамын.


Жарыс сөз: Н.Т.Утегенова- Казталов мектеп-лицейінің педагог-зерттеуші санатындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:
Гүлнұр Кәрібайқызының таратуға ұсынған іс-тәжірибесімен толықтай таныстым. Тапсырмалары оқушылардың түрлі білім деңгейлерін ескере отырып топтастырылған. Жинақы, эстетикалық талапқа сай. Облыс көлемінде таратуды қолдаймын.

Күн тәртібінде қаралған мәселе бойынша қабылданған


ШЕШІМ:
1.Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Асқарованың «Қорытынды аттестаттау дайындығына арналған үлгілік тапсырмалар жинағы» тақырыбындағы әдістемелік құрал іс-тәжірибе ретінде тарату туралы ұсынба облыстық білім беруді дамыту орталығының сараптама кеңесіне ұсынылсын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет