1.« «Ынтымақ, бірлік , келісім-ең басты байлық ел үшін»»атты тәрбие сағатын өткізу.
2.Бірлік мерекесінің – қазақстандықтар үшін татулық пен ынтымақ мейрамы екенін түсіндіру. Қазақстанда тұратын көп ұлттың достығы мен тұтастығын, салт - дәстүрін сыйлауға тәрбиелеу.
«Ынтымақ - достық кепілі»,«бірлік бар жерде бақыт бар». Отан - әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Адам жүрексіз өмір сүре алмайды. Отан - біздің туған жеріміз, өзіміздің туған - туысқанымыз, дос - жаранымыз бен тұратын еліміз. Мынау жер шары суретінің кішкентай түрі - глобус. Мұнда әр біздің Отанымыз - Қазақстан бар. Бізде 132 - ден астам ұлт өкілдері тұрады, олармен тату - тәтті ынтымақта өмір сүреміз. Біздің ұлтымыз - қазақ, және де әзірбайжан, қытай, орыс, белорус, өзбек, кәріс, башқұрт, т. б. өзге ұлт өкілдерімен де доспыз. Қазірде 142 мемлекет тойлайды. ТМД елдері ішінде Ресей мен Молдавия бұл мейрамда қатарынан бес күн демалады. Ал Әзірбайжан, Грузия, Түрікменстан және Өзбекстанда 1 мамыр – жұмыс күні. Бірақ өзбек, түрікмен жұрты бұл күні ұлттық тағам дайындап, өзбекше, түрікменше тойлайды. Көп ұлтты Қазақстан елі – бірлігі жарасқан бақытты ел.
Біз бүгін Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтуге жиналып отырмыз, мерекеміз құтты болсын!
Топ кураторы:Шәріпбаева Ә.Т
Топ хатшысы:Тохтар Д.Н