ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі ағым-бағыттар классификациясы
Жалпы алғанда, әдебиет – халықтың айнасы, мұң-мұқтажын жоқтаушы десем артық айтқандық болмас. Қандай да бір тариха кезеңдегі халықтың жай-күйі қандай болғандығынан хабардар болғымыз келсе, сол кезеңнің әдебиетін оқығаннан артық ештеңе сипаттап бере алмас. ХХ ғасыр басында қазақ халқының жайын туралы шолу жасар болсақ, ұлт үшін жақсы да, жасан да саяси-әлеуметтік жағдайлардың орын алып жатты. Нақты айтар болсақ, осы кезеңде шаруашылық пен экономиканың өркендей бастауы, сауданың дамуы, баспа ісінің оңдалуы, ағарту ісінің алға басуы қоғамдық өмірді едәуір жақсартқанымен, халық үшін үлкен бір қатер тұрды, ол – ұлттылықты сақтап қалу, басыбайлық еді. Яғни, Кеңес үкіметі қазақ халқының кең тыныстауына жол бермей, әлі де болса азуын батыруын тоқтатпаған еді.
Осы тұста қазақ әдебиетінде күні бүгінге шейін маңызын жоғалтпаған туындылар дүниеге келді, күні бүгінге шейін аты жоғалмаған ақын-жазушылар еңбектерімен халық таныс бола бастады. Сол тарихи кезеңдегі саяси ахуалға байланысты олардың шығармаларының негізгі идеясы – халықты оқу-білімге, өнерге үндеу, көзін, көкірегін ашу, «ояту» болды.
Жалпы, ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі ағым-бағыттарды келесідей топтастырсақ болады:
Діни-ағартушылық ағым;
Ағартушылық-демократиялық ағым;
Ұлт-азатшылық ағым.
Бірінші ағымның белді өкілдеріне Әбубәкір Шоқанов, М.Сералин, М.Қалтаев, Н.Наушабаев, Ш.Жәңгіров, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Нарманбет Ормарнбетовтарды жатқызамыз. Олардың шығармаларына ортақ тақырып, идеялық сарын - халықты діни қараңғылықтан азат ету, надандықтан халықты ояту, ізгілікті, адамгершілікті насихаттау.
Мәселен, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы өлеңдерінен сопылық ілім мен Бұқар жырау өлеңдеріне ұқсастық барын байқаймыз. Ол жеке ел болу жолын өлеңдеріне арқау етті. Ал М.Сералин шығармаларының шоқтығы саналатын «Топ жарған» поэмасындағы негізгі образ Адай жігіт бейнесі – көтерілісті жүрек қалауымен жақтаған ерлер бейнесінің жиынтығы. Негізгі шығармашылық идея – ұлттық сананы ояту болды.
Алайда, олардың өздері көп уақытқа шейін діншіл, ескішіл бағыттағы ақындар деп аталып келді. Сондай-ақ, осы ақындарға ортақ нәрсе – шығыс сарынының шығармаларынан есіп тұруы, нәзирагөйлікке бой алдыруы еді.
ХХ ғасыр басындағы кітап шығарып, газет-журналдарға өлең, жыр, әңгіме, мақала жазып көбірек бой көтерген, ұлт-азатшыл бағыттағы ақын-жазушыларға «Бес Арысымыз» Ахмет Байтұрсынұлын, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Ж.Аймауытов, С.Торайғыров, сондай-ақ, С.Көбеевтерді жатқызамыз. Бұл ақын-жазушылардың тілге тиек еткені де халықты қарумен емес, қаламмен күресуге үндеу, яғни сауатты болуға, білім алуға, өнер үйренуге шақыру еді. «Қазақтың көгіне өрмелеп шығып, Күн болып қалың ұйқыдан ояту, маса болып ызыңдап, мазасын алу», міне осылар жоғарыда аталған қайраткерлердің шығармаларында көрініс тапқан негізгі идеясы, қазығы.
Ағартушы –демократиялық ағымдағылар, аты айтып тұрғандай, халықтың бас азаттығынан гөрі, сөз азаттығына басымдық берген, қарапайым шаруа халықты, қазақтың қара домалақтарының көзін ашу, көкірегін оятуды мақсат тұтқан ақын-жазушылар еді. Олар С.Дөнентаев, С.Торайғыров, М.Сералин, т.б.
Ойымызды қорытындылай келе, бұл ақын-жазушылар қазақ арасындағы ескілік қалдығын – дінді, теңсіздікті, патша өкіметінің отарлық саясатын, капиталистік қанауды сынады, халықты солардан арылту жолында күресті, шығармаларын арнады. Халықты оянуға, саяси, мәдени жағынан жетілуге, еңбекке, өнерге, оқуға шақырды, халықтың бас азаттығын, теңдігін, әйелдің бас бостандығын, теңдігін аңсады және осылардың жолында барын салды.
Достарыңызбен бөлісу: |