Хаттама №7 «О. Орманов атындағы жалпы орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде жалпы сынып ата-аналары арасында жиналыс болып өтті



Дата03.07.2023
өлшемі475,34 Kb.
#104032
Байланысты:
ата аналар жиналысы




Хаттама № 7
 
«О.Орманов атындағы жалпы орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде жалпы сынып ата-аналары арасында жиналыс болып өтті.
25.05.2023 ж.
Қатысқаны – 45 ата-ана
Күн тәртібінде:

  1. Оқушылардың 4 тоқсан барысында атқарылған жұмыстар туралы.

  2. Балалардың жетістіктері туралы ата-аналарға хабарлау.

  3. Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын пайдалы өткізуді қамтамасыз ету аясында «Оқушының мәдени нормативі» мәдени-ағартушылық жобасы және «Ұлағатты ұрпақ» мәдени-білім беру платформасының жұмыс істеуі жобалары бағытында туралы баяндама Мектеп тәлімгері Э.Қабланова

  4. Әр түрлі мәселелер

Тыңдалды:
 Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша директордың  тәрбие ісінің орынбасарының міндетін уақытша атқарушы А.Айдарова сөз сөйледі. Оқушылардың ІIІ тоқсан барысында атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімдеді. Атап айтар болсақ оқушылардың сабақтан қалмауы, кешікпей келуі, ата –аналардың жиналысқа қатысуы туралы тоқталып өтті.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша сынып жетекші оқушылардың жетістіктері туралы айтты. «Ақ Бота» олимпиадасына қатысқаны туралы, 1 орынға ие болған оқушылар тізімі айтылды. Жайдарман ойынында келесі турға жолдама алып, аудан көлемінде 3 – орын алғаны туралы айтылды. Қазақ тілі және әдебиет, математика, физика, информатика пәндері апталығында белсенді қатысқан оқушылар туралы айтылды.
Күн тәртібіндегі үшінші мәлселе бойынша мектеп тәлімгері Э.Қабланова. Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын пайдалы өткізуді қамтамасыз ету аясында «Оқушының мәдени нормативі» мәдени-ағартушылық жобасы және «Ұлағатты ұрпақ» мәдени-білім беру платформасының жұмыс істеуі жобалары бағытында туралы баяндама оқыды
«Ұлағатты ұрпақ» мәдени-білім беру платформасы аясында атқарылған жұмыстар жөнінде төмендегіні мәлімдеймін:
«Ұлағатты ұрпақ» мәдени-білім беру платформасы жобасында ұзақтығы 10-15 минуттан тұратын әр бағдарлама 1-11 сыныптарының оқушылары үшін ыңғайлы қысқаша онлайн-форматта арнайы бейнедәрістер әзірленген. Балалар үйден шықпай-ақ Қазақстанның киелі жерлеріне виртуалды түрде саяхаттап, опера, балет, драма өнерінің озық үлгілерін көріп, қазақстандық және шетел кинофильмдері мен мультфильмдерін тамашалап, әсем музыкалық шығармаларды тыңдады.
Қазақстанның киелі жерлеріне виртуалды түрде саяхаттап, опера, балет, драма өнерінің озық үлгілерін көрген, қазақстандық және шетел кинофильмдері мен мультфильмдерін тамашалап, әсем музыкалық шығармаларды, бейнедәрістерді тыңдаған оқушылар әр бейнедәрістің соңында оқушылар үш сұраққа жауап бере отырып, өздерін тексере алды. Балалардың ерікті түрде қатысуы осы жобаның қағидатты шарты болып табылды.
"Ұлағатты ұрпақ" мәдени-білім беру платформасы жобасында мектеп оқушыларын еліміздің мәдени кеңістігіне белсенді түрде енгізу арқылы мәдени ағартудың жаңа форматы, "Мәңгілік Ел" құндылықтарының бүкіл жүйесі негізге алынған өзіндік ұлттық мәдениетке бастапқы ену негізінде әлемдік мәдениеттің жауһарларымен таныстыру. Оқушылардың адамгершілік және рухани дамуына, қазақстандық және әлемдік мәдениет пен өнер туралы шығармашылық құзыреттіліктері мен білімді игеруге, эстетикалық сезімді, Қазақстанның мәдени мұрасын құрметтеуге, қоғамда белгілі бір стандарттар мен нормаларды сақтауға бағытталған мәдени-білім беру алаңы болатындығын оқушылар басты назарға алды.
Оқушыларға қазіргі кездегі салт-дәстүрлердің ара қатынасы, сондай-ақ қазақ қоғамын жайлап бара жатқан түрлі келімсек дүние ағымдар, олармен күресу, сақтану жолдары турасында теолог мамандармен пікірталастар ұйымдастыру жөнінде ұсыныс жасады. Дін мәселесі жөнінде оң пікір қалыптастыру ата-аналар тарапынан көбірек қадағалауды тапсырды.
Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп атамыз қазақ айтқандай, әр-бір ата-ана өз баласының тәртібі мен тәрбиесіне аса мән беріп, бос уақытта немен айналысатынына қатаң бақылау жасаса, жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың төмендеуіне көп септігін тигізер еді.
Әртүрлі мәселе бойынша екінші мәселе өте өзекті мәселелердің бірі отпен мұқият болу туралы: Жылыту кезеңі өрт жағдайларының кең тараған оқиғаларына балалардың назарын аударыңыз, баланың отпен сотқарлығы, сөндірілмеген темекі қалдықтары, қысқа мерзімге тұйықталу, электротехникалық құрылғыларды, тұрмыстық құралдарды, пештерді дұрыс пайдалану туралы кеңінен тарқатып айтты.
 Сөз соңында ата-аналар мен мектеп бірігіп жұмыс жасаса, тәрбие жұмыстарымен қатар оқыту процесінің ілгерілейтіні анық деп атап өтті. 
Жиналыс қаулы етеді:

  1. Сынып оқушыларының оқу сапасының көтерілуін сынып жетекшісі мен пән мұғалімдері, ата-аналар бірлесіп жұмыс жасау.

  2. Оқушылардың тәртібіне және күнделіктеріне назар аудару.



Ата-аналар комитетінің
төрайымы: Ж. Қалдарбекова
 
Хатшы: А.Қожагелдиева


 



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет