Хезретқұл Әселай
Кял-203тобы
Құпияға толы адам жаны.
Төлен Әбдік
(Мақала)
Қамшының сабындай қысқа адам ғұмырының беймәлім, құпиялы,тылсым жағдаяттарға толы болғаны соншалық,кейбір оқиғаларды түсіну үшін шексіз қиядаудың өзі жеткіліксіз. Адам жаны өте нәзік жаратылыған.Сол жанның тереңіне үңілу әрбір адамның қолынан келе бермейтін әрекет.Осы құпия көптің көкейтесті мәселесіне айналғаны айдан анық. Дәл осы мәселені көркем әдебиет майталмандары,көптеген шығармаларында арқау еткені бесенеден белгілі. Осы тұста Мұхтар Әуезов өз мақаласында: көп жағдайда біз адамның сыртқы істеріне мән беріп, ішкі жан дүниесін елеусіз қалдыратындығымыз жайында сөз етіп, керісінше адамның ішкі психологиялық жай-күйіне баса назар аударуды,жөн санайтындығын ашық айтып,пікір білдірген.Сонымен қатар Ф.Достаевский:Адам жанының құпия екендігін.Осы құпиялы сыр сандықтың сырын білу үшін бүкіл өміріңді арнау қажет екендігін, сондай-ақ өзі құпияның сырын ашуға тырысатындығын, адам болғысы келетіндігін ашық айтқан.Адам жанына терең бойлаған,ерекшелігіне назар аударған, тағы бір қасиетті қылқалам иегері ретінде Төлен Әбдікұлының алар орыны ерекше.Оған дәлел мен жақында ғана оқыған «Оң қол» әңгімесі. Адам жанының ішкі сезімдеріне, сыры ашылмаған ғажайып жұмбақтарына көңіл бөлетін аталмыш әңгіме адам психологиясында екі түрлі жанның өмір сүруі,оның жан дүниесінде ұйқы құшағында болған сәтте өзгеше тылсым күштің бoйкөрсeтуiн ерекше сипаттай отырып, оқырманды терең ойға батырады.Оқиғаны сипаттаған психатриялық аурухананың жас дәрігері болса,бас кейіпкер кәмилет жасынан енді асқан әдемі Алма есімді ару.Тағдыр тәлкегіне түсіп,өз ойларына өзі шырмалған жас қыз өзінің оң қолынан жaп шeгiп отыр.Түн ортасы болған сәтте Алманың тыныштығын алып,өзіне жамандық жасауға итермелейтін де осы оң қол болатын.Кеселдің қайдан шыққаны бегісіз.Мүмкін бұл қанмен беріліп,санасында қалыптасқан болар,немесе Алманың бойындағы қорқыныш сезімі-жалғыздық болар. “Жалғыздың таңы атпас,Жалғызға үйдің иті жатпас” демейме.Алманы сұм ажалға итермелеген де осы жалғыздық болар кім білсін?
Ал медицина да бұл кеселді денeнің eкi жaрылуы деп қарастырады.Осының негізінде дәрігер қызды бақылауға алады.Нәтежиесінде науқастың беті бері қарғанымен, ажал айтып келмейді демекші дәрігердің Алмаға сырлас болуы, оған деген махаббаты,оның оң қолын кесуге ниет етуі де,жас қызды ажал аузынан аман алып қала алмады.Қараусыз қалған бір түн қыздың өкінішті өлімімен аяқтады. Тағдырдың ісіне не шара. Бірақ оқиға желісі басқаша өрбіген күннің өзінде санаға жайғасқан жаман ойды дәрігерлердің өзгертуге қауқары жетеме?
Тұлғaның iшкi әлeмiнe жaн дүниeсінe дeгeн жaуaпкeршiлiк өзiнe тиесiлi.Iс-әрeкeттiң негiзгi түп-тaмыpы “oй”бoлсa,сoл oйды жүзeгe acыpaтын да “ қoл”eмeспe?