7. Гипохромды анемия ауруымен ауыратын 45 жастағы әйелді тексергенде жалпы қан анализінде анықталды: эритроциттер - 3,2х1012 / л, гемоглобин - 50 г/л. Сұрақтар: 1. Осы қан параметрлері бойынша науқаста қандай эритроциттер индексін анықтауға болады?
ҚТҚ анықтауға болады.
2. Осы эритроциттер индексінің анықтамасын беріңіз.
ҚТҚ- Қанның түсті көрсеткіші - жүйеден тыс бірліктерде көрсетілген бір эритроциттегі гемоглобиннің салыстырмалы құрамын білдіретін қызыл қанды зерттеу параметрі.
3. Осы эритроциттер индексінің норма көрсеткіштері.
Қалыпты ҚТК = 0,86 – 1,05 - нормохромия
ҚТК 0,86-дан төмен – гипохромия
ҚТК 1,05-тен жоғары – гиперхромия
ҚТК өзгермей эритроциттер мен гемоглобин мөлшерінің азаюы – нормохромды анемия
4. Ерлер мен әйелдердегі эритроциттер мен гемоглобин нормаларының көрсеткіштері.
Жауаптар:
Hb қалыпты мөлшері:
ерлер – 130-160 г/л
әйелдер – 120-140 г/л
ең жоғары мөлшері 166,7 г/л
Эритроциттердің қалыпты мөлшері: ерлерде – (4,5-5,1)*1012, әйелдерде – (3,7-4,7)*1012
№7 тапсырма.Физиологиялық терминдердің орыс, ағылшын тілдерінде аудармасын жазып, анықтама беру.
№
Түсініктердің 3 тілде аталуы
Түсінікке білім алатын тілде анықтама беріңіз
Қазақша
Орысша
Ағылшынша
1
Эритроциттер
Эритроцит
erythrocyte
Эритроциттер қанның қызыл түйіршіктері ,эритроцит –ядросыз екі жағы ойыс келген дөңгелек жасуша .