«хх ғ. және ХХІ ғ. басындағы қазақ халқының мәдениеті әлемдік үдерістер аясында. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының қалыптасуы көпұлтты және поликонфессионалды қазақстандық қоғам мен оның мәдени қорының бірігуі ретінде



Дата09.05.2022
өлшемі1,01 Mb.
#33425
Байланысты:
ХХ ғ мәдениеттану

«ХХ ғ. және ХХІ ғ. басындағы қазақ халқының мәдениеті әлемдік үдерістер аясында. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының қалыптасуы көпұлтты және поликонфессионалды қазақстандық қоғам мен оның мәдени қорының бірігуі ретінде.

Пән: Мәдениеттану

Жетекшісі:Акулиева Асия

Орындаған: Тоғайбек Балнұр

Мәңгілік деген не?

  • Мәңгілік— дүниеніңболмыстыңматерияның шексіз өмір сүруін білдіретін философиялық категория. Діни ілімдер мен идеалистік философияда: Құдайдың, “абсолюттің”, “абсолюттік рухтың”, “идеяның”, “абсолюттік ақылдың”, “әлемдік үйлесімділіктің” шексіздік сипатын дәріптейтін ұғым. Материя уақыт жағынан да, кеңістікте өмір сүруімен де мәңгі болып есептеледі. Мәңгілік дүниенің материалды екендігін дәлелдеп, оның өзара бірлікте екенін көрсетеді. Мәңгілік материяның қалыптасып, дамуымен ғана анықталса, онда уақыт пен кеңістік арқылы шексіздік пен шетсіздік, сан мен сапа үнемі дамып, өзгереді, үздіксіз мағынасыз қозғалыс орын алады. Рухани дүние Мәңгіліктің негізін қалайды, соған мән береді. Мәңгілік өзі адамдардың рухани, материалдық байлығының өміршеңдігімен, олардың үнемі дамып, жетіліп, өркендеуімен тығыз байланысты.

«Мәңгілік ел» ұлттық идеясының мәні мен маңызы

  • Мәңгілік Ел ұлттық идеясының негізгі мәні – мәңгілік мақсат-мұраттарымыз бен мәдени-рухани құндылықтарымызға негізделген, мемлекет құрушы қазақ халқы мен өзге де ұлттардың ұлттық идеяларын бір арнаға тоғыстыратын идеология арқылы қалыптастырылатын қазақтың ұлттық мемлекеті
  • «Мәңгілік Ел» – ұлттық бірлік пен бейбітшілікті, экономиканы нығайту,халықты әлеуметтік қорғау, ұлттық қауіпсіздік, мәдениеттің, тілдің дамуы, патриоттық, отаншылдық сезімнің күшеюі негізге алынатын Қазақстан жолының жаңа кезеңі.
  • «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының басты, негізгі іргетасы бірлік екенін ұмытпағанымыз абзал. Бірлік – ол елдің рухани бірлігі, халықтың мәдени, тілдік, ділдік, ақпараттық кеңістікке деген бірлігі. Қазақстандықтардың әлеуметтік, мәдени, рухани бірегейлігін дамыту ұлттық идеологияны дамытудың басты факторы болуы тиіс.

«Қазақстан 2050» Стратегиясы

  • Бірінші. Жаңа қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу. Жаңа қазақстандық патриотизм – бұл этникалық айырмашылықтардан тыс бүкіл қоғамды біріктіруі тиіс барлық мүмкіндік.
  • Екінші. Барлық этностар азаматтары құқықтарының теңдігі. Біз барлығымыз тең құқықты тең мүмкіндіктерді иеленген қазақстандықтармыз. Біздің жерімізде бейбітшілік пен тыныштық орнауына біз тікелей жауаптымыз.
  • Үшінші. Қазақ тілінің дамуы және тілдердің үш тұғырлылығы. Жауапкершілікті тіл саясаты қазақ ұлтын біріктіруші басты факторлардың бірі болып табылады. Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз және оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту керек.
  • Төртінші. Мәдениетті, дәстүрлі және даралықты қайта өркендету. Дәстүр мен мәдениет – ұлттың генетикалық коды.
  • Бесінші. Ұлттық зиялы қауым рөлін көтеру. Зиялы қауым қалыптасқан мемлекет кезеңінде жаңа жалпыұлттық құндылықтар жасауда жетекші күш болуы керек.
  • Алтыншы. Мемлекеттің зайырлы сипатын нығайту – бұл Қазақстанның сәтті дамуының маңызды шарты.
  • «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы маңызды құраушыларын (этносты қалыптастырушылық, азаматттық және жалпымемлекеттік), сонымен қатар Мықты және Қуатты Қазақстан мемлекетін құруда басшылыққа алынатын «Қазақстан – 2050» Стратегиясының негізгі алты бағыттарын негізге алады:
  • Елбасы Н.Назарбаев «Мәңгілік ел» идеясын Қазақстан халқының жарқын болашағы үшін қабылдаған өте маңызды және тарихи мәнге ие құжат «Бес институционалды реформаны жүзеге асыруға бағытталған нақты жүз қадам» атты бағдарламаның идеологиялық негізі етіп алды. Мұндағы «Біртектілік пен бірлік» реформасында «Мәңгілік ел» патриоттық актісі жобасын әзірлеу, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел - үлкен отбасы» кең көлемді жобасын әзірлеу және жүзеге асыру, азаматтық біртектілікті нығайтудың «Менің елім» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру, «Нұрлы болашақ» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру, т.б. нақты қадамдар жүзеге асыру көзделді. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мәңгілік ел» болу мұратын көтерген «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы ел өміріндегі ғана емес, әлемдік деңгейдегі саяси маңызы зор тарихи құжат ретінде бағалануда.

Қазақстан халқы ассамблеясының ХХIV сессиясы

  • 2016 жылы 26 сәуірде Астанада «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» тақырыбында Қазақстан халқы ассамблеясының ХХIV сессиясы өтті.Бұл сессиясының тарихи маңызы бар. Өйткені, осы жиында «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық актісі қабылданды. Мемлекет басшысы атап өткеніндей, осы құжатта жалпыұлттық құндылықтар, мемлекеттің, қоғамның, азаматтардың Қазақстанның тағдырына, дамуына, болашағына деген өзара жауапкершілігі бекітілген.
  • Аталған жиында Елбасы Ұлт жоспары шеңберіндегі бес институционалдық реформаны іске асырудың алғашқы нәтижелеріне баса назар аударды. Ұлт жоспарын іске асыру үшін 59 заң мен 400-ден астам нормативтік актілер қабылданды. Бүгінгі таңда ассамблея құрамында он мыңдаған белсенді қатысушысы бар 1,5 мыңдай этномәдени бірлестік, үш мыңға жуық түрлі қоғамдық құрылым жұмыс істейді. Мұның бәрі ҚХА-ның бес деңгейден тұратын жаңа әлеуметтік лифт дәрежесі ретіндегі қызметін жандандыруға мүмкіндік берді.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет